Материалдар / Әр снарядтарды лақтыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әр снарядтарды лақтыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене шынықтыру
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Бөлім


Педагогтың аты-жөні

Сағидолла Абылай Қолқанатұлы

Күні


Сынып

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Әр снарядтарды лақтыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.1 - қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін құру және орындау

6.3.5.1 - басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды қолдана білу

Сабақтың мақсаты


оқушыларға жүгіріп келіп, ұзындыққа секіру тәсілін үйренеді, көрсеткіштерімен таныстыру;

Оқушыларға сабақта жүгіріп келіп ұзындыққа секіруді меңгерту

Аяқ бұлшық еттерінің, буындарының секіруде атқаратын жұмыстарын түсіндіру.

Жүгіру техникасы.

Бір орыннан секіру техникасы.


Бағалау критерииі

Дене жаттығуларын орындау барысында техника қауіпсіздік ережесін сақтайды.
Нәтижеге қол жеткізу үшін орындалатын әрекеттерді атайды.
Жүгіру машықтарына қатысты өз бойындағы жақсы және осал тұстарды сипаттайды.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Ынтымақтастыру атмосферасын орнату. Оқушыларды сапқа тұрғызу,сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

Миға шабуыл. Оқушыларға сұрақтар беріледі:

  • Секірудің қандай түрлерін білесіңдер?

  • Секіру бойынша олимпиада чемпиондарынан кімді білесіңдер? (Ольга Рыпакова).


1.Сапқа тұру, сәлемдесу, ақпар беру, түгелдеу,

сабақтың мақсатын түсіндіру, техника

қауіпсіздік ережелерімен таныстыру;


2. Жүру үстінде орындалатын жаттығулар:

а) қолды жоғары ұстап, аяқтың ұшымен

жүру;

ә) қолды белге таянып, өкшемен жүру.


3. Жүгіру үстіндегі жаттығулар:

а) тізені жоғары сермей жүгіру;

ә) аяқты артқа сермей жүгіру;

б) аяқты алға сермей жүгіру;

в) оң және сол жанымен секіру;

г) жартылай отырып жүру;

д) жартылай отырып секіру;

е) дем басу.


4. Бір орнында тұрып жасалатын жаттығулар:

а) денені түзу ұстаймыз, қол белде аяқты

иық көлемінде бірдей алшақ қоямыз, санақ

бойынша 1-4 оңға,1-4 солға басты айналдыру;

ә) оң қол жоғарыда, сол қол төменде, санақ

бойынша 1-2 қолды артқа жазамыз, 3-4

ауыстырамыз;

б) денені тік ұстап қолды алдыға созып

қайшылаймыз;

в) оң қолды жоғары көтереміз сол қол белде

екі жаққа иілеміз;

г) қолды белге қойып, оңға 2 рет солға 2 рет

белді айналдырамыз;

д) қолды тізеге қойып, тізе буынын ішке қарай

2 рет сыртқа қарай 2 рет айналдырамыз;

е) қолды алдыға созып оң аяққа және сол

аяққа отыру жаттығулары;

ж) орнымызда тұрып терең демаламыз.

Оқушылар «шаттық шеңберіне» тұрып, мұғаліммен бірге қайталайды.

Үй тапсырмасын айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.

Қол шапалақ













Жаттығулар көрсету.

Пайдаланатын көрнекіліктер.

Суреттер.

Ортасы

Негізгі бөлім.

Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру әдістерін меңгеру үшін мына жаттығуларды жетік білуіміз керек:

- бір орында ұзындыққа секіру,

- үш қадам жасап секіру,

- жылдам жүгіріп келіп секіру.

Жүгіріп келіп ұзындыққа секірудің ең қарапайым түрі - «аяқты бүгіп секіру әдісі.» Бұл әдіс бойынша секіруші 20 метрдей қашықтықтан жоғары жылдамдықпен жүгіріп келіп,аяқты бүгіп секіреді.Ұзындыққа секіру:1)екпіндей жүгіру, 2)жерден серпілу, 3) қалықтау, 4)жерге түсуден тұрады. Секіруші неғұрлым шапшаң жүгірсе, соғұрлым алысқа секіреді.

Ұзындыққа секіруді жақсы үйрену үшін мына тәсілдерді меңгеру қажет:

- тез жүгіре білу жаттығуын қайталау,

- серпілетін сызыққа аяқты дәл қоя білу жаттығуын қайталау.

- серпілетін аяқты жерге нық тіреп,жақсы серпілу.

- жерге дұрыс түсе білу.(артқа құламай түсу)

Екпіндей жүгірген әр баланың адымының ұзындығы әр түрлі болмақ.Әдетте жерден серпілуге дейінгі жүгіретін қадам саны тақ болса,жүгіру серпілетін аяқтан,ал жұп болса ,сілтенетін аяқтан бастау керек.

Қорытынды бөлім. Секіру жаттығулардан құралған эстафеталық ойындар.

«Кім алысқа секіреді ? » бірінші нөмірлі бала сөре сызығына келіп бір орыннан ұзындыққа секіреді.Оның өкшесі тиген жерден екінші бала секіреді.Секіру осылай жалғасады.Қай команданың секірген қашықтығы ұзын болса,сол команда жеңеді. «Тез - тез секір! » Әр команда алаңның екі шетіне қарама – қарсы орналасады. Белгі берілгенде барлық команда мүшелері тек қос аяқпен секіре жөнеледі. Сөйтіп екі команда орындарын алмастыру керек. Қай команданың соңғы мүшесі бірінші жетсе, сол команда жеңіске жетеді. « Секір де, жүгіре жөнел ! » эстафетасы.

Екі команда сызықтың екі жағына бірінен – бірі 2-3 метрдей қашықтықта лек түзеп тұрады.Әр командада екі ойыншы лектің алдына шығып, секіртпе жіпті айналдырып тұрады. Берілген белгі бойынша ойыншылар кезекпен тез – тез шығып,айналып тұрған жіпті іліп кетпей секіріп өтеді де,алаңның қарсы бетіне сап түзеп тұрады. Эстафетаны бірінші болып аяқтаған және аз қате жіберген команда жеңеді.

Үйге тапсырма,мадақтау,Мұғалім оқушыларды өзінің төмендегі бағалау парақшасына бағалайды.

Секіру техникасын бағалау

ФИО

Жүгіріп келіп секіру,см

Бір орында тұрып секіру, см

Ұшу және орнығу, см














Денсаулықты нығайту жаттығулары барысында қауіпсіздік техникасынан дұрыс сақтайды

 - мақсатқа жетуде командалық жұмыста көшбасшылық танытады;
- тапсырманы мұқият әрі дұрыс орындайды



Бас бармақ







ҚБ «Бәрекелді,әттеген-ай»




Бағалау парақшасын толтырады.



ҚБ Бағдаршам


Жаттығулар көрсету.

Пайдаланатын көрнекіліктер.

Суреттер.

Сабақтыңсоңы


Кері байланыс Маған сабақта не ұнады. 2. Маған немен жұмыс істеу керек? 3. Смайл арқылы өзінің көңіл-күйін бейнелейді және стикерді күн бейнесіндегі тақтаға жапсырады.


Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.


Рефлексия парағы











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!