Батыр, жырау Ақтамберді Сарыұлының туғанына (1675-1768) 350 жыл «Ақын да, батыр да, балуан да, қолбасшы да бола білген жырау» атты әдеби кеш
Мақсаты: 17 жасынан бастап қалмақтармен, Орта Азия билеушілерімен болған шайқастарға қатысып, соғыстарда ол батылдығымен ерекшеленіп, кейінірек әскербасылық қабілетімен де көзе түскен Ақтамбердінің тарихта алатын орнына тоқталып, өнерімен, талантымен, дарынымен ғана қызмет етіп қоймай, өзі қолына қару алып, қан майданға түскен батырлығын дәріптеу, нақыл-өсиет түрінде жазылған жырларынан ғибрат алу.
1-жүргізуші:- Құрметті де ардақты қонақтар! Біз бүгін сіздермен бірге «Ақын да, батыр да, балуан да, қолбасшы да бола білген жырау» атты әдеби кешке жиналып отырмыз.
2-жүргізуші:- Тарихтан ойып тұрып орын алар Батыр, жырау Ақтамберді Сарыұлының туғанына (1675-1768) 350 жыл
1-жүргізуші:- Ақтамберді жырау 1675 жылы Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі Қаратауда туған, 1768 жылы Семей облысының Абай ауданындағы Жүрекжота деген жерде қайтыс болған. Жорық жырауы, әскербасы, қоғам қайраткері.
2-жүргізуші:- Жауға шаптым ту
байлап,
Шепті бұздым айғайлап.
Дұшпаннан көрген қорлықтан
Жалынды жүрек қан қайнап,
Елді-жұртты қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап!-деп елі үшін еңіреп өткен азаматтың
бірі.
1-жүргізуші:- Бүгінгі кешіміз үш бөлімнен тұрады: 1.Зерделеу,
2.Толғау,
3. Нақыл сөз.
https://youtu.be/NCpUCVLmvHw «Қазақ жырауларының тарихы»
2-жүргізуші:- 1- бөлім Зерделеу
Оқушы:- Қазақ халқы басынан кешірген ұлы күйзелістер кезінде өмір сүрген Ақтамберді 17 жасынан бастап қалмақтармен, Орта Азия билеушілерімен болған шайқастарға қатысады. Бұл соғыстарда ол батылдығымен ерекшеленеді, кейінірек әскербасылық қабілетімен де көзе түседі. Талай- талай ұрыстарда ысылып, батыр атанған Ақтамберді жырау тарихқа «Ұлы апат жылдары» болып енген оқиғалардың ішінде жүрді.
Оқушы:- Жыраудың ақындық даңқымен балуандық, батырлық даңқы қатар
шығады. Орта Азия хандықтарымен, қалмақтармен арадағы ұрыстарға
қатысып алғашқы кезде жеке басының ерлігімен, соңынан қолбасшылық
қабілетімен көзге түседі. Сақа батырлар санатына қосылған кезде
атақты «Ақтабан шұбырындының» куәгері болады.
Осы кезде ол жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт азаттық күресін
ұйымдастырушылардың және жеңісті жорықтарға дем берушілердің бірі
ретінде танылады. Ақтамберді батыр 70 жыл бойы туған жерін
жаудан қорғады, атақты шешен, беделді би, белгілі ақын-ертегіші
болған. Оқушы:- Жоңғар мемлекетін талқандап, Қазақстанның шығыс өңірін жау
қолынан босатқаннан кейін, Ақтамберді жырау қазақтарды ежелгі
ата-
бабалары өмір сүрген қоныстарына орналастыруға белсене атсалысты.
Ақтамберді өз қарамағындағы қазақ руларын отырықшылыққа үйретуге тырысты. Бұл бағытта арық қазуды, бөген салуды ұйымдастырып, қазақтарды егін шаруашылығына үйретуді қолға алады.
Оқушы:- Ақтамберді жырау туындылары негізінен нақыл-өсиет түрінде келеді. Олардан көшпелі қазақ халқының ой-арманын, мақсат-мүдделерін білуге болады. Көшпенділердің өміріндегі үй жануарлары, әсіресе жылқының орны мен рөлі туралы ой -толғаулары өзгелерден биік туады. Ол жылқы малын «ер қанаты» дей келе, оны жауға қарсы шапқан батырдың серігі ретінде суреттейді.
Оқушы:- Ақтамберді жырларының арқауы батырлыққа үндеу, жауға қарсы соғысқа жігерлендіру болып табылады. Ол жоңғарлардың билігінде қалған қазақ далаларын азат етуді, қазақ халқының өрлеуін, жоңғар басқыншыларын толығымен жеңуді армандайды. Көптеген өлеңдерде қазақ халқын жауға қарсы жан аямай күресуге шақырады. Ақтамберді жыраудың сұрапыл соғыстар кезінде туындаған өлеңдері XVIIIғасырдағы қазақтардың жауынгерлік өр рухын дәріптейді.
Оқушы:- Ақтамберді өз ғұмырнамасын толғауларына көркемдік қуаты зор, келісті нақыштармен түсірген. Шығармалары зиялы зергердің қолтаңбасын танытады. Әлі де қолға түспеген толғаулары ел аузында сақталуы ықтимал. Қазіргі қолда бары 300 жолдан аспайды. Азғантай қазынасының өзі афоризмдерге толы. «Күмбір-күмбір кісінетіп», «Уа, қарт Бөгембай», «Менімен ханым ойнаспа», «Жауға шаптым ту байлап», «Заманым менің тар болды» және тағы басқа өлең-толғаулары батылдыққа, ізгілікке, патриоттық күй-сезімдерге толы. Ақтамбердінің «Балаларыма өсиет» деп аталатын толғауы соңғы туындыларының бірі болса керек. Жырау балаларын тірліктегі бірлікке, талап мұратқа, татулыққа үндейді. Жас ұрпақтың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы елді мақсатына жеткізерін ескертеді. Халықты алауыз мінездерден сақтандырады.
Оқушы:- Шығармашылығында әсіресе, жылқының көшпенділердің өміріндегі орны мен рөлі туралы ойлар жеке орын алады. Атты ер «қанаты» дей отырып, оны батырдың серігі ретінде бейнелейді.
Ақтамбердінің толғаулары мен жырлары С. Мұқановтың «Қазақтың 18-19 ғасырдағы әдебиетінің тарихынан очерктер» (1942), «Ертедегі әдебиет нұсқалары» (1967), «Алдаспан» (1971), «15-18 ғасырдағы қазақ поэзиясы» (1982), «Бес ғасыр жырлайды» (1985) жинақтарына енгізілген.
Жырау 1768 ж. Семей облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан) Абай ауданы Жүрекжота мекенінде дүниеден өткен.
Оқушы:- Мәуен Хамзин «Ақтамберді жорық жырауы болған. Қол бастайтын себебі, соның бір жыршысы, рухтандырушы санаткері ғана болған жоқ. Өздері сауыт киіп, өздері қан майданға түскен. Туған жер үшін қаламын ғана жұмсамаған, қасық қанын да қиғамақшы болған. Ол сирек кездесетін құбылыс. Өнерімен, талантымен , дарынымен ғана қызме етіп қоймай, өзі қолына қару алып, қан майданға түсті. Бұл көп жігіттерде кездесе бермейтін қасиет».
2 - жүргізуші:- Ақтанберді аласапыран кезеңде туып, шайқас алаңында шыңдалып өскен Ақтанберді жырлары қазақтардың он сегізінші ғасырдағы жаугершілікке толы өмірінің шынайы суреттерін алға тартады.
Оқушы:- Ақтанберді жырларындағы негізгі сарын ерлікке үндеу, жауға қарсы күреске жігерлендіру. Ол жау табанында қалған жерлерді азат етуді аңсайды, бүкіл қазақ болып бірігіп атқа қонуды, жоңғарларға күйрете соққы беруді армандайды. «Балпаң балпаң кім баспас», «Жауға шаптым», «От басар орыны отаудай» секілді біраз жырларында жұртшылықты ата жаумен айқасқа шақырады. Ел қорғау жолында өлген ерде арман жоқ деп білді.
Жүргізуші:- Келесі бөлім Толғау. Күлдiр де күлдiр кiсiнетiп өлеңді ведиодан көріп тыңдайық. https://youtu.be/n5GfWaWJiw4 Жәнібек Кәрменов- Ақтамберді жырау Күлдір күлдір кісінетіп
Күлдір күлдір кісінетіп
Күлдiр де күлдiр кiсiнетiп,
Күреңдi мiнер ме екемiз,
Күдерiден бау тағып,
Ақ кiреуке киер ме екемiз!
Жағасы алтын, жеңi жез,
Шығыршығы торғай көз
Сауыт киер ме екемiз!
Ор қояндай жүгiнтiп,
Аш күзендей бүгiлтiп,
Жолбарыстай шұбарды
Таңдап мiнер ме екемiз!
Сол шұбарға мiнген соң,
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Қол төңкерер ме екемiз.
Жалаулы найза жанға алып,
Жау қашырар ма екемiз!
Тобыршықты әндiген
Толтыра тартар ма екемiз!
Тобылғы түбi құралай,
Бытыратып атар ма екемiз!
Жарлауға бiткен жапырақ –
Жамылсақ тоңар ма екемiз.
Жазыққа бiткен бүлдiрген –
Сұғынсақ тояр ма екемiз!
Тобылғы сапты қамшы алып,
Тұмар мойын ат мiнiп,
Қоныс та қарар ма екемiз!
Ел жазылып жайлауда
Жақсылар кеңес құрғанда
Мұртымыз өрге шаншылып,
Бұрын да сөйлер ме екемiз!
Оқушы:- Жағама қолдың тигенін
Жағама қолдың тигенін,
Жалғыздық, сенен көремін.
Жамаулы киім кигенім,
Жарлылық, сенен көремін.
Атадан тудым жалқы боп,
Жақыннан көрдім талқы көп,
Жасым жетпей он беске,
Қорғайтын жан адам жоқ.
Кәрі ақсайды ақылдан,
Ер ақсайды жақыннан,
Қазір әлсіз болсам да,
Үмітім бар ақырдан.
Жасым жетіп он беске,
Кірер ме екем кеңеске,
Бұғана қатып, бел бекіп
Ерегескен дұшпанмен
Шығар күн туса күреске!
Дұшпаннан көрген қорлығым
Сары су болды жүрекке.
Он жетіде кұрсанып,
Қылыш ілдім білекке.
Жауға қарай аттандым,
Жеткіз деп, Құдай, тілекке!
Салпаң да салпаң жортармын,
Сары азбанға қосымды артармын.
Торлаусыз өскен құланмын,
Мезгілсіз жусап өрермін.
Байраққа біткен құрақпын,
Саусағым жерге түсірмен.
Жапанға біткен терекпін,
Еңсемнен жел соқса да теңселмен.
Қарағайға қарсы біткен бұтақпын,
Балталасаң да айрылман.
Сыртым құрыш, жүзім болат,
Тасқа да салсаң, майрылман!
Оқушы:- Еділ, Жайық - екі өзен
Еділ, Жайық - екі
өзен,
Талсыз болар деймісің.
Көкшетаудың көп көлі
Елсіз болар деймісің.
Бота көзді бойжеткен
Жарсыз болар деймісің.
Абылай қонған кең қоныс
Елсіз болар деймісің.
Еркін жайлап қонған соң,
Малсыз болар деймісің.
Тұлпар туған құлыншақ
Ерсіз болар деймісің.
Тебінген тепкі тиген соң,
Терсіз болар деймісің,
Алқынған арын баспайтын
Өрсіз болар деймісің.
Орын тапқан ер жігіт
Жерсіз болар деймісің.
Орда тігіп орнаса,
Торсіз болар деймісің!
Оқушы:- Жағалбай деген ел болар
Жағалбай деген ел
болар,
Жағалтай деген көл болар.
Жағалтайдың
жағасы
Жасыл да байтақ ну болар.
Атадан алтау
туғанның
Жүрегінің бастары
Алтын менен бу болар.
Атадан жалғыз туғанның
Жүрегінің бастары
Сары да жалқын су болар,
Жалғыздық, сені қайтейін!..
Оқушы:- Сары аязда қата ма
Сары аязда қата ма
Қайнардың аққан тұнығы?
Қап түбінде жата
ма
Болаттың асыл
сынығы?
Халқың тозып, кем болмас,
Әділ болса ұлығы.
Рақымсыз жақыннан
Халқы қатты түңілер.
Сырқат болсаң жат жерде,
Жаныңа кім үңілер?!
Әділ туған жақсыға
Екі даугер жүгінер,
Тізесін қисық бұрмаса,
Асылдығы білінер.
Оқушы:- Уа, Қарт Бөгенбай!
Уа, Қарт Бөгенбай!
Құяр жауын аспаннан,
Қара бұлт торласа.
Пәлекет елде көбейер,
Жігітті жігіт қорласа.
Ақбөкен келіп жығылар,
Алдын қазып орласа.
Пенденің бағы ашылмас,
Мандайы қалың сорласа.
Дұшпан қорлап не қылмақ,
Бақыт басқа орнаса!
Қынаптан қылыш суырмай,
Қарысқан жау бүлк етпес,
Жуылмай қастың қанымен,
Намысқа тиген кір кетпес.
Шабыссаң, қане, шығып көр,
Жау емессің күш жетпес,
Дарабоздай қолбасы
Абыройын кірлетпес!
Ұрын келген күйеу қайда,
Жесір қайда тіл отпес?
Жендетті көрсет көзіме,
Желіккен басты кім кеспес?!
Елінді жүндей түткізіп,
Қанды көбік жұтқызып,
Жайратамыз осы кеш!..
«Балаларыма өсиет»
Оқушы:- Атақты жыраудың «Балаларыма өсиет» деп басталатын өлеңі түгел келешек жастарға арналған ақыл-нақылға толы дана сөздер:
Балаларыма өсиет:
Қылмаңыздар кепиет,
Бірлігіңнен айрылма,
Бірлікте бар қасиет.
Татулық болар береке,
Қылмасын жұрт келеке,
Араз болсаң алты ауыз
Еліңе кірген əреке.
Талпынып салдым егінді,
Ішсін деп əркім тегінді,
Ақылың барың ұғарсың,
Ойың болса сезімді.
Тоқсанға жас келген соң,
Өлім жақын көрінді.
Бар арманым айтайын,
Батырларша жорықта
Өлмедім оқтан, қайтейін!
Ел аман болсын ылайым,
Тілегім берді бəрін де,
Ризамын, Құдайым !
Ақтамберді жырау «адамның артықшылығы жомарт, жайдары мінезінде, ақылы мен білімінде», деп атап көрсетеді. Асыл ару, ақылды жас, жайдары да білімді, пейілді, өзіне-өзі сын көзімен қарай білетін, дандайсымай кішіпейіл жүретін ұяты мен ары таза əділ азаматты ардақтайды :
Оқушы:- Ағайының көп болса,
Ұлы шерік қолмен тең,
Білімді туған жақсылар
Аз да болса көппен тең,
Жақсысы кеткен ауылдың
Артынан жақсы шықпаса
Өртеніп кеткен жермен тең, —
деп, ақын əрбір ел өз ішінен шыққан жақсысымен, білімді азаматымен берекелі, атақты болатынын ескертіп өтеді. Оларды ерекше қадірлеуді қажет ететін шешен афоризмдер термелейді :
Қайырлы болса баяжан
Дария шалқар көлмен тең,
Қайырсыз болса жаман бай
Ел қонбаған шөлмен тең,
Мінезді болса жолдасың
Күнде сонар қызбен тең,
Жаман болса жолдасың
Астыңнан өткен сызбен тең.
Жүргізуші: - Иа, атамыздың аталы да баталы өлең жолдарымен таныстық. Енді бізге ғибрат болардай қандай нақыл сөздері қалыпты? Келесі бөлім Нақыл сөздер
Әркім өзі талпынбақ, Басына бітер бағы үшін...
Қайырсыз болса жаман бай
Ел қонбаған шөлмен тең.
Мінезді болса жолдасың
Күнде сонар қызбен тең,
Жаман болса жолдасың
Астыңнан өткен сызбен тең.
Бірлігіңнен айрылма,
Бірлікте бар қасиет.

Түйе
мойнын тұз кесер,
Жігіт мойнын қыз кесер
Білімді туған жақсылар
Аз да болса көппен тең
Жақсысы кеткен ауылдың
Артынан жақсы шықпаса
Өртеніп кеткен жермен тең
Мінезді болса жолдасың
Күнде сонар қызбен тең,
Жаман болса жолдасың
Астыңнан өткен сызбен тең.
Ақтамберді Сарыұлының
нақылдары
Ағайының көп болса,
Ұлы шерік қолмен тең
Бірлігіңнен айрылма,
Бірлікте бар қасиет.
Татулық болар береке.
Жомарт қолын жоқ кесер!
1-жүргізуші:- Өмірінің соңғы кезінде кейінігі ұрпаққа арнаған «Балаларыма өсиет» деген толғауларының едәуір бөлігі ел бірлігіне арналған. Қарт жыраудың халыққа қалдырып отырған өсиетінің өзегі, халыққа мықтап тапсырып отырғаны соның бірі татулық, ал татулық бар жерде береке болатынына сенімді. Егер ел арасында бірлік болмаса, «Араз болса алты ауыз» дейді жырау, оны «Еліңе кірген әреке» деп, елді алауыздықтан сақтандыруды, сол береке баянды болу үшін, елде бірлік болсын деп, өзінің «Талпынып салдым егінді» деп, берекенің экономикалық негізін қалағанын ақылы бар кісі ұғатын әрекет жасағанын айтады.
2-жүргізуші:- Ақтамберді жортуыл жыршысы, әулетті жырау да болған. Ақтамберді – атадан жалғыз ұл туады. Әкесі Сары – Найман Сыбан ішіндегі орташа ғана дәулеті бар, қақсоқта жұмысы жоқ момын адам екен. Қазақ жұртына ертеден танымал талант иесінің бірі, заманының ірі қайраткер - азаматы, сөз өнерінің көнекөз өкілі Ақтамберді көп жылдар бойы жіті зерттелмей, ескерусіз естен шығып қалуға айналған асыл мұралар қатарына жатады.
1-жүргізуші:- Ақтамберді Сарыұлы – суырыпсалма сөз өнерінің жетік өкілі. Шығамалары табан асты шығарылып, ауызекі таралып, ел есінде сақталу арқылы жеткендердің бірі. Халық оны жоңғарларға қарсы жорықтар кезінде қол бастап, ерлік көрсеткен батыр, өзінің өжет те, өткір сөздерін қалың қауымға әсері күшті болған жалынды деп санайды.
Ақтамберді – тарихи тұлға. Оның есімі қазақ халқының тарихында аталады, ел аңыздарына сай бағаланады.
2-жүргізуші:- Ақтамбердінің тарихта алатын орнын біліп, өнерімен, талантымен, дарынымен ғана қызмет етіп қоймай, өзі қолына қару алып, қан майданға түскен батырлығын дәріптейік, нақыл-өсиет түрінде жазылған жырларынан ғибрат алайық.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Ақын да, батыр да, балуан да, қолбасшы да бола білген жырау» атты әдеби кеш Ақтамберді Сарыұлының туғанына 350 жыл

шағым қалдыра аласыз