Материалдар / "Ақша ұғымы, ақша түсінігі көркем әбебиет деректер негізінде"

"Ақша ұғымы, ақша түсінігі көркем әбебиет деректер негізінде"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ақша ұғымы, ақша түсінігі көркем әбебиет деректер негізінде.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Байлық және ақша: Көркем әдебиеттегі деректер негізінде Ақша туралы біздің көп ақын, жазушылар жазған және еңбектерінде қолданған. Сәбит Мұқанов өзінің «Өмір мектебі» деген еңбегінде сол замандағы ақылды, ойлы, білімді, сауда шаруасында, шаруашылықта мықты өзінің туғанының Абылайдың өзінің атқосшысымен болған әңгімесін бейнелейді: «Қазіргі шаруасы қалай? – деп сұраймын мен. – Жаман емес, былтырдан бері сауда-саттыққа айналысып, бұрын әлсіздеу шаруасын нығайтып алды. – Сауда ақшасы қанша? – Ол жасырын сөз ғой, – дейді Ғабдолла күліп, – бірақ ақшада құн болмай кетті ғой. Бұ кісі қазір ақшаны емес, бұлдығын жоймайтын бұйымды көбірек жинайды…». Тоқпақтың күштілігінен болуы керек, соғыстың алдыңғы жылдарында Кеңес Одағының экономикасы қалыпты жағдайға еніп, тұрақты дами бастаған. 1944 жылдан бастап мемлекеттік кірістің артқанын көргенде Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Бір адамға» деген өлеңі есімізге түсті.

«Бір үйде жиюлы екен қазына мал, Көрсетті бәрін бізге ақсақал шал: «Бұрынғы атамызға сыйға берген, Біздерде мынадай бар, мынадай бар!..», Отырдым көрсем жекіп тастар ма деп, Шал айтты: «Көріңіздер жасқанба!» деп. Кесені қолыма алып қарай бердім, Ішінде нахақ көзден жас бар ма деп, - деп басталатын өлеңнің тұжырымдамасында: «Кесені қолыма алып қарай бердім, Ішінде нақақ көзден жас бар ма деп», аяқталатын еді ғой. Сол айтқандай 1944 жылдың «еңбек жетістігінде» қаншама адамның қаны мен тері, көзінің жасы бар екен деп ойға қалады екенсің. Бердібек Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романы көркем дүние болса да автордың бастан кешкендерін шынайы көрсететін шығарма екендігі мойындалған. Міне, осы кітапта соғыс жылдары мұғалім болып жүрген бас кейіпкер Еркіннің карта ойнағаны туралы мынадай эпизод бар: «Кәдімгі жиырма бірдің өзін ойнаймыз. Бұл күнде ақшадан күш кеткен заман. Соғыс оны жай қағазға айналдырып жіберген. Уыс-уыс көкала қағаз кімнің де қалтасынан табылады. Базары жоқ ауылда ол бәтшағар қарта ойнағаннан өзге түкке де жарамайды». Көп ағартушылар, ақындар ақшаны жек көрген. Себебі сол кезде ақшасы жоқ кедей адамдарды байлар қанап, ақша үшін түрлі арам істерге де барған. Соның бір дәлелі Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Байлық» өлеңінде көрсетілген: Ол маған ұстауға емес, көруге бар, Байлар үшін жаралған қазына мал. Адам ұлын алалап, бірдей қылмай, Нағыз жауыз — байлық сен, пейілі тар. Қазақ тарихында ертеде қыздарын малға, ақшаға сатып жіберетін болған. Оған мысал Спандияр Көбеевтің «Қалың мал» шығармасында Итбай он бес жастағы қызы Ғайшаны Тұрлықұл деген байға бермекші болады. Итбай қызын айттыра келген адамдарды көріп: «Егер Ғайшамды айттыра келген болса, он құлынды бие сұрасам ба екен, болмаса таза мың теңге ақша сұрасам ба екен... Қой ақшадан да он құлынды бие дұрыс болар, бес-алты жылда Құдай бұйырса жүзге тарта жылқы болмай ма? Жұрттың қолы жылдан жылға тарылып барады, Құдай тілекті берсе, мұратқа жетсем...». Бұл романдағы оқиға, қызын шалға беру, ол байдан мал немесе ақша алу сол XIX ғасырдағы қоғамдағы көрініс, сол кездегі қоғамдағы ақшаның рөлі. Көптеген фрагеологизмдерден байлық, ақша, кедейлік туралы да кездестіруге болады. Сол күннен бастап Итбай аулында ақ түйенің қарны жарылды (С.Мұқанов) деген сөзде дәулетті адамдардың өміріндегі қуанышты сәтке байланысты айтылған.Бұл сөз қарапайым тілмен айтқанда «молшылық, дәулет, ас» деген мағынаны білдіріп тұр. «Ақ түйе» деген сөздің өзі молшылық деген мағынаға жақын. Еспембет, уай, Тобықтының баласы... айрандай аптап, күбідей пісіп жүргеніңде ай дер ажа, қой дер қожа болған жоқ (М.Әуезов) деген сөйлемде айрандай аптап, күбідей пісіп деген фразеологизм ел ішіне үстемдік көрсетуші байлар туралы айтылған. Аллитерациялық тәсілмен жасалған айрандай аптап, ал күбідей пісіп ассонанстық тәсілмен жасалып тұр. Ассонанс (французша assonance, латынша assono – үйлесім) – өлең сөзде дауысты дыбыстардың үндесе қайталануы. Аллитерация (лат. allittera-дыбыстас) - дауыссыз дыбыстардың қайталануы арқылы әдеби тілді ажарлап, сөздің реңін келтіре түсетін көркемдік тәсіл. Бұл жерде күптеп, аптап сөздерінің лексикалық мағынасы қатты маңызды емес, себебі осы сөздерді қолдану арқылы емін еркін билеп төсеп, ойына келгенін жасайтын ел билеушілері туралы айтылған. Ерлігің болса мақтанған, Жауын қуып қашырған, Айдарымен жел есіп, Алатаудан асырған (Жамбыл). Айдарынан жел есті деген сөз асқақтап өмір сүру, уайым қайғысыз өмір сүру деген мағынаны беретін фразеологизм, бұл сөз көбінесе аса дәулетті адамдарға байланысты айтылады. Кедейліктің жағдайын да көрсетіп тұратын фразеологизмдер кездеседі. Кедейліктің ауыр халін, жағдайын, өмірін көрсететін фразеологизмдердің де саны баршылық. Бұл фразеологизмнің мағынасы тапқан табысы ішкен жегінен артылмайды деген мағына береді. Бұл фразеологизм туралы І.Кеңесбаевта айтқан. Осы фразеологизмнің ішіндегі тт, жж дыбыстарының аллитерациялық дыбыстық үйлесімдер беріп тұр. Әкем Байсалбай өмірі ит мініп, ирек қамшылап өткен тақыр кедей (С.Омаров). Бұл фразеологизм азып-тозып, тіршіліктің бейнетін көрді деген мағынаны білдіреді. Негізі қазақ ұғымында ит мініп, ирек қамшылап деген сөздер өмірдің қиындығын көрген,өмірдің бейнетін көрген деген мағына береді. Ал «тақыр кедей» деген жарлы, ақшасы, байлығы жоқ кедей деген мағына береді. Жәукенің ол бейнеті босқа кетпей, Ахметтің арқасында аузы асқа, ауы атқа тиіп, есіктегі басы төрге жетті (С.Торайғыров). Бұл фразеологизмдегі аузы асқа, ауы атқа тиді деген сөздер көп қиындық көріп, белгілі бір жетістікке немесе байлыққа қолы жеткен кедей адамдарға қатысты айтылған фразеологизм. Ақша, байлық, кедейлік сөздеріне байланысты көптеген мақал – мәтелдер бар. Aқшаң болса, aлақанда сорпа қайнатады. Aқшаның көзі қызыл. Aқша бар жерде албасты бар. Ақша кетуге тырысады, Есеп ұстауға тырысады. Ақша ашпайтын құлып жоқ. Ақшада көз жоқ. Ақшасыз базарға барғанша, Кетпен алып мазарға бар. Ақшасыз қалаға шықпа, Қарусыз қалаға шықпа. Ақша сөйлейтін жерде, ұят үндемейді. Қай ұлттың болмасын ырымдарын алар болсақ, көбісі осы ақшаға қатысты болып келеді. Ақшаны жақсы көрмейтін адам жоқ. Барлығы еңбек етіп, сол ақша табудың жолында жүр.Сонымен қатар, қазір адамдар ақша шақыру ырымдарын жасап, ақша тарту ырымдарына сеніп, соларды орындап жүреді. Барлығының мақсаты бір – ақша шақыру, ақша жоқшылығын көрмеу және оны көбейту. Ақшаның энергиясы туралы да естіп жүреміз. Ақшаны үстелдің үстіне қоюға болмайды деп жатады. Дастарханның үстін қолмен сүртуге болмайды, шүберекпен сүрту керек, қиқымын қолға емес, дысқа салып алу керек деп айталады. Егер әрдайым солай жасап жүрсеңіз қаржылық жақтан жақсы жаққа өзгеріс болады. Күн батқаннан соң ақшаны санауға болмайды, егер қатты санау керек болса, біреуге санатқаныңыз дұрыс. Бай, қалталы адамнан қолма қол ақша алған дұрыс. Сейсенбіде қарыз алудан аулақ болыңыз, әйтпесе бір ай қарыз болып жүресіз деген де ұғымдар бар. Ақшаны әрдайым әмиянда ұстағаныңыз дұрыс. Ақша қалтада болса, қалай шашылып жатыр, солай шашылып жатады деп те айтады. Әмияныңыз таза, әрі жыртылмаған болуы керек. Қазір көптеген адамдар қызыл әмиян ұстап, ақша шақырады дейді. Ақшаны тікелей әмиянға тигізбей-ақ салу керек. Әмиянда әрқашан монета немесе доллар болуы керек. Ақша алған кезде қарыз алыңыз, бұл ай болсын, сыйлық, сіз әрқашан күлімсіреп, шынайы алғыспен алу керек. Сіз ешқашан айта айтпаңыз: "менде ақша жоқ", "менде үнемі ақша жоқ", " менде уақытша ақша бар болмай тұр» деп айту керек. Отбасында тамақ ішетеін үстелдің астына да тиын салып қойған дұрыс, бұлда ақша шақырудың бір жолы. Сыпырғыш үйде негізі ақша шақыратын затқа жатады. Сыпырғыш үйдегі жағымсыз заттарды, энергияларды қуып шығып, үйге ақша шақырады. Сыпырғышты үйде есіктің босағасына қойған дұрыс. Айна – үйдегі тазалықты, ласты бәрін көріп тұрады. Айна үйде не көрсе соны өзіне тартады. Үй таза, ұқыпты болса, үйде ақша да, береке де, тазалық та болады. Үстел де үйдегі бере ырыстың белгісі. Дастарханда тамақ мол болса, қаражат жағы да, ас жағынан да бәрі жақсы болады. Ақша шақыратын өсімдіктер де бар. Әйел адамдар ақша шақыру үшін, үйде әртүрлі өсімдіктер немесе гүлдерді өсіреді. Олар: жауқазын, бегония, бәйшешек, парсы теңбілгүлі, шегіргүл, каланхоэ және бамбук бар. Міне осындай ақша шақыратын ырымдар, өсімдіктер, заттар жетерлік және адамдар осындай ақша шақыратын ырымдарға сенеді және жасайды. «Байлық» концептісіне қатысты айтылғандай, «кедейлік» концептісіне қатысты фразеологизмдер да баршылық. Мысалы сол кедей адамдардың байлардың қол астында жұмыс жасап, айтқандарына көніп, жұмыстарын жасап, бай адамдардың кедейлерге өктемдік жүргізуі және кедей адамдардың көрген қиыншылығы, бейнеттері туралы айтылған фразеологизмдер: қол астында жүрді, иіріп жусатты, құрдай жорғалады, ырқына көнді, жалаң аяқ жар кешті, тамтығы қалмады, қарны қабысқан, сіңірі шыққан кедей, дамыл көрмеді, өкшесі жерге тимеді, белі бүгілмеді, белін жазбады деген сияқты фразеологизмдер кездеседі. «Кедейлік» концептісі «ақша, байлық» концептісіне қарама қарсы ең басты концептінің бірі. Кедей болушылық, жарлылық, тапшылық, жетіспеушілік мәніндегі этномәдени менталдық ұғымды білдіреді. «Қазақстан. Ұлттық энцоклопедиясында» оған мынадай анықтама берілген: «Кедейлік – жеке адамның, отбасының немесе әлеуметтік топтың қажетті игіліктер құнын өзі төлей алмайтын, экономикалық жағдайы, яғни өмірлік қажеттерін қамтамасыз етуге жағдайының жетіспеуі немесе негізгі тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінің жоқтығы». Кедейліктің пайда болуының себептері – экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық, жалақы мен зейнетақы минимумының төмендігі, халықтың әлеуметтік тұрғыда нашар қорғалуы. Кедейлік әлемнің барлық елдерінде бұрын да болған, қазір де бар. Абайдың айтуынша, «байлықты, кедейлікті жаратқан - құдай, бай қылған, кедей қылған құдай емес деп, нанып ұқсап болар, әйтпесе жоқ» (Шығ. 1961,462б). Қазақ халқының өткен дәуірлердегі экономикалық, әлеуметтік жағдайында байлық, кедейлік ұғымдары қатарласып тұрған. Ауыз әдебиетінен бастау алатын көркем әдебиетте, шығармашылықтың рухани басқа салаларында еңбек еткендер мен зерттеушілер бұл тақырыпқа соқпай кетпеген. Негізгі идеясы кедейлер жағында болып, бұқара халықты қолдаған. Бұрынғы заманда адамдар материалдық байлықты емес, керісінше, рухани байлықты көп бағалаған. Қазақ ақындары мен өнер адамдарының көбісі ма, байлық жинауға уақыты болмаған, олар тек күнкөрістің қамымен жүрген. Ақын Шашубайдың: «Баласы Қошқарбайдың Шашубаймын, малға кедей болсам да, сөзге баймын» деген өлеңнен де сол кездегі көріністі байқай аламыз. Яғни, бұрынғы заманда материалдық байлықтан гөрі, рухани байлықты жоғары қойған. «Кедейлік» концептісі киер киімі жоқ, ішер тамағы жоқ, күн көрісі төмен адам деген ұғымды білдіреді. Кедей коцептісінің ақпараттық моделін білдіретін сөздер: кедейсіну, кедейшілік, кедейшіл, кедейлену, кедейшілдік т.б сөздер немесе лексемаларды жатқызады. А.Н.Самойловичтің айтуынша, кедей сөзі парсының геда, гедай сөзінен шыққан және Жетісу жерінде осыдан 900 жыл бұрын пайда болған. «Кедейлік» концептісіне «қарапайым халық» мәнінде бұлардан басқа бір кезде байларға қызмет еткен: байғұс, сауыншы, малшы, сиыршы, жылқышы, күзетші, отыншы әлеуметтік кәсіп адамдарын білдіретін атаулар; өз беттерімен күн көрген әртүрлі кәсіп адамдары: аңшы, балықшы, ерші, үйші, егінші, шөпші, қабірші т.б сөздер кіреді. Бұлардың бәрі, сайып келгенде, осы концептінің өрісі, фреймдері болып табылады. Сонымен бірге «Кедейлік» концептісіне еңбекке жарамсыздығына байланысты немесе асыраушысы жоқ, мысалы, сұраушы, қайыршы, тіленші деген концептілерді де, сонымен қатар жоқшылық саладарынан қоғамға зиянды азғындық жолға түскен қарақшы, ұры – қары, тонаушы, жолторушы т.б. концептілерді жатқыза аламыз, себебі бұл концептілерде кедейшілік немесе жоқшылық сияқты хал – ахуал жатыр. «Кедей» концептісі «жоқшылық» мәнінде киер киімі, ішер тамағы жетіспейтін, күнкөрісі қиын адам деген этномәдени менталдық ұғымды білдіреді. Концептінің сипатын ашатын ақпараттық моделін білдіретін тұрақты тіркестер: қара қасқа кедей, қара сирақ кедей, сіңірі шыққан кедей, қызыл тақыр кедей, шыр бітпеген кедей, ыңыршығы шыққан кедей, қас кедей т.б менталдық ұғымда кедейді әр қырынан білдіріп тұрады. Кедей концептісінің ақпараттық моделін білдіретін жеке лексемалар: кедей – кепшік, кедейсіну, кедейлік, кедейшіл, кедейшілік, кедейшілдік т.б; мақал – мәтілдер: кедейдің жеті қаңтаруы бар. Кедейдің аузы асқа тисе, мұрны қанайды. Кедейдің керінен сақта. Кедейлік кемдік емес деген сияқты мақал – мәтелдер жатады. А.Н.Самойловичтің айтуынша кедей сөзі парсының гедай, геда деген сөздерінен шыққан және бұл сөз Жетісу жерінде бұдан 900 жыл бұрын пайда болған делінген. Кедейлік ұғымына қатысты «жоқ» деген ұғым да бар. Бұл ұғым кедейлік концептісімен мәндес болып келеді. Жоқ концептісі бірнәрсенің жоқ екенін білдіреді. Мысалы: жоқтан бар ету; алты аласы,бес бересі жоқ. Негізі «жоқ» концептісі жоққа шығару, мақұлдамау мәнінде де қолданылады, сонымен қатар «жоқтық» ұғымы ақшаның жоқтығы, әлеуметтік жағдайдың төмен екенін де көрсетіп тұрады. Ежелде түркі тілімізде мал сөзі: а) байлық, ақша, дүние мүлік мағынасында қолданылған; б) тауар, дүние мағынасында да көп қолданыста болған. Мал негізінен араб сөзі. «Ислам энцоклопедиялық сөздік» деген сөздікте осы мал сөзі туралы былай делінеді: «мал – жекеменшік зат, бай арабтарда ол – ақша, байлықты білдіреді, ал шаруа арабтарда – төрт – түлік мал, түйе, жылқыны білдіреді». Осы екі мағынаның екеуі де қазақ тілінде кездеседі. Бізде қазақтарда «мал жаныңыз аман сау ма?» деген сөз бар, бұл жерде үйдегі төрт түлік малдың амандығын ғана сұрап тұрған жоқ, сонымен қатар, үйіңдегң ақша, байлығыңды, сонымен қатар отбасыңның әлеуметтік жағдайын сұрап тұр. Абайдың «Есектің артын жусаң да, мал тап» деген сөзі бар және «Мал таппас бала болмас, құрарын айт» деген сөзде, «Адамның көркі – мал» деген сөздерде де төрт түлік мал туралы айтылып тұрған жоқ, ақша, байлық, дәулет, пайда мағынасында айтылып тұр. «Ақша», «байлық», «бай», «кедейлік» деген ұғымдар түркі халықтарында ерте заманнан бері қолданылады, сонымен қатар бұл ұғымдар сол халықтардың салт – санасына, өмір сүруіне тікелей қатысы бар. «Түркі тілдеріндегі байлық және кедейлік ұғымдары» деп аталатын еңбегінде А.Н.Самойлович бірнеше анықтамалар беріп кеткен, қазақ тіліндегі «жоқшылық» «тапшылық» деген сөздер негізі «жоқтық» деген мағына береді және осы сөздердің түркі тілдеріндегі халықтарда білдертін мағынасы туралы жазып өткен. Бізде айтылатын «жоқтық» сөзі саха тілдерінде – суоқтақ, телеуіт тілдерінде – тиодту, алтай тілінде – йоқтығ деп аталады. Алтай, қырым, татар тілдерінде бұл сөз йоқсыз деп аталады, яғни –сыз деген қосымшамен жасалады, ал өзбек, қырғыз, башқұрт тілдерінде йоқсыл деп аталады, -сыл қосымшасымен жасалады. VIII ғасырда түркі тілдерінің көбінде тараған «ақша» сөзі, парсы тілінде «пұл», өзбек тілінде «пұллан», татар тілінде «ақшалан» деп аталаған, бұл сөздердің барлығы «бай болу, ауқаттану» деген мағына береді. Қазақ тілінде «бай» деген ұғым бар, бұл ұғым ауқатты адам, мырза, бек, мағынасында қолданған. Яғни адамның отбасылық жағдайын, әлеуметтік жағдайын білдірген. Қазақ дәстүрінде бай ұғымы дәулетті адамдармен және билік басындағы адамдармен байланысты. Бай адамдар билік басында, яғни саяси жұмыстарды көп атқарған. Бай деген ұғым әлеуметтік топ ретінде 19 ғасырда пайда болған делінеді. Осы «бай» концептісі отбасы мәніндегі әйел адамның некелескен күйеуі деген мағынада да қолданылады. Осы ұғым «бай» концептісіне қатысы болып келеді. Бұл ұғымдардың бір – біріне ұқсау себебі, «бай» сөзі отбасындағы ер адамның мәртебесінің жоғары екенін көрсетіп тұрған. Мысалы: байға кетті, байға шықты т.б. «Байлық» және «кедейлік» ұғымдары тек түркі тілінде ғана зерттелген. Осы ұғымдар түркі тілдеріндегі еңбектерде, ауыз әдебиеттерінде, тарихи жазбаларда өзіндік зерттеп, мағыналарын, шығу тарихын зерттеген және бірнеше дәуірлерге бөліп қарастырған. Бұл ұғымдардың ең алғашқы шығуы тарихы түркі тілдеріндегі вар, пор, йоқ, оқ, суоқ, жоқ, бар сөздерімен тікелей байланысты. Бар ұғымының негізгі мағынасы «байлық», «бай», «дәулетті» деген мағынасында қолданылады. Оны негізінен қарапайым халық қолданған. Осы бай ұғымы ерте кезден бері қолданыста екенін жазба ескерткіштерден де көре аламыз. 7 ғасырдағы жазба ескерткіштегі жазу осыған мысал бола алады, «baybar artim» деген сөз «бай болды» деген мағынада кездеседі. Яғни, бар ұғымы «байлық, дәулет» мағынасында қолданған және осы күнге дейін ауыз әдебиетінде сақталған. Жоқ ұғымы йоқ деген сөзден шыққан. Түркі тілдерінде ерте кезде осы сөзді көп қолданған. Бертін келе, өзгеріске түскен. Бұл сөз «кедейлік, кедейшілік» деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар, осы кедейлік концептісіне қатысты ұқсас, мағыналас ұғымдар баршылық. Солардың бірі малай, құл, жарлы, шығай, қарашы, төлеңгіт, жатақ, қарашекпен, батырақ деген сөздер осы кедей, кедейлік концептісімен мағыналас болып келеді. Құл ұғымы құқықсыз адам деген мағына береді. Негізі құл деген сөздің өзі мағынасы – басында өз билігі, еркіндігі жоқ, құқығынан айырылған деген мағына береді. Құл деген ұғым қоғамдағы ең төмен сатыдағы адам. Мысалы, құлдық, құлшылық деген сөздер осы сөзге тікелей қатысты. Құл болды, құл қылды сөздер дәлел бола алады. Сонымен қатар, бұл концепт ерте кезде тұтқын деген мағынада да қолданған. Соғыс кезінде тұтқынға ұсталып қалған адамды да осылай құл деген атаумен атаған. Мысалы, «Ерте кезде, жаугершілік заманда, соғыс кезінде қолға түскен адамдарды тұт деп атаған, қызметші етіп құл етіп алған» (Қазақ әдебиеті шығармасынан) деген үзінділер дәлел бола алады. Бұл концептіге қатысты Құдайдың құлы деген сөздер бар. Мысалы, Құдай құлымын десе, пайғамбар үмбетім дер; Нәпсінің құлы деген сөздер мысал және дәлел бола алады. Малай ұғымы байларға, дәулетті адамдарға жалданып күн көретін, сол үйдің есігінің алдында жүретін жалшы, қызметші деген мағынада қолданылады. Қазан революциясына дейін Қазақстанда өте көп қолданған. Байдың малайы, малай, малайшылдық т.б сөздері көп қолданыста болған. Негізі малай деген сөз татар тілінде ер бала, жігіт деген мағына береді. Жағдайы төмен, кедей, жоқ – жітік адам деген мағына білдіретін ұғым – жарлы ұғымы деп аталады. Жарлы ұғымы М.Қашқари еңбегінде кедей, бақытсыз адам деген мағынада берілген. Жарлы мағынасындағы сөздерді шығармалардан, мақал – мәтелдерден көре аламыз. Жарлы болсаң арлы бол; Ақылға жарлылық – сорлылық, малға жарлылық – жарлылық; Жалшы, қара жарлы, қасқа жарлы деген сөздерден көре аламыз. Малдылық, маскүнемдік, қарны тоқтық, Деуші едім неге керек сыпыра боқтық. Қазақтың қаны-жаны сонда екен ғой; Діңкемді құрттың, міне, әттең жоқтық деген үзіндіден жоқтық деген сөзді көре аламыз, яғни мағынасы әлеуметтік жағдайы төмен, кедейлік деген мағынаға жақын келеді. Жоқшылық, кедейлік мәнінде қолданатын тағы бір ұғым ол – шығай ұғымы. Шығай деген сөз ерте кезде 7 – 11 ғасырда Орхон – Енесей ескерткіштерінде, ұйғыр әдебиеттерінде, қырғыз, қашқар әдебиеттерінде чыгай, чыган деген сөздер кедей деген мағынада қолданылады. Себебі: бір жағынан Ахметтей ақыл-ой, парасатты, тең жігіт табылмайтындығын ойлап, бір жағынан әке, ағаларының Ахметті кедейсініп бермейтіндігін ойлап, түпкілікті болмаған соң, құр біраз күнге әуреленіп қалудың ретін тағы таба алмай, жатып-тұрып сандала беруші еді (Кім жазықты). Кедейсініп деген сөздің мағынасы түсінікті. Сол заманда да адамның әлеуметтік жағдайы маңызды болғаны дәлел бола алады. Жамбыл Жабаевтың көптеген шығармаларында кедейлік, кедей туралы өлеңдерін көре аламыз. Ж.Жабаев қарапайым халықтың, кедей адамдардың қамқоршысы, жақтаушысы болып келген. «Кедей күйі» шығармасында жоқтық көрген, кедей адамның басындағы шарасыздық, аянышты халі туралы айтылған. Кедейлер өмір бойы еңбек етеді, бірақ жейтін тамағына, киер киіміне бәрібір жетіспейді. Ал, байлар оларға жаны ашымайды,ақысын төлемейді, оларды ауыр жұмысқа салады. Жоқшылықта, қиындықта өтіп жатқан кедей өмірі туралы Жамбыл ауыр күрсініп жеткізеді. Жамбыл кедей адамдарға жаны ашып, билік басындағы байларға, сұлтандарға олардың қатігездігін беттеріне айтып, халыққа қамқор болмайтынын, жаны ашымайтынын беттеріне басып айтқан. Күзгі түн, шөптің басын қырау көмген, Ызғар шашып, бұлт  мынау жерге төнген

Қараңғы, ит  пен бірге қой күзетіп,

Мен ояу, ел ұйқыда, оттар сөнген


Ұзақ түн, жолдасым жоқ иттен басқа,

Бүтін киім менде жоқ жаурамасқа.

Бір бүтін, кірсіз киім кигенім жоқ,

Туғаннан, міне шықтым, талай жасқа. С.Торайғыровтың бұл өлеңінде қазақ қоғамындағы кедейдің бейнесі. Онда кейіпкер өз басындағы қиыншылықтарын баяндап, бақытсыз екенін айтады. Кедейдің өмірінің ауырлығы суреттеліп, оларға қаншалықты әділетсіздік көрсетілетіні туралы айтылады. Ол өзінің байдың малын бағы өмір сүріп жүргенін баянлап, қорлық көріп жүргені туралы айтады. Ақын осы кедейдің ауыр өмірі туралы бейнелеп, өмірдегі қиыншылықтарды қозғайды. Жалаң бас, жалаң аяқ, жыртық дамбал,

Кір көйлек, қомыт күпі, шидем шалбар,

Сары үрпек, көгілжім көз, өңі жүдеу,

Қу мойын, аш қабырға аңғал-саңғал С.Торайғыровтың «Сарыбас» өлеңінен алынған үзінді. Бұл өлеңде Сарыбас деген кедейдің өмірі туралы айтылады. Кедейдің сырт киімін бейнелеу арқылы, кейіпкердің әлеуметтік жағдайын суреттейді. Кедейлік, сен жексұрын, түсің суық,

Іздемес сені адам керек қылып...

Жарытпай киер киім, ішер асқа,

Сөктіріп малы барлау надан, насқа.

Жас көңілді қайғымен уландырып,

Сенсің ғой толтыратын көзді жасқа. Бұл өлеңде де кедей өмірінің ауыр екені туралы айтылады. Маған салса кедейлік аты өшкірді, Дер едім, тұрмыстай ғып жерге көмсін деген өлең жолдарында ақын кедейліктің мүлдем жойылып кетуін қалайды. Кедйеліктің бір күні жойылатынына сенеді. Ж.Баласағұнның «Құдатғу білік» еңбегінде чыгай сөзі «кедей», чыгайлық «кедейлік», Әбу Ханйианданың еңбегінде чыгай «сараң» деген мағынала кездеседі. Мысалы, мына адам шығай екен, шығайлықтан шықпай қалған адам деген деген сөздер мысал бола алады. Шығайлық деген ұғым негізі «сараңдық» деген мағынаны білдіреді. Мысалы, Шықбермес Шығайбай деген бар, халық есінде ол сараңдық символы болып табылады. А.Н.Самоиловичтің айтуы бойынша, осы сөздің шығуы тарихы белгілі бір тілден ауысып келуі мүмкін деп айтқан. Негізі бұл сөз түркі тілдерінен шыққан. Қарашы ұғымы – тәуелділік деген мағынаны білдіреді. Бұл ұғым бай, дәулетті адамдардың қол астындағы қара халық, жұмысшылар, кедей, жалшы деген мағынаға негізделген. Сөйлем арасында қолданғанда бұл сөз қараша деп қолданылады. Дау арашасыз болмас, хан қарашасыз болмас; Қараша жар басында, Қазы хан қасында деген мақал – мәтелдерде кездеседі. сонымен қатар, М.Қашқаридың еңбегінде қарашы ұғымы, қайыршы, тіленші деп кездеседі. Төлеңгіт - тәуелдену, тәуелділік деген мағынаны білдіреді. Оның негізгі мағынасы төрені күту, бағу, яғни сол адамның күтушісі, қызметшісі деген мағына береді. Теректі көлді Баймағанбет Сұлтанның төлеңгіттері басып алыпты (Ә.Әлімжанов); Төренің төлеңгіті деп кездеседі. Төлеңгіттерді бай, төрелер өз қамқорлықтарына алып отырған, бұл үшін төлеңгіттер бай, төрелерге қызмет етуді өздерінің міндеті етіп алған. Төлеңгіттер әртүрлі жұмыстарды атқарған. Төлеңгіттердің бір жағы сұлтандардың шаруашылығын қарады, кейбірі соғыс кезінде әскер қатарында болып қызмет етті, ендігі бөлігі сол бай – сұлтандардың сарайында отырып, солардың тапсырмаларын орындап отырған және салықтар жинап, сот биліктеріне араласып, малай болып қызмет жасаған. Кедей төлеңгіттер бай – сұлтандарға тәуелді болған, олар шаруа, малай болып қалған. Жатақ ұғымы жарлы, жарлылық мағынасында қолданылады. Жатақ болды, жатақшылық деген сөздер мысал бола алады. Мысалы, Егіншілікпен негізі көшуге мүмкіндігі жоқ жатақ кедейлер айналысады. Жатақ ұғымы мекен, жер деген мағынаны да береді. Мысалы, Құнанбай көк шатарлы үлкен ағаш үйді жатақ етіп отырған (М.Әуезов) деген мысалда жатақ деген сөз мекенін білдіріп отыр. Жарлылық деген мағынаны білдіретін тағы бір ұғым – қарашекпен.Негізгі мағынасы – егінмен, пішен шабумен айналысатын қарапайым шаруа. Қарашекпендер деп негізі көшіп қонып жүрген халықты атаудан шыққан. Батырақ ұғымы да жарлылық мәнінде қолданылады. Негізі орыстың батрак деген сөзінен шыққан. Қазан төкерісі кезінде бай – сұлтандардың қармағында, езгісінде болып, жалдамалы жұмысшы болып қызмет атқарған қарапайым топ. Негізі ауылда жалдамалы жұмыс жасайтын адамдарды да жатақ деп атаған. Ауылдағы совет мүшелігіне кедей, шаруа, батырақтар ғана сайланады (Ш.Өтепов). Батырақ сөзімен қатар батырақтау, батырақ болу, батырақтық, батырақтану деген сөздер мағыналас болып келеді. Шық бермес Шығайбай деген қазақ ертегілеріндегі кейіпкерді бәріміз білеміз. Кейіпкер сараңдықтың, ешкімге ештеңесін бермейтін, үйінен ештеңе шығармайтын кейіпкер ретінде бейнеленеді. Шығай деген сөз А.Н.Самойловичтің айтуынша көне түркі тілдерінде чығай деп айтылып, оның мағынасы жарлы деген мағынада қолданылған. «Құтадғу білік» еңбегінде «жарлы байысса, елің бай болар» деген сөздер берілген. Бай және кедей деген сөздер бір – біріне қарама – қарсы ұғымдарды білдіріп тұрады. Қарама – қарсы дүниенің барлығы осы дүниені, болмысты, шындықты, өмірді танып білу нәтижесінде пай болады. Таным санадағы шындық болмысты танып білу, бейнелеу, қайта жаңғырту процесін, оны обьекті мен субектінің өзара әрекетінің байланысын білдіреді. Шындық болмысты, таным дүниені танып білудің негізгі және ең бастапқы шарты болып табылады. Осы таным теориясы мақсатында туған 20 ғасырдың бастапқы кезінде антропоцентризм бағыты пайда болды. Антропоцентризм бағытының дамуы және пайда болуы көне грек елінен бастау алады. Антропоцентризм – бүкіл әлемде адамды ең басты тұлға деп тану, оның ең бастапқы мақсаты – адамды тану. 20 ғасырда америка ғалымдары жасаған Сепир Уорф айтуы бойынша тілді танып білу және оның обьект пен субьекттік байланысын зерттеу, қолданысқа әкелу. Осы қарама - қарсылық ұғымдардың пайда болуы да осы антропоцентризмге байланысты. Байлық және кедейлік деген концептілер бір- біріне қарама қарсы, бірақ екі мағына береді. Бай – кедей, ауқатсыз – ауқатты, байлық – кедейлік, құл – хан, қарапайым адам – сұлтан, бар – жоқ, бай – шығай, жатақ – бай. Орташа деген ұғымда бар. Ол бай мен кедей арасындағы мағына, бай да емес, кедей де емес деген. Бай және кедей ұғымын негізгі зерттеу нысанына алған А.Н.Самоилович, ол осы екі ұғымды өзінің «Богатый бедный в тюркских языках» деген еңбегінде анықтама берген және кезеңдерге бөліп қарастырған. Бірінші кезең, рулық кезеңіндегі бар,жоқ түркі сөздерімен байланыстырып қарастырады. Бұл екі сөзді түркі тілдеріндегі мағынасын және фонетикалық жағынан анықтап, көнетұркілік әдебиеттегі білдіретін мағынасын, ізін салыстырып, қарастырған. Екінші кезең, түркі халқындағы таптық жіктеліс кезіндегі және оның дамуы барысында қарастырып, бар, жоқ сөздеріне – лық – лік қосышаларды жалғау арқылы, оған терең мағына беріп, жаңа сөздердің пайда болуымен байланыстырады. Үшінші кезеңде феодалдық қоғамды байланыстырып қарастырған. Осы кезеңде сөздер өзгеріске түсе бастаған. Мысалы, теңгелік (теңге), паралы (пара), кедейлік (кедей), ақшалану (ақша) сөздерінің пайда болуымен байланысты. Төртінші кезең, 11 – 13 ғасырлар арасындағы кезең. Бай сөзі осы кезеңде түркі халықтарының көбінде сақталмаған. 18 ғасырда келе бастаған, оған дейін қырым, татар, әзербайжан, қараим тілдерінде бұл сөз болмаған, тек осы 18 ғасырдың бас жағында келе бастаған. Бұл сөздің орнына зенгинлик, зенгин сөздері қолданыста болған. Сонымен қатар бай сөзінінң мағынасында сервет, девлет сөздері де қолданыста болған. Девлет деген араб сөзі түрік тілінде ең көп таралған. Осы кезеңде кедей ұғымына қатысты көп сөздер тараған. Парсы тілінде геда, араб сөзінде факир, тағы да йоқсул, малсиз, заваллы деген сөздер көбінесе түркі тілдерінің арасында көп таралған. Осы кезеңдерді қарап отырып, біз қазіргі заманмен салыстырып, осы байлық, кедейлік ұғымына қазіргі кезде тағы да жаңа ұғымдар, сөздер қосылғанын айта аламыз. Қазан революциясына дейінгі кезеңде қазақ тілінде банкир, жалданушы, делдал, жалдама ақы, капитал деген сөздер пайда бола бастаған. Кенес ұкіметі кезінде де біраз сөздер өзгеріске түсіп, экономикада болған өзгерістерге сәйкес компания, миллионер, миллиардер, ұйым, монополия деген сөздер қосыла бастады. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін олигарх, доллар, менеджер, маркетинг, кәсіпкер, коррупция, жұмыссыздық, бомж, фермер, байлар деген сөздер қолданысқа түсе бастады. Кәсіппен айналыса бастаған, жаңа кәсіпкерлер, миллионер адамдар пайда бола бастады. Қазіргі кезде бай адамдардың, миллионерлердің көптігі ел экономика байлығының жоғары көрсеткіші деп қабылданған. Бай сөзі негізінен әртрлі мағыналарда берілген. Бай ұғымы сонымен қатар, бай, ауқатты адам, бек, сұлтан деген мағыналарда да қолданған. Жайлауға кеше қонған Тасболат бай, Дарыған қыдыр оған, дәулеті сай, Ақ орда сегіз қанат тігіп тастап, Жатқаны қор-қор ұйықтап: көңілі жай деген өлең жолдары мысал бола алады. Бұл жерде бай сөзінің белгілі бір үстімдік тап өкілінің мәнін түсіндіріп тұрғанын көре аламыз. Кәне, сен бермегенде Нұрымның қай жерінен мін тауып бермеймін дейсің? Малды десең малды: әлді десең әлді, ата-тегі анау: жеті атадан бері үзілмей келе жатқан бақ-дәулеті мынау. Тегін кісіге бақ қона ма? Сол арасын қарасайшы. Кәрі дейсің, жасынан мыңның ішінен бұлғақтап, мәпеленіп өскен, әлі бейнет көріп беті қайтқан кісі емес; әзер болса қырықтың ішінде шығар, сол кәрілік қылушы ма еді? Ол түгіл алпыстағы мен де бір қызды кәртайтатын жайым бар... Әрқайда Омекең білсін деп, үлкен басын кішірейтіп, алдыңа түсіп жалпылдап жүреді. Сөзіңді қайтарып, көңілің қалып көрген кісі емес, қайта кекті жерден кегіңді, текті жерден тегіңді әпергеннен басқа, сонша сөгетін Нұрымның не жазасы бар еді? Біз айтсақ, өз пайдаңды айтамыз. Нұрымның малын біз алғалы отыр дейсің бе? Қамар бір сен емес, бәрімізге бірдей, ортақ бала, қастық айтамыз ба? Заман әлдінікі болып барады (Қамар сұлу). Бұл «Қамар сұлу» шығармасындағы үзіндіден сол кездегі заманның жай – күйін көре аламыз. Ол заманда байлық және билік басты болған. Екеуі бір – бірімен байланысты және дәрежесі жоғары болған. Кімнің қолында байлық, билік бар, сол адам ең беделді адам болып саналған. Қамар осындай сәулетпен бұлғақтап болып тұрған кезінде құдай берген дәулеттің арқасында абырой, атақ бірдей келіп толықсып тұрған кезінде: Сұлу Қамар, ақын Қамар, жаным Қамар, Қамаржан, сені ойласам, ішім жанар. Үлбіреген аузыңнан бір сүйгізсең, Ішкендей кәусар суын мейірім қанар...- дегендей өлеңдер сол маңайдағы бозбалалардың аузынан екі елі тастамайтын тәсбиғы еді («Қамар сұлу»). Дәулет деген сөз негізі байлық, бай деген мағына береді. Осы шығармадағы үзіндіден де сол байлық туралы айтылып тұрғанын көріп тұрмыз. Негізі дәулет сөзі араб тілінде мемлекет деген мағынаны білдіреді. Қазақ тілінде дәулет сөзі байлық, мал, бай және отбасы деген маығнаны білдіреді. Дәулетті/дәулетсіз деген сөздер бар. Негізгі маығналары бай, кедей деген сөздерге жақын келеді. Төре, бек, би сөдері де қолданылған. Төре сөзі негізінен моңғол тілінен келген. Ұйғыр тілінде бұл сөз таудың шыңы, төбе деген мағына береді. Шыңғысхан ұрпағынан тараған төрелер жаңа мемлекет құрылғаннан кейін де халыққа билік жүргізе алады. Бұл жерде төре сөзі билік, үстемдік деген мағынада беріліп тұр. Сонымен қатар, басқа да мағына бере алады. Төресі бар елдің төбесі бар деген мақалда төре сөзі ел билеуші деген мағынада беріліп тұр. Төрелік етті, төрелік айтты деген сөздерде де билік, әділдік, шындық айту деген мағынада қолданылып тұр. Бек ұғымы негізінен бұл сөздің бастапқы шығу тарихы би сөзінен шыққан. А.Н.Самойлович бай сөзімен бек сөзін бір біріне мағыналас, ұқсас деп берген. Бірақ 8 ғасырда бек пен бай сөздері мағыналары жағынан бір – бірінен ажырай бастады. Бек сөзі негізінен билеуші деген мағынаны береді. Бұл ұғым сонымен қатар, көшбасшы, әскери қолбасы деген мағынаны да білдірген. Елін қорғай алмаса, би мен бектің сәні жоқ деген үзіндіден де мағынасын көре аламыз. Би ұғымы негізгі мағынасы әртүрлі болып келеді. Би ұғымының негізгі көп кездесетін мағынасы әділдік деген мағынаға сәйкес келеді. Сонымен қатар, ел билеуші деген маығнаны да береді. Төбе би, тура би деген сөздер мысал болады. Бұл мысалда бидің адал, әділ болуы туралы айтылған Бірақ, Абай, Шәкәрім, Сұлтанмахмұт еңбектерінде би сөзін жағымсыз етіп көрсетілген. Ресей патшалығы кезінде би сөзін ел билеуші мағынасында қолданылатын болған. Осы кезден бастап, би ұғымы жағымсыз мағынаға ие бола бастады. Қазіргі кезде де би ұғымы мансап, билік мағынасына білдіреді. Абай өлеңіндегі: Ескі бише отырман бос мақалдап, Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап деген өлең жолдарында да билердің жағымсыз мағынасын және олардың мәртебесінің төмен екенін көрсетіп тұр. Осы кедейлік концептісіне шаруа, қарапайым халық мағынасы сәйкес сөздердің бәрі жатқан. Мысалы: малшы, сауыншы, байғұс, күзетші, қорашы, отын әкелуші деген сөздер де жатады. Сонымен қатар, белгілі бір кәсіппен айналысатын адамдар да жатады: малшы, балықшы, қақпашы, күзетші, егінші. Қарақшы, ұры, сұраушы, қайыршы деген сөздер де осы кедейлік концептісіне жатады. Осы жазылған сөздердің барлығы кедейлік сөзінің мағынасы сәйкес келіп, осы концептінің өрісі болып табылады. Шіркін, ақша, Жолда жатса, Бұрмас па едің мойныңды! Төніп барып, Уыстап салып Толтырмас па ең қойныңды! Жүрек ойнап, лүпілдеп, Жетсең үйге бүлкілдеп!(Қ.Аманжолов). Бұл өлең жолданында ақша туралы айтылып тұрағаны көрініп тұр. Ақшаның қаншалықты маңызды, керек дүние екені туралы айтылған. Ақша? Әлемді сонша «бұзып» болса да, Ақша деген жаман да емес соншама. Ақшаның да екі түрлі мәні бар: Бейнет шегер – тапқандар, Жұмсағандар – жаңылар. Бізде – жер бай, Мөлдір, тыныш аспан бар, Ақша дейді тойып, асып-тасқандар – Төгілгенде әке, ағалар жас қаны кім ойлап еді ақшаны!(Ж.Нәжімеденов). Бұл жерде ақшаның керісінше маңызыды емес екені туралы. Төгілгенде әке, ағалар жас қаны, кім ойлап еді ақшаны деген өлең жолдарында ерте кезде ақшаның ешқандай маңызы болмағаны туралы айтылған.



ЖИ арқылы жасау
05 Тамыз 2024
366
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі