Материалдар / Арайлы алтын күз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Арайлы алтын күз

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс өткізуде көмегі мол
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2018
472
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: « Арайлы алтын күз»

Мақсаты:  Оқушылардың санасына күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенін жеткізу. Күз ғажайыптары туралы қосымша мәлімет беру.Оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту,

табиғатты аялап қорғауға, ұйымшылдыққа, еңбекке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер

Ұйымдастыру

Кіріспе. Мұғалім

Армысыз өнер сүйер көрерменім,

Алдыңызда келді міне өреңдерің.

Алтын күздің керемет сыйлықтарың

Паш етпекші бүгінгі бүлдіршіндер ,

- демекші ,1а сынып оқушыларының «Арайлы алтын күз» байқауына қош келдіңіздер.

Міне,табиғат ерекше құбылып, айналамыз cары түске боялып, қамбамыз астыққа толып, бәріміз асыға күтетін, баршамызға шашылған сары нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі мезгіл күз айы .

Молшылыққа толы берекелі «Арайлы алтын күз» мерекесі баршаңызға құтты болсын.Бүгінгі біз «Арайлы алтын күз» атты мерекемізді бастаймыз.

Жүргізуші:

Бәрекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз- даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз- байлық, молшылық.


Жүргізуші:

Нағыз сары алтындай сары күз қыркүйек айы.Ол-еңбек айы.

Күз маусымының екінші айы – қазан.

Бұл ай – мереке басы, өйткені дихандар сабантой жасайды.

Күздің соңғы айы-қараша. Қараша десе дегендей, айнала теп-тегіс сүреңсіз

жапырағынан айрылған ағаш қара суыққа қалтырап, жүдеу далаға өң бере алмай селтиеді.

жүргізуші: 

Сайыс шарттары:

1.Таныстыру

2.Күз байлығын көрсету

3.Білгенге маржан (сұрақ-жауап)

4.Өнерлі өрге жүзер (өз өнерлерін көрсету)

5.Күзгі сән үлгісі

1-ші жүргізуші: 

2 ай ғана мектепке қадам басқаны,

Алғашқы әріптер мен сандарды да жазғаны

Сонда-дағы бүлдіршіндер сахнада

Өнерімен , болмысымен таң қалдырады, -дей отырып , сайысқа түскелі отырған сүйкімді балақайларды ортаға шақырамыз.

2-ші жүргізуші: 

1.Әдемілік бойларынан табылатын,

Оқуда да зейінді, алғыр болып табылатын

Бағдат пенен Нұраймен мақтана алам

Болашақта үздіктердің қатарынан табылатын

1-ші жүргізуші: 

Сүйкімділік, нәзіктілік қылығымен,

Баурап олар тәп-тәтті бал тілімен.

Шақырамыз ортаға Нұрберген мен Эльмираны

Қолдаңыздар, қол соғамыз бәріміз
2-ші жүргізуші: 

Отбасында тұңғыш қызы саналатын

Жанұяның еркесі мен кенжесі боп қалатын

Санжар менен Анельді қарсы алайық

Бұл сайыста жүлдегер атанатын.

1-ші жүргізуші: 

Өзі сүйкімді балақай, мейірімді,

Математик сыныбында , кім білмейді Ерасылды

Ал Еркеназ өзі тұйық болғанымен

Оқуда да, жазуда да ол есе жібермейді.

1-ші жүргізуші: 

Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, «Арайлы алтын күз» атты сайысымыздың бірінші бөлімді таныстыруға кезек берейік. Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар біздің сұлу да сүйкімді ханшаларымыз бен салмақты да сымбатты ханзадаларымыз өздерін таныстырсын.

2-ші жүргізуші:

Күз-байлық, күз молшылық кезі деп айтамыз. Шындығында да жемістер мен көкөністер пісіп, сары алтындай астықтың жиналатын кезі, адамдардың нағыз еңбегінің қызған шағы.

1-ші жүргізуші: 

Сайысымыздың 2-ші шарты «Күз байлығын көрсету»

1-жүргізуші:Келесі бөліміміз «Білгенге маржан» деп аталады. Сайыскерлер сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.

Енді әділқазылардан «Білгенге маржан»  бөлімінің бағасын сұраймыз.

1-жүргізуші:

Қазақ өнер десе ішкен асын жерге қоятын халық қой. Ендеше, құрметті көрермендер

Келесі бөліміміз «Өнерлі өрге жүзер» деп аталады.

Енді әділқазылардан «Өнерлі өрге жүзер»  бөлімінің бағасын сұраймыз.

2-ші жүргізуші: 

Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әр сұлу әсем болар өз жанымен

Өз қолынан шығарған киім үлгісін

Сіздерге көрсетеді өз сәнімен, -дей келе келесі кезекте «Күзгі сән үлгісі»

1-жүргізуші:

Енді әділқазылардан «Күзгі сән үлгісі»  бөлімінің бағасын сұраймыз.

Мұғалім:

Қатысушылармыз өз тапқырлықтарын, шешендіктерін білдірсе, арайлы алтын күзіміздің жүлдегерлерін анықтайық. Ендеше кезекті әділқазылар алқасына сөз береміз.

Қорытындылау: Әділ-қазыларға сөз кезегін беру.

Марапаттау





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!