Материалдар / Ақпараттық технологиялар – тұлғаның әлеуметтенуі мен тәрбие құралы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ақпараттық технологиялар – тұлғаның әлеуметтенуі мен тәрбие құралы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақпараттық технологиялар – тұлғаның әлеуметтенуі мен тәрбие құралы. Баяндама.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
539
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ақпараттық технологиялар – тұлғаның әлеуметтенуі мен тәрбие құралы


Жахай Самсия

Екібастұз қаласы

11 жалпы орта білім беретін мектеп –КММ –нің

математика және информатика пәнінің мұғалімі


Тұлға – адамдар, қоғам арасындағы, әлемде өзінің ұстаным орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын қоғамның өкілі ретіндегі адам. Әлеуметтену процессінде тұлға болып шығады
Өскелең ұрпақтың азамат болып қалыптасуы және оның шығармашылықпен дамуының негізі тәрбиеден бастау алады. Еліміздің ертеңі мен ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылығын талдағанда тәрбие проблемалары ерекше назар аударуды қажет етеді.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш–білім және білімді тәрбиелі ұрпақ. «Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман»,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді.
Адамның адам болуға лайықты және өмір сүре білуіне керекті басты қажеттіліктер:

Денсаулық қажеттілігі

Өзін қорғай алу және қауіпсіздік қажеттілігі

Ұжымда өзгелердің құрметіне ие болу және әлеуметтік ортада болу қажеттілігі

Өмірдің мәнін түсіну қажеттілігі

Өз мүмкіндігін іске асыра білу және өзіндік келбеті болу қажеттілігі

Даму үшін шығармашылық қажеттілігі

Атқаратын ісінен қанағат сезімін алу, ішкі талпынысын іске асыру, көңіл – күйін көтеріңкі ұстау қажеттілігі.

Қажеттілік баланың қызғушылығынан пайда болады. Осы қажеттіліктерді іске асыру кезінде адамның әлеуметтену процессі жүреді.


Білім беру саласын ақпараттандыру жағдайында кез – келген тұлғаға ақпараттық білім негіздерін игерту, ақпараттық – комуникациялық технология құралдарын білім алуда қолдану мен оның мүмкіндіктерін пайдалану дағдыларын қалыптастыру қажет.

Компьютер техникасын тиімді пайдаланудың өлшемі болып, оны басқа да пәндерді оқыту кезінде қолданады.

Біріншіден, Ғаламторда көптеген материалдарды іздеуге  қалыптасқан, онда түрлі пәндерді оқыту бойынша сабақтардың толық кешендері; екіншіден – компьютерлер уақытты үнемдеуге, көрнеклік материалдарды тиімді пайдалануға болады.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру ісіне оқытудың жаңа технологияларын енгізу міндетін қояды.

Білім мазмұнын жүзеге асыру үшін дәстүрлі оқыту технологиялары мен әдіс-тәсілдерін түбегейлі өзгерту негізгі мәселенің бірі болады.

Бүгінгі күні білім беру жүйесін ақпараттандыру ісінің басты мақсаты – заман талабына байланысты ақпараттық қоғамның шарттарына сәйкес оқушыларды тұрмыстық қоғамдық және кәсіптік өмір салаларына толық әрі тиімді түрде араластыру болып табылады.

Бірақ ақпараттық технологияларды дамыту мен оларды пайдалану тек алдыңғы қатарлы техникалық деңгейді талап етіп қана қоймай, оны іс жүзінде қолдануға қажет білім мен оны қолдану аясын, яғни қоғамның интеллектуалдық (зерделік) потенциалы болуын керек етеді. Мұндай талап алдымен білім беру жүйесін күшейтуді қажет етіп, оның қоғамдағы рөлін міндетті түрде жоғары дәрежеге көтереді.

Оқыту үрдісіндегі оқушының белсенділігі дидактиканың негізгі талаптарының біріне саналады. Оқушылардың мұндай белсенділігі мақсатты бағытталған басқарушылық педагогикалық іс-әрекеттердің және сабақтарда қолданылатын педагогикалық технологиялардың тікелей салдарынан келіп туындайды. Оқушы оқып үйренетін материалды жақсы және барынша терең түсінеді және алған білімі неғұрлым ұзақ уақыт жадында қалады. Оқушы , мұғалім және АҚТ сызба түрінде кескіндесек:

ОDrawObject2 DrawObject1 қушы АҚТ Мұғалім

DrawObject3 DrawObject4



Білім қорын жинаушы Ұйымдастырушы

Өз бетімен әрекеттенуші Саралаушы

Кеңесші

Өңдеуші

Ақпараттық технологияны қолдану оқушыға не береді?

  1. Оқу материалдарын жиі қайталау мүмкіндігі өсумен қатар шығармашылық шеберлігінің артуына жағдай туғызады Оқуға деген қызығушылығын арттырады

  2. Көрнекті түрде тапсырмаларды орындай алады

  3. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуға көмектеседі

  4. Уақытты үнемдейді

  5. Қайталау мүмкіндігін кеңейтеді

  6. Орындаған жұмыстарының қателерін бірден көруге мүмкіншілік тудырады

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін ақпараттық технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім мекемелеріне енуде. Жаңа технологияны меңгерту оқушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.

Білім беру саласын ақпараттандыру жағдайында кез – келген тұлғаға ақпараттық білім негіздерін игерту, ақпараттық – комуникациялық технология құралдарын білім алуда қолдану мен оның мүмкіндіктерін пайдалану дағдыларын қалыптастыру қажет.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттары болса, білім беру саласындағы педагогтардың басты міндеттері оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу.

Бүгінгі ақпараттандыру заманында жалпы білім беретін оқу орындарында компьютер оқып үйрену объектісі және оқыту құралы ретінде қолданылады. Оқып-үйрену объектісі ретінде компьютер информатика сабақтарында қарастырылса, оны басқа пәндерде оқу құралы ретінде интеграция жасау үшін пайдалынған жөн. Мысалы математика пәнін информатика пәнімен, ағылшын тілі қазақ тілі, информатика пәнімен ұштастырсақ :

  1. оқушылардың мотивациялық негізін арттыруға;

  2. шығармашылық қабілетін дамытуға;

  3. креативтік ойлауын қалыптастыруға;

  4. оқушыларды зерттеу жұмыстарына жұмылдыруға;

  5. есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын дамытуға мүмкіндік береуге;

  6. ғаламдану дәуірінде өмір сүруге қабілетті;

  7. өзін-өзі дамыта алатын;

  8. өз ойын еркін айта білетін;

  9. білімді, шығармашыл;

  10. қоғам талабына сай өзін көрсете алатын тұлғаны қалыптастыру.

ХХІ – ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Орта білім беру жүйесінде ақпараттандыруды дамытып, АКТ құралдарының жыл сайын динамикалық түрде ауысатынын, жеке тұлғаның компьютерлік сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеттілігі ілгерлейтіндігін, яғни әрбір оқушы ақпараттық технологияларды үйреніп қана қоймай, оны пайдалана білуі, интернет, электронды почта, ғаламдық ақпарат жүйесін пайдалана білуі тиіс. Кез – келген пәндік әдістеме оқушыларға сол пәнді тереңдетіп игеруге, алған білімді практика жүзінде қолдануы мен проблемалық жағдайлардан шыға алуымен айқындалады.

Кез – келген педагог тұлғаны тәрбиелеуде сыныпта өзара ақпарат алмасу, оларды бір – бірімен бірлесе отырып, білімдер мен дағдыларын қалыптастыруға және өз ойларын еркін жеткізіп, ортаға салып, талдап, нәтиже шығара білуге бейімдеу үшін ақпараттық орта құруы қажет.

Жасөспірім тұлғасының дамуы мен қалыптасуы қашанда қоршаған ортамен қарым – қатынаста болудың жемісі. Өскелең ұрпақты тәрбилеуде ақпараттық бақылау қажеттілігі туындайды.Бұл мәселенің күрделілігі соншалық, дамуы жағынан артта қалған мемлекеттер үшін көкейкесті болмағанымен, батыс Еуропа және Солтүстік Америка елдерінде педагогиканың басты міндеттеріне жатады. Бұл мәселе бізді, яғни педагогтар қауымы мен білім – тәрбие саласында жүрген мамандарды ойландыруы қажет. Қазіргі таңда ақпараттық технологияның жоғары жетістіктерге қол жеткізіп отырған заманда оқушылардың көпшілігі теледидар көру,ұялы телефонды пайдалану, видеоны пайдалану  мүмкіндігімен қатар, көптеген балалар компьютерлік ойындарды ойнауға бейім. Ал БАҚ-ның бағдарламаларының көбісі бала дамуына кері әсер етеді.

Педагогика және психология түсіндірме сөздігінде: «Адамгершілік  тәрбиесі тұлғаның сана – сезімін, іс – әрекетін қалыптастырып, құндылық бағдарын айқындайтын тәрбие түрі. Адамгершілік тәрбиесі білім, білік, дағдыларды игертумен бірге, тұлғаның ар – ұжданын, танымдық қызығушылығын кешенді түрде дамытады» деген түсінік берілген. Осы тұрғыда ақпараттық технологиялар осы талаптардан шыға ала ма? Деген сұрақ туындайды. Теледидар, ұялы телефон, видеоларда, компьютерлік ойындардағы атыс, шабыс, су тасқыны, қар көшкіні т.с.с жан түршігерлік көріністерден кейін тұлғаның психологиясы мен танымдыққызығушылығы артады деп айту қиын. Осы мәселелердің бүгінгі таңға дейін дұрыс жолға қойылмағандығына барлығымыз куәгерміз.

«Мектеп – жеткіншекұрпақтың ойын қалыптастыратын шеберхана, егер болашақты қолдан шығарып алғың келмесе, оны берік ұстау керек», – дейді француз философы Анри Барбюс. Қазіргі педагогтарға қойылатын талап, ол оқушыға сапалы білім, жүйелі тәрбие және де саналы ойлау мен қабілет, түйсігін дамыту. ХХІ ғасырда оқушылардың жанын рухани жағынан азықтандыратын, қызығушылығын арттыратын ақпараттық техникалық құралдар екені бәрімізге мәлім. Қорыта айтқанда, баланы рухани дамытуда айналамен таныстыру, яғни ақпараттық құралдардың жақсы жағын тиімді пайдаланып, күрделі, қыр сыры көп әлеуметтік ортаға  оқушыны бейімдеп тәрбиелеу психолог – педагог қауымының еншісінде екенін назарда ұстауымыз керек. Оқушы ақпараттың жақсы жетістіктерін бойына сіңіріп, рухани бай Тұлға ретінде әлеуметтенуі заман талабы.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Т.Баймолдаев  «Ақпараттық – білімдік ортада педагогтардың ақпараттық коммуникациялық құзырлылығын қалыптастыру» //Информатика негіздері №1, 2010 жыл

2. А.Ерболатов  «Жаңа ақпараттық технология – мектепте» //Информатика негіздері №2, 2010 жыл

3. Т.С.Сламбекова «Педагогикалық психолгия»

4. Г.Сұлтанова  «Жаңа технологияларды ұтымды пайдалану» //Бастауыш мектеп №12 2005 жыл

5. М.Ералиева  «Оқытудың қазіргі технологиялары» //Бастауыш мектеп №5, 2006 жыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!