«Әрбір бала-бір жұлдыз" атты үздік оқушыларды марапаттау кешінің сценарийі
Өткізілген күні: 29.05.2025ж
Қатысқандар: мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, 5-6-7-8 сынып білім алушылары
1-Жүргізуші:
Мектеп деген – киелі ұғым, ғажап ат.
Тынысы мен тіршілігі ғаламат.
Бала шақтан болашаққа ұмтылған
Түлеп ұшты талай – талай азамат.
2-Жүргізуші:Құрметті ұстаздар, оқушылар!
«Әрбір бала-бір жұлдыз" атты мектебіміздің үздік оқушыларын марапаттау кешіне қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Бүгін – мектеп өміріндегі ең бір қуанышты күндердің бірі. Біз жыл бойы үздік білім мен үлгілі тәртіп көрсеткен оқушыларды марапаттайтын күнге жиналдық.
2-Жүргізуші :Иә, бұл – еңбек пен табыстың мерекесі! Әрбір бала – бір жұлдыз. Бүгін сол жұлдыздардың ең жарықтарын бірге қарсы алайық!
1-Жүргізуші: Жұмсағанмен таусылмас, - демекші, еліміз өркениетті ел болу үшін ең бастысы білім. Білім – патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі.
2-Жүргізуші:
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз! – дей отырып, 2024-2025 оқу жылы бойынша оқу үздіктерін марапаттау үшін сөз кезегі мектеп-лицейіміздің басшысы Кисикова Акгул Мырзабекқызына беріледі.
5-6 сынып білім алушыларын марапаттауға кезек берейік
Ән: «Достарым»әні орындайтындар «Алидар»тобы
Қарсы алыңыздар!
7-8-10 сынып білім алушыларын марапаттауға кезек берейік
Ән: «Ақтөбем» әні орындайтындар «Алидар»тобы
Қарсы алыңыздар!
1-Жүргізуші:
Ұрпағы, ұландары текті жердің,
Қашанда болмысына сүйенемін.
Келешек ғалымдар да, даналар да,
Шығады өздерінен деп білемін!
Ән:
2-Жүргізуші :Марапат – тек мақтаныш емес, ол – сенім. Сендер – ертеңгі ел болашағысыңдар.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі «Әрбір бала-бір жұлдыз» атты мектебіміздің үздік оқушыларын марапаттау кеші өз мәресіне жетті.
2-жүргізуші: Ұрпағымыз білімді, келешегіміз кемелді болсын!
1-Жүргізуші:Жетістіктеріңмен шектеліп қалмай, әрдайым алға ұмтылыңдар. Жазғы демалыстарың сәтті өтсін!
Барлығы бірге:
– Жасасын білім! Жасасын бала арманы!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Әрбір бала-бір жұлдыз" атты үздік оқушыларды марапаттау кешінің сценарийі
«Әрбір бала-бір жұлдыз" атты үздік оқушыларды марапаттау кешінің сценарийі
«Әрбір бала-бір жұлдыз" атты үздік оқушыларды марапаттау кешінің сценарийі
Өткізілген күні: 29.05.2025ж
Қатысқандар: мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, 5-6-7-8 сынып білім алушылары
1-Жүргізуші:
Мектеп деген – киелі ұғым, ғажап ат.
Тынысы мен тіршілігі ғаламат.
Бала шақтан болашаққа ұмтылған
Түлеп ұшты талай – талай азамат.
2-Жүргізуші:Құрметті ұстаздар, оқушылар!
«Әрбір бала-бір жұлдыз" атты мектебіміздің үздік оқушыларын марапаттау кешіне қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Бүгін – мектеп өміріндегі ең бір қуанышты күндердің бірі. Біз жыл бойы үздік білім мен үлгілі тәртіп көрсеткен оқушыларды марапаттайтын күнге жиналдық.
2-Жүргізуші :Иә, бұл – еңбек пен табыстың мерекесі! Әрбір бала – бір жұлдыз. Бүгін сол жұлдыздардың ең жарықтарын бірге қарсы алайық!
1-Жүргізуші: Жұмсағанмен таусылмас, - демекші, еліміз өркениетті ел болу үшін ең бастысы білім. Білім – патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі.
2-Жүргізуші:
Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз! – дей отырып, 2024-2025 оқу жылы бойынша оқу үздіктерін марапаттау үшін сөз кезегі мектеп-лицейіміздің басшысы Кисикова Акгул Мырзабекқызына беріледі.
5-6 сынып білім алушыларын марапаттауға кезек берейік
Ән: «Достарым»әні орындайтындар «Алидар»тобы
Қарсы алыңыздар!
7-8-10 сынып білім алушыларын марапаттауға кезек берейік
Ән: «Ақтөбем» әні орындайтындар «Алидар»тобы
Қарсы алыңыздар!
1-Жүргізуші:
Ұрпағы, ұландары текті жердің,
Қашанда болмысына сүйенемін.
Келешек ғалымдар да, даналар да,
Шығады өздерінен деп білемін!
Ән:
2-Жүргізуші :Марапат – тек мақтаныш емес, ол – сенім. Сендер – ертеңгі ел болашағысыңдар.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі «Әрбір бала-бір жұлдыз» атты мектебіміздің үздік оқушыларын марапаттау кеші өз мәресіне жетті.
2-жүргізуші: Ұрпағымыз білімді, келешегіміз кемелді болсын!
1-Жүргізуші:Жетістіктеріңмен шектеліп қалмай, әрдайым алға ұмтылыңдар. Жазғы демалыстарың сәтті өтсін!
Барлығы бірге:
– Жасасын білім! Жасасын бала арманы!
шағым қалдыра аласыз













