Ақпараттың өлшем бірліктері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақпараттың өлшем бірліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың бұрынғы білімдерін жаңғырту үшін «ой қозғау» әдісін пайдаланып отырмын (тақырып ақпараттың өлшем бірліктері болғандықтан математика, физика пәнідерімен байланыстыру үшін, бүгінгі күннің сабағымен байланыстыру үшін сұрақ қойып отырмын ) -Ұзындықтың өлшем бірліктерін атаңдар? - Массаның өлшем бірліктерін атаңдар ? - Ақпарат дегеніміз не? - Қандай түрлері бар? -Ақпаратты өлшеуге бола ма?
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қысқа мерзімді жоспарлау


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Ақпаратты өлшеу және компьютер жадысы

Мектеп:Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар

«Мұрагер» мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Битенова Айнагуль

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Ақпараттың өлшем бірліктері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.1.1-ақпараттың өлшем бірліктерін атап өту

7.2.1.2- ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірліктеріне ауыстыруды жүзеге асыру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Ақпараттың өлшем бірліктерін атап, өлшем бірліктерді бірінен-біріне ауыстырады.

Оқушылардың басым бөлігі: Өлшем бірліктер арасындағы байланысты талдайды, ақпараттың көлемін анықтайды.

Оқушылардың кейбіреуі: Компьютерде ақпараттың өлшем бірліктеріне талдау жасай алады.

Бағалау критерийі

қпараттың өлшем бірліктерін атайды.

-Сандық мәндерді ақпараттың бір өлшем бірлігінен (кбайт, байт, бит) басқа өлшем бірлігіне аударады -Ақпараттың көлемін есептей алады.


Тілдік мақсаттар



Лексика мен сөз тіркестерінің мысалдарын қамтитын тілдік мақсаттарды анықтаңыз

Ақпаратты өлшеу бірліктерін түгендейді, ақпаратты бір өлшем бірлігінен басқа өлшем бірліктеріне ауыстыруды түсіндіреді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер

Ақпарат, Хабардың ақпараттық көлемі, Ақпаратты өткізу жылдамдығы, Символ, Бит, Байт, Кбайт, Мбайт, Гбайт, Пбайт, Эбайт, бод.

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер

Ақпараттың өлшем бірліктері ...

Ақпарат саны ...

Бит – бұл ...

1 бод =

Құндылықтарға баулу



Шығармашылық – тапсырмалар орындау барысында сыни ойлау дағдысы қалыптасады.

Қарым-қатынас жасау, жауапкершілілік – жұптық, топтық жұмыстарда.

Пәнаралық байланыс

Математика, физика, кило,мега, гига, тера қосымшалары, ағылшын тілі, орыс тілі.

Алдыңғы білім

5.2.1.1 әртүрлі формада ақпаратты атап шығу және көрсету


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин


1 Ұйымдастыру бөлімі.

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Жұмыс мазмұны

Топқа бөлу

3

Сыныпқа кірген оқушыларға ребусты шешу арқылы топқа бөлемін.

Вертуальды сұрақ (презентацияда көрсетілген суреттер бойынша ребусты шешу). Стикердин астына жасырылған әріпке байланысты оқушылар үш топқа бөлініп отырады.






(Жауабы: БИТ)

Осы ребусты шешу арқылы бүгінгі күннің тақырыбын анықтайды.

І-топ. «Б» әріпі «Байт» тобы

ІІ-топ. «И» әріпі «Информатика» тобы

ІІІ-топ. «Т» әріпі «Терабайт» тобы

Ой қозғау

4

Оқушылардың бұрынғы білімдерін жаңғырту үшін «ой қозғау» әдісін пайдаланып отырмын (тақырып ақпараттың өлшем бірліктері болғандықтан математика, физика пәнідерімен байланыстыру үшін, бүгінгі күннің сабағымен байланыстыру үшін сұрақ қойып отырмын )

-Ұзындықтың өлшем бірліктерін атаңдар?

- Массаның өлшем бірліктерін атаңдар ?

- Ақпарат дегеніміз не?

- Қандай түрлері бар?

-Ақпаратты өлшеуге бола ма?














Презентация



















Оқушылар өлшем бірлікті білу арқылы ойын жаңғыртады.





Сабақтың ортасы

33 мин


Сабақ кезеңдері

Жұмыс мазмұны

Сабақтың негізгі бөлімі

Топтық жұмыс 15 мин

Мәтінмен жұмыс «Джигсо» әдісі бойынша әр топқа мәтін таратылады. Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша постер қорғайды.

I топ – Ақпарат туралы ұғым

II топ- Ақпараттың өлшем бірліктері

ІІІ-топ. Ақпарат тасымалдаушы құралдар (шағын топтарда талқылайды, топтағы сарапшылар ауысып, мәтіннен түсінгендерін бөліседі.)

Топтық жұмысты бағалау мақсатында оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін анықтау үшін сұрақтар қою арқылы кері байланыс жасаймын: 3 мин

-Ақпарат дегеніміз не?

-Ақпараттың өлшем бірлігі не үшін керек?

-Өлшем бірліктер өзара қалай байланысты?

-Ақпаратты үлкен бірліктен кіші бірлікке (байттан битке) ауыстыру процесі қалай орындалады?

-Ақпаратты тасымалдаушы құралдарына не жатады?


Бағалау: Топтық жұмыс «Бағдаршам» арқылы бағаланады. Оқушыларға қызыл, жасыл, сары түсті стейкерлер беріледі.

Оқушылар:

  • Толықтай түсінсе – Жасыл

  • Жартылай түсінсе – Сары

  • Түсінбесе - Қызыл


Дәптермен жеке жұмыс : №1 есеп 5 мин

Интербелсенді тақтадада орындайтын тапсырма көрсетіледі.Берілген тапсырманы оқушылар дәптерге жеке-жеке орындайды.




Бағалау: Мадақтау арқылы бағалау

Жұптық жұмыс 5 мин

«Бүгін үйренген нәрсе» әдісі арқылы жұптық жұмыс жасайды. Жұптық жұмыста оқушылар Килобайт түрінде берілген санды байт және бит түріне айналдырады. Ал бит түрінде берілген санды Байт және Килобайтқа айналдырады.

Тапсырма

Ақпараттың көлемін анықтаңыз және бос ұяшықтарды сандармен толтырыңыз.



Ақпараттың көлемін анықтаңыз және бос ұяшықтарды сандармен толтырыңыз.

Килобайт түрінде берілген сан

Байт түрінде берілген сан

Бит түрінде берілген сан


1

5 Кбайт

_______байт

_______ бит


2

_______ Кбайт

_______байт

12288 бит


Дескриптор











Бағалау: Сағат тілі бойынша тапсырманы ауыстырып, бір жұп келесі жұпты бағалайды.

Білім алушы:

-ақпараттың өлшем бірліктері туралы біледі;

- килобайтты байт түріне аударады;

- байтты бит түріне аударады;

- битті байт түріне аударады;

- байтты килобайт түріне аударады.








Бекіту (оқып-үйрену, өзіндік жұмыс, тест)
























Жеке жұмыс 5 мин

«Сұрыптау» жаттығуы бойынша оқушылар жеке жұмыс жасайды. Жеке жұмыс жасау барысында оқушылар ақпараттың өлшем бірліктерін өсу ретімен орналастырады және ақпараттың өлшем бірліктерін салыстырады.

Тапсырма №1

Ақпаратты өлшеу бірліктерін өсу ретімен орналастырыңыз Терабайт, килобит, мегабайт, гигабайт, килобайт, байт, бит.


Дескриптор:

Білім алушы

- ақпаратты өлшеу бірліктерін өсу ретімен орналастырады.



Тапсырма №2

Берілген өлшем бірліктерін салыстыруды орындаңыз. Белгілерді қойыңыз ( <, >, =)

А саны

ЖАУАБЫ

В саны


16 Бит


2 Байт


1024 КБ


2МБ


2 ГБ


2048 МБ


1ТБ


2000Гб



Дескриптор

Білім алушы

- ақпарат көлемін салыстырады.

Бағалау: Карточкадағы салыстыру арқылы Формативті бағалау мұғалім тарапынан бағаланады











Оқушылар арасында диалог орнайды, сонымен қатар белсенді оқу жүреді



































Қалыптастырушы бағалауға арналған

әдістемелік ұсыныстар

Информатика

7 сынып(4 бет)



















































Қалыптастырушы бағалауға арналған

әдістемелік ұсыныстар

Информатика

7 сынып(5 бет)









Сабақтың

соңы

5 мин



Рефлексия: «Пошта» әдісі. Оқушылар өздеріне сабақтың ұнаған, ұнамаған және қиын тұстарын стейкерге жазу арқылы пошта жәшігіне жабыстырады.





Үйге тапсырма: «Информатика 7. Жалпы білім беретін мектептің сыныбына арналған оқулық». Оқулықтағы 3-тапсырманы орындап келу.



Стейкерлер арқылы









http://expert.atamura.kz/kz/books/207#page/



Оқулық Информатика

7 сынып






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.03.2018
664
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі