400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ақырын жүріп, анық бас еңбегін кетпес далаға

Материал туралы қысқаша түсінік
Шет елде оқып жүрген Қазақстандық жерлестерімізбен сұқба. Бүгінгі кейіпкеріміз - Шүкіржан Ақнұр Таңатқызы. Балхаш қаласының тумасы. Қарағанды қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі Ақнұр қазіргі таңда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тұрып жатқан қазақстандық жерлесіміз. « Pittsburg State University» - де графический дизайнер мамандығы бойынша білім алуда.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Бүгінгі кейіпкеріміз - Шүкіржан Ақнұр Таңатқызы. Балхаш қаласының тумасы. Қарағанды қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі Ақнұр қазіргі таңда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында тұрып жатқан қазақстандық жерлесіміз. « Pittsburg State University» - де графический дизайнер мамандығы бойынша білім алуда.

-Шет елге оқуға түсуді бала кезден армандадыңыз ба? Шет елге оқуға барамын деген шешімді қашан қабылдадыңыз?

-Шет елге оқуға түсуді 2014 жылдан кейін ең бірінші рет Малайзияға барып келгеннен бері армандадым. Шешімді 2014-2015 жылдары қабылдадым.

- Шет елде өмір сүру қиын ба? Сіздің ойыңызша қандай артықшылықтары мен қиындықтары бар?

- Шет елде өмір сүру әркімнің өзіне байланысты. Егер тұратын жеріңіздің тілін білсеңіз, аз да болса мәдениеті мен таныс болсаңыз және ең бастысы нақты жоспарыңыз болса қиын емес. Егер еш жоспарсыз шет елге шықсаңыз қиын болады деп ойлаймын.

- Қанша тіл білесіз?

-Қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерін білемін. Испан тілін меңгеріп жатырмын.

- Бірнеше тіл үйрену үшін қандай лайфкахтар қолдануға болады?

-Бірнеше тіл үйрену үшін сіз сол тілді не үшін оқитыныңызды айқындап алуыңыз керек. Мысалы мен испан тілін оқып жатырмын. Себебі, Америкада латын-американдықтар испанша сөйлейтін адамдар өте көп, мен осы жақта тұрып жатқандықтан испан тілін өз өмірімді біраз жеңіздету үшін үйренгелі жатырмын. Сол сияқты, ағылшын тілін шет елде оқуға түсуге, саяхаттау үшін үйрену деген сияқты нақты мақсат тауып, оқыған жөн. Және ең бастысы мерзім қою керек. Мысалы, 2 жыл үйреніп магистратураға түсемін деген сияқты.

-Шет елге оқуға түсемін деп ниет етіп жүрген оқушы немесе студенттерге қандай кеңес берер едіңіз?

-Ештеңеден қорықпаңыздар. Тек өз күштеріңізге сеніңіздер. Армандар орындалады, мақсатын айқын болса . Қазір шет елге түсуге дайындалып жүрсеңіздер, бұл істің жемісі шығады.

-Сіздің өмірлік ұстанымыңыз қандай?

- Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға.

-Туған жерлестеріңізге деген айтар жылы лебізіңіз...?

- Сіздер де ел аралап, жер көріп жүргендеріңізді қалаймын. Мақсаттарыңызға жете беріңіздер!

-Әңгімеңізге көп рақмет!

Уланова Эльнура

ҚЖ-12 тобы.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қараша
1136
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі