Материалдар / «Ақтөбе облысындағы туристік бағыттардың мүмкіндіктері», 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ақтөбе облысындағы туристік бағыттардың мүмкіндіктері», 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ғылыми жобада Ақтөбе қаласындағы жас туристер стансасының жұмыс бағыттары, туған өлкеде ұйымдастырылған спорттық-танымдық жорықтар мен экспедициялар туралы сөз қозғалады. Экологиялық-туристік дағдыларды қалыптастыру, жас туристерде туристік-өлкетану туралы білімдерін шыңдау, дозаланған физикалық күш салу арқылы оқушылардың денсаулығын нығайту, өлкенің әдемі ландшафттарымен танысу, табиғатпен тікелей байланыста болу секілді тақырыптар да назарсыз қалмаған. Туған өлкеде жасалатын саяхаттардың ішкі туризмнің дамуына қосар үлесі зор екенін ескере отырып, бұл жоба жас туристер стансасының үйірме білім алушылары жүріп өткен, зерттеген бағыттарын қамтиды және тәжірибедегі жұмыстар туралы ой өрбітеді. Өлкеміздің тарихи, мәдени, табиғи ескерткіштердің тарихын білу, бағалау жас ұрпақтың өз алдына ерекше тұлға болып қалыптасуында, өз елінің патриоты болуында ерекше рөл атқарады. Сол себепті осы жобада көрсетілген экспедициялар мен жорықтарда тарих пен табиғи көріністерге акцент жасалған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Сәуір 2024
203
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мазмұны


I Кіріспе................................................................................................................2

II Зерттеу бөлімі...................................................................................................4

2.1«Ақтөбе қаласы–Елек өзені–Ақтөбе қаласы» бағытымен жаяу жорық....4

2.2 «Ақтөбе қаласы – Пригородное ауылы – Түйетөбе ескерткіші – Ақтөбе қаласы» бағытындағы кешенді жорық..............................................................5

2.3 «Ақтөбе қаласы – Ислам бұлағы – Ақшат ауылы – Достық лагері – Ақтөбе қаласы» бағытымен екі күндік кешенді жорық..................................7

2.4 «Ақтөбе қаласы – Қарғалы су қоймасы – Қызылтам кесенесі – Ақтөбе қаласы» бағыты бойынша кешенді жорық.......................................................9

2.5 «Ақтөбе қаласы – Хан моласы мемориалдық кешені – Ақтөбе қаласы» бағытымен екі күндік экспедиция...................................................................11

III Қорытынды...................................................................................................14

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................15






























Кіріспе

Белсенді туризм - саяхатқа шығуға, өз өлкенді білуге, белсенді демалуға, тез шешім қабылдауға, өз бетімен жұмыс істеуге бағыттайды. Белсенді деп, маршрутта қозғалу тәсілі туристің өз дене күшін жұмсауын талап ететін сипаттағы туристік саяхат түрлері аталады. Жас ерекшеліктеріне қарамастан бұл туризм түрімен жасөспірімдер де, үлкендерде айналыса алады.

Туризмнің бұл түрі жасөспірімдерді патриотизмге тәрбиелеуде, салауатты өмір салтын қалыптастыруда, адамды рухани дамытудағы ең пәрменді құрал болып табылады.

Ақтөбе өңірі тарихи, табиғи, мәдени ескерткіштерге бай. Әрине ол ескерткіштерге бару үшін, көзбен көріп, қолмен ұстау үшін, олардың орналасқан жерін ескере отырып, туристік бағыттар құрылу керек. Бағыт қозғалыстарына қарай - тіке бағыттағы, радиалды және шеңберлі бағыттағы жүрудің әдіс – амалдарын қамтиды. Олардың мақсаттарын танымдық, экологиялық және спорттық қылып бөлуге болады. Жорықтарды бір күндік немесе көп күндік қылып жоспарлауға болатынын ескеруіміз керек. Ал тәсілдері жаяу, шаңғымен, қайықпен, велосипедпен, атпен, көлікпен немесе кешенді болып жүзеге асырылады.

Аталмыш жұмыстың барлығын орындап, Ақтөбе облысында экологиялық, өлкетану, спорттық-туристік бағыттарымен жорықтар және экспедициялар ұйымдастырып, жасөспірімдердің дамуына ықпал жасап, ішкі туризмнің ілгерілеуіне елеулі үлесін қосатын Ақтөбе қаласының жас туристер стансасын атап өту керек.

Жас туристер стансасы 1971 жылы маусым айында құрылған. Балалар экскурсиялық-туристік базасы (бұрын осылай аталған). 2004 жылдан бері «Қалалық жас туристер стансасы» МКҚК болып аталып, қызмет атқарып келеді. Қалалық жас туристер стансасы қаламыздағы балалардың бос уақытын ұтымды ұйымдастыратын және өскелең жас ұрпақты туристік-өлкетану қызметіне баулитын, 52 жылдық тарихы бар бірден – бір қосымша білім беру мекемесі.

Қазіргі таңда 2017-2018 оқу жылынан бастап Қалалық жас туристер стансасы Шығармашылық академиясының ғимаратынан 3 қабаттағы жалпы көлемі 328,42 шаршы метр жайды пайдаланып, жұмыс жасайды. Стансада 720 оқушы білім алады. Мекеме үш бағытта қызмет атқарады: спорттық-туристік, туристік-өлкетану, туристік-экологиялық. Бұл бағыттардағы үйірме сабақтары оқушылардың жеке шығармашылық қабілеттерін ашу және дамыту, білім алу қызығушылығын, өзін-өзі тану және кәсіби бағдарлау жолында үлкен ықпалын тигізеді.

Жас туристер стансасының оқу бағдарламасына сәйкес спорттық туризм бағытындағы үйірме оқушыларына спорттық, танымдық, экологиялық және төс белгілер алу мақсатында жорықтар мен экспедициялар ұйымдастырылады. Осы іс-шараларға дайындық жұмыстары да жүргізіледі. Әрине ең басты мақсат анықталған соң, саяхаттың бағыты құрылады, бұл тапсырманы орындау барысында алдағы уақытта бағыттың өтетін нысандары айқындалып, барлау жұмыстары жүргізіледі, яғни туристік топ өтетін аймақтар алдын-ала үстіртін зерттеліп, көлікпен шолу жасалып, саяхат жетекшісінің тексерісінен өтеді. Содан соң карта мен бағыттың схемасы дайындалады.

Айта кететін жайт, туристердің физикалық және психологиялық дайындықтары да қатаң бақылауға алынып, іріктеу жұмыстары жүргізіледі.

Жоғарыда айтылған кезеңдерден кейін, жеке және топтық құрал – жабдықтар назарға алынады. Олар: шатыр, ұйқы қабы, жолдорба, қазан, шәйнек, дәрігерлік қобдиша, ара, балта, шырпы, ауыстыратын және жыл мезгіліне байланысты киім-кешек т.с.с. жорықтың ерекшелігіне байланысты керекті заттар тізімге қосылады.

Келесі дайындық кезеңінде саяхаттарда қуат беретін тағамдарға көңіл бөлініп, ас мәзірі құрылады. [4,55]

Соңғы кезеңде бивуак жұмыстарына назар аударылып, топтағы міндеттер бөлінеді де, топ толық жасақталған соң саяхатты бастайды.

Дей келе, туристік-өлкетану қызметі барысында тәрбиенің барлық түрі шоғырланады: патриоттық, ақыл-ой, еңбек, эстетикалық, дене тәрбиесі, экологиялық, оқушылардың ой-өрісін мейлінше арттырады, танымдық белсенділіктері дамиды, денесі шынығады, бос уақыттары тиімді өткізіледі. Жорықтарда, экспедициялар мен экскурсияларда оқушылар туристік-өлкетану бағытындағы тапсырмаларды орындайды, табиғи және мәдени ескерткіштерді, табиғатты қорғау бойынша жұмыстар өткізеді.

Ғылыми жобаның мақсаты: оқушылардың өз өлкелері туралы білімдерін жетілдіру, қоршаған ортаға, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, Ақтөбе облысының туристік потенциалын анықтау, ең әдемі, қолайлы, тиімді туристік маршрутты айқындау.

Жоғарыда қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді жүзеге асыру керек: өлкетану жұмыстары барысында туған жер туралы, ескертіштер мен құндылықтар жайлы ақпарат беру; өлкенің таңғажайып табиғатымен танысып, оны сипаттап, бағалауды үйрету; туристік нысандармен танысып, туризм инфраструктурасын анықтау; жорықтар мен экспедицияларға шығу арқылы туристік маршруттарды құру.

Мазмұнында экологиялық-туристік дағдыларды қалыптастыру қамтылып, ұсынылатындығында, базалық білім негізінде жас туристерде туристік-өлкетану туралы білімдерін қалыптастыру және жаңашыл туристік маршруттарды құру ғылыми жобаның өзектілігі болып табылады. Жасалған жұмыстардың нәтижесінде жас туристер шыңдалып, өз өлкелері туралы білімдерін жетілдіріп, қоршаған ортаға, табиғатқа деген сүйіспеншілектерін арттып, жаңа туристік маршруттардың құрылуы күтіледі.



II Зерттеу бөлімі

2.1 «Ақтөбе қаласы – Елек өзені – Ақтөбе қаласы» бағытымен жаяу жорық.

2022 жылдың қаңтар айында, Қалалық жас туристер стансасының «Спорттық туризм» үйірме оқушыларымен «Қазақстан саяхатшысы» төсбелгісін алу мақсатында ұзақтығы 75 шақырымды құрайтын, бес бағыттағы жорықтардың бағыттарын дайындауға бел буған болатынбыз. Солардың бірі «Ақтөбе қаласы – Елек өзені – Ақтөбе қаласы» бағыты еді.

Жорыққа дайындық жұмыстары 2022 жылдың ақпан айының бірінен басталды. Олар жоғарыда айтылған бағытты құрудан бастап топтағы міндеттерге бөлуге дейінгі кезеңдер.

Туристік маршруттың осы бағытта құрылуының мақсаты, Елек өзені туралы ақпарат алу, экологиялық жағдайын көру, өзеннің жағасындағы табиғатты бақылап, жорық барысында оқушылардың туристік шеберліктері мен дағдыларын шыңдау.

Ақтөбенің алғашқы аты – Илецк, Елек өзенінің жағасындағы қала. О баста әскери бекініс болып тұрғызылған. Алғашқы тұрғындары патша әскерлері. Елек - Ресейдің Орынборы мен Қазақстанның Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында ағып жатқан өзен. Жайық алабында ұзындығы 623 шақырым, су жиналатын алабы 4300 шақырым шаршы. Мұғалжардың батысындағы Бестөбе сілемінен қос тармақ болып басталып, Жерсуат елді мекен тұсында Жайық өзеніне кұяды. Қар және жерасты суларымен толығады. Көктемде су деңгейі 2-6 метрге көтеріліп, жылдық су шығынының 60-80 пайызы ағып өтеді. Арнасы кең, су жайылмасы үлкен. Жаздың ыстық айларында Електің жоғары ағысы жеке қарасуларға бөлінеді. Әрқайсысының ұзындығы 10 шақырымнан аспайтын 75 саласы бар. Елек карашаның II-жартысында қатып, сәуірдің аяғында мұзы түседі.Өзенде жайын, көксерке ақмарқа, табан, сазан, алабұға, шортан, аққайраң, қарабалықтар бар. Жағасын терек, қарағаш, қайың талдары қаптаған. Електің негізгі салалары – Қобда, Қарғалы, Сазды, Жіңішке, Тамды. Елек өзені VI валентті хроммен ластанған. [5]

Керекті ақпараттарды жинап, тиісті дәрежеде дайындықтан өткен соң 12.02.2022 күні 17 туристен жасақталған топ жаяу жорыққа аттанды.

Туристер 10.00 де Пушкин атындағы саябақтың қасынан саяхатты бастады. Шернияз көшесінің бойымен жүріп, Нокин даңғылына шығып Кірпішті көпірінің астындағы Елек пен Қарғалы өзендерінің қиылысына 2 сағатта жеттік. Ауа райының температурасы -15 градусты көрсеткенімен желді есепке алғанда -20 градусты сезіндік. Маршрутта жаздағы шомылу маусымынан қалған жағажайларды кезіктірдік, барлығы қатаң бақылауға алынып күзет қойылған. Ағыстың қатты болуына байланысты өзеннің шетінде жұқа қабатты мұз болғанымен орта жақ аумағы қатпай сарқырап аққан ағысты көруге болады. Көпірдің астындағы бір бөлігінен әдемі табиғи көріністерді көруге болады, үлкен-үлкен тастар, терек, қайың, қарағаштан болған аралас ну орман және Қарғалы мен Елек өзендерінің қиылысып бір арнаға бағытталуы. Ал жағажайдың маңындағы бөлігінен көптеген бейорганикалық қалдықтарды таптық. [2, 11]

Бақылау жұмыстарынан кейін бивуакты жасауға кірістік. Ауа – райы салқын болған себепті ең тиімді және жылуды жақсы беретін шалаш алауын жағып жылындық. Шатырды құрып, тамақ ішетін орынға төсеніштерді жайып, түскі ас дайындап бастадық. Алаудың үстіндегі қазанға бұқтырылған ет пен макарон әзірлеп шәйнекке су қайнаттық. Тамақ дайындауға 40-45 минут уақыт кетті. Бивуак жұмыстарының кезінде тоңған оқушылар шатырға кіріп жылынды, шатырдың ішінде арнайы газ оттығы (газовая горелка) жанып тұрды. Астан кейін тоңып қалмау үшін тез қимыл-қозғалысты талап ететін ойындар ұйымдастырылды. 15.00 шамасында бивуакты жинап, орнымызды тазалап, кейін қайтуға дайындалдық. [2, 28], [1,16]


(Алау жанындағы отырыс) (Маршруттағы қозғалыс)

Келген ізімізбен қайта кетіп, шамамен 17.00-де жорықты аяқтадық. Осылайша 5 шақырымды құрайтын, жеңіл өтіп шығуға болатын, тіке бағыттағы туристік маршрут құрылды. Бағыт өтіп жатқан аймақтың экологиялық жағдайы кенжелеп тұр және жинастыруды талап етеді. Маршрутта туристердің өміріне қауіп төндіретін аумақтар анықталған жоқ.

Ал бағыттың қаншалықты қызық болғанына келетін болсақ, әрине оны көктем немесе жаз мезгілінде өтуге кеңес береміз. Себебі қар мен мұздың астында жатқан табиғат сұлулығына сол кезеңдерде толықтай көз жеткізуге болады.

Қатысушылар Елек өзені туралы ақпарат алып, экологиялық жағдайын көріп, өзеннің жағасындағы табиғатты бақылап, жорық барысында туристік шеберліктері мен дағдыларын шыңдап көздеген мақсаттарына жетті.

2.2 «Ақтөбе қаласы – Пригородное ауылы – Түйетөбе ескерткіші – Ақтөбе қаласы» бағытындағы кешенді жорық.

Жорықтың мақсаты, Ақтөбе маңындағы елді-мекендермен танысу, саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған Түйетөбе ескерткішінің тарихын білу.

Ендігі саяхат қала мен елді-мекеннен алыс болған себепті, күрделі дайындықтың болуын талап етті. Барлау жұмыстары 2021 жылы жүргізілген еді, сол себепті бірден карта мен бағытты сызуға кірістік. Жорық 2022 жылы сәуір айына жоспарланды. Осы мезгілге жоспарлаудың тағы бір себебі маршрут өтіп жатқан аймақта қызғалдақ гүлдерінің шығатын маусымы еді. Керекті құрал-жабдықтарды жинап, топты дайындап, жорық бағытын картаға түсіріп, 30.04.2022 күні 24 туристен құралған топ болып саяхатқа аттандық.[1,127] Маршрут шеңбер бағытта болды. Негізгі бағыт жаяу және Пригородный ауылының маңындағы солтүстік айналма көпірінен басталып Түйетөбе ескерткішіне дейін, сол жерде түскі асқа дамылдап, қайтар жолда сай-саланың флорасы мен фаунасын бақылап, көпірдің қасында аяқталады. Бірақ, бағыттың басталатын және аяқталатын жері Ақтөбе қаласынан алыс болған себепті солтүстік айналма көпіріне дейін автобуспен барып, әрі қарай 15 шақырымнан тұратын маршрутты жаяу бағындырдық. [3,16]

Бағыт өтіп жатқан аймақтың елді мекендері мен ескерткішке келетін болсақ, жолшыбай Қызылжар, Солнечное, Украинка, Кеңес Нокин және Пригородное ауылдары жатыр. Бағытымыздың басында тұрған Пригородное ауылы Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігіне қарасты Благодар ауылдық округі құрамында болған ауыл. 2018 жылы таратылып, Ақтөбе қаласының алматы ауданындағы шағын ауданға айналды. Ақтөбе қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым жерде орналасқан. Ауылдың маңынан Жаман қарғалы өзені өтеді. Инфраструктурасы дамыған, үйлері газ, сумен қамтамасыз етілген, мектпеп пен балабақшасы бар елді мекен. Жердің құнарлылығына, орналасқан орынның егін мен мал шаруашылығына қолайлы болуына байланысты ауыл тұрғындарының көбісінде жеке қожалықтары бар. [3,105]

Түйетөбе – Ақтөбе қаласы маңында 1937 – 1938 жылдары кеңес өкіметі ұйымдастырған жаппай қуғын-сүргін құрбандары атылған жер. Пригородный ауылынан солтүстік-шығысқа қарай орналасқан. 1920 – 1940 жылдар аралығында Ақтөбе облысы бойынша 6 мыңдай адам саяси қуғын-сүргінге ұшыраған. Олардың 1 мыңға жуығы ату жазасына кесілген. Бұл құрбандар ішінде ұжымдастыру кезіндегі зорлық-зомбылыққа қарсы шыққан Адай-Табын, Ырғыз көтерілісіне қатысқандар, әр жылдары Ақтөбе өңірінде қызмет еткендер де бар. Ақтөбе қаласы бойынша қуғын-сүргінге 1340 адам, Шалқар ауданынан 555, Байғанин ауданынан 465, Ойылдан 260, Ырғыздан 236, Темірден 388 адам, сонымен қатар облыс жеріне жер аударылған орыс, неміс, кәріс т.б. ұлттардың өкілдері де жазаға ұшыраған. 1937 – 1938 жылдары «үлкен террор» кезінде ату жазасына кесілгендер Түйетөбе сайында жерленген. 1990 жылдың бас кезінде көзі тірі куәлар мен құжаттар арқылы анықталған соң, 1997 жылы 31 мамырда Түйетөбе сайында қаралы митинг өткізіліп, кейін ескерткіш-белгі орнатылды. [5 ]

Жорық кезінде ауа райы жылы болды. Бағыт бастала салысымен егін алқабының ортасына салынған жайдақ жолға түстік, егістік маршруттың шамамен 4 шақырымын алып жатты. Айнала сай-сала, ойлы-қырлы рельеф. Төбенің етегіндегі баурайларды күннің көзі толық жылыта алмаған себепті қыстан қалған қар әлі ерімеген болды. Бізге құшағын жайып жатқан момын да жасыл даланы қызғалдақ гүлдері одан әрі көркейтіп, даланы түрлі-түсті кілемге айналдырды.

(Жорықтағы қарлы аймақ) (Қығалдақтарды тамашалау сәті)

Бастапқы нүктеден Түйетөбе ескерткішіне 3 сағатта жеттік. Ескерткіште «30 – 50 жылдардағы жазалау құрбандарына ұрпақтары бас иеді, сіздер жазықсыз құрбан болдыңыздар, есімдеріңіз мәңгі жасай бермек», - деп жазылған. Ескерткіштің басындағы аурадан қатты әсер алдық. Түскі асқа Түйетөбенің жанында қар мен жаңбырдың суынан жиналған, жағасында қарағаштары бар қара судың қасында дамылдадық. Әдеттегідей, бивуак, алау жағу, тамақ пісіру жұмыстарының тірлігі басталды.

(Ескерткіш жанында) (Түскі астан көрініс)

Адам саны көп болған себепті екі қазанға макарон мен гречка пісірілді. Тамақтанып болған соң 15.00 - де маршрутты жалғастырдық. Сай-саланы аралап, үңгірдің бар екенін анықтадық. Қайтар жолда шалғай шөп және жасыл даламен серуендеп, 18.00-де шеңберлі бағытымызды солтүстік айналма көпірінің тұсынан аяқтадық. Сол жерден автобусқа отырып Ақтөбеге жол тарттық.

Жорықта қойылған мақсат орындалып, Қазақстан саяхатшысы аясында тағы бір кезең аяқталды. Бұл туристік бағыт өте әсерлі әрі қызық болды, яғни жорыққа көктемде баруға кеңес береміз.

2.3 «Ақтөбе қаласы – Ислам бұлағы – Ақшат ауылы – Достық лагері – Ақтөбе қаласы» бағытымен екі күндік кешенді жорық.

«Қазақстан саяхатшысы» төсбелгісін алу мақсатында ұйымдастырылған үшінші жорықтың бағыты. Ұзындығы 26 шақырымды құрайтын, кешенді қозғалыс тәсілі пайдаланылған шеңберлі бағыт. Маршрут екі күнді қамтитын болған себепті егжей-тегжейлі дайындықты талап етеді. Бұл туристік бағытты 2022 жылы мамыр айының 14-15 күндері аралығында бағындырдық. Далалықта әлі қардың ызғары мен көктемнің суығы сезілетін мезгіл еді. Жорық алдында екі күнге жететін азық-түлік, арнайы от жағуға болатын пеші бар шатыр, адам басына ұйқы қабы, каремат, ыдыс-аяқ, жеке және топтық құрал-жабдықтар және т.б. заттарды рюкзактарға салып дайындадық.

Бағыт Ақтөбе қаласынан солтүстік айналма көпіріне дейін автобуспен жүріліп әрі қарай жаяу жалғасты. Көліктен түсіп 10.00-де 12 адамнан құралған туристік топ болып батысқа қарай қозғалысты бастадық. Ауа райы құбылмалы, бірде жаңбыр жауып жел тұрса, бірде күн шығып дала жылиды. Маршрут Самара – Шымкент тас жолының маңымен болды. Жүрген жолымызда қоқыстар мен қалдықтар байқалмады. Табиғаты тамсандыратын, жап-жасыл кілемге оранған, кең-байтақ жеріміздің әдемілігіне көзіміз тоймады. Үш қысқа дамылдаудан кейін тас жолының бойынан 100 метр жердегі сайда орналасқан Ислам бұлағына жеттік. Шаршап келе жатқан туристер бұлақтың тәтті суына шөлін қандырып демалды. Бұлақтың жанында бір қабатты, жұмыс жасамайтын ғимарат бар және тамақ ішуге ыңғайлы үш шатырдың астында орналасқан отырғыштар бар. Біреуінің астына 10 адам сияды. Осы жерде дамылдап, түскі ас ішуге бел будық. Айналада алау жағуға ағаштар болмаған себепті, арнайы газ оттығы бар құрылғыны пайдаланып, түскі асымызды дайындадық. Түскі дамылдауға екі сағат уақыт кетті.

(Маршруттағы қозғалыс) (Түскі ас)

Тамақтанып болған соң маршрут бойынша қозғалысты бастадық. Алдымызда келесі кездестірген объект - Ақшат ауылы. Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігіне қарасты Благодар ауылдық округі құрамында болған ауыл. 2018 жылы таратылып, Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы шағын аймаққа айналды. Инфраструктурасы дамыған, үйлері газ, сумен қамтамасыз етілген, мектпеп пен балабақшасы бар елді мекен. Жердің құнарлылығына, орналасқан орынның егін мен мал шаруашылығына қолайлы болуына байланысты ауыл тұрғындарының көбісінде жеке қожалықтары бар. [5] [3,16]

Ақшат ауылынан кейін сирек орманның ішімен оңтүстік батысқа қарай бағытымыз созылып Өрлеу (бұрынғы ат. Россовхоз) ауылының үстімен өтті. Кешкі уақытта шамамен 18.00-де түнейтін орнымыз Достық спорттық-туристік лагеріне жеттік. Лагерь Қалалық жас туристер стансасының бірлігіне кіреді. Онда балалар жататын 4 ғимарат, ашық бассейн, асхана, даладағы сахна, медпункт пен күзетшінің үйі бар. Лагерь тек жазғы уақытта жұмыс жасайды.

Келе салысымен бивуак жұмыстары мен кешкі асты дайындауға кірістік. 12 адам сиятын шатырды құрып, түнде жылы жату үшін пешін орнаттық. Кешкі асты қабылдап болған соң, кезекшілік қойып оттың сөнбеуін қадағалайтын кезекшілерді тағайындадық. [2,28]

(Алау жанында) (Таңғы ас)

Түнімен жаңбыр жауды, бірақ шатыр су жіберген жоқ. Ауысып кезекшілік атқарған туристердің арқасында шатырдың іші жып-жылы болды. Таңғы 6.00-де тұрып, таңғы ас ішіп жинала бастадық. 10.00-де жаңбырлатып Елек өзеніне қарай бағытталдық. Лагердің айналасы жүгері, қырыққабат егетін егістікке айналып, батысында Ақтөбе ферроқорытпа зауыты орналасса, оңтүстігінде ақ құм өндіретін карьерлер шоғырланған. Елек өзенінің саласына жетіп, түскі асқа дайындалдық. Жаңбыр күшейе түсті. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан туристер ептілік танытып, тамақ пісірді. Тамақтанып болған соң карьердің арасымен Достық лагеріне бағытталдық. Келген жерімізден автобусқа отырып қалаға оралдық.

Осылайша 2 күндік, шеңбер бағыттағы 26 шақырымдық кешенді бағытымыздың жорығын аяқтадық. Жорық ойдағыдай өтті, қауіпті аймақтар анықталған жоқ. Мақсат орындалды. Бұл бағытпен жүру үшін белгілі туристік дайындығы мен тәжірибесі бар туристермен шығуға кеңес береміз. Себебі бұл бағыт қатысушының бойында белгілі туристік дағдылардың болуын талап етеді.

2.4 «Ақтөбе қаласы – Қарғалы су қоймасы – Қызылтам кесенесі – Ақтөбе қаласы» бағыты бойынша кешенді жорық.

Қарғалы ауданының табиғаты ерекше көріністерге толы. Қасқыр сарқырамасы, су қойма, биік жартастар, балық өсіру су тоғандары, биік рельефті төбелер секілді табиғи байлықтарымен көзге түседі. Бұл ауданға жыл сайын әр түрлі бағытта саяхаттар жасалады, дегенмен ашылмаған сырлары әлі де көп. «Кішкентай Швейцария» деп босқа айтпаса керек. Бағытты осылай құрастырудың да себебі сол.

Негізгі жүріп өтетін аймақ, Ақтөбе қаласынан 60 шақырым жерде орналасқан. Әдеттегідей дайындық жұмыстарынан кейін 16.10.2021 күні Ақтөбе қаласынан автобусқа отырып Қарғалы ауданына жол тарттық. 1 сағаттың шамасында Қарғалы су қоймасының маңына келдік. Көліктен түсіп, бағыттағы жаяу қозғалысты бастадық. Топта 40 адам болды. [3,71]

Су қоймасы Жақсы Қарғалы алқабында, облыс орталығынан 58 шақырым жерде орналасқан. Жақын жерде Ақтөбе – Орск автотрассасы өтеді. Қойма 13,7 шақырымға созылады. Ені - 3 шақырымға дейін. Су айдынының ауданы 28,5 шаршы шақырым. Көлемі бойынша ол облыстың жасанды су қоймалары арасында тек Ақтөбе су қоймасынан (35,7 шаршы шақырым) кішкентай. Жағалау сызығының ұзындығы - 45 шақырым. Орташа тереңдігі шамамен 10 метрді құрайды (жоба бойынша 35м). Көктемде су тасқыны есебінен толықтырылады. Су қоймасының төрт негізгі саласы бар: Қуағаш, Қарабұтақ, Шанды, Қос-Истек. Одан Жақсы Қарғалы өзені ағып өтеді. [3,70]

(Бағыт картасы) (Маршруттағы қозғалыс)

Ауа райы осы бағыттағы қозғалысқа өте қолайлы болды. Жаз мезгілінің аптап ыстығында немесе қыс пен көктем мезгілдеріндегі қар мен су тасқынының кезінде бұл маршрутты өту қолайсыз. Аймақтың барлығы рельефті. Яғни биіктігі 200-250 метрді құрайтын қырларға көтеріліп, түсумен болдық. Бөгет аймағына жақындаған сайын судың жағасындағы қиыршық тастардан тұратын жартастар биіктей түсті. Осы аймақтар қауіпті болып саналады. 2 сағатта бөгет маңына келдік. Ол мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алынып, суық қарулы қарауыл қойылған. 13.00 шамасында түскі асқа кірістік. Үлкен дамылдаудан кейін бағытымызды жалғастырып, тас жолына қарай бағытталдық. Жолдың арғы бетінде бекіре балығын өсіретін «Ардағым» балық шаруашылығы орналасқан. Жолдың бойында туристер мен сапарда келе жатқан жолаушыларға арналған кемпинг бар. Ол жерде демалуға да тамақтануға да болады. Шаруашылық пен кемпингтің иесі Қали Ысмайылов атты жергілікті кәсіпкер.

Бағыт бойында орналасқан «Қызылтам» кесенесін таптық. Қызылтам мавзолейі – су қоймасының жағасында орналасқан Естектау төбесінде тұр, ортағасырлық танымал Абат-Байтақ ескерткіштер қатарына жатады. Көршілес төбелер мен баурайларда бірнеше ондаған құлпытастары батыс жағына қойылған тасты қоршау ретіндегі бейіт үсті ескерткіштері орналасқан. Я.Я.Полферовтың жазып алған аңызы бойынша ескерткіштің пайда болуы XVII ғасыр басындағы Хиуа ханы Араб-Мұхамедтің қалмақтың Бадмай атты қолбасшысының қызына сәтсіз құда түсуі тарихымен байланысты. Бүгінде төрт қабырғаның солтүстік-шығыс бөлігі мен көршілес қабырғалардың бөліктері ғана қалған. [5]

(Қызылтам мавзолейі) (Қарғалы су қоймасы)

Қорымның қасынан өткеннен кейін бағыт аяқталатын нүктеге қарай бет алдық. 17.00 – де жорықты аяқтап, автобусқа отырып Ақтөбеге кеттік.

2500 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!