Ұстаз
еңбегі-өлшеусіз…
«Ақын Орақ Байғалиевтің
өлең шумақтары барынша мығым, арасында арам ет болмайды.»
Ж
ұмекен
Нажмединов
Маған жақсы мұғалім бәрінен де
қымбат,өйткені мұғалім – мектептің жүрегі - деп Ыбырай
Алтынсарин айтпақшы , ұжымда өзінің
тынымсыз еңбектерімен , әрқашан ізденісіте жүретін мектептің жүрегі
бола білген Орақ Байғалиев ағайды ерекше атап өтуге болады. Орақ
Байғалиев өзінің еңбек жолын 1966 жылы Жетібай кентінде мектепті
бітіріп, Мұнай барлау экспедициясында бұрғышының көмекшісі
қызметінен бастаған.Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық
Университетінің тарих факультетін таммамдағаннан кейін, Қарақия
ауданында мектеп аралық өндірістік оқу комбинатында оқушыларды
автокөлік жүргізуші мамандығына баулыды.Маңғыстау мұнай өндірістік
бірлестігінің Жетібай технологиялық көлік- құралдары басқармасында
қауіпсіздік техникасы бойынша аға – инжинер,автотізбек
бастығы,кадрлар бөлім бастығы , «Маңғыстау өндірістік ұлу тас
өндіру және өңдеу бірлестігінде» заңгер және кәсіподақ комитеті
төрағасы болып қызмет атқарды. Ақтау қалалық «№28 жалпы білім беру
орта мектебінде», «Дарынды балаларға арналған мектеп интернатында ,
ал қазіргі таңда «№1 кеші жалпы білім беру орта мектебінде
гуманитарлық пәндерден сабақ беріп, «№8 орта мектепте» «Рухани
жаңғыру» аясында ұйымдастырылған жас потриоттар үйірмесін
жүргізеді. .Оның алғашқы өлеңдері Маңғыстау аудандық «Жаңа өмір»,
облыстық «Коммунистік еңбек»,Республикалық «Ерекше жас», «Жалын»,
«Жұлдыз» журналдарында жарық көрген. «Шаңырақ», «Жадымдасың
Ақжайық» өлеңдеріне белгілі композитор Марат Ордабаев әуен
жазған.Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру бағытында
оқушылармен шығармашылық кездесулер өткізіп,Ақтау қаласының 50
жылдығына арнап шығарылған 50 кітаптің бірі «Қараша» жыр-жинағының
тұсау кесері қалалық деңгейде аталып өтілді.Маңғыстау әкімдігінің
қолдауымен кітап электронды түрде ғаламторға жүктелді. Орақ
Байғалиев әрқашан өз уақытын пайдалы дүниеге жұмсағанды жөн көреді.
Ол Семейде «Абай» музейінде, Павлодар облысында «Сұлтанмахмуд
Торайғыровтың» , орыстың біртуар ақындары Сергей Есениннің
,Владимер Высотский сынды ұлы ақындардың бейіттеріне арнайы барып
тағзым еткен.Мәскеуде өткен Авардың ұлы ақыны Расул Хамзатовтың ,
орыстың үш бәйтерегі Роберт Рождественский, Андрей
Вознесенский,Евгений Евтушенконың шығармашылық кештеріне арнайы
барып қатысқан.Орақ Байғалиев ЖОО-да оқып жүргенде тарихшы бола
тұрсада ,Қазақ классиктері Сабит Мұқанов, Ғабит Мүсіреповтардың
әңгімелерін тыңдап,өзіне шабыт алғандығын айтады.Сондай-ақ Мұқағали
Мақатаев, Төлеген Айбергенов, Өтежан Нұрғалиевтің өлеңдерін өз
ауыздарынан тыңдаған.Оның өз кітаптарын да халық сүйсіне оқиды.
Оларға тоқтала кетсек «Тұңғыш» 1978 ж, «Амал келді» 2007ж, «Сәуір
туған шақ» 2009ж, «Сүмбіле» 2011жылдары жарық
көрді.
Ұстазымыздың бүгінгі жеткен
жетістіктеріне қуана отырып, барша шәкірттерінің атынан зор
денсаулық, жанұясына амандық, жарқын шығармашылық ғұмыр, жаңадан
биік белестерді тайсалмай бағындырып ақындық өнерін сүйетін барша
қауымды мәнді де, сәнді шығармаларымен тәнті ете беруіне
тілектестігімді білдіремін!
«№1 кешкі жалпы білім беру
орта мектебі»КММ химия пәні мұғалімі Қыдырбай Камшат
Мақсатқызы