Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Архимед күші. Дененің жүзу шарттары.
САБАҚ: №45 Кері итеруші күш. Архимед заңы. Денелердің жүзу шарттары |
Мектеп: М.Әубәкіров ат.ОМ |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Умиралиева Аида Жумагалиевна |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
СЫНЫП: 7 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бөлім: |
Қысым |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ негізделген оқу мақсаты |
7.3.1.12 – сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру;
Топта бағалауға баулу. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: Кері итеруші күш /Архимед күші/ туралы негізгі түсінік қалыптасады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқушылардың басым бөлігі: Архимед күшінің қандай шамаларға тәуелді екендігін біледі, формуласын практикада есептер шығаруда қолдана алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Кейбір оқушылар: Архимед күшінің бар екендігін тәжірибе жүзінде дәлелдеп, оның табиғаттағы пайдасы туралы түсініп айта алады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
Архимед заңын тәжірибе арқылы түсіндіре алады; Архимед күшінің қандай шамаларға тәуелді екенін түсініп біледі; Формуланы тиімді пайдаланып есептер шығара алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат
|
Оқушылар: Оқылым: Оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасайды. Тыңдалым: Бейнекөрсетілім «Архимед күші» Айтылым: «Физикалық бинго» ойыны арқылы өткен тақырыпты тұжырымдайды,тақырыпты тәжірибе барысында түсіндіреді. Жазылым: арнайы тілдік терминология |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Негізгі сөздер мен тіркестер: тығыздық, көлем, архимед күші |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: · Discuss the chart that is created. Which is the most popular fruit choice? How do we know? · Has every learner’s choice been recorded? How can we check? · Ask learners if they can think of other questions that we might have investigated. If ideas are not forthcoming, ‘lead’ the discussion by suggesting – what else could we have put in the basket? What other things could we try, to see if people have favourites? What other questions could we have asked about our fruit basket? · Take ideas and ask – What do you think the result might be? What would the pictogram look like? |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Талқылауға арналған тақырыптар: 1.Допты қолмен суға батырғаннан кейін қолымызды жіберсек, доп қайтадан су бетіне шығады. Неліктен? 2. Неге ауыр денелерді суда көтерген жеңіл? Сіз неліктен … екенін айта аласыз ба? 3. Кеме темір, бірақ неге батпайды? |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы оқу |
Денеге әрекет ететін күштерді біледі, ажырата алады. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу |
Оқушының шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілік құндылығын, проблемаларды шешу дағдысын «Рұхани жаңғыру» ұлттық идеясының « Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы» құндылығымен байланыстыру |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пән аралық байланыс |
География пәні бойынша атмосфера, оның негізгі қабаттары, өлшейтін құралдар туралы біледі, математика пәні бойынша формуларды тиімді пайдаланып, есептер шығарады, ағылшын тілі бойынша термин сөздердің аудармаларын біледі. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Басы Ұйымдастыру 3 мин
Білу Үй тапсырмасы: 3 мин
Түсіну Ойқозғау 6 мин |
1.Сәлемдесу, оқушыны түгендеу, психологиялық ахуал орнату 2.Сыныпты топқа бөлу /Э.Торричелли, Блез Паскаль, Архимед / «Жеке ойлау уақыты»
ҚБ ТЕСТІЛЕУ Проблемалық сұрақтар: Талқылауға арналған тақырыптар: 1.Допты қолмен суға батырғаннан кейін қолымызды жіберсек, доп қайтадан су бетіне шығады. Неліктен доп су бетіне ытқып шығады?? Жауап: өйткені допқа күш әсер етті. Мұғалім: жауап дұрыс, допты судан ығыстырып шығатын күш әсер етті. Бұл күшті біз ығыстырушы күш деп атаймыз. 2. Неге ауыр денелерді суда көтерген жеңіл? Сіз неліктен … екенін айта аласыз ба? 3. Кеме темір, бірақ неге батпайды? (ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАУАБЫНАН
СОҢ): БЕЙНЕКӨРСЕТІЛІМ «Архимед туралы аңыз»
|
Фотосуреттер
Номерленген жетондар
Бинго презентациясы
Доп, су құйылған ыдыс Youtube |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ортасы 25 мин Қолдану «Сынақ алаңы» 10 мин |
Архимедтің ашқан жаңалығының мән-мағынасын түсіну үшін қарапайым тәжірибе жасап көрейік. Мұғалім: сол ыдысқа цилиндрді салайық. Дене батып кетті. Бұл жағдайда ығыстырушы күш әсер ете ме? Жауап: оқушылар әр қилы жауап беруі мүмкін. Мұғалім: цилиндрге ығыстырушы күш әсер ете ме екенін тексеру үшін, цилиндрді динамометрге іліп, динамометрдің көрсеткішін жазып аламыз. Содан кейін цилиндрді сол тұрған күйінде суға батырамыз да, динамометрдің кқрсетуін жазып аламыз. Екі жағдайдағы динамометр көрсеткішін салыстырамыз. Тәжірибе жасалады. Не байқадыңдар: Жауап: Цилиндрді суға салғанда динамометрдің көрсетуі кемиді. Мұғалім: бұдан қандай қорытынды жасауға болады? Жауап: Су салынған кез келген денеге ығыстырушы күш әсер етеді. Мұғалім: бұл күш қалай қарай бағытталған? Жауап: Сұйықтықта тұрған денеге әсер ететін ығыстырушы күш жоғары қарай бағытталған.
Сұйыққа батырылған денеге әсер ететін кері итеруші күш, осы дене ығыстырып шығарған сұйықтың салмағына тең болады. Енді осы ығыстырушы күштің қандай шамаларға тәуелді немесе тәуелді емес екендігін тәжірибе арқылы тексереміз. Дененің тығыздығы Сұйықтың тығыздығы Дененің массасы Дененің пішімі Батырылған сұйықтың тереңдігі Дененің көлемі (оқушылар тәжірибеден көргендері бойынша тәуелдінемесе тәуелді емес деп жауап береді)
ДӘПТЕРГЕ ЖАЗУ : «Кері итеруші күш дененің көлеміне және сұйықтың тығыздығына байланысты болады» Мұны формула түрінде былай өрнектеп жазамыз: FА=Vдене*pсұйық*g Бұл Архимед күші деп аталады.
ҚБ Үш «С» қағидасы Сыйлау – сенім — сүйіспеншілік |
Штатив, динамометр, Ыдыстар http://bilimland.kz |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
«Идеялар кәрзеңкесі» 3 мин |
Жұптық жұмыс: Суретті және берілген мәндерді қолдана отырып, белгісіз мәндерді тап? Әр бір топ оқушыларына үлестірмелі карточкалар таратылады. |
Үлестірмелі карточка |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Мұғалім түсіндіру жүргізеді 3 минут |
Егер денеге әрекет етуші ауырлық күші мен архимед күшіне тең болса, онда дене сұйықтың кез келген жерінде тепе-теңдік қалпын сақтай алады.
Егер денеге әрекет ететін ауырлық күші архимед күшінен артық болса, онда дене сұйыққа батады. Егер ауырлық күші архимед күшінен кем болса, онда дене сұйықтың бетіне көтеріледі. Егер дене сұйық бетінде жүзіп жүрсе, дененің сұйыққа батқан бөлігінің көлемі сұйық пен материалы тығыздықтарының арақатысына байланысты болады: |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Талдау 5 мин Тәжірибе: дененің жүзу шарттары
|
Ареометрлер-сұйықтың тығызығын анықтауға арналған құрал. МҰҒАЛІМ ОРЫНДАЙДЫ ОҚУШЫЛАР ДЕСКРИПТОР БОЙЫНША СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРЕДІ 1. Ауырлық күші әсер етеді 2. Архимед күші әсер етеді 3. 1- стакандағы мұз немесе жұмыртқа Fa>FA 4. 2-стакандағы мұз немесе жұмыртқа Fa=FA 5. 3-стакандағы мұз немесе жұмыртқа Fa<FA 6. 4- стакандағы мұз немесе жұмыртқа Fa>FA Дескриптор Білім алушы
|
штатив, динамометр, көлемдері бірдей, тығыздықтары әр түрлі заттар, стакан,сұйық (су мен май )
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жинақтау 7 мин |
Жұптық жұмыс: Сыйқырлы конверт тапсырмасы: А: 1 тапсырма: Көлемдері бірдей темір және шыны щариктерді суға батырсақ, кері итеруші күштер бірдей әсер ете ме? 2 тапсырма: 3 түрлі кубтар берілген осылардың қайсысына көбірек ығыстырушы күш әсер етеді? Егер керосинге батырсақ ығыстырушы күштің шамасы өзгере ме? Жауабы: денелердің көлемдері әртүрлі болғандықтан оларға әсер етуші ығыстырушы күш те әртүрлі. Көлемі көп денеге ығыстырушы күш көп болады. Керосинге батырсақ ығыстырушы күштің шамасы кемиді, себебі, керосиннің тығыздығы судың тығыздығынан кем. В: 1-есеп: Суға көлемі 100см3 болатын дене батырылған. Осы денеге әсер ететін ығыстырушы күшті анықтаңдар. Судың тығыздығы-1000кг/м3 Шешуі:
С: 1- есеп: Керосинге массасы 500г темір кесегі батырылған. Ығыстырушы күшті анықтаңдар. Темірдің тығыздығы -7900кг/м3, ал керосиннің тығыздығы -820кг/м3. Жауабы:
|
«Көршіңмен жұптас» әдісі арқылы топ құру
Карточкалар
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Соңы 2 мин
Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» Рефлексия: |
Табыс баспалдағы
«Аяқталмаған сөздер» Кері байланыс, өзін-өзі бағалау (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) Балалар кері байланыстарын тақтада көрсетілген түстерге жабыстырады. Қызыл: Түсінігім аз болды, тағыда қайталауды қажет етемін. Сары: Жақсы меңгердім, толықтыруды қажет етемін. Жасыл: Білемін, толықтай қолдана аламын.
Қызыл – 3 Сары – 4 Жасыл – 5 |
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау — Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
Пәнаралық байланыс |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәти-жені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқу -шылардың жеке қабілеттерін ескере отырып қосымша тапсырмалар беремін. |
«Күтіңіз және түйіндеңіз» Үш «С» қағидасы Сыйлау-сенім-сүйіспеншілік Табыс баспалдағы |
— Зертханалық жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау; — Уақытты тиімді пайдалану — Бір-бірінің пікірлерін тыңдау. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Рефлексия
|
— Оқу мақсатына сәйкес ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкестендірілген бағалау критерийлерін жазамын; — Оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне сәйкес саралау тапсырмаларын дайындап, тиісті дескрипторлар құрамын; — Оқушылармен тиімді кері байланыс орнатамын. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағамдау Сабақта қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нәрсе Сіздің сабағыңызды жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? |

