Ар-ұят және жауапкершілік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ар-ұят және жауапкершілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамгершілікке, әдептілікке байланысты түрлі суреттер, өсиет - нақылдар.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қазақстан Республикасының ОҚУ – АҒАРТУ МИНИСТІРЛІГІ

Алматы қаласы білім басқармасының

«Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі» КМҚК



Бекітемін

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

______________ Калиева А. С.

____ __________ 2023 жыл



Мамандығы: 10130300 «Тамақтандыруды ұйымдастыру»

Біліктілігі: 4S10130303- «Технолог»



ӘДІСТЕМЕЛІК ІС-ШАРАНЫҢ ӘЗІРЛЕУ ТАҚЫРЫБЫ:


Тәрбие сағаты:

«Ар-ұят және жауапкершілік»


Курс: 1

Топ: 111 БОПТ

Топ жетекшісі: Алжанбаева А.С




Алматы, 2023 ж

Тақырыбы: «Ар-ұят және жауапкершілік»
Мақсаты:
Білімділік: Адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға үйрету;
Дамытушылық: Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту.
Тәрбиелік: Әдептілікке, сыпайылыққа ар- намысты жоғары қоятын жеке тұлға тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: Адамгершілікке, әдептілікке байланысты түрлі суреттер, өсиет - нақылдар.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылар шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне тілектер айтады.
- Бүгін біз әдептілік, адамгершіліктің асыл қасиет екені туралы пікірлесіп, өз ойларымызды ортаға саламыз. Адамгершілік деген не? Адамгершілік қандай қасиеттерден тұрады? «Топтастыру» стратегиясын қолдану.
Адамгершілік
Міне балалар, біз сендермен « Ар –ұятың адамгершілігің» тақырыбында ой бөлісеміз. Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады.
- Балалар , ар, ұят, намыс, ождан дегенді қалай түсінесіңдер?
( оқушылар жауабы тыңдалады)
Көрініс: «Әдептілік» Ы. Алтынсарин
Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді.
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.
Қасындағы бай:
- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай?- деп сұрайды.
Сонда ғалым тұрып:
- Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па?- деген екен.
Слайдпен жұмыс:
Слайд бойынша әңгімелету. Адамгершілік, сыпайылық қарым - қатынас қасиеттерді үйрену керектігін әңгімелеу.
Ойын «Жалғастыр»
«Не істеуге болмайды?».
- Үлкендердің алдынан...... (кесіп өтуге болмайды.)
- Кішкене баланы................(жылатуға болмайды.)
- Құстарды...........................(атуға болмайды.)
- Қыз баланы........................(ренжітуге болмайды.)
- Сабақтан.............................(кешігуге болмайды.)
- Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.)
«Не істеу керек?»
- Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.)
- Үлкеннің тілін...................(алу керек..)
- Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.)
- Кішілерді..............................(қамқорлау керек.)
- Оқу құралдарын.................. (күтіп ұстау керек.)
Слайдпен:
«Әдептілік ар –ұят, адамдықтың белгісі...». деген халық мақалының мазмұнын ашып түсіндіру.
Сабыр, сақтық, ой талап болмаған жан Анық төмен болмай ма хайуаннан? Ынсап, рақым,ар , ұят табылмаса,
Өлген артық дүниені былғағаннан. –деп Ш. Құдайбергенов атамыз айтқандай, адамның бойындағы асыл қасиет, ар- намысты жоғары қоюымыз керек екен.
Адам баласында жақсы қасиеттермен қатар жағымсыз қасиеттер де болады. Адамгершілік туралы Ұлы Абайдың
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол Адам болам десеңіз өлеңін топта талқылау.
1-топ: Неден жирену керек?
2- Топ: Неге үйрену керек?
3- Топ: Венн диаграмасы ( жағымды, жағымсыз қасиеттерді салыстыру)
4- Ар-ұят туралы көрініс көрсету.
Адамгершілікке байланысты бейнефильм көрсету. Жақсылыққа жақсылық-әр кісінің ісі, Жамандыққа жақсылық-ер кісінің ісі. деген сөз әрқашан естеріңде жүрсін.
Сынып сағатын қорытындылау:
- Балалар, біз бүгінгі сынып сағатында адамгершілік, әдептілік, ар- ұят жайлы пікірлер айтып, өз ойларымызды ортаға салдық. Арлы адам –ардақты адам. Арымыз таза болса тарихымызда таза болады. Рефлекция
- Балалар, бүгінгі тәрбие сағатынан алған әсерлеріңді стикерге жазып , «Адамнершілік ағашының» өсуіне көмектесейік.
- « Жылы лебіз» (әр топ орнынан тұрып бірге айтады

Кураторлар кеңесінің төрайымы __________ Ж. Б. Кабаева

Топ кураторы: Абдықалық Ә.Б



Ф.09.1-45.Басылым 1


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.10.2024
477
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі