Тақырып бойынша 11 материал табылды

АҚПАРАТТЫҢ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
7сыныптарға арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Информатика 7 1-сабақ

1-бөлім

Ақпаратты өлшеу және компьютерлік жад

Сабақтың тақырыбы

АҚПАРАТТЫҢ ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІ

Сабақтың мақсаты

Ақпараттың өлшем бірліктерін атау

Оқыту нәтижелері және жетістік өлшемдері

Барлық оқушылар

Ақпараттық өлшем бірліктерін біліп, атай алады.

Оқушылардың басым бөлігі

Ақпараттың санын анықтай алады

Оқушылардың кейбіреуі

Компьютерде ақпараттың көрінісін талдай алады

Тілдік мақсаттар

Ақпараттың өлшем бірліктерін бір-бірінен ажыратып, түсіндіре алады

Түйін сөздер және сөйлем

Ақпараттың өлшем бірліктері

Единицы измерения информации

Units of information

Пәндік лексика және терминология

Ақпарат өлшем бірліктері...

Ақпарат саны ....

Бит – бұл ...

Ақпараттық көлем ...

Алдын ала алынған білім

Ақпарат ұғымы, ақпараттың өлшем бірліктері

Оқу ресурстары

Оқулық §1.1. www.e.edu.kz ЦБР «Информатика» http://www.youtube.com/watch?v=gOxXkPhrHdc ақпараттың өлшем бірліктері туралы бейнесабақ

Қолданылатын стратегиялар

«Қошемет жасау», «Жетістік», «БББ: білемін, білгім келеді, білдім» рефлексиясы

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Жоспарланған іс-әрекет

  1. Өзектілігі

Топқа бөлу

2

Оқушылар шеңбер бойымен 1,2,3,4 деп санап, топқа бөлінеді.

Ой қозғау

5

Сынып оқушылары мен мұғалімнің сұхбаты:

-Ұзындықтың өлшем бірлігін атаңдар (салмақ, уақыт)

-Ақпаратты өлшеуге бола ма?

-Ақпарат та өлшенеді, Сабақтың тақырыбы: Ақпараттың өлшем бірліктері

Мақсатты тұжырымдау

6

«БББ» стратегиясы. Оқушылар дәптерлеріне «Білемін» бағанын толтырады.

-Сабақтың соңында нені білулері керек? (Ақпаратты қалай өлшеуді).

Оқушылар «Білгім келеді» бағанын толтырады

ІІ.Ұғыну

Сабақтың негізгі бөлімі

10

түс) Презентация бойынша кумулятивтік әңгіме жүргізу.

-Компьютерде ақпарат екілік код түрінде сақталады. Өйткені компьютер техникалық құралджардың екі жағдайын қолданады: қосу/өшіру

Іс жүзінде шартты белгінің екі жағдайы болатынына мысал келтірейік.

  1. Бағдаршам. Қызыл/жасыл.

  2. Лифтю Бос емес/босю

  3. Қолю Көтерілді/түсірілді.

  4. Есік ашық/жабық.

Бұл мысалдардың біз ақпаратты біз ақпаратты аламыз немесе жібереміз.

Компьютердебит өлшем бірлігі қолданады.

Байт= 8 бит және т.б.

  1. Оқушылар жұпқа бөлініп, оқулықтан мәтінді оқиды.

  2. Бірнеше минут ішінде «Білдім» бағанына түйінді сөздерді толтырады.

  3. Оқушылардың барлығы «Білгім келеді» бағанын толтырады

Бекіту (оқып-үйрену, өзіндік жұмыс, тест)

15

(С) Оқулықтағы тапсырманы бірге орындаңдар: 100 беттен тұратын кітапты алайық; әрбір бетінде – 35 жол, әрбір жолында – 50 символ бар. Кітаптағы барлық ақпарат көлемін есептейміз: кітаптың бір бетінде 35х50=1750 байт ақпарат бар. Кітаптағы барлық ақпарат көлемі қандай? (түрлі бірліктерде Кбайт, Мбайт),

Жауабы: 1,7 Кбайт.

1)Өз есіміңді жазыңдар. Оның ақпараттық көлемін тауып, бит өлшеміне айналдырыңдар.

Мысалы, Арман -5 символ, 1 символ 1 байтқа тең болса, онда 5х1= байт, 5х8=40 бит;

2) «Астана – Қазақстанның астанасы» сөйлемін жазыңдар. Оның ақпараттық көлемін тауып, бит өлшеміне айналдырыңдар. Жауабы: 30 байт х 8=40 бит;

3) Ақпараттық көлемі 200 байтқа тең мәтінді компьютерге қалай енгіземіз? (Жауабы: 200 символ теру);

4) Не үлкен: 1000 байт па әлде 1 килобайт па?

5) Не үлкен: 5150 байт па әлде 5 килобайт па?

6) 49152 битті байтқа және килобайтқа аударыңдар. Жауабы: 6144 байт, 48 Кбайт;

Ақапаратты беру жылдамдығының ең кіші өлшем бірлігін бит/с деп аламыз.

Есеп. Стенографист минутына 480 символ жазады. Жазу жылдамдығын байт/с, бит/с-та анықтаңдар.

Жауабы: 8 байт/с, 64 бит/с.

ІІІ.Қорытынды

Үй жұмысы

2

«Ақпарат өлшем бірліктері» тақырыбын оқу және оқулықтағы 3-тапсырманы орныдау.

Бағалау

3

Топпен жұмыс жасау кезінде әрбір оқушының жеке үлесі бағаланады (өзін-өзі бағалау және өзара бағалау).

Рефлексия

2

«Жетістік» стратегиясы:

-Мен жетістікке жеттім ...

-Мен бұдан да жақсы жетістіктерге жете аламын, егер ...

-Егер мен басынан бастай алсам, онда ...



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2018
623
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі