Білім беру саласы: шығармашылық, таным.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы: «Аққала»
Мақсаты: балаларға қар және оның қасиеті туралы түсінік беру.
Домалақтарды біріктіру арқылы бейне құрастыра білуді дамыту.
Қысқы табиғат әсемдігі арқылы табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, үлгі, ермексаз, тақтайша, сулық.
Сөздік жұмыс:қар ұшқындап, жапалақтап,борандатып жауады.
Билингвальды компонент: аққала-снеговик.
|
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс- әрекеті |
Балалардың іс- әрекеті |
|
Мотивациялық-қозғаушылық |
Балаларға қыс туралы өлең оқу. Қыс келді, қыс келді, Ақтарып ақ қарды. Жол аппақ түске енді, Аралап қайтайық, Ақ күміс бақтарды. – Неге жердің бәрі аппақ? (Жерде жасанды қарлар жатады.) – Қар ұлпалары неге ұқсайды? Қар ұлпалары қандай керемет, өрнектері де бар екен. Ал, мына қарлар еріп, жабысып, домалақтанып қалыпты. Кәне, осы қарларды тездетіп, екіге бөліп, жинап тастайық. – Қазір жылдың қай мезгілі? Енді осы қыс мезгіліндегі көріністерді бақылайық. Бізді «Сиқырлы қалам» шақырып отыр екен. (Сиқырлы қалам бойынша жұмыс). – Даланың бәрі қандай? – Иә, қыстың сәні қар демекші, айналаның бәрі қар. – Ауа райы қандай? – Балалар қыста қандай ойындар ойнайды? Билингвальды компонент: аққала- снеговик . – Аққала неше бөліктен тұрады? Мұрнын, көзін неден жасайды? Түстері қандай? |
Балалар өлеңді тыңдайды. Топ ішін аралап жүріп, таңданады. – Өйткені жердің бетін қар жапқан. – Жұлдызшаға ұқсайды. Қар ұлпаларын тамашалайды. Екі ыдысқа бөліп жинайды. – Қыс мезгілі. Сұрақтарға жауап береді. – Қарлы, аппақ. – Суық. – Шанамен, шаңғымен, конькимен сырғанақ тебеді, аққала жасап ойнайды. «Аққала-снеговик» сөзін қайталайды. – Үш бөліктен тұрады. -Сәбізден, көмірден жасайды. Қызғылт сары, қара. |
|
Ұйымдастырушы лық-ізденістік |
– Аққаланы неден жасайды? Енді осы аққаланы жасайтын қарды зерттеп көрейік. Ыдысқа салынған қарды балаларға көрсету. – Бұл қарды қайдан алдым? – Қар қайдан пайда болды? Аспан әлемінен мұз талшықтарынан пайда болып, жерге жауып түседі екен. Олар әртүрлі болып жауады: – ұшқындап жауады; – жапалақтап жауады; – борандатып жауады т.б. түрлері бар. Балаларға жауған қардың суретін көрсету. Сергіту сәті. -Балалар, қардың қалай жауатынын қимылмен көрсетіңдерші. – Қар қандай, суық па, жылы ма? – Қардың түсі қандай? – Күнге шағылысқанда қандай болады? – Қар ауыр ма, жеңіл ме? – Қар таза ма, жеуге бола ма? – Балалар, қардан Аққаланы қалай жасағанымызды еске түсірейікші: бірінші үлкен домалақ жасадық, екінші орташа домалақ жасадық, оны үлкен домалақтың үстіне қойдық, үшінші кішкене домалақты жасадық та, орташа екінші домалақтың үстіне қойдық. Басына шелек кигіздік. –Балалар, бұл Аққала менің досым. Сендер өздеріңе Аққаладан дос жасап алғыларың келе ме? Жұмыстың орындалу тәсілін түсіндіру: –ермексазды әртүрлі 3 бөлікке бөлу; –бөліктерді алақан арасына салып, домалақтау; –үлкен бөлікті астына қою, орташа бөлікті ортасына, кіші бөлікті үстіне қою; –бөліктерді бір-бірімен біріктіру; –қолын таяқшалардан жасау. Балалардың өз бетінше жұмысы. Қажет болған жағдайда жеке балаға көмек көрсетіледі. Аққалаға –досына ат қойдыру. |
– Қардан жасайды. – Даладан. – Аспаннан жауып, жерге түсті. Балалар қардың әртүрлі болып жауғанын тамашалайды. Балалар қардың жауғанын қимыл-қозғалыспен көрсетеді. – -Суық. – Қардың түсі аппақ. – Күмістей жарқырайды. –Аспаннан жауғанда жеңіл. Жерде жатып көбейгенде ауыр. – Қарды жеуге болмайды. Таза емес. Тамақты ауыртады, микробы бар. Балалар қимылмен көрсетеді. -Иә. Аққаланы мүсіндеудің әдіс-тәсілімен танысады. Балалар Аққала мүсіндейді. Аққалаға –досына ат қояды. |
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
– Балалар, бұл жасаған достарыңды ата-аналарыңа көрсетемін. Балалардың жұмысын талдау, мадақтау. |
Балалар жасаған аққалаларымен ойнайды. Өз текшелеріне қояды. |
Күтілетін нәтиже:
жасайды:әртүрлі көлемдегі домалақтарды;
түсінеді: аққаланың қыста ғана болатынын;
қолданады:әртүрлі көлемдегі дөңгелектерді ретімен біріктіре отырып, аққалаға көз, ауыз, жасап бейнелеуді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Аққала жасаймыз

шағым қалдыра аласыз