Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ақылдылар әлемі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: «Ақылдылар әлемі» ойыны түріндегі сыныптан тыс жұмыс.
Мақсаты: 1.Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын
арттыру, математикадан алған білімдерін нығайту, ойлау қабілеттерін
дамыту.2. Ұйымшылдыққа , топ болып жұмыс жасауға, өздіктерінен іздене
білуге, ой қорытындысын жасай білуге, шапшаңдыққа, жинақылыққа дағдыландыру.
3.Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру,
күшіне деген сенімін арттырып, үлкен жетістіктеріне жетуге тәрбиелеу.
Ойын түрінде өткізілетін сыныптан тыс жұмысқа 6«а» және 6«ә» сынып оқушылары
2 топқа бөлініп қатысады. Өздері топ басшыларын сайлап, топтың атын, ұранын және
төсбелгі ойлап табады.
Ойын алаңы: магнит тақтада 1-ден 10-ға дейінгі сандар, 4 конверт :жасыл, сары, қызыл, көк
Топтың мүшелері бір сан таңдап алады, әр санға сәйкес тапсырма беріледі.
1. Қызыл конверт- «Логика».
2. «Өрмекші торы».
3. Жасыл конверт- «Математика».
4. Лотерея билеті.
5. « От ».
6. Көк конверт- « 7 жұмбақ ».
7. «Алтын сандық ».
8. « Қамал ».
9. Сары конверт- « Мақал-мәтелдер ».
10. «Қара мысық ».
Ойын шарты:
«Қара мысық» туссе жолыңыздың болмағаны, ойын кезегі келесі топқа беріледі.
« От » келсе , жинаған ұпайларыңыздың 30 ұпайы күйіп кетеді.
«Лотерея билеті»- керісінше 5 ұпай сыйлыққа беріледі.
«Қамалға» келсеңіз , қиын есепке ие боласыз. Ол арнайы сұрақ болады.
«Алтын сандық» -олжаға кенелеміз. Сыйлық аламыз, ойынды жалғастырамыз.
«Өрмекші торына» туссеңіз, логикалық сұрақтарға ие боласыз. Сұрақтың
дұрыс жауабын таппаса, тордан шыға алмайды.
Ойын барысы:
І-жургізуші
-Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жыр салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Математика тілінде
Есеп шешіп жарысып.
І-ж
Құрметті аяулы көрермендер,
Білімменен сусындаған жас өреңдер,
Қош келдіңіз бүгінгі ойын-сайысымызға
Бұл күн қалсын мәңгіге есімізде.
І-ж
Шақырамыз екі топты ортаға
Қол соғады көрермендер таңдана.
Сайыскер өнеріңді ортаға сал,
Осы кеште біліміңді сынап ал.
Білмегеніңді осы бүгін біліп ал.
І-ж
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты?
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!
(Әділқазылар алқасының мүшелерімен таныстырып өтейік)
Математика пәнінің мұғалімдері: 1. Закир Арайлым Закарияевна
2. Айткулова Гүлфия Насифуллиевна
ІІ-ж
Ал, қанеки сайысты біз бастайық
Ұрандарымызды айтып,
Өзімізді таныстырып тастайық. (сөз кезегін әр топқа береміз)
Командалардың өздерімен таныстыруы, сәлемдесуі.
Ойынды бастайтын команданы анықтау үшін, капитандары ортаға шақырылады,
« К » әрпінен басталатын математика терминдерін кім көп айтады, сол команда
бірінші бастайды.
«Логика». І-ж.
Ал қанеки балалар
Құлақ салшы сөзіме
Сұрақ берсем берейін
Логикадан өзіңе
«Өрмекші торы». ІІ-ж.
Ойла-ойла тереңнен,
Жақсы емес-ау көп бөгелген.
Сұрақтарды шешпесең
өте алмайсын бөгеттен
Екі шар беріледі соның ішіне сұрақтар жасырылған сол сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауабына – 5 ұпай
-
4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық бірақ 5-тен кем сан шығады? (үтір)
-
Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады?
-
Анасы 16 мандарин сатып алды. Жартысын Думан жеді, Айша екі мандарин жеді, Қалғанының жартысын Дина жеді. Қанша мандарин қалды? (3)
«Қамал». І-ж.
Тауды биік демеңдер,
Талаптансаң шығарсың
Топ тапсырмалары – (30 ұпай):
7 |
3 |
4 |
20 |
5 |
м |
и |
н |
у |
с |
С. 160: (у+3) = 20
Н. 216: (16-х)=18
М. (8х+91):7=21
У. 5у+3(у-18)=106
И. 8х+4(13х+32)=308
«Математика»- жасыл конвертінің сұрақтары (әр дұрыс жауап – 10ұпай).
1. Екі қатынастың теңдігі? (пропорция)
2. Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар? (қарама-қарсы)
3. Нөлден кіші сандар? (теріс сандар)
4. Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең? (нөль)
5. -21 санына қарама-қарсы санды атаңдар. ( 2 1 )
6. Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)
7. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі? ( 180°)
8. Перпендикуляр түзулер деп қандай түзулерді айтады? (тік бұрыш жасап қиылысатын)
9. «Координаталар» сөзі нені білдіреді? (реттелген)
10. Таңбалары бірдей сандардың көбейтіндісі қандай сан болады? ( Оң сан )
11. Қайсысы көп : 2 метр ме, әлде 201 см ме? ( 201 см)
12. Жарты теңгенің жартысы неге тең? (25 тиын)
13. -18 қосу 11 ? (-7 )
«Логика» - қызыл конверттің сұрақтары (20 ұпай).
1. Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында ,
біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің арасында. Барлығы неше
үйрек ұшып барады? (3).
2. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш
қалады? (5)
3. Екі қолда 10саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады? (50)
4. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Мадина поездың
соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. поезда неше вагон болған? (13)
5. 86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр. (98)
6. Бес тоғыздықпен 10санын қалай алуға болады? ( (9•9) : 9 + 9 : 9)
7. Қандай 3 натурал санның қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? (1,2,3)
8. 1 2 3 4 5 =2 теңдік орындалатындай цифрлар арасына амалдар таңбасын қойыңдар
(1+2+3+4) : 5 = 2 )
9. Адасқан әріптер. Қандай сөздер:
Нарадс, тазауй, киреш, ретм (сандар, азайту, ширек, метр)
10. Сан тізбегін жалғастыр : 9, 1, 7, 1, 5, 1,.......... (3, 1)
3, 7, 11, 15, 19..........( 21 ).
«Мақал-мәтелдер» - сары конверт. (30 ұпай)
Құрамында сандар бар мақал-мәтелдер айтыңдар.
« Жеті жұмбақ» - көк конверт . (30 ұпай)
1. Атадан 10 боламыз,
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кеде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейтіп те аламыз. (цифрлар)
2. Бөлмеде 2 ит , 3 құс , 1 шыбын бар.Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын
қосып есептегенде қанша болады? (20)
3. Екі адам 5метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті
кесуге 1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді? (6 минут)
4. Бір-бірімен жарысқан,
Бес аю, бір арыстан,
Екі қой мен үш түлкі
Бәрі нешеу кім білді? (11)
5. Ағаш үстінде 30 торғай отырды. Аңшы 1 торғайды атып алды. Олардың
қаншасы қалды? (1 торғай қалды, басқалары ұшып кетті)
6. Төрт тяқтың 8 ұшы бар. Алты жарым таяқтың неше ұшы бар? (14)
7. Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі.
Екі қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой. (15)
Қосымша тапсырма «Ашылмаған құпиялар» /топтық жұмыс, постер қорғау/
Топтық жұмыстың шартымен таныстырып өтейін. Әр топқа жеке – жеке тақырыптар беріледі. Сол тақырыптарды ашып қағаз бетіне түсіріп, қорғайсыздар. 5 балдық жүйемен бағаланады.
1) Математика – не туралы? /5 сынып/
2) Математиканың бізге үйретері бар ма? /6 сынып/
Жүргізуші:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер, - деп бүгінгі білім сайысын қорытындылаймыз. (Сайыс
нәтижесін әділқазылар хабарлайды)
-
4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық бірақ 5-тен кем сан шығады?
-
Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады?
-
Анасы 16 мандарин сатып алды. Жартысын Думан жеді, Айша екі мандарин жеді, Қалғанының жартысын Дина жеді. Қанша мандарин қалды?
Топ тапсырмалары – (30 ұпай):
7 |
3 |
4 |
20 |
5 |
|
|
|
|
|
С. 160: (у+3) = 20
Н. 216: (16-х)=18
М. (8х+91):7=21
У. 5у+3(у-18)=106
И. 8х+4(13х+32)=308
«Математика»- жасыл конвертінің сұрақтары (әр дұрыс жауап – 10ұпай).
1. Екі қатынастың теңдігі?
2. Айырмашылығы тек таңбаларында ғана болатын сандар?
3. Нөлден кіші сандар?
4. Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең?
5. -21 санына қарама-қарсы санды атаңдар.
6. Бұрышты өлшейтін құрал?
7. Жазыңқы бұрыштың градустық өлшемі?
8. Перпендикуляр түзулер деп қандай түзулерді айтады?
9. «Координаталар» сөзі нені білдіреді?
10. Таңбалары бірдей сандардың көбейтіндісі қандай сан болады?
11. Қайсысы көп : 2 метр ме, әлде 201 см ме?
12. Жарты теңгенің жартысы неге тең?
13. -18 қосу 11 ?
-
4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда 4-тен артық бірақ 5-тен кем сан шығады?
-
Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар. Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады?
-
Анасы 16 мандарин сатып алды. Жартысын Думан жеді, Айша екі мандарин жеді, Қалғанының жартысын Дина жеді. Қанша мандарин қалды?
«Логика» - қызыл конверттің сұрақтары (20 ұпай).
1. Аспанда бір қатар үйректер ұшып барады. Біреуі алдында, екеуі артында ,
біреуі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің арасында. Барлығы неше
үйрек ұшып барады?
2. Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш
қалады?
3. Екі қолда 10саусақ. Сонда 10 қолда неше саусақ болады?
4. Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Мадина поездың
соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. поезда неше вагон болған?
5. 86 санын ешқандай жазу жазбай 12-ге арттыр.
6. Бес тоғыздықпен 10санын қалай алуға болады?
7. Қандай 3 натурал санның қосындысы олардың көбейтіндісіне тең? (
8. 1 2 3 4 5 =2 теңдік орындалатындай цифрлар арасына амалдар таңбасын қойыңдар
(
9. Адасқан әріптер. Қандай сөздер:
Нарадс, тазауй, киреш, ретм
«Мақал-мәтелдер» - сары конверт. (30 ұпай)
Құрамында сандар бар мақал-мәтелдер айтыңдар.
« Жеті жұмбақ» - көк конверт . (30 ұпай)
1. Атадан 10 боламыз,
Бір-бір жастан арамыз.
Қосылып кейде басымыз,
Азайып кеде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейтіп те аламыз.
2. Бөлмеде 2 ит , 3 құс , 1 шыбын бар.Осы жануарлардың бәрінің аяқтарын
қосып есептегенде қанша болады?
3. Екі адам 5метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті
кесуге 1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді?
4. Бір-бірімен жарысқан,
Бес аю, бір арыстан,
Екі қой мен үш түлкі
Бәрі нешеу кім білді?
5. Ағаш үстінде 30 торғай отырды. Аңшы 1 торғайды атып алды. Олардың
қаншасы қалды?
6. Төрт тяқтың 8 ұшы бар. Алты жарым таяқтың неше ұшы бар?
7. Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан.
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі.
Екі қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой.
Мерзімі: 18.02.15ж
Тақырыбы: «Ойлан, тап! »
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту арқылы ұқыптылыққа,алғырлыққа, тапқырлыққа және жарысу арқылы тез, дұрыс есептей білуге дағдыландыру. Оқушылардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, ынтымақтастыққа, жұмыс істеуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.
Әдісі: Сыни тұрғысынан ойлау, топпен жұмыс, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, презентация, кеспе қағаздар,түрлі-түсті қағаз.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Психологиялық дайындық. «Шаттық шеңбері»
ІІІ. Топтардың сәлемдесуі, ұраны.
ІV. «Кім жылдам?» сайысы
V. Тапқырлық сайысы.
VІ. Сергіту сәті: «Қара жорға» биі.
VІІ. Біліктілік сайысы.
VІІІ. «Жүйрік болсаң, озып көр!» Спикерлер сайысы.
ХІ. Топтың тапсырмалары.
X. Қорытындылау.
XІ. Бағалау.
Сайыстың жүру барысы:
1.Топтардың сәлемдесуі,ұраны.
2. «Кім жылдам?»сайысы-(1ұпай)
2бала көзін басты
5бала тұра қашты
Үшеуі сайға тығылды
2-уі ойға тығылды
Қанша бала тығылмақ
Ойнайды екен, жылдам тап? (12)
2.Биік терек алда тұр
Басында көп алма тұр
Бұтақ сайын 5 алма
5бұтақта неше алма
Қане ойлап бағайық
Шешімін тез табайық. (25)
3.Аулада 5 үйрек, қорада 3үйрек.
1 үйрек тығылды, 1 үйрек жығылды, қалғаны неше үйрек? (6)
4. 11түйе,5 жылқы,2 сиыр, 2 ешкі, 2 қоян, 3 түлкі, таба алмасаң, бол күлкі.(25)
5.Портфелімде әуелі, 13 жаңғақ бар еді,
Науат пен Сағатқа, Самат пен Маратқа , Апасына Қанаттың,
-2-2ден тараттым. Қанша жаңғақ қалғанын , айта қойшы шешімін? (3)
6. Бір-бірімен жарысқан-4 аю, 1 арыстан, 2 қой мен 1 түлкі Бәрі нешеу кім білді? (8)
3. Тапқырлық сайысы- (1ұпай)
1. 4 қойдың неше аяғы бар?(16)
2. 1Жылдың неше айында 30 күн бар? (5)
3. Егер тырна 1 аяғымен тұрса, 3 кг болады, ал 2 аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3)
4. Ең үлкен 2 таңбалы сан? (99)
5. Миллионда неше нөл бар? (6)
6. 1ағаштың 12 бұтағы бар, әр бұтағында отыздан жапырағы бар, жапырақтың 1 жағы ақ, 1 жағы қара?(жыл, ай, күн мен түн)
4. Сергіту сәті: «Қара жорға» биі.
5. Біліктілік сайысы –(1 ұпай) (Санға байланысты мақал- мәтелдер жалғасын тап):
1. Жеті жұрттың тілін біл,...(7 түрлі білім біл)
2.Білекті 1-ді жығар,...(Білімді 1000-ды жығар)
3. 2 жақсы қас болмақ,...(2 жаман дос болмақ)
4.100 сомың болғанша,...(100 досың болсын)
5.30 тістен шыққан сөз,..(30 елге тарайды)
6. 1 кісі қазған бұлақтан,... (1000 кісі су ішеді)
7. 30 күн оразаның,... (1 күн айты бар)
8. 1 жылы сөз,... (көп күнге азық)
9. Жерді 2 рет жыртқан,... (өнімді 2 есе алады)
10. 1 күндік жолға шықсаң,...(3 күндік азық ал)
6.«Жүйрік болсаң, озып көр!» Спикерлер сайысы- (1 ұпай):
1. 50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы көрінуі керек?(5)
2. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек? (бұрыс бөлшек)
3. Кит 250000 кг. Ол неше тонна? (250т)
4.1 минут 1 сағаттан неше минут кем? (59)
5. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш? (шаршы)
6. 3 кесіндіден құралған фигура?( үшбұрыш)
7. Үстел беті төртбұрышты, оның 1 бұрышын кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5)
8. 1 жанұяның 3 ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бап.Жанұяның қанша баласы бар? (4)
7. Топ тапсырмалары – (1 ұпай):
7 |
3 |
4 |
20 |
5 |
м |
и |
н |
у |
с |
С. 160: (у+3) = 20
Н. 216: (16-х)=18
М. (8х+91):7=21
У. 5у+3(у-18)=106
И. 8х+4(13х+32)=308
8. Қорытынды.
9. Баға.
Тақырыбы: «Математика – керемет әлем» көңілді тапқырлар сайысы.
Мақсаты: оқушыларды логикалық және шығармашылық есептерді ауызша әрі тез
есептей білуге дағдыландыру.
Түрі: Интелектуалдық сайыс
Әдісі: Сыни тұрғысына ойлау, топтық, сұрақ - жауап
Қолданылатын көрнекіліктер: Қанатты сөздер, шарлар, сұрақтар, стикерлер
және «Математика – керемет әлем» тақырыбы.
Барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
-
Оқушылармен амандасу, түгендеу
-
Оқушыларға психологиялық дайындық жүргізу
-
Сайыстың жоспарымен таныстыру
Интелектуалдық сайыстың жоспары:
-
Сәлемдесу /топтың атын, ұранын, төсбелгісін таныстыру/
-
Үй тапсырмасы /ребус шешу/
-
«Қас – қағым сәт» /блиц - турнир/
-
«Ашылмаған құпиялар» /постар қорғау/
-
«Білгенге маржан» /судоку шешу/
-
«Суретшілер» сайысы
-
Қорытындылау «Бес саусақ»
І. Мұғалім сөзі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Білімнің сусындатқан теңізінен,
Нәр берген жүрекке жылы лебізімен.
Бүгін біз метматиканың жұмбақты да тартымды әлемінің қызықты әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізу үшін, «Математика – керемет әлем» атты көңілді тапқырлар сайысын бастаймыз. Сайысқа қатысушы топтарды таныстырып, оларды ортаға шақырайық.
Кітап алып қолына,
Берілген ғылым жолына,
Есепті шешу түк емес,
____________________ тобына – дей келе 5 сыныптың «______________» құрама тобын ортаға шақырайық.
Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от, көздерінде жалын бар.
____________________ тобын, халайық,
Қол соғып қарсы алайық – ортаға «____________________» құрама тобын ортаға шақырайық.
ІІ. Мұғалім сөзі:
Шын жүрек шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда,
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Бүгінгі сайысқа қатысушы топтардың білімі мен тапқырлығын бағалар қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
ІІІ. Мұғалім сөзі:
Асып әсте саспайық,
Сайыс қызығын, достарым,
Осылайша шабытпен
Қане, енді бастайық!
Топтың атын, ұранын, төсбелгісін қорғау 5 балдық жүйемен бағаланады. Сахна төріне «____________________» құрама тобының өздерін таныстыруын тыңдайық.
Келесі «____________________» құрама тобының өздерін таныстыруын тыңдайық.
ІV. Мұғалім сөзі:
Үй жұмысы /ребустар шешу/. Әр топ дайындап келген ребустарын ауыстырып шешеді.
V. Мұғалім сөзі:
«Қас – қағым сәт» /блиц - турнир/.
Сынақтың шартымен таныстырып өтейін. Әр топқа жеке – жеке 20 сұрақтан қойылады. Кідірмей тез жауап беру керек. Дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Егер дұрыс жауабын білмесе, келесі деп айту керек. Сонда екінші топқа жауап беруге болады.
1. «____________________» құрама тобына қойылатын сұрақтар
1. Сәуленің ұшы бола ма? (ия)
2. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш? (шаршы)
3. Қосудың теңдігі ? (қосынды)
4. Ең кіші 3 таңбалы сан? (100)
5. Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)
6. Метрде қанша сантиметр бар? (100)
7. Ең кіші жай сан? (2)
8. Кесінді тұйықталған ба? (ия)
9. Азайтудың теңдігі? (азайтынды)
10. Қай санды бөлуге болмайды? (0)
11. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)
12. Шеңберді сызатын құрал? (циркуль)
13. 1 кг да қанша грамм бар? (1000)
14. Ең кіші натурал сан? (1)
15. Нөлден кіші
сандар (теріс сандар)
16. Бірге және
өзіне ғана бөлінетін сандар ( жай
сандар)
17. Нөлден
үлкен сандар ( оң сандар)
18. Ең кіші
натурал сан (бір)
19. қыс пен көктемде неше ай бар? (6 ай)
20. 1 дм 4 см нешеге тең? (14 см)
2. «____________________» құрама тобына қойылатын сұрақтар
1. Шеңбер нүктесін центрімен қосатын кесінді? (Радиус)
2. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш? (шаршы)
3. Санның жүзден бір бөлігі? (пайыз)
4. Берілген фигуралардың қабырғаларының қосындысы? (периметр)
5. Дөңгелектің ең үлкен хордасы? (диаметр)
6. Жазықтықта
қиылыспайтын екі түзу (
паралель)
7. Екі
қабырғасы тең үшбұрыш ( тең бүйірлі
)
8. Бірге және
өзіне ғана бөлінетін сандар ( жай
сандар)
9. Бұрышты
өлшейтін құрал
(транспортир)
10. Санның
жүзден бір бөлігі ( процент)
11. Екі
қатынастың теңдігі (
пропорция)
12. Қандай сан
барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді?
(нөл)
13. Нөлден
үлкен сандар ( оң сандар)
14.
26 дәрежесі неге тең? (64)
15. 1 тоннада неше центнер бар? (10ц)
16. ОХ осі қалай аталады? (абсцисса)
17. ОУ осі қалай аталады? (ордината)
18. Екі санныңқосындысы 57, айырмасы 15. Ол қандай сандар? (36, 21)
19. анасы 16 мандарин сатып алған. Жартысын Думан жеді, Айша екі мандарын
жеді, қалғанын Дина жеді. Дина неше мандарин жеген? (6)
20. жеген сайын жылататын не? (таяқ)
VІ. Мұғалім сөзі:
«Ашылмаған құпиялар» /топтық жұмыс, постер қорғау/
Топтық жұмыстың шартымен таныстырып өтейін. Әр топқа жеке – жеке тақырыптар беріледі. Сол тақырыптарды ашып қағаз бетіне түсіріп, қорғайсыздар. 5 балдық жүйемен бағаланады.
1) Математика – не туралы? /5 сынып/
2) Математиканың бізге үйретері бар ма? /6 сынып/
VІІ. Мұғалім сөзі:
Математикалық атаулар мен ұғымдар,
Есте болар достарым бәріңнің де.
Енді бір сәт солардан тізбек құрсақ,
Артық болмас, бастайық кезек сізде.
Сергіту сәті: Жаңылтпаштар сайысы.
1. Рационал сан, иррационал сан
Иррационал сан, рационал сан
Біріккен сан, болған сан
Нақты сан деп аталған сан.
2. Шеңбер, шеңбер доп емес
Доп сияқты, доп емес
Доп деп, доп деп шеңберді
Ойлама шеңбер ол емес.
3. Айқыш бұрыш, айқыш бұрыш
Тең – тең бұрыш, тұтас бұрыш
Тұтас бұрыш, тұтас бұрын
Сәйкес бұрыш, құрған бұрыш
Жазыңқы бұрыш, құрған бұрыш.
VІІІ. Мұғалім сөзі:
Математика сырлары,
Қызықтырады біздерді.
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді – деп, «Суретшілер» сайысына кезек береміз. Алдарыңызға берілген координаталық түзуде координаталық нүктелерді бергілеп қоссақ, сурет пайда болады.
1. «____________________» құрама тобына «ҰШАҚ» (-7; 0), (-5; 2), (7; 2), (9; 5), (10; 5), (10; 1), (9; 0), (-7; 0), (0; 2), (5; 6), (7; 6), (4; 2), (0; 1), (6; -3), (8; -3), (4; 1), (0; 1).
2. «____________________» құрама тобына «ЖЕЛКЕНДІ ҚАЙЫҚ» (0; 0), (-10; 1), (0; 16),
(-1; 2), (0; 0), (-9; 0), (-8; -1), (-6; -2), (-3; -3), (5; -3), (10; -2), (12; -1), (13; 0), (-9; 0), (0; 0), (0; 16), (12; 2), (0; 0)
IX. Мұғалім сөзі:
«Математика – керемет әлем» интеллектуалдық ойының қорытындысын айту үшін, сөз қазылар алқасына беріледі.
Бүгінгі «Математика – керемет әлем» атты көңілді тапқырлар сайысының кері байланысын берейік. 1) бүгінгі сабақта ең бірінші не ұнады?
2) не ұнаған жоқ?
3) өзің жаңадан не білдің?
4) алған әсерін қандай?
5) маған ұсыныс, тілек.
Алдыңызда жайнаған жүздеген әні,
Сіздермен кездесерміз біздер әлі.
Әділқазы, көрермен сау тұрыңыз,
Күтеді бізді жарқын күндер әлі!!!