АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ
СОФТ-ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Қазақстан Республикасының
Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған
стратегиясында ақпараттық технологиялар (АТ) саласындағы негізгі
міндет ашық жүйелердің тұжырымдамасы негізінде әлемдік қоғамдастық
іске асыратын ғаламдық ақпараттық инфрақұрылымның бір бөлігі
(Global Information Infrastrukture GII) ретінде ҰАИ-ды (ұлттық
ақпараттық инфрақұрылым) бірітіндеп дамыту, сондай-ақ,
бағдарламалық өнімдерді және софт технологияларды дамытуды
ынталандыру болып табылады. АТ-ны дамыту кезінде компьютер
жабдықтарына бағаның төмендетілуіне орай негізгі пайда компьютер
жабдығының өндірісінде емес, пайдаланушылар шығындарының тұрақты
есімі болатын – бағдарламалық құралдар, қызметтер мен консультация
секторында шоғырланатын ескеру АТ саласындағы қызметкерге ғаламдық
сұраным болжаммен 1997 жылы 327млрд. АҚШ долларына қарағанда 2008
жылға қарай 1 трлн. АҚШ долларына жетеді.
АТ саласындағы мемлекеттік
саясат:
-ҰАИ-ды дамытуға ықпал ететін
ашық және тұрақты нормативтік – құқықтық базалар мен стандарттарды
жасауға;
- халықтың, шаруашылық
субъектілерінің, қоғамдық ұйымдардың және Қазақстан Республикасының
мемлекеттік басқару органдарының ҰАИ-ға жан-жақты қол жеткізуіне
қамтамасыз етуге;
- халықтың білім деңгейін
электрондық оқу мекемелері мен кітапханаларды құруды қолдау
есебінен көтеруге;
- бағдарламалық құрулдар мен
софт-технологиялардың ұлттық индустриясын дамыту жан-жақты қолдауға
бағыттылуы тиіс.
Ақпараттық-коммуникациялық
технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу
барысында компьютерді пайдалануға, моделдеуге, электрондық
оқулықтарды интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс
істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс
құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді
көздейді.
Ақпараттық-коммуникациялық
технология келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі
талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын
педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы
аса мол.
Ақпараттық қоғамның негізгі
талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру,
логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақапараттық
технологияны өздік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану
дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай болса,
ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік ақпараттық
бейнесін, оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық
бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтің, адамның
дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интелектуалды дамуды
қалыптастырудың бір жолы.
Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: оқу орынның
материалдық-техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының
мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін
қалыптастыру жүйесіне; оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру
қабілеттеріне тәуелді.
Соңғы жылдары білім беру аясы
жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді түрде жүзеге
асырылуда. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология
дегеніміз – оқу және оқу әдістемелік материалдар жинағы, оқу
қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың
рөлі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар
еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері
деген анықтама беруге болады.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды
пайдалану өз білімін көтеру тиімділігі де арттырады. Бұл бірінші
кезекте сандық түрінде жазылған ақпараттарды пайдалану кезінде
қажетті мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік
береді.
Бірақ, практика көрсеткендей, компьютер
толыққанды оқу құралына әлі айнала қойған жоқ. Бұл көптеген дербес
жағдайларға байланысты:
Уақытша. Мектеп бағдарламасындағы әрбір
пәннің өз ұйымдастырушылық әжістемелік жаңа мазмұндық ерекшеліктері
болады, соған орай оған ақпараттық технологияны «еңгізу» кезін
таңдай алу керек.
Техникалық. Дербес компьютерлердің
техникалық сипаттамасы әрқилы. Сондықтан өзімізге қажет қосымша
құрылғыларды таңдай білуіміз керек.
Ұйымдастырушылық. Пәнді оқыту үрдісіне
ақпараттық технологияларды еңгізу барысында бағдарламалық
жабдықтарды баптау және құрылғыларды жөндеу сұрағы тұрады.
Сондықтан білікті көмекші қажет.