«Арайлы Алтын күз!»
Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Мерекелік көңіл-күй сыйлау. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс-әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа, достыққа баулу. Іс-әрекет нәтижесінде Күз ханшайымы мен Күз ханзадасын тағайындау.
Көрнекілігі: Күз ханшайымы, күз ханзадасы, күзгі табиғат.
Барысы: Ерте, ерте, ертеде сонау «Сәуле» бағында Күз патшасы мен Күз Патшайымы өмір сүріпті. Олардың ай десе аузы, күн десе көзі, киіктің лағындай сұлу, биязы, мейірімді қыздары мен ақылды, батыл, өжет, сымбатты ұлдары болыпты. Олар кішкентайынан бір-біріне қамқор болып жүреді екен. Олар өз балаларын ешкімнен кем қылмай мәпелеп, аялап, бойларына мейірімдік пен қамқорлықты, батылдық пен жігерлілікті сіңіріп, білімді, ақылды етіп тәрбиелепті. Екеуі балаларының ерке қылықтарын, қызықты оқиғаларын айтып мәз мейрам болады.. Бір уақытта Күз Патшайымы:
-
Патша, біз балаларымызды 6жасқа толғанша беттерінен қақпай, аялап, мәпелеп, ақылды, білімді етіп өсіріп келеміз. Енді осы балаларымыздың ақылдылығын, өнерін, шеберлігін сынап көрсек қалай қарайсыз-дейді
Сонда Патша:
-
Дұрыс айтасың Патшайым, біз балаларымыздың осы уақытқа дейін алған білімдерін ортаға салып сайысын тамашалайық Мен өзімнің жарлығымды шығарамын.
Күз Патшайымы:
-
Жарайды, менде сөзіңізді құптаймын
Тәрбиеші: Кішкентай Ханзадалар мен Ханшайымдар билей жөнеліпті. (Вальс)
Күз Патшасы мен Күз Патшайымы ойлана келе мынадай шарт түрін енгізіпті. Балаларын теңдей екі топқа бөліп мынадай топ аттарын беріпті.
1топ – «Ақ бидай»
2топ – «Ақ маржан»
1.Жүздің түсін танығанша, бірдің атын біл.(өздерін таныстыру)
2. Білгенге-маржан (сұрақ-жауап)
3. Көркем сөз
4. Өз өнері
5. Мерекелік дастархан мәзірі (күзгі өнімдерден үйден дайындап әкелуі керек)
6. Сән үлгісі (өз шығармашылықтары)
Осы сайысты көруге көптеген көрермен жиналыпты.Әділ шешімін айтатын әділ-қазы алқалары да келіпті.
Тәрбиеші:
Әділдікпен баға берер
топтарға
Әділдікпен қара қылды жаруға
Қазылар алқасы біз салайық
Үздік топты таңдап бүгін алуға-дей отырып құрметті
көрермендер әділқазы алқаларымен таныс
болыңыздар.
Хор: «Күн суытты далада»
Тәрбиеші:
Көп сөйлеп жөн – жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді сіздер рұқсат етіңіздер,
Қанекей, топтар сайысын бастайық біз.
Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәске түскен топтарымыз кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе деймін- деп таныстыру кезеңіне кезек береміз.
«Ақ бидай» тобы:
Сәлемет па ағайын,
Тобымды таныстырып алайын
Мен боламын топ басшысы
«Ақ бидай» деп аталады тобымызда
Биіктерден көріну ойымызда
Біздерді қошеметтеп қойыңыздар!
«Ақ маржан» тобы
Армысыздар көрермен
Бармысыздар көрермен
Әділетті тілеймін
Әділқазы қауымым
Таныстыра кетейін
Ақ маржан атты тобыммен
Дарындылық,даналық
Табандылық,қайсарлық
Сыпайылық,сыйластық
Бойымызға жинадық!
Тәрбиеші:
Білім аққан сел дейді,
Бірақ оңай келмейді.
Ала білсең білім көп,
Ақыл ойға кел дейді
Білікті бірді жығады
Білімді мыңды жығады
Білімнен жиып қазына
Қоржыныңды салмақта
Келесі бөліміміз «Білгенге маржан»деп аталады. Сұрақ-жауап бөлімі.
1топ:
-
Еңбек туралы мақал-мәтел айт
-
Күз айларын қазақ тілінде және орыс тілінде айтыңдар
-
Жұмбақ
Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында наны бар.
(бидай)
-
Жыл құстарын атаңдар
-
Күз туралы қандай өлең білесің?
-
Алма, алмұрт, шие жүзім, банан жалпы атауын ата
-
Сандық сызғыш қай саннан басталады?
2топ:
-
Отан туралы мақал-мәтел айт
-
Апта күнедерін қазақ тілінде және орыс тілінде ата
-
Жұмбақ: Көк ала киім киеді, күннің көзін сүйеді. (қарбыз)
-
Қыстап қалатын құстарды ата
-
Күз туралы өлең білесің бе
-
Картоп, сәбіз пияз, қызанақғ қияр жалпы атауын ата
-
Мынау қай әріп? Дауысты ма дауыссыз ба?
Тәрбиеші:
Келесі кезеңге кезек береміз. Көркем сөз.
«Ақ бидай» тобы Нұржан
«Ақ маржан» тобы Фархат
Тәрбиеші:
Тәп-тәтті қылығымен сүйсіндірген
Ортада мың бұрала билей білген
Бір топ қыздарымызды
Шақырайық ортаға «Тиіндер» биіменен
Тәрбиеші:
4 кезеңге кезек берсек «Өз өнері деп » аталады.
«Ақ бидай» тобы Гүлімай мен Сайда
«Ақ маржан» тобы Сезім мен Самал
Тәрбиеші:
Татсақ тағамынын дәмі қандай,
Барша жұрт көзбенен қызыққандай.
Күзгі тағам дайындап әзерлеуде
Қанекей? Қайсымыз жылдамбыз-ай-деп 5кезеңге кезек береміз. Әр топтан 1 адам шығып, әзірлеген тағамы туралы айтады .
Тәрбиеші:
Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,
Әр сұлу әсем болар өз жанымен
Өз қолынан шығарған киім үлгісін
Сіздерге көрсетеді өз сәнімен,-дей келе келесі кезекте сән үлгісі.
Қатысушыларымыз өз шығармашылықтарымен жасаған киім үлгілерін көрсетеді.
Олай болса, қол соғып қошеметтеп отырайық.
Олай болса бағанадан бері тамашалап отырған әділ-қазылар алқасына сөз кезегін береміз.
Хор: «Бақытты баламыз»
Бағанадан бері өз балаларының өнерін тамашалап отырған Күз Патшасы мен Күз Патшайымы таңдана да тамсанып қалды. Әділ қазалардың шығарған бағасына риза болған Патша мен Патшайым рақметін айтып, балаларын осындай дәрежеде өсіп-өндіргендеріне қатты қуанды.
Берекелі бақ-дәулет, арта түссін тойланып,
Сау болыңдар қонақтар, келгенше жыл айналып
№14 «Сәуле» бөбекжай балабақшасы
«Арайлы алтын Күз»
Тәрбиешілер: Алпысбаева Эльвира
Абашова Клара
Музыка жетекшісі: Л.Ізтілеу
2017-2018жыл
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз