жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың білім беру саласындағы рөлі
АҚТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ
ҚАРАЛДЫ» «БЕКІТЕМІН» ЦӘК мәжілісінде ОӘЖ директоры ЦӘК төрайымы___________ __________ М.Ж.Кенжеғалиева «____» ____________2016ж. «____» ____________2016ж.
Тақырыбы: Ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың білім беру саласындағы рөлі
-
-
-
-
-
-
-
-
Дайындаған: Балалар аурулары пәнінің оқытушысы: С.Қ Жанбатырова
-
-
-
-
-
-
-
АҚТАУ – 2015
Ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың
білім беру саласындағы рөлі
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Қазақстанның әлемдік бәсекеге қабілеті 30 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру формасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі», - деп атап көрсеткен.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз. Бүгінде мектептерді компьютерлендіру толықтай аяқталды. Орта білім берудің 12 жылдық моделі енгізілуде. «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың алдына қойған мақсаты болуы тиіс».
Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған ірі экономикалық өзгерістер мен технологиялық жетістіктер қоғам дамуының қозғаушы күші болып табылатын білім жүйесіне орасан ықпылын тигізіп отыр.
Бүгінгі таңда білім берудің басты бағыттарының бірі - білім беру үрдісін жаңарту арқылы құзырлы маман даярлау. Оның негізгі қағидалары төмендегідей:
Студентке ізгілік тұрғысынан қарау;
Оқыту мен тәрбиенің бірлігі;
Студенттің танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
Балының өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту;
Студенттің танымдық және шығармашылық икемдігін таныту;
Әр студенттің қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту;
Барлық студентттердің дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу;
Қазіргі оқу орындарының даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын көлемнің әр түрлі тегімен анықталады. Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық.
Электрондық оқулықтың тиімділігі зор. Электрондық оқу құралы – бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу құралдары, практикумға, курстық және дипломдық жобаларға нұсқау, т.б. білім беруді басқаратын мемлекеттік органдар тағайындаған арнайы статусы бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын электрондық оқу басылымы.
Оқытушы үшін электрондық оқулық – бұл күнбе – күн дамытылып отыратын ашық түрдегі эдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасымен, жаңа сабақты түсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады.
Қазіргі таңда мен өз тәжірибемде студенттерге балалар аурулары сабағында электрондық оқулықты пайдалануға тырысамын. Онда әр тарауда тақырыптың мазмұны, анықтамалары, түсініктеме сөздігі мен орысша – қазақша сөздік, кестелер, жаттығулар мен есептер, бақылау жұмыстары қамтылған. Тараудағы оқу материалдары бойынша берілген анимациялық тәжірибелер оқушыларға физиолгиялық құбылыстарды көрсете отырып, түсіндіруге ыңғайлы.
Сонымен қатар тақырыпты қорытындылау үшін тест сұрақтары берілген. Бұл тест сұрақтарының нәтижесі әр студентке жауап беру деңгейіне қарай пайыздық көрсеткішпен бағаланып беріледі. Бұл әдіс оқушының білімін көтеруге, сабаққа ынтасын қалыптастыруға оң әсер ететіндігі сөзсіз.
Электрондық оқулықтар мен компьютерлік оқу – әдістемелік құралдарды өз дәрежесінде қолдануды үйренген студенттер зерттеуге құштар, өзі белсенді жеке жұмыс істей алады. Электрондық оқулық бағалық – нәтижелік бөлігі тест арқылы жүзеге асады. Тест сұрақтарына жауап бергеннен кейін студенттер диаграмма түрінде өзінің білім деңгейін көре алады. Оқутыдың компьютерлік технологиясының оқу үрдісіне кеңінен енуі студенттердің өзіндік және шығармашылдық белсенділігін дамыта отырып, электрондық оқулық көмегімен олардың өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды.
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту».
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпаратантандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес, сондықтан электронды оқулықтың сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық студенттің уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде студенттер бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар орындайды. Электрондық оқулық арқылы суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгеруі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен студенттерге ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын. Осы электрондық оқулықтарды қолдану барысында студенттердің сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай – ақ мұғалімдерге де, өзіне де қажетті әдістемелік дидақтикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Электрондық оқулық – бұл дидактикалық әдіс - тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электрондық оқулықтар оқушының білім сапасын бақылау жүйесін өзгертуге мүмкіндік жасайды. Дәстүрлі оқытуда әр оқушыға оқушы тарапынан бақылау өте жиі болмай қалуы да кездеседі, ал электрондық оқулықтың көмегімен оқыту үрдісіінң әр этапын бақылай алады. Тіпті кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керекті тақырыпқа немесе қажет ақпарға сілтемелер беріп отырады. Бұл оқушы үшін, біріншіден үлкен көмек, жеңілдіктер туғызса, екіншіден сол материалды автоматты түрде бақылап, әділ бағасын беруге, оқушыға қажетіне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлімен алуға мүмкіндік жасайды.
Мед. колледжіндегі студент үшін электронды оқулықты қолдану тиімділігі:
Өтілген материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсіну;
Студенттің өздігінен пайдаланып, жұмыстың барлық кезеңдеріне өзін – өзі тексеруге;
Жұмысты тиянақты түрде орындап, жазба түрінде тапсыруға;
Түсінбеген тақырыпты қайталауға;
Оқулықты сабақтарда қолданып, студенттің өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға;
Қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға мүмкіндік туғызады;
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудың басты мақсаты – студенттерге ақпарат беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.
Студенттердің ақпараттық құзырлығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда қазіргі таңда үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі ең көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Медициналық сабақтарда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі: студенттің өз бетімен жұмысы; аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу; білім – білік дағдыларын тест тапсырмаларды арқылы тексеру; шығармашылық есептер шығару кезінде физиологиялық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру; қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; қажетті ақпатаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; экономикалық тиімділігі; іс – әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмалырды оқып үйрену; қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі; оқушының ой – өрісін дүниетанымын кеңейтуге ықпалы зор.
Жоғарыда айтылған ой – пікірлерімді тұжырымдай келе компьютерді қолдану негізінде медицинада оқыту сапасын арттыруға болады.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген