Әр түрлі мағыналы сөздер

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әр түрлі мағыналы сөздер

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сынып материалы сөздердің әртүрлі болатынын ұғындару
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы «Қ.Дәрімбаев» ЖОМ.

Бастауыш сынып мұғалімі В.Оңғарбаева Picture 3









Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 2 «Ә»

Мерзімі: 19.12.2016 ж

Мұғалімнің аты-жөні: В.Оңғарбаева

Сабақтың тақырыбы: Әртүрлі мағыналы сөздер

Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Әртүрлі мағаналы сөздердің ауызша және жазбаша түрін түсіндіру арқылы білімге деген құрмет қалыптасады

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Сөздердің түрлерін біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Әртүрлі мағыналы сөздер деген қандай сөздер екенін біледі, ажырата алады.

Кейбір оқушылар: Сөздердің түрлерін біледі, Әртүрлі мағыналы сөздер деген қандай сөздер екенін біледі, ажырата алады, табады, қолдана алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар: сөздердің ауызша және жазбаша түрі туралы білімді меңгереу арқылы сөздерді ұғынады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: Қарама-қарсы, мәндес, әртүрлі мағыналы сөздер. Сөздердің түрлері.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:сөздердің қандай түрлері болады? Әртүрлі мағыналы сөздер.

Талқылауға арналған тармақтар: әртүрлі мағыналы сөздер. Мысалдар келтіру.

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?Оқушылар егер мен сендерге «Автокөлік» десем ойларыңа нендей нәрсе келуі мүмкін? Мысалы оның көлемі, моделі, қандай түрлерінің бары, арман болып жүрген автокөлігің, үйде қандайы бар және т.с.с. ойлар келе бастайды. Себебі сендер де автокөлік туралы ассоцация бар және ол өте мықты. (қосымша мысалға: алма, ұялы телефон, үй). Ал енді оқушылар «Әртүрлі мағыналы сөздер» деген тіркесті естігенде ойымызға нендей нәрселер келеді?

Жазылым бойынша ұсыныстар: дәптермен жұмыс, Сократтық семинар.

Алдыңғы оқу

Қарама-қарсы мағыналы сөздер.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

1 минут

Ұйымдастыру кезеңі; Өз атынан басталатын жылы сөздер айту, өзін таныстыру.


3 минут

Топқа біріктіру; мозайка әдісімен,мысалдар шығару арқылы топқа біріктіру.

Қиынды суреттер

2 минут

Үй тапсырмасын тексеру.Көркем жазуын тексеру.Көршісіне дәптерін беру арқылы бірін-бірі тексереді. Интербелсенді тақтамен салыстырады.

Интербелсенді тақта

5 минут

Жаңа сабақ.Мұғалімнің тапсырмасы:1-жаттығу. Суретте берілген заттардың атауларына көңіл бөл.Не байқадың? Ереже шығарып алу.

Оқулық

3 минут

Дәрігердің тапсырмасы: Дәптермен жұмыс. Көркем жазу. (Гүлсім гүл) сөздерін көркем етіп жазу.

смайликтер

10 минут

Құрылысшының тапсырмасы: 3-жаттығуды оқып дыбысталуы бірдей мағынасы әртүрлі сөздерді табу. Бұл сөздер қандай сөздер. (Дәм, жылқышы) сөздері, әр топ 1 сөйлемнен көшіріп жазады.

Оқулық, смайликтер

3 минут

Тігіншінің тапсырмасы: Сергіту сәті. «Иә, жоқ» ойыны.


6 минут

Полицияның тапсырмасы: «Үндемес» ойыны,әр топқа бір сөз айтамын, сол сөзді ыммен түсіндіру керек, ал тапқан топ сол сөзге мәндес,мағыналас, қарама-қарсы, әртүрлі мағыналы сөздерді мысал етіп айтулары керек.


8 минут

Сократтық семинар әдісі: 2 топ мына сұрақтар төңірегінде сөз қозғайды (1.Сөз ж/е оның мағынасы. 2. Мәндес сөздер. 3. Қарама-қарсы сөздер. 4. Әртүрлі мағыналы сөздер). Қалған 2 топ сырттай бақылайды. Ұнаған ойларды жазып отырады.


(3 минут)

Бағалау: смайликтер арқылы, топтың бағасын санау, жеке өзінің ұпайларын санау. Бағалау шкаласына қарап өз бағаларын қою.

Бағалау парақтары.-

1 минут

Үйге тапсырма: 4 жаттығу. Ереже жаттау. Мысалдар келтіріп келу.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.12.2018
1453
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі