2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың құзіреттілігін дамыту”

Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың құзіреттілігін дамыту”

Материал туралы қысқаша түсінік
Заман талабының дамуына сай туындаған цифрлі дәуірде цифрлік сауаттылықты игеру - ХХІ ғасырдың ең маңызды міндеті. Ақпараттық коммуникациялық технологияны тиімді пайдалану өмір сапасын арттыруға жол ашатын бірден бір құрал. Адамзат қауымы күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп бара жатқан дәуірде білім беру саласында ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану және сол арқылы білім алушыларымыздың білім көкжиегін кеңейту қазіргі мұғалімдердің алдында тұрған үлкен міндеттің бірі
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың құзіреттілігін дамыту”


Заман талабының дамуына сай туындаған цифрлі дәуірде цифрлік сауаттылықты игеру - ХХІ ғасырдың ең маңызды міндеті. Ақпараттық коммуникациялық технологияны тиімді пайдалану өмір сапасын арттыруға жол ашатын бірден бір құрал. Адамзат қауымы күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп бара жатқан дәуірде білім беру саласында ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану және сол арқылы білім алушыларымыздың білім көкжиегін кеңейту қазіргі мұғалімдердің алдында тұрған үлкен міндеттің бірі деп білемін. Әсіресе, ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану, цифрлі әлемнің көмегімен білім беру ел басына күн туған ауыр індет кезінде өз орнын ойып көрсеткендей болды. Осы орайда, АКТ-ны бастауыш сынып оқушыларынан бастап мектеп бітіруші түлектерге дейін сапалы игерту өз дәлелін тапты деп білемін.

АКТ - ол білім алушылардың ой өрісін кеңейтуге, жаңа білімді игеруге, оқушыларда икемділік, ұтқырлық, жылдамдық секілді дағдыларын қалыптастыруға ықпал етуші құрал.

АКТ мақсаты: бәсекеге қабілеттілікті арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, оқу-тәрбие процесін жеделдету және жеңілдету, білім беру сапасын арттыру. Бір сөзбен айтқанда цифрлі дәуірді игеру - бұл мақсат емес, бұл - білім саласындағы абсолюттік артықшылыққа қол жеткізу құралы.

Жалпы алғанда АКТ-ны білім беруде пайдаланудың маңызы қандай?

  • Оқу сапасын арттыру: оқу материалын қызықты әрі ұтымды түсіндіре алу мүмкіндігі;

  • Қолжетімділік: интернет арқылы қашықтықтан білім алу;

  • Жеке тұлғаға бағытталған білім беру: саралау, білім алушының жеке қабылдауы мен білімді игеру қабілетіне қарай оқыту;

  • Ресурсты үнемдеу: оқулықтар мен қосымша қағаз құралдарды талап етпеуі;

  • Бағалау жүйесі: білімді тексеруді автоматтандыру.

Осыған байланысты қазіргі білім беру саласындағы әрбір білім беруші мұғалім өз сабақтарында немесе сабақтан тыс үдерістерінде АКТ көмегіне жүгінуі үрдіске айналды десек те болады. Цифрлі әлемнің дамуымен интернет желісінде ақпараттық коммуникациялық технолгиялардың көмегімен жасалынып, білім беруде, сабақ үдерісінде қолдануға болатын ойын түрлері мен тапсырма түрлері сан алуан. Дегенмен, әрбір білікті маман, білімді ұстаз, өз ісінің нағыз шебері, құзыретті мұғалім өз сабағына сай тапсырмаларды ажыратып, таңдап алуы тиіс деп білемін. Тапсырмалар сабақ беретін сыныптың жас ерекшелігі, жеке қабылдау қабілеті мен қызығушылық деңгейіне қарай сараланғаны жөн.

Не себептен менің зерттеу тақырыбым Ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың құзыреттілігін дамыту?

Менің сабақ беретін сыныптарым 9 сынып оқушылары. 9 сынып оқушылары 14-15 жас аралығындағы жасөспірімдер. “Цифрлі әлем қазіргі заманның індеті” - “оны игеру қызіргі заманның міндеті” десек те болады. Яғни, мұндағы менің айтпағым жасөспірім шағынан ересек жасқа өту толқынының үстінде жүрген оқушыларымыз цифрлі технологиялардың жақсысы мен жаманын, пайдасы мен зиянын терең ажырата бере алмайтын жастағы жас буын. Қолдарындағы смартфонның ішінде сан алуан түске боялған, жылдам жылжыған бейнероликтер артық ойға шомылуға мүмкіндік бермей сырғи береді, сырғи береді. Менің айтпағым, жылдам дамыған АКТ-ны, интернет желісін жасөспірімдер үшін тек бос уақытты тиімсіз өткізу көзі ретінде емес, оны білім алатын қосымша құрал ретінде ұсыну. Жоғарыда айтқанымыздай білім беруде қолданылатын АКТ-ның көмегімен ұсынылатын ойын түрлері де қосымша түрлері де ұшан теңіз көп. Мысалы: Kahoot! Quizizz, Quizlet, Chatbot, Wordwall, ChatGPT тағысын тағы.

Әрине, цифрлік ойындар сыныптың жалпы қызығушылық, қабылдау және жас ерекшеліктері ескеріле отырып таңдалады. Сонымен қатар, кез -келген таңдалған әдісті қолданар алдында оның сабақтың мақсатына жетуге бағыттылығы ескерілуі тиіс. Сол себептен де мен кез келген әдісті өз тәжірибеме енгізер алдында таңдалған қосымша құралды қолдана отырып орта мерзімді сабақ жоспарын жасап, нәтижелерін ескеріп отырамын.

Осы тұрғыда өз сабақтарымда жиі қолданып, оқушылардың білім сапасы мен сөздік қорының молаюына, пәнге деген қызығушылығына жағымды әсерін тигізген Wordwall әдісін ерекше атап өткім келеді. АКТ-ның көмегімен орындалатын Wordwall ойыны түрлі форма мен форматта, түрлі деңгейде, тапсырмаларды түрлі-түсті түсте жасауға болатын тиімді әдіс деп атап өткім келеді. Бұл қосымшаның тағы бір артықшылығы ондағы тапсырмаларды өз пәніңнің тақырыбы, мақсаты мен міндетіне, жас ерекшелік пен күрделілік деңгейіне сай таңдау мүмкіндігі. Мұндағы тапсырмалар тілді үйретудегі қамтылуы тиіс барлық дағдыға байланысты жасақталған. Грамматикалық тапсырмалар: яғни сөйлемді дұрыс құрастыра білу, фонетикадлық тапсырмалар: сөздің дұрыс айтылуы мен әріптің заңдылықтарға сәйкес оқылуы, мәтін бойынша тапсырмалар және сөздікпен ойын тапсырмалары. Тілді үйретуде сөздік қорды көбейту өте маңызды екені баршамызға мәлім.

Алдында атап өткендей өз сабақтарыма АКТ-ның түрлі әдіс-тәсілдерін қолдану үшін алдымен өзімнің сабақ беретін сыныптарымның жалпы жағдайын анықтап алуым қажет болды:

  • 9 “А” сыныбы ІІ тоқсандағы білім сапасы 53,3 пайыз. Сыныптың жалпы белсенділігі мен пәнге деген қызығушылығы жоғары, бір-бірімен бәсекелестікте жұмыс жасайды, алғыр оқушылар көп;

  • 9 “Ә” (б/с-58,3), “В” (б/с-61,3) сыныптары салыстырмалы түрде қызығушылықтары мен белсенділігі төмен, үнемі жетелеп отыруды талап етеді;

  • 9 “Б” белсенді оқушылар саны өзге сыныптармен салыстырғанда аз, б/с 40 пайыз.

Осы көрсеткіштер анықталған соң өз сыныптарыма Wordwall әдісін және қысқа форматтағы бейнероликтерді жүйелі түрде қолдану үшін тапсырмалар жинағын жасақтап, орта мерзімді сабақ жоспарларын жасадым.

Үлгі. Мысал:

Сабақтың тақырыбы

мақсаты

қолданатын әдіс тәсілдер

күтілетін нәтиже

бағалау

оқушының іс-әрекеті

1

Unit: Traditions and languages

Languages

9.2.4.1 understand the main points of supported extended talk on a range of general and curricular topics

сөздіктер ерекшеленіп көрсетілген, субтитрлі қысқаша бейнеролик

тыңдалым, айтылып дағдысы қалыптасады

мұғалімнің кері байланысы

бейне ролик арқылы сөздіктердің аудармасын ұғынады, бірге қайталайды, қолданады

2

Festival blog

9.4.5.1 deduce meaning from context in short text on a limited range of familiar general and curricular topics

алдыңғы бейне роликтердің кіріктірілген Wordwall тапсырмалары

айтылым, жазылым дағдысын дамытуға бағытталған

кері байланыс

алдыңғы білімді еске түсіреді, сөздіктермен сөйлем құрастырады

3

Countable nouns

9.6.2.1 use a variety of quantifiers for countable and uncountable nouns and some phrases on a range of familiar general and curricular topics

Бейнероликті көреді, ішіндегі зат есімдерді атайды, саналатын саналмайтын түріне бөледі

тыңдалым, айтылымдағдысы қалыптасады

мұғалімнің кері байланысы

тыңдайды, атайды, анықтайды, сөйлем құрайды, қолданады

4

Comparative/ superlative adjectives

9.1.2.1use speaking and listening skills to provide sensitive feedback to peers

Wordwall қосымшасы арқылы алдыңғы сабақтағы саналатын/саналмайтын зат есімдер мен жаңа сабақтағы сын есімдер кіріктірілген

жазылым, айтылым дағдысы қалыптасады

мұғалімнің кері байланысы

алдыңғы сабақтағы саналатын/саналмайтын зат есімдер мен жаңа сабақтағы сын есімдер кіріктіре отырып күрделі сөйлемдер жасай, әңгіме құрастырады


Осы орта мерзімді жоспарда көрсетілгендей тапсырмалар бір-бірімен оңайдан қиынға тәсілімен құрастырылып, алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру арқылы бір жүйемен жинақталады.

Өз сабақтарымда қысқаша бейнероликтер мен Wordwall әдісін байланыстыра отырып өтілген сабақтарымның нәтижесінде сыныптарымда тілді оқуға деген қызығушылығы едәуір өсіп, оқушылар өз бетінше ізденіп, келесі сабақтарға өз бейнероликтері мен тапсырмаларын ұсына бастады. Нәтижесінде:

  • 9 “А” сыныбы ІІ тоқсандағы білім сапасы 53,3 пайыз болса ІІІ тоқсанда 64,3 пайызды, 9 “Ә” сыныбы 58,3-тен 64,2 пайызды, 9“В” сыныбы 61,3-тен 69,2 пайыздық өсімді берді. Тіпті белсенділігі төмен деген 9“Б” сынып 40 пайыздан 46,5 пайызға көтерілді.

Алдыңғы сабақтарымда өзге әдіс-тәсілдерді немесе АКТ-ны қолданбадым деуге болмайды. Дегенмен нәтиже аз еді. Себебі үнемі түрлі тапсырмалар қолданғаныммен ол тапсырмалар мен жаттығуларда, сөздіктерде бір бірімен байланыс бір сөзбен айтқанда бір жүйеге сүйену арқылы емес жалпы оқушылардың қызығушылығын артыру үшін, олардың назарын өзіме аудару үшін қолданғанымды түсіндім. Әрине, жоғарыда орта мерзімге келтірілген жоспар бір сынып аясында ғана қолдануға келеді. Себебі, алдын айтқанымыздай, әр сыныптың өз қабылдауы, өз қызығушылығы мен материалды сіңіру қабілеті әртүрлі.

Қорыта келе айтарым, білім беру, оқыту тек оқушының назарын өзіңе аудару, оларды АКТ-ны қолдану арқылы түрлі-түсті тапсырмалармен уақытын өткізу емес. Білім беру - алдыңғы білім мен жаңа білім бір-бірімен белгілі бір жүйе арқылы, оңайдан қиынға принципін ескере отырып дұрыс таңдалған цифрлі әлемнің пайдалы қосымшаларын оңтайлы ұштастыра білгенде ой-өрісі толықсыған, пәнге деген құзіреті қалыптасқан, шығармашыл болашақ тәрбиелеу дегім келеді.



04 Сәуір 2025
216
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі