Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
АРАЛ ӨҢІРІ ЖАҒДАЙЫНДА ГЕРБИЦИД ПЕН ТЫҢАЙТҚЫШТЫ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША ҚАНТТЫ ҚҰМАЙДЫ ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Арал өңірі жағдайында гербицид пен тыңайтқышты пайдалану бойынша қантты құмайды өсіру технологиясы
Дүйсембаева Нұргүл Серікқызы
Қазалы көлік-техникалық колледжінің І санатты биология-химия пәнінің оқытушысы, жаратылыс ғылымдарының магистрі
Қазіргі нарықтық жағдайда малазықтық базаны нығайтуда табиғи малазықтық жерді кеңінен жане тиімді пайдалануда осы жерден құнды және арзан азықты алу мен қатар жоғары өнімді малазықтық дақылды өсіру үшін суармалы жерді максимальді пайдалану болып табылады. Интенсивті типті дақылдардың бірі қантты (малазықтық) құмай болып табылады.
Соңғы 30-40 жылда Арал өңірінде табиғи шабындықтың көлемі апатты қысқартылып, азықтық массаның қоры кеміп кетті. Осыған байланысты жазғы жайылым жане қысқы кезенде қорада тұратын малдың азығын арттыру жолдарын іздестіру мәселесі өзекті. Мұнда азықтық өндірісін арттыруды жөнге салу Арал өңірінде тек ғана суармалы жерде іске асыруға болады. Ал жеткілікті күннің шұғыласы жылына малазықтық дақылдардың бірнеше өнімін жане орымын алуға мүмкіндік береді.
Нарықтық экономикаға көшу жане мелиоративтік жұмыстардың, химизация заттарының қымбаттауы азықтық базаны құруға жаңа, едәуір экономикалық тиімді жолдарын іздеуді мәжбүр етеді. Сонымен бірге қазіргі таңда Арал теңізінің кепкен түбінде 2,5 млн га ауданында сортаң-құмды шөл пайда болды, бұл жерден жыл сайын тұрақты желмен 150 млн т тұзды шаң көтеріліп, атмосфераны ластайды, адам ағзасына және жануарларға, өсімдіктерге жойқын әсерін тигізеді.
Өкінішке орай Арал өңірінде мал шаруашылығына мықты азықтық базаны құру мақсатында суармалы жерлерді жеткіліксіз пайдаланады. Осындай жағдайда жоғары өнімді малазықтық дақыл құмайды өсіру өте қажетті және өзекті болып табылады.
Зерттеулердің мәселесі және мақсаты.
Арал өңірінде жағымсыз жағдайлардың қалыптасуына байланысты, мал шаруашылығын азықпен қамтамасыз ету әрі қарай қиындай береді. Осыған байланысты агроөнеркәсіп комплекстің алдында малазығын дайындау, соның ішінде егіншілік малазықтық алқабын кеңейту жолдарын іздестіру және малазықтық дақылдардың өнімділігін арттыру. Осы мәселені орындау мақсатында біз малазықтық қантты құмай дақылының «Ранний янтарь-161» сортын алдық. Осыған орай зерттеу бағдарламасына енгізілген өсіру технологиясының негізгі агротехникалық шараларды зерттеу. Олар :
-
тұқымның егу тереңдігін анықтау;
-
тұқымның егу тәсілін және егу мөлшерін зерттеу;
-
құмайды өсірудің экономикалық тиімділігін есептеу.
Ғылыми жаңалығы. Арал өңірі шөл жағдайының суармалы жерінде құмай бұрын-соңды өсірілмеген. Сондықтан құмайды өсіру технологиясының агротехникалық шараларын зерттеу ғылыми жаңалығы болып табылады.
Н.Н.Кулешов [1] құмайды үш түрге бөлді : 1) дәнді құмай (Grain Sorghum); 2) Қантты құмай Saccharine sorgho); 3) сыпыртқы құмай (Broom Corn).
Әлем егіншілігінде құмай ежелгі дақылдардың бірі. Құмайдың отаны Орталық, Батыс және Шығыс Африка болып табылады. Африкада құмай Неолит дәуірінде егіске енгізілген, ал Египетте –Иса пайғамбардың тууына дейін 2500-3000 жыл бұрын белгілі болған [5]. Үндістан мен Қытайда да сол дәуірде өсірілген [6]. Негр тұрғындарының басым көпшілігіне құмай негізгі астық дақылы болып табылады. Негізгі егістер Африкада, Эфиопияда, Суданда, Нигерияда, Угандада, Кореяда, Сирияда, Ливанда, Түркияда, Иранда кеңінен өсіріледі [7]. Орта Азияда егістік көлемі 250-300 мың га.
Әлем егіншілігінде егістік ауданы және астықтың жалпы түсімі бойынша құмай бидайдан, күріш, жүгері және арпадан кейін-үшінші орында тұр. Оны әлемнің 85 елінде өсіреді. Құмайдың негізгі егістері Азия елдерінде (50%), Африкада (33%), Америкада (15%), ал Австралия және Еуропада болғаны 2,3 % өсіріледі.
Әлемде орташа өнімділігі -12,5; Америкада-24,6; Австралияда-14,1; Азияда-10,1; Африкада-7,0 ц/га.
Суармалы егістікте құмайдың азықтық көк массасы 435, ал жүгерінікі-275 ц/га, ал келесі жылы қайталап еккенде, сәйкес.-494 және 420 ц/га-ны құрады [7].
Арал өңірінің топырағы территориясының басым бөлігі боз топырақ белдеуінің солтүстік шөл аймағына жатады. Өңірдің топырақ жамылғысы сан алуан түрлілігімен сипатталады.
Топырақтың типтері : шабынды –батпақты, аллювиальді-шабынды, тақырлау тақырларымен және шөлді құммен, сондай-ақ сортаң тақырлау тақырлармен үйлеседі.
Арал өңірі шабынды-батпақты топырағында республиканың күріш егістігінің 75 % шоғырланған [15], бірақ табиғи құнарлығы төмен деңгейде болып сипатталады : қара шіріндісі (гумус) өте аз -1,03-1,5% жалпы азот-0,084-0,106%; жалпы фосфор -0,149-0,171%.
Топырақтың биологиялық активтігі салыстырмалы түрде жоғары. 1 кг топырақта 5 млн микроағзалар болады.
Зерттеулер жүргізілген жылдары ауаның жылдық температурасының амплитудасы +47-ден -41ºС-ға дейін ауытқып отырды. Ауаның орташа жылдық температурасы 10,8-11,9 ºС құрады [17]. Жаз өте ыстық және ұзаққа созылды. Ең жылы шілде айында ауаның орташа температурасы 27,1-28,10С шегінде болды, ал максимальді температура 45-470С-ға дейін жоғарылады. Арал өңірінде аязсыз мерзім орта есеппен 167-168 күнге созылады.
Қантты құмайды малазық үшін өсіру технологиясы бойынша арамшөптермен күресуде гербицидті, өнімін арттыруда тыңайтқыштарды пайдалану бойынша танаптық екі тәжірибелер жүргіздік.
Тәжірибелік зерттеулер Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Ғ.Мұратбаев ауылына қарасты жеке диқаншының егістік учаскесінде 2012-2013 жылдары жүргізілді.
Тәжірибелік учаске шөлді жерде орналасқан, мұнда егіншілік тек ғана суармалы танаптарда шоғырланады. Учаскенің топырағы аллювиальді-тақырлы, механикалық құрамы бойынша орташа құмдақ, тыңайған жер.
Тәжірибелік учаскенің жерін қазанның 1-ші он күндігінде 25-27 см тереңдікте сүдігерге аударып жырттық. Ерте көктемде учаске тырмаланды да арамшөптердің пайда болуына қарай бірнеше рет культивацияланады. Осыдан кейін 500м3/га мөлшерімен суардық та арамшөптерді үшін қайтадан культивация жүргіздік. Тұқымды мамырдың 1-ші онкүндігінде ектік. Егудің алдын ала және одан кейін учаскені катоктадық.
Суландыру мөлшері 3000, ал суару мөлшері 500м3/га. Суаруды: 1-ші рет – тұқымды себу қарсаңында; 2-ші рет – құмайдың бірінші сабақтану кезеңінде; 3-ші рет – бірінші орудан кейін; 4-ші рет – қайталап екінші сабақтану кезеңінде; 5-ші рет – екінші орудан кейін; 6-шы рет суару – үшінші сабақтану кезеңінде іске асырдық.
Тәжірибелік учаскеде гербицидті және тыңайтқыштарды пайдалану бойынша қантты құмайдың өсіру технологиясын зерттеу мақсатында танаптық 2 тәжірибе жүргіздік.
1-тәжірибенің тақырыбы: «Құмай егістігінде арамшөптермен күресуде гербицидтің әсерін зерттеу».
Тәжірибенің үлгісі:
-
Гербицидсіз (бақылау)
-
«Гулливер» гербицидімен өңдеу – 0,2 кг/га Қ.Э.М. мөлшерінде.
1-ші тәжірибеде «Гулливер» гербициді құмай өсімдігінде 3-4 жапырақтар пайда болғанда қатарлар арақашықтығы 60, 40, 20 см және егу мөлшері, сәйкес, 300, 420, 540 мың тұқым/га варианттар мөлдектеріндегі өсімдіктерге 0,02 кг гербицидті 10 л суға ерітіп, ерітіндіні «Эра» ранц бүріккішпен бүркіп бердік.
2-ші тәжірибенің тақырыбы: «Қантты құмайдың өнімділігіне тыңайтқыштардың әсерін зерттеу»
Тәжірибенің үлгісі:
-
Тыңайтқышсыз (бақылау)
-
Көң, (15+15)т/га
-
N90
-
N90P60
-
N90P60К30
2-ші тәжірибеде азоттық-аммиак селитрасы бөлшектеп берілді: бірінші бөлігі – 30 кг/га Қ.Э.М. егу қарсаңында; екіншісі – 30 кг/га Қ.Э.М. 1-ші орудан кейін; үшіншісі – 30 кг/га Қ.Э.М. 2-ші орудан кейін суарудың алдын ала берілді. Ал фосфорлы (суперфосфат) – 60 кг/га Қ.Э.М. және калий тыңайтқышы – 30 кг/га Қ.Э.М., сәйкес, барлық мөлшерлері егу қарсаңында берілді. Минералды тыңайтқышты беру варианттары төмендегідей: 300, 420, 540 мың тұқым/га.
15т/га көңді күзде топырақты сүдігерге аударып жырту қарсаңында жердің бетіне шашып бердік. Сондай-ақ көктемде топырақты өңдеулердің алдын ала сол мөлшердегі көңді 2-ші рет бердік.
Зерттеулер әдістемесі – байқаулармен, есептеулермен, талдаулармен, өлшеулермен қоса жүретін егістік жердегі танаптық тәжірибе.
Тәжірибелерді жүргізу барысында төмендегідей зерттеулер жүргізілді:
-
1-ші тәжірибеде мөлдектердің арамшөптілігіне гербицидтің әсерін анықтау үшін арамшөптердің санын санадық. Ол үшін тәжірибенің әр мөлдегінде тұрақты бекітілген 1 м2 алаңшада 3 қайталануы бойынша арамшөптердің тұру тығыздығын анықтадық. Бұл зерттеулерді құмай өскіндерінде 3-4 жапырақ түзілгенде мөлдекті гербицид пен өңдеу қарсаңында және одан кейін жүргіздік [16].
-
Құмай өсімдігінің биіктігін және жапырақ ауданын сіпсебас алу және пісіп жетілу кезеңдерінде гербицидті берудің алдын ала және пайдаланудан кейін 1-ші тәжірибенің әр мөлдегінен алынған 15 өсімдіктің биіктігін және жапырақ ауданын, сәйкес, сызғышпен өлшеу және формула арқылы анықтадық [16].
-
Құмайдың көк көк және құрғақ массасының өнімділігін 10 м2 егістіктен өсімдіктерді ору арқылы анықтадық. Орылған массадан орташа салмағы 5 кг сынаманы сұрыптап алдық, кептірдік және таразыда өлшедік [16].
-
1-2-ші тәжірибелерде дәннің өнімділігін оның толық пісу кезеңінде әр қайталанудан 10 өсімдіктің сіпсебастарын сұрыптап алып, стационар жағдайында бастырып, таразыда өлшеп анықтадық [16].
-
Құмайды малазық үшін өсіруде гербицидті және тыңайтқыштарды қолданудың экономикалық тиімділігін типтік технологиялық карта, сондай-ақ норматив және бағалау арқылы есептеп анықтадық.
Қорытындылар
Тұқымды әр түрлі тәсілдермен, мөлшерлермен егу, арамшөптермен күресуде гербицидті пайдалану, құмай азықтық көк массасының құрғақ пішенінің және дәнінің өнімділігін арттыру үшін тыңайтқышты пайдалану Арал өңірі шөлінің суармалы учаскесі жағдайында төмендегідей қорытынды жасаймыз :
1. Арал өңірінің аллювиальді-тақырлы топырағында қантты құмайдың «Ранний янтарь-161» сортын 500м3/га суару мөлшерімен, өсу –даму кезеңдерінде 3000 м3/га суландыру мөлшерімен суару арқылы табысты өсіруге болады. 20-25 наурыздан 8 қарашаға дейінгі жылы кезеңнің ұзақтығы, күн шұғыласының қарқынды жүруі және бұлтсыз күндердің (100-150 тәулік) көп болуы; өсу-даму кезеңдері бойы орташа тәуліктік ауа температурасының (20,0-26,1ºС) жоғары болуы, суару арқылы құмай өсімдігін ылғалмен тұрақты қамтамасыз ету үш рет оруда құмайдың көк массасының 450-500ц/гв өнімін алуға қолайлы жағдай жасалады.
2. Арамшөптермен күресуде «Гулливер» гербицидін қолдану оның оң әсерін көрсетті, бұл өз кезегімен, қантты құмайдың азықтық массасының өнімділігін арттырды. Қатарлар ара қашықтығы 60 см, егу мөлшері 300 мың тұқым/га вариантында азықтық көк массаның қосымша өнімі гербицидті пайдалануда 21,2 ц/га және құрғақ пішеннің қосымша өнімі 5,1 ц/га-ны құрады. Қатарлар ара қашықтығы 40 см, егу мөлшері 420 мың тұқым/га вариантында, сәйкес, 17,1 және 4,7 ц/га құрады. Сондай-ақ қатарлар ара қашықтығы 20 см, егу мөлшері 540 мың тұқым/га вариантында қосымша өнім, сәйкес, 16,9 және 5,3 ц/га-ны құрады.
3. Қантты құмай егістігінде органикалық және минералды тыңайтқышты пайдалану азықтық көк масса және құрғақ пішен қосымша өнімді қатарлар ара қашықтығы 60 см, егу мөлшері 300 мың тұқым/га вариантында : көңді (15+15) т/га мөлшерінде бергенде, сәйкес 130, және 3,5 ц/га; N90 бергенде, сәйкес 13,6 және 3,7 ц/га; сондай-ақ N90P60К30 бергенде, сәйкес 20,7 және 5,6ц/га алуды қамтамасыз етті. Қатарлар ара қашықтығы 40 см, егу мөлшері 420 мың тұқым/га вариантында, сәйкес, 12,4 және 3,7; 12,3 және 3,3; 18,8 және 5,3 ц/га, сондай –ақ, қатарлар ара қашықтығы 20 см, егу мөлшері 540 мың тұқым/га вариантында, сәйкес, 12,6 және 3,6; 13,8 және 4,0; 23,8 және 6,3 ц/га алуды қамтамасыз етті.
4. Гербицидті пайдалануда жоғарғы экономикалық тиімділікті қатарлар ара қашықтығы 20 см, егу мөлшері 540 мың тұқым/га вариантында қамтамасыз етті, мұнда шартты таза табыс-64,1 мың теңге/га, жұмсалған 1 теңгенің орнынан табыс 10,5 теңгені құрады және рентабельдігі 52 % болды. Бұл көрсеткіштер гербицидті қолданбаған варианттан төмен, сондықтан құмай егістігінде арамшөптермен күресуде агротехникалық шаралармен шектелу жеткілікті.
5. Гербицидті, тыңайтқышты пайдалануда құмайдың дәнін алу үшін ең қолайлы вариант-қатарлар ара қашықтығы 60 см, егу мөлшері 300 мың тұқым/га.
6. Қантты құмай егістігінде қатарлар ара қашықтығы 20 см вариантында көңді пайдалану 65,4 мың теңге/га таза табысты және жұмсалған 1 теңгенің орнынан табыс 16,7 теңге табысын алуды, сондай-ақ 71 % рентабельдікті қамтамасыз етеді. Бұл көрсеткіш бақылау вариантынан кем емес.
Минералды тыңайтқыштар қымбат болуына себепті олар экономикалық тиімділік көрсеткіштері бойынша бақылау вариантынан төмен. Бұл қазіргі таңда оларды пайдаланудың қажеті жоқтығын көрсетеді. Бұған қарама-қарсы суармалы жағдайда топырақты негізгі өңдеуде көңді 15 т/га мөлшерінде және осындай мөлшерде егу қарсаңында кеңінен қолданған дұрыс. Жоғарыда айтылғандай тәжірибе жүргізілген өңірде көңнің қоры жеткілікті, сондай-ақ оны тек қана тасымалдау мен енгізуге шығын жұмсалады.
Ұсыныс
Ауылшаруашылық қожалықтарға, фермерлерге, мал шаруашылығы мамандарға, жеке малшыларға ұсынысымызды ұсынамыз.
-
Арал өңірінде суармалы жерде азықтық дақыл ретінде қантты құмайды өсіру керек.
-
Топырақты күзден негізгі өңдеуде (сүдігерге жырту) 15 т/га шіріген көңді және осындай мөлшерді көктемде құмайды егу үшін топырақты өңдеу қарсаңында беру керек.
-
Қантты құмайдың тұқымын мамыр айының басында қатарлар ара қашықтығы 20 см, егу мөлшері 500-540 мың тұқым/га. Өсу-даму кезеңдерінде 500 м3/га мөлшерімен 6 рет суару керек.
Пайдаланылған әдебиеттер :
-
Кулешов Н.Н. Сорго. Растениеводство СССР. М., «Колос»,
Сельхозгиз. 1953. 262-270 бб.
-
Вавилов П.П. Растениеводство М., «Колос», 1986, 136-142 бб.
3. Голубева Г.С.Формирование густоты стояния зернового сорго в зависимости от биологических особенности и экологических условий выращивания М. «Колос», 1982, 7-15 бб
4. Вахненко В.В. Сахарное сорго как кормовия культура в Приаралье. Тр. По прикладной ботанике, генетике и селекции. Л., 1980. Т.69. Вып.1. 125-127 бб.
5. Елагин И.Н. Демиденко Б.Г. Рекомендации по возделыванию сорго. М., «Колос», 1973-19 б.
6. Орлов В.М. Сорго в условиях Актюбинской области. Актюбинск, 1959-10 б.
7. Дюсембеков З.Д., Рамазанов Б.Г.Сроки сева сорго в условиях центральной части
Павлодарской области. Ж.Вестник с/х науки Казахстана1971, № 2. 35-37 бб.
8. Гурьянов А.И., Акулов А.А. Формирование урожая зерна в зависимости от способов посева и нормы высева зернового сорго в условиях северного Казахстана. Тезесы докл. Российской конф., Волгоград, 1992, 93-95 бб.
9. Малаев А.М. Возделывание сорго в условиях Гурьевской области. Тезисы доклада. Алма-Ата, 1986. 80-81 бб.
10. Якушевский Е.С., Вахненко В.В.Образцы и гибриды зернового сорго, перспективные в Западном Казахстане. Научно-техн.бюлл. ВНИИ растенисводства, 1983, 20-25 бб.
11. Рахимбеков Т.С. және т.б. Сроки и способы посева сахарного сорго в предгорной зоне Алма-Атинской области Алма-Ата, 1986, 41-45 бб.
12. Беляев М.П., Вальковский Г.П. Ж.Земледелие. Влияние гербицидов на засоренность посевов и почвы. 1987. № 6. 55-56 бб.
13. Заварзин А.И., Кулиев Н.Н. Новые гербициды на посевах сорго. Комплекс исследований по селекции сорго. Зерноград, 1987. 27-34 бб.
14. Андрющенко А.В. Влияние гербицидов на засоренность посевов и растений сорго. Селекция, биология и агротехника сорго. Зерноград, 1984. 69-72 бб.
15. Система сельскохозяйственного производства Кызылординской области (рекомендации). Алматы, «Бастау», 2002. 244-280 бб.
16. Доспехов Б.А. Методика полевого опыта (с основами статической обработки результатов исследований). М., «Колос». 1973. 269-276 бб.