Ақылды ата-ананың 5 қағидасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақылды ата-ананың 5 қағидасы

Материал туралы қысқаша түсінік
ардақтаңыз. «Тәрбиенің» ұзақ процесс екенін естен шығармаңыз, оның нәтижесін аяқ астынан күтпеңіз. Егер бала сіздің ойыңыздан шықпаса, қапаланбаңыз,ашуға бой алдырмаңыз. Жағдайды оң өзгерту үшін тағы не істеуге болатынын,қарастырыңыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақылды ата-ананың 5 қағидасы

Баланы тек жақсы көру аз, оны сыйлап ,оның бойындағы жеке тұлғаны
ардақтаңыз. «Тәрбиенің» ұзақ процесс екенін естен шығармаңыз, оның нәтижесін аяқ астынан күтпеңіз. Егер бала сіздің ойыңыздан шықпаса, қапаланбаңыз,ашуға бой алдырмаңыз. Жағдайды оң өзгерту үшін тағы не істеуге болатынын,қарастырыңыз.
1. Балаңыздан ең-ең күшті адам жасап шығаруға тырыспаңыз. Адам бәрін бірдей жақсы білуі мүмкін емес. Тіпті ақылды, ересек адамдардың да қолынан бұл келе
қоймайды. Ешуақытта балаңызды басқалармен салыстырмаңыз. «Алмас 4 жаста,ол кітап оқи алады,ал сен ?» деу , немесе «мен сенің жасыңда турникке 20 рет тартылатынмын ,ал сен босбелбеу болып өстің» деу дұрыс емес. Оның есесіне сіздің балаңыз қағаздан керемет дүниелер жасайды, компьютердің құлағында ойнайды. Оның басқалардан да артық жасайтын істері көп. Сондықтан басқалардың не істей алатыны үшін ұрыспай,оның қолынан келетін істері үшін мақтаңыз.

2. Балаңызды басқа балалармен, олардың көзінше салыстырмаңыз. Басқа балалардың жетістіктерін ақпарат ретінде ғана қабылдаңыз.Сізді басқа елдің президентінің алған ордендері ұялтып, өкіндірмейді емес па? Егер балаңыздың көзінше " ананың баласы пианинода керемет ойнайды" деген мақтау естіп,жауапқа ештеңемен мақтана алмасаңыз - бәрібір бірдеңе айтыңыз.
 

3. Ешуақытта бопсаламаңыз! Сөздігіңізден «мен сен үшін тырысып жатырмын ,ал сен болсаң....» «Мен сені өсірдім,бақтым-қақтым.....» деген сөздерді мүлдем алып тастаңыз! Өйткені , бұл- құрметті ата-аналар, Қылмыстық Кодекс тілімен айтқанда бопсалау деп аталады. Ұялту тәсілінің ең сорлысы. Және де ең нәтижесіз түрі. Өйткені бұндай бопсалауға балалардың 99 пайызы , «онда мені дүниеге әкелмеуің керек еді » деп жауап береді.
 

4. Куәгерлерден аулақ болуға тырысыңыз. Егер сізді ұялтатындай жағдай бола қалғанда ( қарт кісіге дөрекілік көрсетіп, дүкенде шу шығарса) оны ың-шыңсыз ,ол жерден алып кетіңіз.Балаңызбен әңгімені куәгерсіз жүргізген дұрыс болар. Одан кейін балаға неліктен олай жасауға болмайтынын айтып,түсіндіріңіз. Сол жерде баланы ұялтуға болады. Ең бастысы бәрінің да шегі болатынын ұмытпау.

5. Балаға өз махаббатыңызды ашудың тәсілдері. Аналық рольді шебер орындауға асықпаңыз.Баламен қарым-қатынаста эмоцияларға шектеу жоқ, бірақ бір жағдайда ғана: ол сіздің махаббатыңызға күмәнданбауы керек.Бала сізді ашуландырған,қапаландырған оның өзі емес, оның жасаған қылығы екенін сезіну
керек.Сіздің балаңыз жаман болуы мүмкін емес, өйткені ол әлі бала , және де ол- сіздің балаңыз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2023
517
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі