Ақтөбе қаласының көгалдануымен байланысты мәдени эстетикалық сипаты
Күн тәртібіндегі маңызды міндеттердің бірі - тұрғындардың салауатты, қолайлы және мәдени тұрмысы үшін қаланы көркейту және көгалдандыру саласын сапалы дамыту.
2011 жылы елімізде басталған «Жасыл жапырақ» акциясына Ақтөбе қаласы да белсене қосылды. Ағымдағы жылы 773 641 ағаш, оның ішінде қолмен және механикаландырылған тәсілмен 442 047 ағаш көктемгі мезгілде және 331 594 ағаш күзгі мезгілде отырғызылды. Осы ағаштар бүгінгі таңда өз дәрежесінде өсіп-жетіліп келеді. Қалаға сән беріп, көркейтіп тұр. Ал 2012 жылы көгалдандыру жұмысы барысында қарағаш, үйеңкі, шаған, жылауық тал, жиде, қарағай, долана, қайың, қарақат, емен, терек сынды оннан астам ағаш түрлері отырғызылған. Көшеттер өңірдің табиғатына бейімделген облыстағы орман шаруашылығы мекемелерінің тәлімбақтарынан алынған.
Ағаш көшеттерін отырғызу жөніндегі атқарылған көлем - бұрынғы жылдары орташа алғанда жылына 10 000 данадан аспағанын ескерсек, 2012 жылы отырғызылған көлемі бірнеше рет артып, қаланы эстетикалық көркін аша түсуде (Сурет 5).

Сурет 5. 2009 - 2012 жылдар ішінде Ақтөбе қаласында ағаш отырғызу көрсеткіші
Ақтөбе қаласын одан әрі дамыту жөніндегі іс - шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында 2011 жылы қазан айында 100,0 мыңдай бағалы жалпақ жапырақты ағаш түрлерін отырғызып, ауданы 30 гектар жерге жаңа саябақ егілген. Қала аумағында 20,0 мыңнан астам шаршы метрге гүлзарлар отырғызу жөнінде жұмыстары жүргізілген [34].
Қала келбетіне көгалдар орнатуға зор көңіл бөлінуде. 2011 - 2012 жылдары жалпы ауданы 104 866 шаршы метр көгалды егу, күту және жөндеу жұмыстары орындалған.
2009 – 2011 жылдары Ақтөбе қаласында санитарлық тазарту мен көркейту жұмыстары салыстырмалы түрде қарқынды жүзеге асып келеді (Сурет 6).
М. Оспанов көшесі мен Әбілқайыр хан даңғылы қиылысына нөсер жаңбыр кәрізі, сол сияқты М. Оспанов көшесі мен Ағ. Жұбановтар көшесі қиылысында, су қабылдау құдықтары орнатылды, Ә. Молдагұлова мен Әбілқайыр хан даңғылдары қиылысындағы нөсер жаңбыр кәрізі қалпына келтірілді. Одан басқа, 5 ықшам аудандағы көпір ауданында су жіберу кәрізі орнатылған.

Сурет 6. 2009 – 2011 жж. Ақтөбе қаласында санитарлық тазарту мен көркейту жұмыстарының көлемі мың ш.м.
2012 жылы «Батыс - 2» тұрғын қалашығы аумағынан жаңбыр және тасқын суларының су жіберу құрылысы жоспарланды, ол үшін бюджетке 107,8 млн.теңге қарастырылған.
Көркейту объектілерін одан әрі дамыту үшін 2012 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы Орталық саябақты қайта жарақтандыру, Тургенев көшесінен Нокин даңғылына дейінгі Сазды өзенінің арнасын жайластыруға, сол сияқты Нокин даңғылы артындағы Сазды өзеніндегі шлюз құрылысына жобалық - сметалық құжаттама әзірленген.
«Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» атты Елбасының қатысуымен жасалған марафон - эстафетасының бірінші кезеңінің қорытындылары шығарылған. Бұл ретте облыстың білім беру саласындағы ұйымдардың оқушылары 373 гектардан астам парктер мен гүлзарларды көріктендіргені, өзен жағалауындағы аймақта 689 гектар қоқыстарды тазартқаны атап өтілді. 154 ауылда 666 көше ретке келтірілді, орман жолақтарындағы 114 учаскенің қураған ағаштары жиналып, 613,9 км жол бойының кездейсоқ қоқыстары алынды, 253 ретсіз қоқыстар үйіндісі жойылып, елді мекендердің сыртына 1736 тонна тұрмыстық қалдықтар шығарылды, 28 спорттық құрылыстар дайындалып, жөнделді, 5867 гектардан астам алқапқа гүлзарлар мен газондар отырғызылды, 30000 түп шамасындай көшеттер бой түзеді, қазіргі уақытта оларға тиісті дәрежеде күтім жасалуда [35,36].
2012 жылы қаланы санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру жөнінде жарияланған екі айлық аясында Абай даңғылындағы гүлзарда қылқан жапырақты ағаштар отырғызылды. Бір күн ішінде акцияға қатысушылар «Елім» шаруа қожалығының питомнигінен әкелінген 50 түп жас шырша отырғызды. Көшеттер өзімізде өсірілгендіктен табиғатымызға бейімделген.
2012 жылға әзірленген жобаға сәйкес шырша, қарағай, қайың, қарағаш секілді 50 мың түп көшет отырғызылды. Оның 3 мыңы бюджет қаржысына алынса, қалғандары шаруашылық етуші нысандар есебінен егіледі. Айталық, «Мега Ақтөбе» ЖШС өз аумағында 7 мыңға жуық ағаш отырғызды. Қаланың саябақтары мен скверлеріне, тұрғын үйлер жандарына да ағаш егіледі. Жаңадан салынған «Нұр Ғасыр» мешіті, православтар храмы аумағының көгалдандырылуы жалғасуда [37].
Облыстың климаттық және гидрогеологиялық жағдайы, әсіресе, рельефінің ерекшелігі қалалармен ауылдардың жасыл желектерінің аз болуына әсер етті. Топырақтың құнарсыздығы салдарынан орман алқаптарын тек өзен жағалауларында, жер асты суы бетке жақын жерлерде өсіруге мүмкіндік берген. Ағаштың неғұрлым кең тараған түрлері - қара терек, үйеңкі, қандыағаш, қайың, ал оңтүстікте ел аз жайлаған құмдауыт далада сексеуіл өседі. Жартылай шөл және шөлейт аймақтарға құрғақшылыққа төзімді ағаш түрлерінен орман отырғызу жұмыстары жүргізілді. Ойыл, Ақтөбе және басқа да орман қорғау кәсіпорындарында да орманшылар күшімен 1400 га жуық қайың, қандыағаш, шоқтал аралас кәдімгі қарағай өсіп тұр. Орман ішінде итмұрын, дала шиесі, долана, бірақ олардың тарауы шектеулі. Қазір көгалдандырумен, яғни өңірде ағаш отырғызу, тұқымын себу және орманға күтім жасаумен бұрынғы орман шаруашылықтарының орнына ұйымдастырылған «Ақтөбе орманы» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны айналысады. Қалаларда және әкімшілік аудандардың орталықтарында көгалдандыру жұмысы коммуналдық қызмет пен жұртшылықтың күшімен жүргізіледі. Жасыл көшеттерді отырғызуда негізінен құрғақшылыққа төзімді және көп күтімді талап етпейтін ағаш түрлері - бәйтерек, қарағай, қарақатқа көп көңіл бөлінеді. Қаланың орталық бөлігін, бірқатар кәсіпорындармен ұйымдарды сәндендіруге кәдімгі қарағай, бозқарағай, бұтағы салпыншақ тал, дала бадамы және басқалары пайдаланылған [33,38,39].
Елді мекендерді көгалдандыруда кезек күттірмейтін мәселелердің біріне айналды. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Ж.Иманқұловтың мәлімдеуіне қарағанда, облыс аумағында көгалдандыру бойынша атқаратын жұмыстар 2011 - 2012 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шаралар жоспарына сәйкестендірілген. 5 жылдан бері студенттермен бірлесіп жұмыс жасап келеді. Студенттер облыстағы 7 орман шаруашылығында (Ақтөбе, Қарабұтақ, Темір, Ойыл, Қобда, Үлкенборсық) 4 ай бойы жұмыс істейді. Жастар жұмысқа негізінен мамыр айынан бастап кіріседі. Қураған ағаштардың бұтағын кеседі, жаңадан отырғызылған ағаштарға күтім жасайды. Орман алқаптарындағы күл - қоқыстарды тазалауда жастар істейтін - шаруа. Әсіресе Ақтөбе орман шарушылығында қоқыс өте көп. Жалпы 200 студент еңбекке тартылмақшы. Аудандағы орман алқаптарында сол ауданның жастары тартылады. Мысалы: шілде, тамыз айларында Үлкенборсық орман шаруашылығында 60 студент жұмыс істейді. Ойылдағы орманды күтуге 40 жас жұмылдырған.
Бұл бағдарлама айналасында 2012 жылдың көктемінде елді мекендерде 101230 түп көшет отырғызылды. Бұдан басқа село - қалалардың 100 гектар алқапқа жасыл аймақ абаттандырылды. Көптеген гүлзарлар жаңартылып, айнала жасыл түске боялды. Осының бәрі тұрғындардың денсаулығын жақсарту, табиғатты тоздырып алмау ниетінен туындап отырғандығы аян. Орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі елді мекендерді көгалдандырылуға байланысты көп шаруаны өз міндетіне алмақшы, яғни тал егіп, айналасын көгертемін деушілерге практикалық көмегін жасап, қажетті көшеттерді ұсынуға даяр. Қысқасы бүгінгі күні жасыл желекті молайтуға мүмкіндіктер аз емес [40,41,42].
Қазіргі күні қалада тазалық жұмыстары қызу жүргізіліп жатыр. Өйткені қар кеткеннен кейін қыстан қалған қалдықтар көше бетіне шығып, тұрғындарға кедергі келтіретіні белгілі. Қазіргі қала сыртындағы айналма жолдардың маңы, орталық және сыртқы көшелердің тазалығы назардан тыс қалған жоқ. Әуежай аймағы мен 12 - шағын ауданындағы айналма жолдар маңы тазартылып, Елек айналма жолындағы алаңдарда ретке келді.
Жас көшеттерді күтіп - баптауға әкімдік тарапынан да ерекше көңіл бөлініп отыр. Бір шыбықты баптау үшін жергілікті бюджеттен 2500 теңге бөлінген. Сондай - ақ бұл іске жеке кәсіпкерлер де жұмылдырылатын болады.
Көгалдандыру жұмыстары қаладағы скверлер мен саябақтардан басталып, сырт жақтағы тас жолдар маңына ауысады. Қалаға кіре берістегі тас жолдардың жағалары жұтаң екендігін сырттан келгендер байқап жүрген болар.
Ақтөбе қаласының микроклиматын қолайлы жағдайда ұстау мақсатында санитарлық - қорғаныштық аймақ құру ісі 1957 жылы қолға алынған. Бірақ 1990 жылдардың ортасынан басталған қиын тұста қала маңындағы орман алқаптарына күтім жасауға мүмкіндік болмағандықтан, ағаштардың біраз бөлігі қураған, кесіп әктелген. Ал берідегі қарқынды құрылыстардың да жасыл желек көлемінің азаюына әсері болды. Сонымен бірге, о баста жіберілген қателік те бар — бұл алқаптарға негізінен қарағаш қана егіліп, басқа ағаш түрлері ұмыт қалған.
Осы жағдайларды ескеріп, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Ақтөбе қаласының санитарлық қорғаныштық аймағы болып табылатын орман алқаптарын қайта қалпына келтіру жұмыстарын қолға алып отыр.
Жоспарды әзірлеу барысында орман алқаптарын күтіп - баптау жолдары, жаңадан егілетін алқаптардың топырағына, гидрологиялық жағдайына байланысты ағаш түрлерін таңдау, оларды егудің технологияларын анықтап көрсету, т.б. жұмыстар атқарылған.
Ақтөбе қаласы маңына, қай жағынан алғанда да, негізінен, қарағай егу тиімді деген шешімге келген. Еңістік жерлерге қайың, терек, бұталы ағаштар еккен пайдалы. Сондай - ақ ағаштар мен қарақат, қараған секілді бұталардың аралас болғаны жөн.
Қаланың санитарлық - қорғаныштық аймағын қайта қалпына келтіру жоспарын жүзеге асыру мақсатындағы жұмыстар жалғасуда. Бұл жұмыстармен «Елім Ақтөбе» ЖШС еңбеккерлері айналысып жатыр. Үстіміздегі жылы олар күтіп - баптау, жаңа алқаптарға қарағай отырғызу, т.б. жұмыстарды қосқанда, 62 гектар аймақты өз қарауларына алмақ. Ал келесі жылы мұндай жұмыстар 300 гектар алқапта жүргізілетіні жоспарланған.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз