400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақтамберді күлдір-күлдір толғауындағы ұлттық мүдде. 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:_________ Қысқа мерзімді сабақ жоспары Қазақ әдебиеті 14-сабақ

Бөлім:

1-бөлім: «Дананың сөзі- ақылдың көзі»

Педагогтің аты-жөні

Күні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ақтамберді жырау «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауындағы ұлттық мүдде

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;

8 .2.2.1 автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау;

Сабақтың мақсаты

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан аша алады. Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік ерекшелігін талдай алады.

Құндылықтарға баулу

Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық

Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін, оның тәуелсіздігін және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну;

Құндылық: әділдік және жауапкершілік

оқу тапсырмасын орындауда табандылық таныту;

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың

басталуы

5 минут












Сабақтың

ортасы

35 минут
























































Сабақтың соңы

5 минут

1.Оқушыларды шағын жұмыс топтарына бөлу.

Психологиялық ахуал

«Тасбақалардың жүгірісі»

2. Сабақ тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады.

Ойтүрткі

«Құпия хат» арқылы

ашық сұрақтарға жауап береді

1. Ақтамберді Сарыұлын неге жырау деп атаған?

2.Толғау дегеніміз қандай жанр? Толғауда не туралы айтылады?

3. Толғауда қандай әлеуметтік мәселелер көтеріледі?

4.Жырау «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауында елдің бақытты өмірін қандай күйде көреді?

4.Толғауда жырланған заман көрінісі қай кезеңге тән?

5. «Күлдір – күлдір кісінетіп» толғауындағы аттың сипаты жырда қалай қолданылған?

6. Жыраудың арман-тілегі, асыл мұраты қандай еді?

1-тапсырма

Сөздікпен жұмыс

Берілген сөздердің мағынасын анықтаңдар.

қамқапты (қамқа) – зер араластырып тоқылған жібек мата

шөлең – қуаң, шөлейт (жер), сусыз алқап

пір – қолдаушы, қорғаушы әулие атанған қажы , қазірет, ишан сияқты ірі дінбасыларына байланысты ұғым

шілтен – әулие, әнбия. «Ғайып ерен, қырық шілтен» – желеп-жебеп, қолдап жүретін көзге көрінбейтін киелі бейне «Шілтеннің тиіп шылауы» – желеп-жебеп, батасы тиді. Батырлар жырында жиі ұшырасады.

2-тапсырма

1.Үзіндідегі кейіпкердің сипатын ашудағы тілдік ерекшелігіне талдау жаса.

Көгорай көктем болғанда

Дауысы бар азандай,

Желіні бар қазандай,

Жаралы қудай ыңырантып,

Жарылған мұздай күңірентіп,

Қайрауықтың ащы күйіндей

Қайырып боздап күйлентіп,

Боталаған боз іңген

Азан-қазан, уда-шу

О да бір алса мазамды-ай!

2.Берілген үзінді бойынша автор бейнесін талда.

Пышақтан малым кетпесе,

Қазаным оттан түспесе,

Ауылдан топыр үзілмей,

Ошақтың оты өшпесе.

Май жемесе қонағым,

Қан жемесе барағым,

Он кісіге жараса

Бір кісіге арнап тартқан табағым!

Халыққа атым білініп,

Шүленгір* мырза атанар ма екеміз?!

3.«Шүленгір» сөзінің тілдік ерекшелігін анықтаңыз.

Ақынның айтқан арман-мақсатын негізге ала отырып, ой картасын жасаңыз

3-тапсырма

«Ақтамберді жырау эпостық жанр ақыны еді. Өзінің толғауларында ол батырлардың ерлігі мен батылдығын таңдана жырлады», -деген Мұхтар Әуезовтің ойын өрбітіп жазыңыз. Өз көзқарасыңызды дәлелдеуде берілген үзінділерді қажетінше қолданыңыз.

4-тапсырма.

Берілген толғаудан мысал келтіре отырып, шығармада айтылған болашақ заман туралы өз ойларыңды тұжырымдап, дәптерлеріңе жазыңдар.

Үйге тапсырма: -тапсырма

Рефлексия


Психологиялық ахуал

«Тасбақалардың жүгірісі».
Бұл жүгірудің еркекшелігі, мәреге ең соңғы келген ойыншы жеңеді. Ойыншылар бөлменің бір жағына қатарлап тұрады, содан соң қарама - қарсы жаққа «жүгіреді». Бір орында тұруға болмайды. Барлығы қимыл - қозғалыста болуы қажет. Қимылдары баяу болады. Ең соңғы мәреге жеткен «тасбақа» жеңіске ие болады.


«Құпия» хат ішіндегі сұрақтарға жауап береді.





Сөздікпен жұмыс жасап,

берілген сөздердің мағынасын анықтайды.





Үзіндідегі кейіпкердің сипатын ашудағы тілдік ерекшелігіне талдау жасайды.





Берілген үзінді бойынша автор бейнесін талдайды.



« Шүленгір» сөзінің тілдік ерекшелігін анықтайды.

Ақынның айтқан арман-мақсатын негізге ала отырып, ой картасын жасайды.


Шүленгір – кө­не. Шүлен. шүлен – мырза, дарқан, жомарт кісі.




















Мұхтар Әуезовтің пікірін өрбітіп жазады. Өз көзқарасын дәлелдеуде толғаудан үзінділерді қажетінше қолданады.











Оқушылар бүгін сабақтан сабақтан пайдалы не алғанын, не қиын болғанын, не үйренгенін айтып, рефлексия жасайды.


Талқылау кезінде оқушылардың айтылған пікірлері мен көзқарастары ауызша

мадақтау арқылы бағаланып, сабақтың келесі кезеңінде белсенді қатысуына ынталандырады.

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!





Дескриптор

Білім алушы

-сөздікпен жұмыс жасайды,-1

-берілген сөздердің мағынасын анықтайды.-1

























Дескриптор

Білім алушы

-автор бейнесін талдайды;-1

-тілдік көріністі талдайды;-1

-өлеңнен ой картасын жасайды-1










Дескриптор

Білім алушы

-өз көзқарасын білдіреді;-1

-көзқарасын дәлелдеуде үзінділерді орынды қолданады-1

Ойды өрбітіп жазады-1


Дескриптор

Білім алушы

Толғаудан мысал келтіреді-1

Өз ойларын тұжырымдап жазады-1










Оқулық

8-сынып

«Мектеп» баспасы

2018жыл





Қалыптас

тырушы бағалау тапсырма

лары






ОҚЫТУДА

ҒЫ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОРЖЫНЫНАН ЕСБОСЫН НАҒИША ҚОЖАҚ

ҚЫЗЫ















https://docs.google.com/document/d/1c5hV_qdJqsJEMzlr-HnrH0bngOpCCcV9/edit?usp=sharing&ouid=118053835997988243010&rtpof=true&sd=true

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.11.2025
123
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі