Сабақтың мақсаты: оқушыларға шұғыл қызмет нөмірлерін
қолдануды үйрету.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату
(1-2 мин).
2.Мақсат қою. Тақырыпты
анықтау.
Постерді қарап шығыңдар. Сабақтың тақырыбын
анықтаңдар.

Сабақтың мақсаты: адам өмірін құтқару үшін
төтенше қызмет нөмірлерін есте сақтау.
«Есте сақта!»
-
Өрт күзеті
|
101
|
Полиция
|
102
|
Жедел жәрдем
|
103
|
Төтенше газ қызметі
|
104,
112
|
Бірыңғай құтқару қызметі
|
112
|
«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар
мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық
зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың
көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және
денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін
ашылған.
-
«111»
нөмірі – 24/7 байланыста
-
«111»
нөмірі – құпиялылықты сақтайды
-
«111»
нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел топтарымен
байланыста.
|
111
|
3.Білімді жаңғырту. Өткенді қайталау
- Төтенше қызмет нөмірлері туралы не білесіңдер? «Төтенше» деген
сөздің мағынасын түсіндіріңдер.
-Адамдар бұл нөмірлерді қандай жағдайларда қолданады?
4.Негізгі бөлім. Оқу мақсатын орындау шешімдері.
Топпен жұмыс. Педагог жұппен жұмыс істеуді ұсынады.
1-оқушы – диспетчер, 2-оқушы – қиын жағдайға тап болған адам.
1-топ: өрт; 2-топ: бұзақылардың шабуылы; 3-топ: көшеде ес-түссіз
жатқан адам; 4-топ: пәтердегі газ иісі; 5-топ: терең шұңқырға
құлаған бала. 2 мин уақыт беріледі. Әр топ берілген тақырып бойынша
дайындалып, іс- әрекеттерін, төтенше қызмет нөмірін қалай
қолданғанын сынып алдында көрсетуі керек.
Әр топ жұмысы жеке тыңдалады.
5. Қорытынды. Рефлексия (2минут)
-Төтенше қызметті көмекке шақыру сендерге қиын болды ма, әлде жеңіл
ме? -Қиындыққа ұшыраған адамға көмектесу үшін ең бастысы нені білу
керек? (Сасқалақтамау, не болғанын анық, дұрыс түсіндіру, төтенше
қызметке мекенжайды дұрыс айту)
Үй
тапсырмасы: жедел жәрдем нөмірлері бар жадынама дайындаңыз,
әдемі безендіріңіз және досыңызға беріңіз. Пайдалы сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=fyfkEuHSiIc&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS-
IEuEG9KjOrJzvPM&index=5
|