«Әр өлеңі бір әлем»
Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдық мерейтойына орай Маңғыстау аудандық балалар кітапханасында өткен «Әр өлеңі бір әлем»атты әдеби-сазды кеші өтті.Кеште мектеп оқушылары Мұқағали атамыздың өлеңін,жырларын,әндерін айтты.Атап айтсақ Бақытжанова Әсемай,Қуантқанова Жанерке,Әділ Іңкәр,Руслан Олжас,Берік Сымбат,Бөлекбаева Жанат,Нәби Мәлдір тағы басқа оқушылар.Осы кешке Маңғыстау аудандық балалар өнер мектебінің оқушылары да қатысты.Дәстүрлі ән сыныбы,мұғалімі Еркінбаева Гүлсінайдың оқушысы Нәби Мөлдір Ғ.Құрманғалиевтің «Әнші даусы»әнімен,қобыз сыныбы мұғалімі Қойсарина Ақелік оқушысы Бөлекбаева Жанат «Саржайлау»әні мен «Абай әндерінен поппури»орындады.Шығармашылық кеш өте жақсы өтті,кітапхана ұжымы оқушыларды Алғыс хатпен және сыйлықтармен марапаттады.
Маңғыстау аудандық балалар кітапханасының директоры Қасымова Гүлжәмилә Құсайынқызы және Маңғыстау аудандық балалар өнер мектебінің директоры Қуатбаева Жаннат Бүркітбайқызының аудандық шараларды ұйымдастырудағы еңбектері зор.
Кітапхана қызметкерлеріне шығармашылық табыс тілейміз,еңбектеріңіз жемісті болсын,оқырмандарыңыз көп болсын!
Осындай шаралар ауданымызда көбірек ұйымдастырыла берсін!
Маңғыстау аудандық балалар өнер мектебінің домбыра сыныбы мұғалімі Ерболатова Сәуле Сәуірбайқызы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
әр өлеңі бір әлем
әр өлеңі бір әлем
«Әр өлеңі бір әлем»
Мұқағали Мақатаевтың 90-жылдық мерейтойына орай Маңғыстау аудандық балалар кітапханасында өткен «Әр өлеңі бір әлем»атты әдеби-сазды кеші өтті.Кеште мектеп оқушылары Мұқағали атамыздың өлеңін,жырларын,әндерін айтты.Атап айтсақ Бақытжанова Әсемай,Қуантқанова Жанерке,Әділ Іңкәр,Руслан Олжас,Берік Сымбат,Бөлекбаева Жанат,Нәби Мәлдір тағы басқа оқушылар.Осы кешке Маңғыстау аудандық балалар өнер мектебінің оқушылары да қатысты.Дәстүрлі ән сыныбы,мұғалімі Еркінбаева Гүлсінайдың оқушысы Нәби Мөлдір Ғ.Құрманғалиевтің «Әнші даусы»әнімен,қобыз сыныбы мұғалімі Қойсарина Ақелік оқушысы Бөлекбаева Жанат «Саржайлау»әні мен «Абай әндерінен поппури»орындады.Шығармашылық кеш өте жақсы өтті,кітапхана ұжымы оқушыларды Алғыс хатпен және сыйлықтармен марапаттады.
Маңғыстау аудандық балалар кітапханасының директоры Қасымова Гүлжәмилә Құсайынқызы және Маңғыстау аудандық балалар өнер мектебінің директоры Қуатбаева Жаннат Бүркітбайқызының аудандық шараларды ұйымдастырудағы еңбектері зор.
Кітапхана қызметкерлеріне шығармашылық табыс тілейміз,еңбектеріңіз жемісті болсын,оқырмандарыңыз көп болсын!
Осындай шаралар ауданымызда көбірек ұйымдастырыла берсін!
Маңғыстау аудандық балалар өнер мектебінің домбыра сыныбы мұғалімі Ерболатова Сәуле Сәуірбайқызы
шағым қалдыра аласыз













