Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Әр бала қатыгездіксіз балалық шаққа құқылы!»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: «Әр бала қатыгездіксіз балалық шаққа құқылы!»
Уақыты: 24.11.2017ж.
Мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға өз жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу.
Қатысушылар: 10-сыныптар оқушылары
Жауапты: Б.Қуанаева, Г.Шамуршанова.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, пікіралысу.
Кіріспе сөз.
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.Оның кепілі – заңдылық.Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы. Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді. Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар. Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады. Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады. Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен Қазақ халқының дана сөзі бар: «Әйел адамға рухы әлсіз ер адам ғана котереді». Бұны халық жазылмаған заң деп санап осы уақытқа дейін сақтап келеді, алайда өкінішке орай кейбіркейьір ер адамдар ұмытып кеткен сыңайлы. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол. Тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады. Отбасындағы ата-ананың мінез құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны. Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді. Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлық- зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады,отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар корсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологмясына кері әсерін тигізеді. Бала өзіне керекті рухани дүниенің барлығын қоршаған ортадан алады. Отбасындағы тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған заңды нормалар жетілдірілді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобаларының жұмыстарын іске асыру жоспарының 29 пунктіне сәйкес 2004 жылдың 13-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Премьер министрінің тағайындауымен «Тұрмыстық зомбылыққа қарсы әрекет ету туралы» заң жобасы әзірленді. Заң жобасының негізгі мақсаттары:
- Адамның қызығушылығын, бостандығын, заңды құқықтарын қорғауға, кепілдеме беуді көтермелеу.
- Отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықты төмендету жөнінде тиімді шаралар қабылдау.
- Тұрмыстық зомбылықтың алдын алудың көп деңгейлі жүйесін жүргізу.
Аталған заңды қабылдау – отбасылық тұрмыстық қатынастардағы азаматтардың қызығушылықтарын және бостандықтарын, құқықтарын қорғаудағы тиімділікті арттыру, осы саладағы құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету. Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмастарды өкізу керек іс болып табылады.
Негізгі бөлім.
Оқушылар 4 топқа бөлінеді. Оларға топтық тапсырма беріледі.
1-топ. 1.Зорлық-зомбылықсыз әлем деген не?
2. Мамандардың пікіріне сүйенсек, батыстың боевик немесе өзге де зиянды фильмдеріндегі әрекеттерге еліктеушілік қылмыстың қазіргі деңгейіне алып келіп отыр. Оқушылардың бойына батыстық үлгінің бір бөлігі сіңбес үшін қандай тосқауыл қоюға болады?
2-топ. 1.ҚР-сы құқық қорғау органдарын білесің бе?
2.Бала тәрбиесіндегі отбасы рөлі қандай?
3-топ. 1.Салауатты өмір салтының адам өмірі үшін маңызы неде?
2. Балаға зорлық – зомбылық көрсетуге адамды жетелейтін қандай факторлар бар?
4-топ 1. «Қоғамның болашағы –жастар» дегенді қалай түсінесің және бала тәрбиесіне байланысты қандай мақал-мәтел білесің?
2. Қалай зорлық – зомбылыққа душар болмауға болады?
Пікірді толықтыру.
Зорлық деген сөздің астарында ұрлау, балалар өлімі, дәстүрлі тәжірибеге байланысты жарақат алу, сондай – ақ жыныстық, психикалық және тұлғалық балаларға қатысты тәртіп шаралары сияқты тұлғалық жазалауды қосқанда қиянат жасау түсінігі жатыр. Конвенцияда балаларға қатысты зорлықтың қандай да түрі болсын, қай жерде болсын ешқандай ақтала алмайды делінген. Зорлық көрген балалар көбінесе тамақтанбайды да түрлі ауруларға ұшырайды, мектепте нашар оқиды, өзін – өзі бағалауы төмен болады. Конвенцияға сәйкес балаларға қатысты зорлық көрсету адам құқықтарының бұзылғандығын білдіреді.
Зорлық – зомбылық келесі құқықтарды бұзады:
- заң алдында бәрінің бірдей қорғалуын;
- қатал қарым – қатынасқа берілмеу құқығын;
- өмір сүру және жеке өміріне қол сұқпау құқығын;
- тұлғалық және психологиялық денсаулықтың жоғары стандартты құқығын.
Бұл мәселе бойынша негізінен отбасылық жағдай, яғни ата – аналарының бұрынғы өмірі басты себеп бола алады.балалық кезге деген өкініші, 20 пайыздайы балалық кезде осындай және басқа да күштеулерге тап болған деген дерек бар;ішімдік ішіп, нашақорлықпен айналысатын отбасыларында балалардың 4 есе көп бөлігі ұрып – соғу зорлығын көрсе, 10 есе көбі эмоционалды күштеуге душар болуда; отбасындағы айрылысу жағдайы да зорлық – зомбылық түріне жатады; теледидарда көрсетілетін оғаш күштеулер де әсерін тигізеді. Балалар өздерін қорғау туралы ақпараттың жоқтығынан өмірінде шешімі күрделі жағдайларға жиі тап болып, өздерін өздері қорғай алмайды. Көбінесе зорлық, қатыгездік жағдайлары отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда орын алады. Көп жағдайда жасөспірімдердің өздері де бірінің бірі құқығын бұзып жатады.
Көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және т.б. жерлерге бармау. Егер Сізге тұрмыстық зорлық – зомбылық қауіп төндірсе, үйден кетіп қалуға тырысу, ертерек қашып кетуге сөмкеңді дайындау, тиісті құжаттарынмен бірге, көрші – көлемдерінмен сөйлесу, айқай – шу шығарылғанда келу және полицияға хабарлау.
Қауіп-қатер азайту, балаларды зейінділікке, сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету керек, ондай жағдайларды олар дала немесе үйде де кездестіруі мүмкін. Барлық қылмыстардың ішінде ең ауыры зорлау болып табылады. Көп жағдайда милицияға ол туралы хабарлай алмайды, себебі білместік немесе қорқыныш сезім, үрей билейді. Сондықтанда балаға мынаны түсіндірген жөн:
- Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек;
- Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет;
- Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету.
Ал ата-аналарға осыған жауап:
- Балаға сеніңіз, сонда ол сізге барлық шындығын айтуды үйренеді;
- Дұрыс тәрбие балаға болашаққа деген сеніммен қарауға және қауіп-қатерді тез білуге үйретеді;
- Тәрбиеші мен репетиторды жалдағанда өте мұқият болған жөн, себебі сіз балаңызды басқа адамның тәрбиесіне бергелі отырсыз;
- Егер сіз балаға қатыгездікпен қарау жағдайларын естігін болсаңыз немесе көрген болсаңыз бірден тиісті органдарға хабарлаңыз.
Қорытынды.
Зорлық зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ерекшеліктері бар. Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтіруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қатар,дөрекі қарау,оны қорлау немесе қанау болмауға тиіс. Бүгінгі күні отбасына қатысты мемлекеттік саясаттың бейнесі болатын және оның қызмет аясы мен қорғауының құқықтық кепілдіктерін ұлғайтатын осындай қалыптағы заңдарды қабылдау қажеттілігі туды. Зорлық-зомбылықпен табысты күресу үшін бірінші кезекте осы мәселеге қоғамның көзқарсын өзгерту керек. Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу – бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті...
«Болмайды» деген 5 ереже: 1. Бөтен адамдарды үйге кіргізуге, далада сөйлесуге болмайды. 2. Олармен бірге лифт және подьездге кіруге болмайды. 3. Бөтен адамның машинасына отыруға болмайды. 4. Бөтен адамдардан сыйлық алуға және олар ұсынған жерге баруға болмайды. 5. Жалғыз қараңғы түскен уақытта жалғыз қалуға болмайды. «111» Балаларға арналған пилоттық сенім телефоны «150» Балалар мен жастарға арналған сенім телефоны «1415» Тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша әйелдер үшін сенім телефоны |
«Болмайды» деген 5 ереже: 1. Бөтен адамдарды үйге кіргізуге, далада сөйлесуге болмайды. 2. Олармен бірге лифт және подьездге кіруге болмайды. 3. Бөтен адамның машинасына отыруға болмайды. 4. Бөтен адамдардан сыйлық алуға және олар ұсынған жерге баруға болмайды. 5. Жалғыз қараңғы түскен уақытта жалғыз қалуға болмайды. «111» Балаларға арналған пилоттық сенім телефоны «150» Балалар мен жастарға арналған сенім телефоны «1415» Тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша әйелдер үшін сенім телефон |
«Болмайды» деген 5 ереже: 1. Бөтен адамдарды үйге кіргізуге, далада сөйлесуге болмайды. 2. Олармен бірге лифт және подьездге кіруге болмайды. 3. Бөтен адамның машинасына отыруға болмайды. 4. Бөтен адамдардан сыйлық алуға және олар ұсынған жерге баруға болмайды. 5. Жалғыз қараңғы түскен уақытта жалғыз қалуға болмайды. «111» Балаларға арналған пилоттық сенім телефоны «150» Балалар мен жастарға арналған сенім телефоны «1415» Тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша әйелдер үшін сенім телефоны |
«Болмайды» деген 5 ереже: 1. Бөтен адамдарды үйге кіргізуге, далада сөйлесуге болмайды. 2. Олармен бірге лифт және подьездге кіруге болмайды. 3. Бөтен адамның машинасына отыруға болмайды. 4. Бөтен адамдардан сыйлық алуға және олар ұсынған жерге баруға болмайды. 5. Жалғыз қараңғы түскен уақытта жалғыз қалуға болмайды. «111» Балаларға арналған пилоттық сенім телефоны «150» Балалар мен жастарға арналған сенім телефоны «1415» Тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша әйелдер үшін сенім телефоны |