Қауымдастық
Жаңа
ЖИ көмекші
Жаңа
Хабарламалар
Менің курстарым
Менің олимпиадаларым
Дайын ҚМЖ
Менің материалдарым
Менің іс-шараларым
Менің байқауларым
Менің турнирлерлерім
Журнал
Курс Олимпиада Дайын ҚМЖ ЖИ көмекші Материалдар
Аттестация Іс-шаралар Байқау Турнир Орталық туралы
Материалдар Журнал Көпшілік талқылауына арналған
білім беру бағдарламаларының белсенді жобалары
Орталық туралы
ЖИ көмекші
Қауымдастық
0 / 1
Барлық 400 000 материалдарды тегін жүктеу үшін
Ұнаған тарифті таңдаңыз
Айлық
Жылдық
1 - күндік
Танысу
690 ₸ / 1 күнге
Таңдау
UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б.
  • 10 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 30 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 5 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    1 - айлық
    Стандарт
    2990 ₸ / айына
    UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау
  • 30 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 900 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 150 файлды тегін жүктеу
  • Жинақталған ҚМЖ бөлімінде
  • 10 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар)
  • тегін қатысу
  • 1 - айлық
    Шебер
    7990 ₸ / айына
    Таңдау
    UstazTilegi AI - ЖИ арқылы тегін ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, тест, презентация, авторлық бағдарлама т.б. жасау
  • 150 материал жасау
  • Материалдар бөлімі - Барлық 400 000 материалдарды тегін
  • 900 материал жүктеу
  • Аттестация ПББ тестеріне доступ аласыз
  • шексіз
  • Жеке ҚМЖ бөлімінде - дайын ҚМЖ-ларды, презентацияларды жүктеу
  • 300 файлды тегін жүктеу
  • Жинақталған ҚМЖ бөлімінде
  • 50 файлды тегін жүктеу
  • Олимпиада, турнир, байқауларға 50% жеңілдік
    Іс-шаралар (мини-курстар, семинарлар, конференциялар)
  • тегін қатысу
  • Назар аударыңыз!
    Сіз барлық мүмкіндікті қолдандыңыз.
    Қалған материалдарды ертең жүктей аласыз.
    Ок
    Материалдың қысқаша нұсқасы

    Оқу орны_1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі

    Мерзімі:____________

    Оқытушы: Досымова М.Ү.

    Топ:

    Білім алушылар саны:

    Тақырыбы: А.Құнанбаев шығармаларындағы рухани құндылық

    Құндылық:_Дұрыс әрекет

    Қасиеттері: Жауапкершілік, сүйіспеншілік, парыз бен ризашылық, дұрыс ой, дұрыс сөз

    Сабақ типі: Аралас сабақ

    Қолданылатын әдістер: түсіндіру, әңгімелеу, «синквейн әдісі» «инсерт әдісі»,сұрақ-жауап, пікірталас

    Көрнекіліктер: тақырыпқа сай презентация, оқулық А.Құнанбаевтың қара сөздері, оқу құралдары

    Сабақ мақсаты: Білім алушылардың өмірлік айқындамасын анықтауы, түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаға сай шешуге, өзіне адамдарға және қоршаған ортада дұрыс әрекет етуге үйрету.

    Міндеті:

    - өзін танып білу, өзінің өміріндегі орнын түсіну, өзіне және басқаларға жақсылық пен сүйіспеншілік таныту ниеттерін дамыту:

    - күнделікті өмірде нақты мәселелерді адал шешу және қиянатқа қарсы белсенділік таныту.

    Ресурстар: (құралдары, деректері,

    мәліметтері)

    слайд, Абай Құнанбаевтың портреті, оқулық, сазды әуен,

    оқу құралдары

    Сабақ барысы:

    1.Ұйымдастыру кезеңі: Білім алушылармен сәлемдесу,топты түгендеу.

    «5Т» ережесі бойынша ынта-зейіндерін сабаққа аудару.

    Тәртіп болса, талап болады, онда өзінде тыныштық болады, тыныштық болса тазалық болады, тазалық болған жерде татулық болады.

    Тыныштық сәтi. Нұрға бөлеу.

    Жәймен көзіңді жұмып мені тыңдаңыздар. Тамаша таңертеңгі ашық күнді елестетіңіз. Сіз тынық та ерекше көлдің жағасындасыз. Тек қана сіздің тыныс алғаныңызбен судың сылдыры ғана естіледі.  Күн жарқырап нұрын төккен сайын сіз өзіңізді жақсы сезінесіз. Құстардың сайрағанымен  шегірткенің шырылын естисіз. Сіз салмақтысыз. Ауа таза және мөлдір, сіз барлық денеңізбен күн жылуын сезінесіз, сіз осы тыныш таңертеңгі мезгіл сияқты бірқалыпты және қозғалыссыз тұрсыз. Сіз өзіңізді бақытты сезінесіз. Барлық  дене мүшелеріңіз тыныштыққа және күн нұрына бөленуде. Сіз жақсы дем алудасыз. Енді жайлап көзімізді ашамыз. Біз тынығып, көңіл-күйіміз жақсарады, сергекпіз жағымды сезімдер күні бойы бізбен бірге болады.

    • Тыныштық сәтінен қандай әсер алдыңыздар? (білім алушылардың ойларымен бөлісу)

    2. Үй тапсырмасын тексеру

    Ой толғау жазу «А. Құнанбаевтың қара сөздерін оқығанан кейін түйген ойым»

    А. Құнанбаевтың бір қара сөзін оқу, талдау.

    Сабақ барысын талдау

    3. Дәйексөз.

    Кімде-кім сырттан естіп

    білу, көріп білу секілді нәрселерді көбейтіп алса, ол көп жинағаны бар адам. Ондай кісі жаңа естіп, көріп білгендерін сынап, орынды- орынсызын бағанағы жиған нәрселеріне қарай есеп қылады. Бұлай етіп қаракет еткен адамды ақылды дейміз.

    А. Құнанбаев.

    - Дәйексөзді қалай түсінесіздер? Неліктен?

    Дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.

    Слайд

    4. Жаңа сабақ.

    Жоспар:

    1. А. Құнанбаев рухани- адамгершілік мұралары

    2. А. Құнанбаев шығармаларындағы тылсым дүниенің мәңгілік құпиялары

    «Адамзат баласының алдында үш айғақты зор міндет тұр: бірі - бейбітшілікті, екіншісі - руханиятты, үшіншісі - табиғатты қорғау һәм сақтап қалу. Бұлардың қай - қайсысы да біздің тіршілігіміздің басты бағдары. Бір -бірін  толықтыратын  ұғымдар. Осы үш бастауға  Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің болашағы байлаулы» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы адамзат баласының өмір сүруіне қажет деп танитын осы үш фактор. Мұның ішінде, әсіресе «руханият» ең маңыздысы. Себебі, адам баласы рухани азықсыз өмір сүре алмайды. Жалпы, әлемдегі кез - келген халықты алып қарасақ та ең алдымен тәлім - тәрбиеге, білімге, адамгершілікке үндейді, болашақ ұрпақтың өн бойына рухани азық сіңіруге тырысады. Өйткені тәлім - тәрбиенің, адамгершілік қасиеттердің адам өмірінде алар орны ерекше. Атақты ғұлама ғалым, әлемнің екінші ұстазы әл- Фарабидің де «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» деген аталы сөзі бар. Осыдан - ақ тәрбиенің адам өміріндегі маңызын көруге болады. Осы тұрғыдан келгенде қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше тәрбие береді, адамгершілікке үндейді. Оңайдан қиынға қарай, жақыннан жыраққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді. Мұның барлығы адамзатты адамгершілікке жетелеу мақсатында еді. Енді ақынның бірнеше қара сөздеріне көңіл аударып көрелік. Абайдың қара сөздерінің кім үшін болса да, тәрбиелік мәні зор. Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін айрықша құнды. Өйткені ғылым да, өнер де жастар үшін. Адамның қолын бақытқа жеткізетін ілім - білімді игеру де жастардың ғана қолынан келетін іс. Қартайған адам қанша ұмтылса да, өндірері аз болмақ. Сондықтан білімге ұмтылған жастар ұлы ақынның бұл айтқандарын берік есте сақтауы қажет.

    Абайдың «Алтыншы», «Сегізінші», «Он бірінші» сөздері жоғарғы ілім - білімге ұмтылуға бөгет жасайтын надандық, мақтаншақтық мінездерді шенеуге арналады. «Бірлік, тірлік» деген сөз ұғымдарының мәнін аша келіп, «Алтыншы сөзінде» Абай: «Бірлік - ақылға бірлік, малға бірлік емес», - десе, сол әңгімесінің екінші жерінде: «Ырыс - алды тірлік» дейді. Жанын қорғалап жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады...

    «Кеселді жалқау, қылжақ бас,

    Әзір тамақ, әзір ас,

    Сыртың пысық, ішің нас,

    Артын  ойлап  ұялмас, - болып  жүріп, тірімін деме, онан да Алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің  өзі артық», - дейді. Ұлы ақын осы пікірін өзінің «Үшінші», «Он бірінші» сөздерінде  де  толықтырып, ұштай түседі. Мал үшін ар - намысын сату, бірінің үстінен бірі арыз беріп жала жабу, ауызбіршіліктің болмауы тәрізді мінездердің бәрі де надандықтан, мәдениетсіздіктен, жалқаулықтан, еңбексіздіктен келіп туатынын дәлелдей келе, ақын өзінің оқырмандарын бұл мінездерден қашық болуға тәрбиелейді. Бұл әңгімелердің идеялық мазмұны да, келешек ұрпақ үшін құндылығы да осында.

    Өзінің өлеңдеріндегі тәрізді қара сөздерінде де ұрлық, парақорлық, пәлеқорлық, мансапқорлық, тағы басқалар елдің ел болуына зор бөгет екендігін айта келіп, «Қырық бірінші сөзінде» ұлы ақын екі нәрсені ұсынады: біріншісі – «Бек зор үкімет», екіншісі – қаржы. Үкіметтің күшімен қазақтың ұл, қыздарын еріксіз түрде мектепке беріп, оларды ғылымның әр саласынан мамандандырып, ой – санасын жаңаша тәрбиелеп, бұрынғылардан мүлде өзге психология, өзгеше наным – сенімдегі адамдар етіп тәрбиелесе, сонда ғана елдің түзелетіндігін айтқан.

    2. Абай мұрасының тәрбиелік мәні, тағылымдық бағыт бағдары турасында сөз қозғағанда, алдымен ойға оралатын Абайдың өз басының адамгершілігі. Ақыл мен қайратты, білім мен адамгершілікті тең ұстаған ақын шығармаларына деген ілтипатымыз, құштарлығымыз бүгінгі күн санап артқандай болса, ал мынау нарықтық экономика қыспағында қысылып жүрген жағдайда ақын шығармаларына, оның терең мағыналы, күні бүгінге дейін мәнін жоймаған ой-тұжырымдамаларына деген қажеттілік одан да артық. Оның кіршіксіз, таза, ақ жүрегінен тебірене туындаған жырларынан адам жанына әл қуат беретін, жанға жайлы, ыстық леп ескендей. Бар асылын, ойын замана жастарына, келер ұрпаққа да арнады. Оның шығар-машылық қызметінің негізгі мұраты – адам тәрбиесі. Ұстаз сөзінің биік мағынасы Абайдай ағартушыға өте орынды айтылған. Абай халықтың үлкені мен кішісіне, ұлы мен қызына, әкесі мен баласына өмірлік қажет пен еңбек пен адамгершілік, өнер мен білім, өнеге мен тәлім, достық-жолдастық, парыз бен қарыз сияқты қасиеттердің асыл үлгілерін жырымен де, ғақлияларымен де жеткізе білді. Ойшыл ақынның ағартушылық тұрғыдағы педаго-гикалық тұжырымдары негізінен жастарды халқына адал қызмет ететін нағыз азамат – «Толық адам» етіп тәрбиелеу мақсатынан туындаған.

    «Адамның білімі, өнері – адамшы-лықтың таразысы» деп санаған Абай білімді барлық атақ, құрмет пен бедел, байлықтан жоғары қояды. Ақын адамның ең қымбат кезі – жастық шақты оқуға, ғылымға, жұмсауды еске салады. Ойын-сауықты кейін қоя тұрып, алдымен ғылым жолында еңбек ет, ізден, білімдіден үйрен, үлгі ал, солардай болуға тырыс дей келе:

    «Дүние де өзі, мал да өзі

    Ғылымға көңіл бөлсеңіз...», - деген тұжырым ұсынады.

    Абай адам болуға ұмтылған әрбір жалынды жастың бойына адамшылықтың қандай нәрін, нендей ізгілікті қасиеттерді егу, орнықтыру керектігін «Ғылым таппай мақтанба...» өлеңінде:

    «Бес нәрседен қашық бол,

    Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз...» - деп, айқындап берді. Осындағы «Адам болу, оған тезірек жетуге, асығуға ұмтылатын бе нәрсе не?» деген сұраққа Абай:

    «Талап, еңбек, терең ой,

    Қанағат, рақым ойлап қой –

    Бес асыл іс көнсеңіз...» - деп, кесімді, тұжырымды жауап береді.

    Шын мәнінде нағыз адам болу үшін адамгершілікке тән, жағымды жақсы қаси-еттер, жақсы сипаттар – адамдық, әділеттік, достық, махаббат, ар-намыс, сабырлық, батырлық т.б. толып жатыр. Солардың ішінен ақын жастардың бойындағы адамгершіліктің негізгі қасиеттері, «Бес асыл іс»: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым туралы даналық ой қозғауының өзіндік мәні бар.

    «Бес дұшпан» - Абай айқындап берген адамгершілікке жат этикалық әдеп нормалары. Абай «Бес асыл» ісінде нағыз адам болу үшін бес нәрсеге асық болу керектігін айтса, «Бес дұшпанында»:

    «Адам болам десеңіз,

    Оған қайғы жесеңіз.

    Өсек, өтірік, мақтаншақ,

    Еріншек, бекер, мал шашпақ –

    Бес дұшпаның білсеңіз...»

    - деп адамның бойындағы жағымсыз қасиеттерді сынға алады. Ақынның түсіндіргеніндей адамгершілікке жат жа-ман қылықтар – арамдық, әдепсіздік, әділетсіздік, жағымпаздық, жылпостық, менмендік, қулық-сұмдық, пәлеқорлық т.б. толып жатыр.

    19- қара сөзін тыңдау, талдау жасау

    Слайд

    19- қара сөз

    талдау

    1. Тапсырма

    1-тапсырма. А.Құнанбаев қара сөздерін оқу, талдау.

    1-топ. 17 қара сөз

    2-топ. 32 қара сөз

    3-топ. 7 қара сөз

    2-тапсырма.

    Тірек сөздер: Ниет,тағдыр,бақыт, сәттілік, пиғыл,өмір,аялау,ойлану, ой, пейіл.

    1-топ.Жоғарыдағы тірек сөздерді пайдаланып шағын әңгіме құрастырыңыз.

    2-топ. Жоғарыдағы тірек сөздерді пайдаланып синквейн әдісі арқылы шағын өлең шумақтарын құрастырыңыздар.

    3-топ. Жоғарыдағы тірек сөздерді пайдаланып 10 мақал-мәтелдер құрастырыңыздар

    Слайд

    6.Топпен ән айту

    Көзімнің қарасы

    Көзімнің қарасы

    Көзімнің қарасы,
    Көңілімнің санасы,
    Бітпейді ішімде,
    Ғашықтың жарасы.

    Қазақтың данасы,
    Жасы үлкен ағасы.
    Бар демес сендей бір
    Адамның баласы.

    Жылайын, жырлайын,
    Ағызып көз майын.
    Айтуға келгенде,
    Қалқама сөз дайын.

    Жүректен қозғайын,
    Әдептен озбайын.
    Өзі де білмей ме,
    Көп сөйлеп созбайын.

    Топпен ән айту.

    Көзімнің қарасы

    7. Сабақ соңында сабақты қорытындылау мақсатында инсерт әдісін қолданамыз. Төмендегідей кесте әрбір білім алушының алдына беріледі. Білім алушы қағаз бәтіне өз ойын түсіреді.

    Кімді оқыдым

    Танысқан шығармам

    Берген тәрбиесі

    Менің көзқарасым

    8. Бағалау.

    Әр топ бір-бірін сабаққа қатысу белсенділіктеріне қарай отырып бағалау.

    Жүктеу
    ЖИ арқылы жасау
    ЖИ арқылы жасау
    bolisu
    Бөлісу
    1 - айлық
    Материал тарифі
    -96% жеңілдік
    00
    05
    00
    ҚМЖ
    Ашық сабақ
    Тәрбие сағаты
    Презентация
    БЖБ, ТЖБ тесттер
    Көрнекіліктер
    Балабақшаға арнарлған құжаттар
    Мақала, Эссе
    Дидактикалық ойындар
    және тағы басқа 400 000 материал
    Барлық 400 000 материалдарды шексіз
    жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
    1 990 ₸ 49 000₸
    1 айға қосылу
    Материалға шағымдану

    Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

    Жариялаған:
    Досымова Магираш Үсеналиевна
    01 Желтоқсан 2020
    357
    Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз

    А.Құнанбаев шығармаларындағы рухани құндылық

    Тақырып бойынша 11 материал табылды

    А.Құнанбаев шығармаларындағы рухани құндылық

    Материал туралы қысқаша түсінік
    Білім алушылардың өмірлік айқындамасын анықтауы, түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаға сай шешуге, өзіне адамдарға және қоршаған ортада дұрыс әрекет етуге үйрету.

    Файл форматы:
    docx
    Өзін-өзі тану Барлық материалдар Басқа
    01.12.2020
    357
    Жүктеу
    ЖИ арқылы жасау
    Жариялаған:
    Досымова Магираш Үсеналиевна
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
    шағым қалдыра аласыз
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
    Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
    Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
    Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
    Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
    Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
    Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
    Министірлікпен келісілген курстар тізімі

    Химия пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Тарих пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Биология пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Ағылшын тілі пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    География пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Информатика пәні

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Мектепке дейінгі білім беру

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    «Қазақ тілі» жəне «Қазақ əдебиеті»

    бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Дене шынықтыру

    пәні бойынша педагогтің пәндік және кәсіби құзыреттілігін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Білім алушылардың білім сапасын арттыру

    мақсатында сабақта цифрлық технологияларды қолдану
    80/108 сағат
    Толығырақ

    Инклюзивті білім беру

    жүйесінде ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету бойынша педагогтердің кәсіби және пәндік құзыреттіліктерін дамыту
    80/108 сағат
    Толығырақ
    Ғылыми-әдістемелік орталығы
    Редакциямен байланыс
    +7 (771) 234-55-99
    Жұмыс кестесі: Дүйсенбі –
    жұма, 9:00 – 18:00
    Мекенжай:
    Қазақстан, Алматы, Гоголья 86,
    4 этаж, 406-кабинет
    Электронды пошта
    ustaztilegi@gmail.com
    Сведения об организации
    Сайт Peaksoft веб-студиясында жасалған - Peaksoft.kz
    Политика конфиденциальности
    Сведения об организации