Ақын өмір сүрген заман

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақын өмір сүрген заман

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары Абайтану курсына арналады
Материалдың қысқаша нұсқасы


САБАҚ: Абайтану

Тарау: Абайды білмек парыз ойлы жасқа

Тақырып: Ақын өмір сүрген заман

Мектеп: «Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы әкімдігінің білім бөлімі» КММ

«Бексейіт орта мектебі» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кажигалиев Акежан Максатович

СЫНЫП: 9

Қатысқандар: 9

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.2 Абай өмір сүрген заман, өмір сүрген ортасы туралы түсіну;

9.3 Ақын өмір сүрген дәуірдегі саяси көзқарасты талдап, әдеби эссе жазу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

  • Абай өмір сүрген заман, өмір сүрген ортасы туралы түсініп, ақын өмір сүрген замандағы саяси көзқарасты талдап, әдеби эссе жаза алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  • Абай өмір сүрген замандағы саяси көзқарасты өз сөзімен айта алады

Кейбір оқушылар орындай алады:

  • Абай өмір сүрген замандағы саяси көзқарасқа сыни пікір келтіре отырып, әдеби эссе жаза алады

Бағалау критерийлері

  1. Абай өмір сүрген заман туралы түсінеді

  2. Ақынның өмір сүрген ортасы туралы түсінеді

  3. Абай өмір сүрген замандағы саяси көзқарасты талдап, әдеби эссе жаза алады

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

  • Абайдың өскен ортасын, өмір сұрген заманын түсінеді

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Саяси, көзқарас

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Ақын қандай ортада өмір сүрді?

Алдыңғы оқу:

«Абайтану» курсы туралы біледі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

6 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгінгі сабаққа дайынбыз ба? Қанеки, белгі берейік, кім айын, үш рет қол соғайық. Жарайсыздар!


Тренинг: «Сағат тілі бойынша достар».


Сабақтың тақырыбы: Ақын өмір сүрген заман


Оқу мақсаты - 9.2 Абай өмір сүрген заман, өмір сүрген ортасы туралы түсіну;

9.3 Ақын өмір сүрген дәуірдегі саяси көзқарасты талдап, әдеби эссе жазу


Бағалау критерийлері:

  1. Абай өмір сүрген заман туралы түсінеді

  2. Ақынның өмір сүрген ортасы туралы түсінеді

  3. Абай өмір сүрген замандағы саяси көзқарасты талдап, әдеби эссе жаза алады



Топқа бөлу: Фигура әдісі арқылы екі топқа бөліну

























Ортасы

27 минут

Алдыңғы білімді тексеру

1-тапсырма

«Блум» түймедағы әдісі арқылы алдыңғы сабақты қорытындылау мақсатында сұрақтарға жауап береді.

  1. Абайтану курсының мақсаты не?

  2. Бұл курс қандай міндеттерді жүктейді?

  3. Абай кім?

  4. Абайдың «Адамзаттың Абайы» деп аталуы неліктен деп ойлайсыңдар?

  5. Абайдың тәрбиесіне Зере әжесінің қандай үлесі бар?

  6. Абай туралы жазылған көркем шығармаларды атаңыз.




2-тапсырма

Әр топқа мәтін беріледі. Абай өмір сүрген заман мен ақын өмір сүрген ортаны «Қос құты» диаграммасы арқылы толықтырып жазады. (топтық жұмыс)

1-топ: Абай өмір сүрген орта

Абайдың өз сөзімен айтсақ, «соқтыкпалы, соқпақсыз» жерде, Сарыарканың шөлінде үдере көшкен қайшылық дәуірде» өмір сүрген Абайдың заманы — XIX ғасырдың екінші жартысы — қазақ халқының тарихында өткен дәуірлермен салыстырғанда ерекше орын алған кезең болды. Бұл кезде Қазақстан жерінің түгелімен Ресейге қосылу кезеңі аяқталып, соның нәтижесінде және қазақ қоғамы дамуының объективті заңдылықтарына сай көптеген өзгеріс-жаңалықтар пайда болғаны мәлім. Ол өзгерістер қоғам құрылымында да, елдің экономикалық тұрмысында да, ел билеу жүйесінде де және мәдени-рухани өмірінде де орын алды. Кейбір әлеуметтік топтар тарих төрінен кетіп, жаңалары пайда болды. Қанаушы мен каналушылардың жаңа түрлері дүниеге келді. Казақ қауымының экономикасының тұрмысында егіншілік, сауда, ішінара өндіріс кәсібі тәрізді кұбылыстар жанданып, күшейді. Казақ қоғамының орыс халқымен қарым-қатысы да жаңа сипатқа ие болды: Казақстан жерінде қалалардың орнап, ұлғаюлары, орыс шаруаларының келіп қоныс тебулері екі халықтың еңбекші бұқарасының жүзбе-жүз көрісіп, араларында қарым-қатынас орнауына мүмкіндік берді. XIX ғасырдың II жартысыңда қазақ даласында болған қоғамдық-саяси өзгерістер мен оқиғалар мұндағы адамдардың мәдени-рухани өмірін баяғы калпында қалдыра алмады. Кең далаға қазақ тілі тарихында із қалдырған рухани, мәдениет факторлары келе бастады.

2-топ: Абай өмір сүрген орта

Абай өмір сүрген тұс қазақ даласындағы саяси-әлеуметтік күштердің арасындағы идеологиялық қайшылықтардың әрі қарай шиеленісе түскен кезеңі болды. Әлеуметтік ой-санада негізгі екі түрлі бағыт өмір сүрді: бірі — реакцияшыл-кертартпа, екіншісі — ағартушы-демократтық. Реакцияшыл-кертартпа бағыттағылар бай-феодалдардың идеологиясын жақтап, көне феодалдық шаруашылық түрлері мен ел билеу системасын сақтауды қолдады. Сондықтан қазақ даласына келген күллі әлеуметтік-экономикалық жаңалықтарга қарсы шықты, бұл әрекеттері орыс мәдениетін жатырқау тенденциясын туғызды. Идеологиялық күрестері де ислам дініне иек артты. Қазақ арасына ислам дінін күшейтуге ат салысты. Бұл бағыттың өкілдері, негізінен, әдебиет қайраткерлері — ақындар болды. Олардың бастылары Шортанбай Қанайұлы (1818 — 1881), Дулат Бабатайұлы (1802 — 1874), Мұрат Мөңкеұлы (1843 — 1906).


Shape1


Қалыптастырушы бағалау: "Пікір алмасу" әдісі, топтар бір-бірінің жұмыстарын мұқият тыңдайды, өздерінің ойларын, пікірлерін (өзара бағалау)



3-тапсырма

Ақын өмір сүрген дәуірдегі саяси көзқарасты талдап, әдеби эссе жазыңыз (80-90 сөз)


І. Кіріспе ( шамамен 4-5 сөйлем)

10-15 сөз


ІІ. Негізгі бөлім

І тезис + 2 аргумент + пікір

( 20 сөз )


ІІ тезис + 2 аргумент + пікір

( 20 сөз )


ІІІ тезис + 2 аргумент + пікір

( 20 сөз )


ІІІ. Қорытынды ( шамамен 4-5 сөйлем ) 10-15 сөз


Бағалау критерийі

Дескрипторлар

1. Ақын өмір сүрген дәуірдегі саяси көзқарасты талдап, әдеби эссе жазады

1. кіріспе бөлімді жазады

2. негізгі бөлімді жазады

3. қорытынды бөлімді жазады

4. ақын өмір сүрген замандағы саяси көзқарасты талдайды

5. Сөз санын сақтайды

Қалыптастырушы бағалау:

«Активатор - 3 2 1».

Оқушылар көршілерінің жұмыстарын дескриптор бойынша тексереді, сол бойынша 3 2 1 әдісі арқылы тілек білдіріп, қателіктерін жазады.

3 тіркес, 2 сөйлем, 1 түйін.

Оқушылар тапсырма орындап жатқан уақытта мұғалім 3 оқушының алдына ойыншық қояды, сол оқушы жұмыстарын оқиды.


Shape8 Shape7 Shape6 Shape5 Shape4 Shape3 Shape2


















А 3 форматына сызылған диаграмма






















































































































Соңы

7 минут

Peфлeкcия: «Үш қaлпaқ» әдіcі

Оқушылар оқу мақсаты бойынша сөйлейді.

Aқ қaлпaқ-бүгінгі сабақта алған пайдалы ақпараттар айтады

Көк қaлпaқ –ұcыныcтap aйтaды

Қapa қaлпaқ –тілек айтады




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.10.2020
713
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі