Материалдар / Ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдалану
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
пән мұалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қараша 2018
379
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдалану


С.Ж.Райымбекова

208 қазақ орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі

Кейден ауылы


Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектеп – жаңа қоғам мектебі, болашақ мектебі, яғни мәдени саналы, халықтық мәдениетке интеграцияланған, жеке бағыттылық, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын және өзін - өзі тануына көмек көрсететін, физикалық және рухани жағынан экологиялық таза, ізгілендірілген, өмірге, дүниеге тік қарай алатын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзейтін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, әлеуметтік өмірге бейімделген, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып, жетілдіретін мектеп болуға тиіс.

Оқытудың ақпаратты-коммуникациялық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).

Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.

Математика – логикалық өте қатал ғылым

Себебі, математикалық ой – қорытындылау логиканың заңдарына, ұғымдардың анықтамаларына, алдын-ала берілген заңдарға және бұрын шыңдығына көз жеткізілген пікірлерге негізделген. Яғни әрбір математикалық пікір дәлелденген соң ғана математикалық білім қатарына қабылданады. Сондықтан математикалық ой-қорытындылау мәжбүрлі сипатта болады дейміз. Бұл да математикалық білімнің ізгіліктік күш қуаты. Математиканың қолданылуының кең көлемділігі адамзат үшін шексіз. Әрбір оқушының тұлға ретінде қалыптасуы, дамуы математикалық білім барлық оқушының қажетін өтеуін көздейді десек, математикалық білімнің ізгіліктік күш қуатының құраушылары білім беру жүйесінің ізгіліктік қағидаларын басшылыққа алып, математиканың негізгі мақсаттары жүзеге асырылуы керек:

Математиканың негізгі мақсаттары:

  • Ақыл-ойды дамыту;

  • Математикалық іс-әрекеттің сипатына сай ойлауды қалыптастыру;

  • Қоғамдық өмір практикасына қажетті математикалық ойлауды қалыптастыру;

  • Математикалық білімді игеру процесінде тұлғаны тәрбиелеу;

  • Практикалық іс-әрекетінде қолдану үшін кәсібіне сәйкес, нақтылы білімдену;

  • Болмысты, табиғат пен қоғамды тануда математикалық мазмұндай (модельдей) білу;

  • Болмысты табиғат пен қоғамды тануға қажет математикалық идеялар мен әдістермен таныстыру;

  • Алдына қойылған сұрауға немесе есепті шығаруға оптимальды жауап беруге дағдылану, ұмтылу;

Математиканы оқыту барысында пайда болатын қиындықтар

Математиканы оқыту барысында пайда болатын қиындықтар ұстазға мәлім. Ондай қиындықтардан біз құтыла алмаймыз, өйткені ол қажет екен. Расында да оқуға байланысты қайшылықтарды жете білу оқу үрдісіне қозғалыс береді. Оқушыларды дамытуға және тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Ал мұның өзі әр уақытта орындала бермейді: жаңа білім мен оқушының дайындығы арасында сәйкестік болуы қажет. Педагогикалық пайдалы қиындықтарды жеңе білу үшін, мұғалім өзі игерген әдіс-тәсілдердің барлығын оқушының дайындығын қалыстастыруға жұмылдыру керек.

Жаңа заманға бейімделген, интеллектуалды, рухани бағытта өзін-өзі жетілдіре алатын тұлғаны оқытып-тәрбиелеуде, жеке пәндерді меңгертуде М.М. Жанпейісованың «Интерактивті модульдік оқыту технологиясының» маңызы зор.

біріншіден, қазіргі мектеп бағдарламалары өте тығыз мөлшерде және сағат саны азайып отырған сәтте, әсіресе математика пәні бойынша сабақта жаңа, материалды жинақтап тарауларды блоктап түсіндіру арқылы уақыт ұтымды пайдаланылады.

Екіншіден, оқу материалдарын өсу бағытымен, тұтастай, қайта орала отырып бірнеше мәрте оқып үйрену арқылы берілген ақпарат баланың жадында ұзағырақ сақталады.

Үшіншіден, сөйлесу бөлімінің сабақтарында оқытудың белсенді формалары арқылы жоғарыда аталған:

  • жоғары адамгершілік сапаларын қалыптастыру, жалпы адамзаттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру;

  • деңгейлік тапсырмаларды, қиындатылған деңгей тапсырмаларын орындату арқылы оқушылардың шығармашылығын және дарындылығын шыңдау;

  • оқушылардың денсаулығын сақтай отырып, жеке тұлғалыққа бағытталған оқыту-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру;

  • оқушылардың білімі мен педагогтердің қызметін бағалаудың обьективті өлшемдерін енгізу арқылы жүзеге асыруға болады.

DrawObject2 DrawObject1



Бұл айтылғандар білім алу барысында, ғылыми зерттеу жұмыстарында, адамға зор ләззат беретін жаңалықтар ойлап табуда пайда болады. Белгісіз нәрсені тануға, табиғат сырларын білуге, қоғамдық құбылыстар заңдылығын ұғыну мен дүние тануға, зерттеуге құмарлық т.б. сезімдерді қалыптастыруға ұмтылу күшті, терең ой жұмысына түрткі болады, шындықты жан – жақты ашуға жәрдемдеседі. Ал, осындай сабақтарда түрлі интерактивтік оқыту формалары арқылы алған білімін одан әрі тереңдететіндей әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар беріледі.

Бұл үрдістің тиімділігі:

  • қарастырылып отырған тақырыпты оқушы әр қырынан қарастырып, өз беті мен зерттейді;

теориялық білімді толық меңгеруге мүмкіншілік беріледі;

ақпараттармен жұмыс жасап үйренеді;

алған білімді тәжірибеде қолдана білуге үйренеді;

бұрынғы білім мен жаңа білімді салыстыра біледі;

қиындатылған есептерді, тапсырмаларды орындап үйренеді;

әр балаға мүмкіндігіне қарай еңбек етуге мүмкіндік беріледі;

әр сабақта барлық оқушы еңбегіне қарай өз бағасын алып,

қанағаттанады;

оқушылардың бойында зерттеушілік, шығармашылық

қабілеттері қалыптасады;

ең бастысы қолдануға тиімді және қарапайым;

білім беру сапасы артады, оқушылардың білімділік деңгейі көтеріліп,

көздеген түпкі нәтижеге қол жеткізеді;

ең бастысы әлі келгенше еңбек етеді, «өмір бойы оқып үйрену» принципі жүзеге асады;

психологиялық жайлы ортада еңбек ету арқылы оқушы

денсаулығы сақталады және тұлғалық қабілеттері дамиды,

өз ойын дәлелдеп үйренеді.

Мұғалімнің міндеті -

қоғамның жаңа әлеуметтік құрылымы мен білімінің мазмұнынан туындайтын уақыт ағымына сәйкес оқушының жеке тұлға екенін ескере отырып, қазіргі сабақтың маңызды ерекшеліктерін анықтап, сабақтың үлгісін құру, сабақты жетілдіре отырып, оның нәтижесін арттыру. Ол үшін пән мұғаліміне көп ізденіс керек. Оқытудың жаңа технологияларын оқып үйренуі тиіс. Сондай технологиялардың бірі «Модульдік оқыту технологиясы». Бұл модуль бойынша оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әртүрлі белсенді формаларды қолдану – оқытудың міндетті шарты болып табылады. Ойын –шығармашылық, ойын-еңбек. Ойнау барысында оқушының ойлау мүмкіндігі, көңіл қоя білу қабілеті дамиды. Сабақтағы іскерлік ойын кезінде баланың білімі, іскерлігі, дағдысы сынға түседі.


Модульдік оқыту технологиясы -әрбір оқушының:


DrawObject3


Оқу модулі дегеніміз – ғалымдардың айтуынша оқу мазмұны мен оны игеруге негізделген технологияның бір мақсаттағы түйіні

Модуль – оқушының мазмұнды, оқу әдісін өз бетінше игеру деңгейі мен оқу –таным әрекетіне сай жеке оқу бағдарламасы. Оның ерекшелігі оқушы өз бетінше немесе мұғалім көмегімен модульмен белгілі бір нәтижеге жетеді.





Оқушы – мұғалімнен:


DrawObject4


Модульді сабақтарда тапсырмалар орындау барысы мен білімді меңгеруде тексеретін әртүрлі бақылаулар болады.Олар:


DrawObject5


Модульге оқушылардың оқу таным әрекетін ұйымдастырудың барлық әдістері мен түрлерін пайдалануға болады.

Мысалы: Жеке, жұптық, топтық жұмыс істеу, оқытудың қай саласында

да модульді пайдаланып оның сапасын, тиімділігін арттыруға болады.

Осы орайда 8-сынып алгебра дан «Квадрат теңдеулер» тарауына құрылған модульдік сабағымның құрылымын ұсынып отырмын. Және бұл тарау бойынша оқулықта берілген теңдеулерді шешу тәсілдерін тереңдете оқыттым.

Оқу модулінің құрылымы


Бөлімі

Сабақ саны

Сабақтың мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

1. Квадрат теңдеудің анықтамасы.

Квадрат теңдеуді шешу

2. Екі мүшенің квадратын бөліп алу тәсілімен квадрат теңдеуді шешу

3. Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласы

45 минут

Сөйлесу

2-сабақ

Меңгерту сабағын ұйымдастыру

1. «Қарлы кесек» ойыны

2. Қорытынды

2 минут

40 минут

3 минут

3-сабақ

  1. Өзара оқыту (жұптық жұмыс)

  2. «Кім шапшаң?» ойыны

  3. Қорытынды

20 минут

20 минут

5 минут

4-сабақ

  1. «Брейн ринг» ойыны

  2. «Сиқырлы сандықша» ойыны

  3. Релелік сынақ.

15 минут

10 минут

20 минут

Қорытын-ды

5-сабақ

Алған білім іскерліктерін пысықтау.

1. Есептер шығарту.

2. Деңгейлік тапсырмалар орындату

25 минут

20 минут

6-сабақ

1. Бақылау жұмысы.

2. Қорытындылау

40 минут

5 минут


Қорытынды жасай келе, жаңа педагогикалық технологиялардың элементтерін әр сабақта қолданудың тиімді жақтарын көрсетуге болады:

- Оқушының тұлғасын дамыту;

- Ауызша және жазбаша білімін дамыту;

- Тез әрі терең ойлау қабілетін дамыту;

- Жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу;

- Өз ойын ашық айта білуге үйрету;

- Деңгейі төмен оқушыларға өз білімін көтеруге мүмкіндік туғызу;

- Оқу процесіне бөлінген уақыт үнемделеді.

Жалпы математика тереңдетіп оқыту барысында пән мұғалімдері мынадай проблемалармен бетпе-бет келіп отырмыз. Осыған байланысты менің ұсынысым:

  • Оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескеріп жасалынған, қазақ тілінде шығарылатын оқулықтардың, әдістемелік нұсқаулардың жетіспеуі;

  • Бағдарлама бойынша тақырыптардың оқулықтардың ретімен өтілмеуінен кейбір есептердің шығару мүмкіндігінің болмауы;

  • Бекітілген уақыт көлемінде кітапта қарастырылатын материалдың көптігі.


Пайдаланған әдебиеттер:


1.М.М.Жанпейісова. «Интерактивті модульдік оқыту технологиясы»

2. «Алгебра». Жалпы білім беретін орта мектептің 8-сыныбына арналған оқулық.Алматы. «Мектеп» баспасы.2004 ж.Баймұханов.Б. Медеуов.Е. Базаров.Қ.

3. «Қазақстан мектебі» журналы. 1,№2 2006 ж.

4. «Жанды математика» кітабы. Я.И.Перельман. «Мектеп» баспасы. Алматы.1978 ж.

5.Математикадан кластан тыс жұмыстар.6-8-кластарға арналған. С.И.Шварцбурд. Алматы. «Мектеп» баспасы.1986 ж.

6. «Математика және физика» журналдары.№1, №2 2006 ж №3, №6 2007 ж, №3,№4 2008 ж, №2, №4 2009 ж

7. «Математика» журналы №2, №3 2007 ж.

8. «Сыр мектебі» газеті №11, 17 2008 ж.









































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!