Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Ардагерді ардақтайық»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Ардагерді ардақтайық» тақырыбындағы сыр-сұқбат
1-жүргізуші: Армысыздар ақылдың кенін арқалаған аталар! Ақ жаулықты аналар! Ардақты ардагерлер, құрметті ұстаздар!
«Ардагерді ардақтайық» тақырыбындағы сыр-сұқбат атты бүгінгі мерекелік кешімізге қош келіпсіздер!
2-
жүргізуші: Қарттарым жүректерің неткен
дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің
арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам
мен
Оқитын келешекте бір - бір
дастан.
Таң атып күн де шыққан
өздеріңмен,
Жалындап жұлдыз жанған
көздеріңнен.
Тербедің көктем бағын самал
болып
Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен,-деп асыл
қазына, арқа сүйер тірегіміз болып аман - есен жүре
беріңіздер.! Ел мүддесін бәрінен биік
қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын ,
ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас- көз бола
білген ауыл қарттарының орны ерекше.
1-жүргізуші: Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы тілегей теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1- Қарттар күнімен құттықтай отырып «Ардагерді ардақтайық» тақырыбындағы сыр-сұқбат атты кешімізді ашып беру үшін құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Оразаев Сырлыбай Өмірзақұлына беріледі.
Ән ----------------------------------------
2-жүргізуші: Сіздер барда артады берекеміз,
Жақсылықпен қашанда тез өсеміз
Керегеңіз кеңінен қанат жайып,
Тарқамасын әрдайым мерекеңіз
Мерекеңіз құтты болсын асыл жандар,
дей келе 6-сынып оқушыларымыздың құттықтауларын тамашалаңыздар!
1-жүргізуші: Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата- бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңізбен ақыл- кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңызыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым -парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.
Олай болса сөз кезегін бүгінгі мерекелік кешіміздің қонақтарына берсек.
Оқушылардан сұрақтар
1. Өздеріңіздің еңбек жолдарыңыз туралы қысқаша айтып өтсеңіздер
2. Қәзіргі қоғамдағы жастарға көз қарастарыңыз
3. Қыз тәрбиесі туралы ой пікірлеріңіз
4. --------------------------------------
1-жүргізуші: Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп оркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектермен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата әжелеріміздің еңбегі ерекше. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Қарттар – біздің асыл қазынамыз.
Халық әні ---------------- орындайтын
1- жүргізуші: Абырой амандығың арта берсін
Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.
Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,
Таусылмас дәм тұзыңды тата берсін
Ән:
2-жүргізуші:
Молшылық жерімізге ене берсін
Соғыстан ел жұртымыз аман болып
Қызығын бейбіт өмір көре берсін
Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін
Денсаулық ауызбірлік бола берсін
Тап таза абыройлы болғаныңды
Қазіргі ел билеген жастар көрсін - деп тілек тілей отыра, сіздерден бата берулеріңізді сұраймыз!
1-жүргізуші: Ақсақалдар сарқылмас дариялар,
Әр сөзінен көңілге бақ ұялар
Сіздерді құрметтейміз қадірлейміз
Аяулы ардагерлер қариялар
Ән -----------------------
Жүргізуші: Бүгінгі «Ардагерді ардақтайық» тақырыбындағы сыр-сұқбат атты кешіміз осымен аяқталды. Келіп тамашалағандарыңыз үшін көп көп рақмет!!!
«Зейнетке шығару» салтанатты кешіне арналған сценарийі
2022-2023 оқу жылы
(Видеоролик жүріп тұрады)
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, қадірменді ұстаздар! Бүгінгі үлгілі ұстаз, ардақты ана, асыл әжеміз Күлпан апайдың зейнеткерлікке шығарып салу кешіне қош келдіңіздер!
Сіз-Ұстазсыз, барша жан ардақтайтын
Қанша жас сізге ұқсауды армандайтын
Еккен еңбек, төккен тер жемістерін
Көретін кезде келді ұлықтайтын –демекші бүгінгі кештің себепкері Абубакироа Күлпан апайды сіздердің құрмет қошеметтеріңізбен ортаға шақырамыз. ( Күлпан апайды қарсы алу)
2-жүргізуші: Еңбегімен ел алдында сыйланған,
Апай десе тартылады сый балдан
Мерейтоймен құттықтайды қуана,
Ұжымдасың, мына отырған жиналған,- дей отырып, шыбығынан көктеген шаңырағына сәмбі талдай көлеңкесін жая келген бәйтерек тұлға, Абубакироа Күлпан апайымызды салттанатты жиынның төріне шақырамыз.
1-жүргізуші: Күлпан апайымыздың рухани байлығы, ең алдымен балаға деген махаббаты жоғарғы адамгершілігінен байқалады. Бойында ерекше ұлтжанды болмысы мен еңбекқорлығы, қарапайымдылығы мен жігерлілігі бар тұлға бүгін біздің ортамызда, ертеңгі - зейнеткер.
Осы орайда алғашқы құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры Ашықбаев Жеңісбек Шамшадинұлына береміз. (Видео құттықтау)
2 - жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі
Ән шашу, әсем әуен, түрлі өнер,
Бүгінгі күн сіздерге арналады, дей келе ендігі жерде әнге кезек береміз.
Ән_____________________ Орындайтын _______________________________
1 –жүргізуші: Әдептілік іздеп салдар себебін
Дейді олар әр жүрекке егемін
Әріптестері көп мұнда,
Аямайтын адамдардан көмегін,- деп ортаға Күлпан апайдың барлық әріптестерін ортаға шақырмыз.
2-жүргізуші: Мұғалім- мектептің жүрегі
Мұғалім- мектеп үшін жаралған, бар ғұмырын балаға арнаған жан. Шәкіртінің қаілет дарынын ашу, келешекке жетелеу әрбір ұстаздың мейірлі де, мерейлі ісі. Шәкірт жүрегіне жол таба білу екінің бірінің қолынан келмесі анық. Бала бойындағы қабілетті ұштап, шәкірттердің сүйікті ұстазына айналған жанның бірі, мектебіміздің аяулы ұстазы Күлпан апайдың 10, 20, 30 жылдық шәкірттері құттықтап келіп отыр. Ортаға шәкірттерін қошеметпен шақырамыз.
2-жүргізуші: Қайырылып ұзақ қарап өткеніме,
Арнадым еңбегімді мектебіме,
35 жыл өтіпті ғой ұжымдастар,
Осы мектепте қызмет еткеніме, деп ойланып өткен күндерге ой жүгіртіп отырған бүгінгі кешіміздің кейіпкері Күлпан апайымызға сөз кезегін береміз.
1-Жүргізуші : Құтты болсын мерейлі күн шаттығың
Тілек еттік көңілдің тек ақтығын
Алда әлі талай ғұмыр бұйырсын
Берсін Аллам өмір бойы бақ күнін
Еңбегіңмен сіңірдің тек адалдық
Көрсетпесін тағдыр ешбір жамандық
Шаттық күнде көңіліміз марқайып
Деп тілейік болсын ылғи амандық
2-жүргізуші: Құрметті Қүлпан апай отбасыңызға береке бірлік, ұзақ ғұмыр бастар ұлы көштің алдыңғы сабында жүре беріңіз, дей келе құрметті қонақтарымызға алтын уақыттарын қиып келгендеріңізге алғысымызды білдіреміз!!!
Хор (жабылуы)
«Ұстаз- ұлы есім» атты концерттік бағдарламаға арналған сценарий
Өтілетін күні:
Өтілетін уақыты:
Өтілетін орны:
Ж: Армысыздар аса қадірменді ұстаздар ұжымы, білім шыңына талпынған оқушылар!
Ж: Құрметті ұстаздар қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз әр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»... Иә бұл мектеп мұғалімі- ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз.
Ж: Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ.
Ж: Білімді жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымын мерекелерімен құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Оразаев Сырлыбай Өмірзақұлына беріледі.
Ж: Осындай керемет тілегіңізге көп рахмет!
Ж: Темірбай Ернардың орындауында «» әнін қабыл алыңыздар!
Ж: Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған
Күндей боп күлімдеген жарықсыздар
Алдарыңызда, Есмағанбетова Гүлшаттың орындауында «» әнін қабыл алыңыздар!
Ж: Мұғалім- зор тұлға. Мен ұстаздарымды күннің құдіреті сәулесіне теңеймін. Мұғалім әділ де турашыл, жоғары мәдениетті, салмақты, әдепті кішіпейіл, мәңгілік нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Сүйікті ұстаз баланың өмірге қарайтын мөлдір де, таза әйнегі, демекші
Келесі кезекте 11- сынып оқушыларының көрінісін қабыл алыңыздар!
Ж: Адам өміріндегі ең қымбат жанның бірі- Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде көп мағына жатыр. Өмірдегі қоғам қайраткерлері, небір данышпан адамдар бәрі- бәрі бір адамға қарыздар. Ол- ұстаз. Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Жан дүниеңді түсінетін, қиындық кезінде сүріндірмей құтқаратын ұстаз екені анық, өйткені ол диқан сияқты. Адамның жанына ақыл, білім дәнін сеуіп, аялап көңілінде табады.
Ж: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.
Құйылады жыр ағын
Көптен дара пырағым.
Құтты болсын мерекең
Заңғар тұлға мұғалім.
Ұстаз, ұстаз!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық
Әль Фараби, Ыбырай мен, Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлы- қып
Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін
Тентектерді ақылменен емдейтін
Болса дағы малға кедей өмірде
Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін
Ж: Құрметті ұстаздар сіздерді тағы да төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге отбасы шаттығын, ана бақытын, шығармашылық табыс тілейміз!
Ж: Көңілдеріңіз көктемдей болсын, өмірлеріңіз мәнді, сәнді қуанышқа тола берсін! Жас ұрпақтың жан дүниесіне өздеріңіз сепкен ізгілік шуағының нұрына бөлене беріңіздер! Шәкірттеріңіз еліміздің мәртебесін өсіріп, көсегесін көгертер асыл азаматтары мен патриоттары болып өссін!
Хор «Ұстазым» орындайтын Мектеп жастары
Ж: Көңілдің ақ тілегін көл етеміз,
Тілектермен нығайсын мерекеңіз
Баршаңызға жолдаймыз аппақ алғыс
Осымен аяқталды мерекеміз.
Назар аударып тыңдағандарыңызға көп рахмет!!!
Республика күніне орай концерттік бағдарламаға арналған сценарий
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар,
оқушылар! 25 қазан- Республика күніне арналған ұлттық мерекелік
салтанатты бастаймыз. 1990 жылыдың 25 – қазанында Қазақстанның
мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Декларация
Қазақстанда тұратын халақтарды топтастыру мен олардың достастығын
нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп белгіледі. Бұл күн – ұлтық
мереке, Республика
күні.
Жүргізуші:
Тәуелсіз елдің рәміздері: мемлекеттік жалау,
елтаңба, әнұран бекітілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы,
теңге айналымға
түсті.
Туған жеріміздің тұғыры
әрдайым биік болсын!
(ҚР Әнұраны орындалады)
Құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Ашықбаев Жеңісбек Шамшадинұлы берсек.
Жүргізуші: Ел жоқ білем аңсамаған теңдікті
Еркін жүріп көксемеген кеңдікті
Отыз бір жыл болды, Тәуелсіздік алдық біз
Жалғастырып баба жолын, елдікті
Шақырады елбасымыз бірлікке
Еңбек ет деп , күніңді көр тірлікте
Татулық бар , еңбек өмір тілегі,- демекші 7 сынып оқушылары Ақжүніс пен Мерекенің «Қазақ елі осындай» әнін қабыл алыңыздар.
Жүргізуші:Бұл күнде қазақ елі дамып жатыр
Аты жөнін жер әлем танып жатыр
Халқының ілгерілеу қамын ойлап
Елбасым шартарапқа барып жатыр
Ата заңы басшылықты алып жатыр
Орнасын жер әлемде тыныш заман
Өмір сүрсін теңдікте барлық адам
Зу етіп өте шығар бұл жалған
да,
Аман жүрсін бар қауым тыныс
алған.
Тыныштық болса дейміз жер
бетінде,
Бейбітшілік, азаттық ел
еркінде.
Желбіреп көк байрағы
қазағымның,
Биік бола берсе екен ел көркіне, - демекші
бүгінгі оқушыларымызды марапаттау рәсімінің куәгері
болыңыздар.
(Марапаттау)
Жүргізуші:
Қазақстан – туған Отан алтын бақ, Қазақстан –
мейірлі ана, дос
қымбат.
Қазақстан – бізді туған Ұлы Отан, Ұлы жолға
түсті келіп
жарқылдап.
Қазақстан – көпті көрген қария, Жайнай
берсін, жайнай бер сен
мәңгілік!
Келесі кезекті 10 сынып оқушысы Толыбек Жансаяның мәнерлеп оқу
Жүргізуші:
Тәуелсіз елдің өз Парламенті, мемлекетіміздің
айшықты белгісіндей Ата заңымызды қабылдып, қазақ тілі –
мемлекеттік тіл дәрежесін
алды.
Біз Қазақстан халқы, қазақ жерінде мемлекет
құра отырып, өзімізді еркіндік, теңдік, татулық, бейбітшілік,
азаматтық қоғам деп, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары
жауапкершілікті негізге алып, Ата заң – Конститутцияны
қабылдадық.
Астана қаласы 1997 жылы желтоқсанның 10 – нан
бастап қазақстан мемлекетінің елордасы
атанды.
Осы орайда 5 сынып оқушылары Ырысбек пен Оңталаптың патриоттық «Алаш» биін тамашалаңыздар.
Жүргізуші:
Отан, Отан!!!
Сен болмасаң нетер ем?
Мәңгілікке
бақытсыз боп өтер ем!
Қазақстан
Республикасына деген әрбір азаматтың мақтаныш сезімі мереке кезінде
қалай болса да шалқитындай реті бар. Ата - бабаларымыздың ғасырлар
бойы аңсап өткен Тәлсіздікке қол жеткізгелі бері еліміз талай –
талай асқарлы асуларды бағындырды.
Бірлік, татулық, ынтымақ! Халық осы үш
ұғымның қадірін жақсы біледі. Қазақстан Республикасы жүздеген ұл
пен ұлыстың басын біріктіріп, ынтымағын жалғыстырып отырған Ұлы
мемлекет.
Қазақстан өз Президентін Ұлы тұлға деп
мақтана алады
Тұғыры биік Тәуелсіздік
Мекмлекеттік Әнұран орындалады.
Сахнада түрлі безендірулер болады. Ортаға монолог оқиды шығып. Асқарова Алуа
Екі жүргізуші шығады.
1-Жүргізуші: Армысыздар аса қадірменді ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі Тәуелсіздік күніне орай «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!!!
2-Жүргізуші: Қайырлы күн қадірлі көрермендер! Бүгінгі 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні құтты болсын!
1-Жүргізуші: Өткенін ұмытпаған, баһадүрлерін ұлықтаған ұлан- ғайыр атырапта бүгін мереке! Бұл мереке- Тәуелсіздік күні! Осынау ұлық мерекеміз құтты болсын ағайын! Осы орайда салтанатты жиынымыздың ашылуын мектебіміздің директоры Жеңісбек Шамшадинұлына сөз кезегін береміз.
2-Жүргізуші: Иә, бүгінгі мерекенің орны өзге. Қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман – тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз ғой бұл. Дала төсінде тербеліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз. Осы орайда, тәуелсіздік жолында шейіт болған боздақтарымызға бүгінгі ұрпақ тарапынан тағзым ретінде бір минут үнсіз еске алсақ. (Барлығы орнынан тұрады)
1-Жүргізуші: «Дариға, домбырамды берші маған,
Жаныма келші жарым, келші балам
Бейуақ, іңірдегі көңіліме,
Күй болып күңіреніп енші далам
Домбырам жүрегіммен үндес едің
Сенімен сырласымдай тілдесемін,
Бабамнан қалған мұрам, сен болмасаң
Өнердің не екенін білмес едім». Әсерлі кешіміздің шымылдығын қазақтың қасиетті қара домбырасынан төгілген құдіретті күйге беруді жөн көріп отырмыз. Ендеше, орталарыңызда _________________________________________ (күй орындайды).
Көрініс: 6 «А» сынып оқушылары
2-Жүргізуші: Келесі кезекте «Атамекен» әнін қабыл алыңыздар!
1-Жүргізуші: Тәуелсіздік - берекенің бір басы,
Дәулетің мен сәулетінің тұнбасы
Қазақстан сен бір елсің жаһанға,
Тең танылған таудай асқақ тұлғасы
Міне, бүгін де еліміздің Тәуелсіздік мерекесіне орай 3 «Б» сынып оқушыларының биін қабыл алыңыздар!
Армандары жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жыл ағыс
Егемендік ел бақыты, ертеңі!
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан жүректі ұғысқан
Ата бабам аңсап өткен бақытым
Айналайын, Қазақстан Гүлстан!!! Дей келе _______________________ әнін тамашалаңыздар!
2-Жүргізуші: Құрметті жиналған көпшілік қауым осымен біздің бүгінгі «Асқақтай бер, айбынды Қазақстан!» атты шарамыз өз мәресіне жетті.
Еліміздің еңсесі биік, туымыздың тұғыры берік, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар!
Қазақ тарихының өткеніне үңілсек, бұрмаланған беттері кемде- кем. Кім батыр? Кім халқы үшін қам жеді? Кім жеке басының қамын ойлады? Кім өз өмірін туған елі үшін қиды? Әрин , бұл сауалдарға жауап беру оңай емес.
Бұл- қазақ тәңірге зат еткен қазақ!
Қиналып, қанды азап шеккен қазақ.
Әйтеуір қанды азаптан құтқарар деп,
Оқыған азаматын күткен қазақ.
Егемен ел, тәуелсіз мемлекет болу жолында өмірін сарп еткен А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Жұмабаев сынды арыс азаматтарымыз сұрқия саясаттың құрбандары болды.
«Алаш» партиясы - қазақтың тұңғыш ұлттық демократиялық партиясы. 1917 жылы шілдеде Орынбордағы бүкілқазақ сьезінде құрылды. Көп ұзамай он тараудан тұратын партия бағдарламасының жобасы жасалды. Алаш партиясын ұйымдастырушы- Әлихан Бөкейханов. Алаш париясының негізгі мақсаты Алашорда үкіметін құру болды.
Ендігі, сөз кезегін мектебіміздің директоры Жеңісбек Шамшадинұлына берсек.
Жүргізуші: Айбарлы елдің ұлымын ай таңбалы,
Кейіпкері емеспін ертегінің
Қазақ деген жалғыз ұл мен боламын
Жер әлемге жетеді көпке үнім, - демекші Қайратқызы Анелдің орындауында _________________________________ әнін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші: Қазақстанда 101 мың адам репрессияға ұшырады, қазір олардың барлығы ақталды. Енді бізге қайта оралды заңғарлар, Сталиндік тозақтарда жанғандар. Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер, Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар, -дей келе мектеп оқушыларымыздың мәнерлеп оқуын тамашалаңыздар!
Жүргізуші: Өшіп кетіп бір жылы жер бетінен,
Өзге орынды балалап өскен елмін.
Ақталды боздақтардың ақ талабы,
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым.
Осы орайда оқушыларымыздың көрінісін тамашалаңыздар!
Жүргізуші: Бет бағдарын бақиға бұрғандарым
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым
Құрбандарым жазықсыз құрбандарым.
Жүргізуші: Өткен ғасырдың басында жеке ел, мемлекет боламыз деген Алаш зиялылары аңсаған армандарына жете алмай арманда кетті. Алаш зиялылары тұңғыш ұлттық идея көтеріп, тұңғыш партия, үкімет құрып мемлекеттіліктің алғы шартын жасап кетті.
Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз- ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу. Лездемемізді Әлихан Бөкейхановтың мына сөзімен аяқтағым келеді: «Әр ұрпақ өзіне артқан жүкті жетер жеріне апарып тастауы керек»