АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫ ШЕШЕНДІК ӨНЕРГЕ БАУЛУ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫ ШЕШЕНДІК ӨНЕРГЕ БАУЛУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Шешендік өнер сабағының басты мақсаты – оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, өз елінің тарихымен таныстыру, өз ұлтының ақын – жазушыларының өмірі мен шығармашылығын паш ету. Ұлттық мұраны дәріптеуде ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушыны шешендік өнерге баулы мәселелері қарастырылды. АКТ білім беру саласындағы бүгінгі күндегі өзектілігі мен маңыздылығы қамтылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы


АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫ ШЕШЕНДІК ӨНЕРГЕ БАУЛУ

Сейлханов Казыбек Кабдрашитович

ШҚО Білім басқармасы Зайсан ауданы бойынша білім бөлімінің

«Балалар музыка мектебі» КМҚК педагогы


Шешендік өнер – бағзы заманда пайда болып, ұлттық мәдениетіміздің рухани құндылығына айналып, атадан балаға, ауыздан ауызға жетіп, қазақ тарихында ойып тұрып өз орнын алған, ұлттық рухтың мәйегі. Шешендік өнер - адам баласымен бірге жасап, адамзатқа ілгері жылжуға рухани күш беріп, дамып, кемелденген өнердің бір түрі.

Шешендік өнер сабағының басты мақсаты – оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, өз елінің тарихымен таныстыру, өз ұлтының ақын – жазушыларының өмірі мен шығармашылығын паш ету.

Оқушылардың сабаққа деген ынтасы бірден мұғалімнің парасаттылығына, біліміне, өз жұмысына деген сүйіспеншілігіне байланысты. Бүгінде білім беруде жаңа технологияларды сабақта жан-жақты қолдану - жаңаша оқытудың тиімді жолдарының бірі.

Ақпараттық технологияның негізгі талабы – жас ұрпаққа, қоғамға лайықты ақпараттық білім негіздерін бере отырып, олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық – технологиялық құралдардың жиынтығы. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы ақын Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттері жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек» - деген. Расында да, тек қана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келген, өзінің табандылығын, шыдамдылығын көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді.

Шешендік өнерге баулуда жаңа технологияларды жан-жақты қолдану – жаңаша оқытудың тиімді жолдарының бірі болып саналады. Осындай жаңа жолдарының біріне заман талабына сай 21 ғасырдағы ақпараттық технология арқылы үйретуді жатқызуға болады. Білім берудің озық технологияларын меңгермейінше сауатты да жан-жақты болу мүмкін емес. Соның бәрі компьютер, интернет, мультимедиялық құралдар мен интерактивтік тақта көмегімен болмақ.

Шешендік өнерге баулуда бастапқы мақсат - коммуникативтік бағытта оқыту. Осылай, оқушылардың ойын бір жүйеге келтіріп, жағымды психологиялық жағдай тудыру арқылы оқушың бойына өзіне деген сенімділікті ұялатып, жеке тұлға ретінде қалыптасуына өз септігімізді тигізу.

Компьютердің білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы шарттарын ғалымдар төмендегідей саралайды:

  1. Компьютер шексіз ақпарат әлеміне енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғарғы жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.

  2. Компьютер адамның зерттеу – танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшелінеді.

  3. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымдық құрал бола білуі. Яғни білімгер ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Шешендік өнерге баулуда бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ.

  4. Құрал оқушыларға өз әрекеттерінің нәтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс шешім жасай білуге деген оқушылардың өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырады.

  5. Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.

Шешендік өнер сабағында компьютерді қолдану ақпаратты аз уақытта игеруге жол ашады. Тіпті ынтасы төмен оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді. Жаңа технологияларды қолдана отырып сабақ бойы әр оқушының сабақта мейлінше белсенділік танытуын қадағалап, сабақтың мазмұнды, интенсивті болуына күш саламыз. Оқушылар Word, Power Point, Excel, Актив студио т.б бағдарламалардың көмегімен ойын компьютерге түсіруді, қажет ақпаратты оқуды, талдауды үйренеді.

Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту және өз бетінше білімдерін бір жүйеге келтіру мақсатында ақпараттық технологияны қолдана бастадық. Ақпараттық технологияның маңыздылығы – оқушылардың әр саладан алған білімдері сабақ барысында кезігетін мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Кез-келген уақытта оқушылардың жекеше, жұптық, топтық жұмыс істеу іскерліктерін ақпараттық технология арқылы іске асыруға болады.

Сонымен қатар оқушылар интеллектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік дағдыларын дамыта алады. Ақпараттық технологияның тағы бір тиімді белгілерінің бірі – сабақтың негізгі кезеңдерінде оқушыларға шығармашылық жұмыс ұсынуға ыңғайлы. Мысалы «Сөз өнері және Абай» бөлімінде Абайдың қара сөздерін интерактивті тақта арқылы слайдттарды рет-ретімен көрсеткен жөн.

1-слайд. Қызығушылықты ояту мақсатында оқушыларға қысқаша ғана «Абай» бейнефильмінен үзінді көрсету. Абай қара сөздерінің қайсысы болса да сол дәуірдегі әлеуметтік өмірдің күрделі мәселелерін сөз етуге арналады. Кейбір қара сөздері тақырыбы, мазмұны жағынан бірін-бірі толықтырып отырады.

2-слайд. Абайдың оқырманға ой тастап, тереңнен толғаған қара сөздерін топтастырып интерактивті тақтадан көрсету.

DrawObject2 DrawObject1 халық өмірі этика мораль

DrawObject3

DrawObject5 DrawObject4 өнер

DrawObject6 дін

DrawObject7 адам ,тұлға

DrawObject9 DrawObject8 DrawObject10

мақал – мәтелдер ғылым би – болыстарды сынау


3-слайд. Оқушыларды үш топқа бөліп, әр топқа бір-бір қара сөзден беру.

І топ: «Бесінші сөз»

ІІ топ: «Жетінші сөз»

ІІІ топ: «Он жетінші сөз»

  1. Осы қара сөзде автор не айтпақшы болған?

2. Негізгі тақырыбы қандай?

  1. Өз пікіріңіз қандай? /Көзқарасы/ Егер автордың орнында болсаңыз, осы сөзді қалай жазар едіңіз?

  2. Алып-қосарыңыз бар ма? - осындай сұрақтар арқылы Абайдың қара сөздеріндегі еңбек, ғылым, адамгершілік, әділдік, т.б. жөніндегі пікірлері оның ағартушылық, демократтық көзқарасын жан-жақты аша түседі.

Ақпараттық технология әдісі ХХ - ғасырдың технологиясына кіріп, басқа елдерде бұрыннан қолданылса да, біздің елде тек соңғы жылдарда ғана қолданылуда. Сондықтан, бұл әдісті қолдануда оқушылар өз бетімен қажетті хабарды жинауға дағдыланып, өзіндік шығармашылық қабілеттерін арттырады. Сабақ барысында табысқа жету ұжымдағы әрбір мүшенің тілдік қатынасқа құрылған тапсырмаларын дұрыс орындауына және ұжымның жаппай ұйымшылдықпен жұмыс істеуіне байланысты. Сондай-ақ инновациялық технологиямен сабақ өткізу арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың осы пәнге, яғни, шешенді өнерге деген қызығушылығын оятуға, ұлттық сипаттағы жеке тұлғаны қалыптастыруға болатындығын тәжірибе көрсетіп келеді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
14.04.2022
334
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі