Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақылдылар мен тапқырлар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүлдіршіндерді білімге баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ғ. Малдыбаев атындағы

Жаңажол орта мектебі







\Shape1













Дaйындaғaн: М.Е. Ожықаева






«Ақылдылар  мен тапқырлар» сайысы

Мақсаты: Оқу іс-әрекетінің  әр саласынан білімдерін кеңейту. Балалардың  ой- өрісін, қиялдарын  дамытып, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Сөздік  қорын молайту. Сыйластыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

 Көрнекілігі:

  • нөмірленген  асықтар

  • слайд бейнепроектор

  • үнтаспа

  • құрастыру құралдары тб.

Тәрбиеші:

-Армысыздар, құрметті қонақтар!

                                Күндей жадырап,жұлдыздай жарқырап,

                                Судай мөлдір, таза көңілмен бүгінгі

                               «Ақылдылар  мен тапқырлар» –сайысын  ашық  деп  жариялаймын.

Ортаға 1-ші «Достар» тобын,  2-ші «Тұлпар»  тобын шақырамын.

Тәрбиеші:  

- Сайысымыз 8  бөлімнен  тұрады.               

 1-ші бөлім: Екі  топ   таныстыру.

  2-ші бөлім: Тапқырлар сайысы.Қойылған сұрақтарға жауап  беру.

 3-ші бөлім: Бейнетаспадағы  тапсырма. Қай ертегіден үзінді және әндерді табу?

  4-ші бөлім Дәрумен арқылы күш жинаймыз. ( кофе шай)

 5-ші бөлім: жапсыру қиындылардан сурет құрстыру

 6-шы бөлім: капитандар сайысы

  7-ші бөлім «қимылды тап» ойыны

8-ші бөлім: сөз шеберлігі

        

  Сайысымызды бастамас бұрын бүгінгі әділқазылар  алқасымен таныстырамын.

  Әділқазылар алқасы қонақтардан сайланады.

  Әділқазылар  мүшелері:

  Енді жеребе тастайық. Ендеше, мына қоржынның  ішінен нөмірленген  асықты алып сайысты қай топ бастайтынын білейік.

 1-ші бөлім:  Екі топпен таныстыру

  «Достар» тобы ұраны:

                                      Достар бірге  жүреміз,

                                      Бірге ойнаймыз, күлеміз.

                                      Бірге  сабақ  оқимыз.

                                      Міне,біздер қандаймыз!

                                      Бөлінбейді  іргеміз,

                                      Әрқашанда біргеміз.

  «Тұлпар» тобына бізден жалынды сәлем!

«Тұлпар» тобы   ұраны:                                     

                                       Шын жүйріктер сыналады жарыста,

                                       Жарыстың ба, орта жолда  қалыспа.

                                       Тұлпарша жүйткіп шабатын,

                                       Тұлпар тобы – жарыста.

«Достар» тобына бізден жалынды сәлем!

Тәрбиеші:  

-  Кімдер жүйрік, білімпаз біз білейік.

    Бақшамыздың  жеңімпазы деп жүрейік.

    Қазылардан тек қана  әділдікті,

    Ал сайыскерлерге  сәттілік тілейік!

    /Балалар  өздерін таныстырып  болған  соң, дөңгелек үстел басына  отырады./



2-ші  бөлім:   Тапқырлар сайысы, екі топқа қатарымен кезектеп сұрақтар қойылады дұрыс жауап берілсе гүлдер жапырақшалары жиналады.

        Есеп:

  1. Қай сан көп 5 немесе 7?  / 7/

  2. 2+6 қосындысы?  /8/

           Қоршаған  дүниемен  таныстыру.

  1. Жыл мезгілдері қанша?

  2. Бір аптада неше күн?

            Сауат ашу.

  1. Дауысты дыбыс  дегеніміз  не? 

  2. Дауыссыз дыбыс  дегеніміз  не? 

  3. Алма сөзі орысша

  4. Алмұрт сөзі орысша

3-ші бөлім: Бейнетаспадағы  тапсырма. Қай ертегіден үзінді?

(4 бейнетаспаны көрсету

    1. Тышқан мен мысық

    2. Алдаркөсе

    3. Қошқартеке

    4. Маша мен аю) музыка әуендері

  4-ші бөлім Дәрумен арқылы күш жинаймыз. ( кофе брек)

Дәрумендік  үзіліс.  ( алма тосабын  ішу, тарату)

     

  5-ші бөлім: жапсыру қиындылардан сурет құрстыру

Екі топқа екі суреттің қиындылары беріледі, бір сурет шығару

 6-шы бөлім: капитандар сайысы

Көздері байлаулы түрінде капитандарға заттар беріледі, капитандар заттарды сипап атын айту. Топтары айтып, көмек берсе ұпай саналмайды.

  7-ші бөлім «қимылды тап» ойыны

Миимкалық қимыл арқылы көрсете отырып, көрші топ жауабын айту керек.

  8-ші бөлім: сөз шеберлігі



Пришепкада қыстырылып тұрылған әріптерге сөз келтіру

 Тәрбиеші:

- балалар бүгінгі сайысымыз аяқталды

Шеберлікті білімді
Сараптап сіздер көрдіңіздер
Әділ - қазы алқасына сөз кезегі

Балалар қатысқандарыңызға көптен көп рахмет!

Мараппаттау





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
1169
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі