Материалдар / Әрбір жан өз бақытының шебері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әрбір жан өз бақытының шебері

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға арналған психологиялық тренинг
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
571
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Жас негізгі жалпы білім беретін мектебі











Әрбір жан өз бақытының шебері

(Жас мамандармен)













Өткізген: Мектеп психологі, Муфтахиева Ж.Ғ



















2013-2014 оқу жылы


Әрбір жан өз бақытының шебері


Сабақтың мақсаты: Жас мамандардың өздеріне деген сенімділіктерін арттыру, мақсаткерлік, кешірімділік туралы ойларын жетілдіру.

Сабақтың көрнекіліктері (слайд) Ұлағатты сөздер:

Өмip теңіз — онда жүзем демеңіз, Ізгіліктен жасалмаса кемеңіз. Адамды, кicілікті терең уғынған сайын кici өзіне жақсы төреші бола алады.

Кімде-кім өз бойындағы адамды зерттеп білмесе, өзгені терең тануға ешқашан қол жеткізе алмайды.

Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе — ол басқа адамдармен қарым-қатынасы.

Қатысушылар: Мектеп ұжымындағы жас мамандар.

Жургізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар! Бугшінгі сабағымыз «Әpбip жан өз бақытының шеңбері» деп аталады. Яғни, өз-өзіне сенімділікті арттыруға бағытталады. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев жырлағандай:

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре emeдi, iшіне қулық, сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді альт шығар,

Ақылың мен еңбегің eкi жақтап - деген шумақтарды еске ала отырып, сабағымызды

бастаймыз.

  1. «Мен өзімді ... мақтаймын» жаттығуы

Мақсаты: Танысу, өзін-өзі бағалау деңгейін көтеру.

Нұсқау: Әpбip қатысушы өз есімімен қоса есімнің алғашқы әpпi бойынша өз бойындағы жақсы қасиетін айтады. Мысалы: Ақмарал — ақкөңіл т.с.с.

  1. «Жол картасы»

Мақсаты: Өмірлік мақсаттары туралы ойын жинақтау, өмірлік кедергілерге дайындау.


Нұсқау: Өмірдегі ең улкен мақсатыңызды жазыңыз. Сол мақсатқа жету үшін қандай кедергілер кездесуі мүмкін? Берілген 5 аялдамаға жазып шығыңыз.

  1. «Менің әлемім»

Мақсаты: Өмірлік құндылықтар туралы ойларын ортаға салу.

Нұсқау: Әр бөлік — бұл жеке әлем мекені:

Ұсыныстар әлемі (өмірлік ережелеріңіз, өмірлік кағидаларыңыз, өзіңіздің ғажайып ойларыңыз, мақсаттарыңыз, ұсыныстарыңыз).

Адамдар әлемі (өзіңізге ой қалдырған таныс, бейтаныс адамдар, Tipi және өмірден еткен адамдардын, ең жоғары ерекшеліктері (мінезі, жеке қасиеттері т.с.с.)).

Заттар әлемі (сіздің өміріңізге аса қажетті заттар).

  1. Жағдаяттан жол тауып шығу

Ұстаздық жолда талай қиналасың,

Қиналасың, артынан жол табасың.

Күтпеген жағдайларға кез боп талай,

Сол жағдайдан шыға алсаң, сыйлы адамсың.

Ендігі біздің шартымыз жас мамандарымыздың жағдаяттардан, яғни тығырыққа тірелер сәттен жол тауып шығуын сынап керелік.

  1. жағдай. Ата-аналар жиналысында Ciз баласы туралы нашар пікіp айттыңыз. Ата- ана баласын жақтап, мұғалімді кінәлады. «Білім, тәрбие бере алмайсыңдар», - деп ашуланды. Барлық ата-ана сіздерге қарап отыр. Қандай жауап қайтарасыз, қандай әдісәсілдерді қолданасыз?

  2. жағдай. Оқушылар мұғалім орындығына бор жағып қойған. Ciз байқамай отырдыңыз да кейміңізді былғап алдыңыз. Оқушылар байқап ciзгe ескертті Қандай амал қолданасыз? Жаппай ұрысасыз ба? Басқа да амал қолданасыз ба?

  3. жағдай. Оқушы сіздің сабағыңыздан үнемі қашып кетеді. Жетекшінің, мектеп директорынын, ескертуінен еш нәтиже шықпады. Мектеп әкімшілігі оқушыны қызықтыра алмадың деп Сізді кінәлады. Басқа оқушылар сіздің сабағыңызды ұнатады. Әлгі оқушы мен қандай жұмыс атқарасыз және қандай шара қолданасыз?

  4. жағдай. Сіз уйге тапсырма бердіңіз. Оқушы үй тапсырмасын реферат түрінде, оқулықтан тыс материалмен, ғылыми деректермен дәлелдеп жазып келген, ciз ол деректер жайында білмейсіз. Оқушы жұмысын қалай бағалайсыз? Білмейтініңізді білдермей қалу керек пе?

  5. жағдай. Сабақ үстінде балалар бip келеңсіз ic ic істеді. Сіз бip оқушыны кінәлі деп тауып, оған ұрса бастадыңыз. Қатты-қатты сөз айттыңыз. Бip уақытта басқа бip оқушы ол icтi өзінің icтегенін мойындады. Ал ciз ашуыңызды бipiншi оқушыға көрсеттіңіз. Не істейсіз? Бірінші оқушыдан кешірім сұрайсыз ба? Екінші оқушыға ұрыса бастайсыз ба?

  6. жағдай. Ciз бүгін қандай да бip жағдаймен сабаққа дайын емессіз. Өзіңіз жас маман болғандықтан, жоспарсыз сабақ өту ciзге қиындық келтіреді. Сабаққа келсеңіз сабағыңызға кісі қатысып отыр. Не ітейсіз? Жағдаяттан қалай шығасыз?

  1. Сұраққа жауап

Ұстазсың ба, болуың керек жан-жақты,

Кездестіресің өмірдe талай сұрақты.

Білімділік керек саған, жас ұстаз,

Жылдамырақ тауып көpшi жауапты.

Әрбіp жас маманға жылдам жауап беруге арналған сұрақтар ұсынылады.

1-мұғалімге: 1. Оқушыларды халықтық тәрбиелеуге негізделген бағдарламаның аты қандай? (Атамекен бағдарламасы)

2. Шоқанның шын аты кім? (Мұхамедқанафия)

3.Мемлекеттік бас құжат не? (Конституция)

2 -Мұғалімге:

  1. Қазақтын, ән өнерін алғаш шетелге танытқан әнші кім? (Әміре Қашаубаев)

  2. «Жұқа тақтай бөлшегі, ұзындықтың өлшемі» ол не? (Сызғыш)

  3. Әлемнің кереметі нешеу? (7)

3- Мұғалімге:

  1. Абылай ханның шын аты кім? (Әбілмансұр)

  2. Дүниенің төрт бұрышын ата? (О.С.Ш.Б.)

  3. «Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар» кімнің сөзі? (Қ.Рысқұлбеков)

  1. -Мұғалімге:

  1. Қожа Ахмет Яссауи кесенесін тұрғызған кім? (Әмip Темір)

  2. Жол сілтер жұлдыз қалай аталады? (Жеті қарақшы)

  3. Түркі елінің рухани астанасы? үртстан)

  1. Мұғалімге:

  1. Көп түкірсе не болады? өл)

  2. Қазақтың тұңгыш би өнерін дамытушы кім? (Шара Жиенқұлова)

  3. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)

  1. Мұғалімге:

  1. Қазақ алфавитінің негізін салушы кім? (А.Байтұрсынов)

  2. «Жеті жарғыны» жазған кім? әуке хан)

  3. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасынан туған ән? (Елім -ай)

6. «Қошеметтер» жаттығуы

Мақсаты: Қатысушыларды бip-бipiн қошеметтеуге баулу.

Нұсқау: Өз жандарыңызда отырған қызметтестеріңізге қошемет сөз айтып шығасыздар. Мүмкін өз қошеметіңізді бip сөзбен немесе бірнеше сөзбен жеткізерсіз,ез еркіңізде. Қошемет алған адам өз алғысын білдіреді.

Талдау: Қошемет айтқан жеңіл ме әлде оны қабылдаған жеңіл ме?

Қорытынды: Сабақтан алған әсерлеріңмен темендегі смайлдар арқылы бөлicy:



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!