400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ақпараттық ластану

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі қоғамда жалған ақпарат өте көп. Мен өз мақаламда осы құбылыстың қаупі мен одан қорғануды айтып өтемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақпараттық ластану

Қазіргі қоғам – нағыз ақпараттық қоғам екені бәрімізге мәлім. Әрбір мектептің 1- сынып оқушысына дейін қолыңда бір телефон. Ғаламторға бәрінің қолы жетімді. Бұл жақсы көрсеткіш әрине. Негізінен бұл адамдар боёфндағы кең көзқарасты дамытуы қажет. Келісемін, бұл тұжырым өте жақсы естіледі. Алайда барлығы расымен біз ойлағандай ма?

Ақпараттық заманда ғаламтордан кез-келген ақпаратты табуға болады. Сонау замандағы дәйектер, әлемнің басқа бөлігіндегі танымал емес автордың кітаптарын, саралай келгенде адамзаттың ашқан кез-келген жаңалығын көре аламыз. Осындай жақсы жасалған жағдайды адамдар дұрыс қолдана алып жүр ме? Көпке топырақ шашқаным дұрыс болмас, алайда қазір көптеген адамдар қолындағы ғаламторды дұрыс пайдалана алмайды. Берілген ақпараттың рас жалған екенін тексере қоймайды мыс. Әрине, берілген ақпарат тексерілген деп ойлауы заңдылық. Бірақ біз осы ақпараттардың дұрыс-бұрысын тексере білуіміз қажет. Себебі қазіргі таңда адамдар жеңіл дофаминге үйреніп қалған. Бұрынғыдай ұзақ фильмдер іш пыстырып жіберетіндей. Ақпаратты тез алуға үйреніп, оны тексеруден қалып бара жатырмыз. Дұрыс ақпарат болса жөн, барлығы жақсы, алайда берілген ақпарат бұрыс болса ше? Сол жалған ақпаратқа сеніп, оны таратамыз өзіңіһ де дезинформациямен айналысушы болып табыласыз. Дезинформация – қоғамдық саланы жаңылыстырып ақиқат ретінде таратылған жалған ақпарат. Сіз өзіңіз байқамай жақындарыңызға бұрыс ақпарат айту арқылы оны да шатастырасыз. Өзіңіз ойлап қараңызшы, сізге жақыныңыз қандай да бір ақпарат айтса сіз ол кісіге бірден сенетіңініз анық қой. Бұл мәселенің маңызы осы. Сіз де, сіз бөліскен жалған ақпаратты ақиқатқа қабылдаған адам да ақпараттық ластануға үлес қосудасыз. Бұл өз кезегінде кішкентай іні-қарындастарымызға зиян. Олар ақпаратты тексере алатын болса да, көптеген жағдайда анық-қанығын біле бермейді.

Ақпараттық ластану бұл жай ғана қате дерек тарату емес, ол сол ақпарат арқылы қоғамдағы адамның ойын бұрмалап, адастыратын қауіпті құбылыс. Бұл құбылыстан қалай сақтана аламыз? Ең бастысы кез-келген ақпаратты күманға алыңыз. Әрқашан тексеріңіз. Жай ғана сайттардан емес, сенімді сайттардан теңсеріңіз. Сонда ақпараттың рас не жалған екенін көре аламыз. Ақпараттық ластанудан сақ болайық. Газет оқиық. Нағыз тексерілген мәліметтер – сол газет бетінде болады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 сәуір
125
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі