Қарасу жалпы орта білім беретін мектебі
«Тексерілді» БЕКІТЕМІН:
МДТІЖО: Мектеп директорынығ м.а.
Сембаева Н.А. _________ ________ Абишева А.Д.

1-5 сыныптар
Сыпын жетекші:Бисембекова С.
Бесқауға ауылы 2017 ж.
Мақсаты: Жаңа ғасырдың ұлы көшінде егемендігі еңселене түскен Тәуелсіз Қазақстанда тұрып тәрбиеленіп жатқан жастарымыздың рухын көтеріп, эстетикалық талғамын арттыру арқылы өнерге, сезімталдыққа, сыпайылыққа, мейірбандылыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылық, күз-шаттық, күз-қуаныш екенінін оқушы санасына жеткізу. Өздеріне ерік бере отырып, ауыз біршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Жүргізуші:
Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күнін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке, бірлікпенен
ортақтассын.
Жүрегімнен шуақты жыр естіріп,
Жазым өтті отты тіл үлес қылып
Қарасам жан- жағыма күз келіпті
Сұрша бұлтқа күрсініс ілестіріп
Күздің желі гуілдейді бір
сарын,
Ұшсын желмен жүрегіме тұнса мұң.
Қоштасады шыр айналып жапырақ
Қоштаспасын тек жаздағы жыр- сағым
Армысыздар Қымбатты көрермендер, оқушылар !
Қайырлы күн Ұлағатты ұстаздар , жалынды да , жігерлі жас
достар.
Берекелі де, мерекелі Алтын күз мерекелеріңіз құтты
болсын!
Жүргізуші:
Күз айы мерекелі
ай. Қырман
толып, халқымыздың ырысы артатын берекелі ай. Келесі күзге дейін
жүрегімізде есте қалатындай арман сезімін себелейтін, үнемі асқақ
мұраттарға жетелеп отыратын қасиетті ай. Ендеше халайық келіп
отырған Алтын күз мерекесі әрбір жанға құт пен береке, ырыс пен
табыс әкелсін демекпіз.
Құрметті халайық бүгінгі
өткізгелі отырған байқауымыздың негізгі мақсаты: Жаңа ғасырдың ұлы
көшінде егемендігі еңселене түскен Тәуелсіз Қазақстанда тұрып
тәрбиеленіп жатқан жастарымыздың рухын көтеріп, эстетикалық
талғамын арттыру арқылы өнерге, сезімталдыққа, сыпайылыққа,
мейірбандылыққа, адалдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу болып
табылады.
Олай болса бүгінгі сайысымыздың қатысушылары
1 – 5 сынып оқушылары
«Арайлы, Алтын күз!» сайысының қатысушыларына ақ жол деп, қошемет көрсетейік құрметті көпшілік.
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем.
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл … дей келе бүгінгі сайысымызға
қазылық жасайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1.Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Сулейменов Дюсембай Нәжмиденұлы
2. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сембаева Нургүл Амангелдіқызы
3.Мектебіміздің кәсіподақ төрайымы Бейсенова М.И.
Жүргізуші:
Ендеше бүгінгі кешіміздің бағдарламасымен таныс болыңыздар.
Бағдарламамыз
5 бөлімнен тұрады.
І кезең
Таныстыру (көрініс арқылы , костюм
қорғау)
ІІ кезең Пародия (әншінің бейнесін, іс-әрекетін келтіру)
ІІІ кезең Сән үлгісі
(күз мезгіліне байланысты жарасымды киім
үлгісі, күз элементтерінен
сән үлгісін көрсету)
ІҮ кезең «Өнерлінің қанаты
талмас» /әр сынып өз өнерлерін
көрсетеді/
Ү кезең «Күзгі дастархан» (күз байлықтарынан дастархан ұсыну)
Әділқазылар алқасы Ең төменгі балл-2 , ең жоғарғы балл 5.
Жүргізуші: Жандары жақсылыққа тұнып
дәйім
Жол берсін қақ жарылып қырық қайың
Құрметпен ортаға шақырайық
Бар сарай өздеріңді ұлықтайтын
Құрметті көпшілік
көрерменім
Жақсылыққа әрдайым артқан сенім
Ақжол тілеп үкілі үміттерге
Таныстыру шартына кезек бердім
1 кезең
«Таныстыру»
Ендеше бірінші кезең . Үміткерлеріміздің өздерін
таныстыруы.
1-сынып оқушыларын қошеметпен сахна төріне шақырайық.
ортаға 2,3 ,4,5, сынып оқушылары кезекпен шақырылады.
...................................................................................................................................................
Жүргізуші:
Ал, кімнің өнері бар
қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі сайыста бәйге алуға,
Үміткерлер , аянбай-ақ жан салыпты
Баршаға өнер сүйер жар
саламыз
Үкілі үміттерді қарсы аламыз
Күйге енейік баршамыз ерекше бір
Сіздер үшін барынша , ән саламыз.
Құрметті көрермендер ендігі кезекте үміткерлеріміздің дайындап
келген өнерлерінің куәсі болуға шақырамыз.
2 кезең
Пародия Сахнада бірінші сынып
оқушылары
ортаға 2,3 ,4,5,
сынып оқушылары кезекпен шақырылады.
.....................................................................................................................................
Жүргізуші: Сайыскерлеріміздің өнерлеріне көп рахмет айта отырып, келесі кезеңімізге өтейік.
Сәнімен күздің көркін көрікті етіп,
Бір қыз өтіп барады желіп кетіп.
Иығына төгіліп қара шашы,
Жан біткенді өзіне еліктетіп.
Бар сұлулық құйылған бір басына,
Жарасып – ақ тұр бәрі сұлбасына,
Бетін шымшып жауратып күз салқыны,
Еркелейді еріксіз сырласына.
Ендігі кезекте сән үлгісін тамашалаңыздар
3 –кезең Сән үлгісі (күз мезгіліне байланысты жарасымды киім үлгісі, күз элементтерінен сән үлгісін көрсету)
ортаға 1. 2,3 ,4,5, сынып оқушылары кезекпен шақырылады.
...............................................................................................................................................
Жүргізуші:
Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпас,
Әрқашанда нанымды
Сол шындықты күнделікті,
Көріп жүрміз өмірден
Өнерімен танысайық,
Тілекші боп көңілден.
4 – кезең «Өнерлінің қанаты талмас» /әр сынып өз өнерлерін көрсетеді/
Сайыскерлеріміз әдемі
әуенмен ырғақты билеп, өздерін бүгінгі кеште көрсете білулері
тиіс. 1 сыныпты
қошеметпен ортаға шақырайық.
ортаға 2,3 ,4,5,
сынып оқушылары кезекпен шақырылады.
.....................................................................................................................................
Жүргізуші:
Алтындай сылдырлайды күздің
үні,
Жібектей майда шуақ алтын күні.
Биылғы мерекелі нұрлы күздің
Тамаша бірдей сұлу күн мен түні
Сондықтан биылғы күз мерекелі,
Байлығы өте-мөте берекелі
Мәз-мейрам барлық ұлт шат, байлығы мол,
Міне осы, шын бақытты ел мекені.
Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезгілінің өзіне тән ерекшелігі, жақсылығы, әр түрлі мерекесі, берекесі бар. Соның ішінде күздің алатын орны ерекше. Күз мезгілі адамның ішкі жан дүниесін оятып, сағыныш әлемінде тербейді.
Ү кезең «Күзгі дастархан» (күз байлықтарынан дастархан ұсыну) Ендеше,
«Күзгі дастархан » бөлімі бойынша әділқазылардан ұпайлары сұралды.
1,2,3 ,4,5, сынып
Әділқазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарғанша ...............................
орындауында би.
Қатысушылармыз өз тапқырлықтарын, шеберліктерін білдірсе,
шығармашылығымен танылса, арайлы алтын күзіміздің
жүлдегерлерін анықтайық.
Әділқазыларға сөз беріледі. ( марапаттау)
Жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен
тұратын,
Өмір күрес, жеткізе ме мұратын.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, болсаң егер ұғатын.
Келешекте әлі талай сайыстар
бар,
Өнерлерің шыңдалсын қалыспаңдар.
Өнерлілер көбейсін күннен – күнге,
Өмір күрес әлі талай жарыстырар … дей отырып,
«Арайлы, алтын күз!» сайысының бірінші бөлімі бастауыш сыныптар арасындағы сайыс жабық деп жариялаймыз .
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Арайлы,Алтын күз» сайысы

шағым қалдыра аласыз