Қашықтан оқыту жағдайында өзін-өзі тану
бейнесабағының жоспары
|
Тарау |
ІI-тарау. Адам болам десеңіз. |
||
|
Сынып |
6 |
||
|
Сабақтың нөмірі мен тақырыбы |
13-14 сабақ №13 Ар-ұждан және абырой туралы. |
||
|
Құндылығы |
Адалдық, мейірімділік |
||
|
Сабақ мақсаттары |
Оқушыларға өмірді жақсылық жағынан танып-білу – өзін-өзі танудың негізі екенін дұрыс әрекет құндылығымен байланыстыра отырып түсіндіру. |
||
|
Міндеттері |
1. Білімділік: Оқушыларды адамдарға риясыз қызмет жасауға баулу үйрету. 2. Дамытушылық: Оқушылардағы жанашырлық қасиеттерін дамыту. 3. Тәрбиелік: Оқушыларды шынайы болуға тәрбиелеу. |
||
|
Сабақ барысы |
|||
|
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
|
Мұғалімнің сәлемдесуі |
Сәлеметсіздер ме! Өзін-өзі тану сабағына қош келдіңіздер. Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Ар-ұждан және абырой туралы» -деп аталады. Ал енді, осы сабақты тереңірек түсіну үшін пікір алмасайық. Сабақтың тақырыбын қалай түсіндіңіздер? Арлылық - адам бойындағы ең асыл қасиеттің бірі. Арлы кісі-ұят,иба,намыс,қанағат,әдеп,шүкіршілік секілді бірқатар игі қасиеттерді бойына жинақтай білген мол парасат егесі. Қазақ халқы- талайлы тағдырында сан түрлі қиындықтарды бастан кешсе де, арына дақ түсірілмеген текті халық. Ата-бабаларымыз ар тазалығына өткір сынмен қараған. Ел ішінде кең тараған «Мал сақтама,ар сақта», «Ердің құны бір ділдә, абыройы мың ділдә», «Ар-иманның жолдасы», «Ақылың болса, арыңды сақта, ар-ұят керек әр уақытта» деген нақыл сөздер соның белгісі. |
1-Слайд Сабақтың тақырыбы 6 сыныпқа арналған Өзін-өзі тану оқулығы |
|
|
Дәйексөз |
Бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі әлемге әйгілі ойшыл, философ Әбу Насыр Әл-Фарабидің «Ар-ұждан алдындағы адалдық-өз қадір-қасиетіңе , ізгі іс-әрекетіңе байланысты» деген нақыл сөзімен жалғастырамыз. 1.Дәйексөздің мағынасын қалай түсіндіңіздер? 2.Өздерінізге адал дос таңдай алдыңыздар ма? 3. Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер? |
2 – Слайд Дәйексөз |
|
|
Оқиға әңгімелеу |
Осы сабақты әрі қарай тереңірек түсіну үшін бейнероликке назар аударайық. https://www.youtube.com/watch?v=qMGpYAqDuQU |
4 - Слайд |
|
|
Әңгімелесу |
Ал, балалар енді төмендегі сұрақтарға жауап берейік. 1.Өтірік айтудың бізге қандай кері әсерлері бар ? 2.Шыншыл болу дегенді қалай түсінесің? 3. Бейнероликтен қандай ой түйдіңіздер? |
5- Слайд |
|
|
Шығармашылық іс-әрекет |
Бүгінгі тақырып бойынша алған білімдеріңізді бекітіп, дұрыс әрекетті іздеу жолында өз ұстанымдарыңыз бен ой-пікірлеріңізді қалыптастыру мақсатында шығармашылық тапсырмаларды орындауға шақырамын. 1-тапсырма. Берілген тұжырымдарды мұқият оқып, мән-мағынасын түсініңдер. М.Әуезов. «Ар жазасы-бар жазадан ауыр жаза». У.Шекспир: « Ар-ұжданым –менің өмірім, екеуінің тамыры бір. Арымнан айырылсам, өмірімнің де біткені». М.Моцарт : « Өмірімде ар-ұжданды жоғары бағалағандықтан да, тәуелсіз әрі қайсар жан болған шығармын». 2-тапсырма. Төменде берілген жағдаятты мұқият оқып, сұрақтарға жауап беріңдер. Әкесінің әлденені есептеп, жазып отырғанын көрген Асан есімді бала өз бөлмесіне жүгіріп кеп, ойына алған нәрсені орындауға кіріседі. Анасына көрсеткен азын-аулақ көмегі үшін ақша сұрамақшы болады. Келесі күні анасы ас үйдегі үстелдің үстінен бір қағаз тауып алады. Ондағы жазу мынау екен: «Анасының ұлы Асанға қарызы. -дүкеннен сөмке тасығаны үшін-50 теңге; -хаттарды поштаға салғаны үшін-30 теңге; -жақсы бала болғаны үшін-150теңге; -гүлдерге су құйғаны үшін-50теңге; -барлығы-280 теңге».
Анасы үстелдің үстіне 280 теңге қалдырып кетеді. Кешке Асан ақшаны көргенде қатты қуанады. Алайда ақшаның жанында тағы бір қағаз жатқан еді. Онда былай деп жазылыпты: «Асанның анасына қарызы: -үйде өткізген 10 жыл бақытты өмірі үшін-ештеңе; -10жыл ішінде ішіп-жегені үшін – ештеңе; -ауырған кездегі бағым-күтімі үшін – ештеңе; -жақсы ана болғаны үшін- ештеңе; -барлығы-ештеңе».
|
6- Слайд 7-слайд |
|
|
Жобалау қызметі |
Құрметті 6 сынып оқушылары, жоба бойынша мына тапсырмаларды орындаңыздар. Жан-жануарлар, құстар, жәндіктер туралы әңгімелерді тауып, оларды төменгі сынып оқушыларымен бірге оқыңдар. Оқылған кітаптар бойынша «Адам және оның кіші бауырлары» атты суреттер байқауын ұйымдастырыңдар. |
8- Слайд |
|
|
Сабақтың аяқталуы |
Осымен сабақ аяқталды. Қош сау болыңыздар! |
9-Слайд |
|
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ар-ұждан және абырой туралы"

шағым қалдыра аласыз