Материалдар / Архимед заңы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Архимед заңы

Материал туралы қысқаша түсінік
: Оқушыларда Архимед күші туралы түсінік қалыптасады. Архимед заңының физикалық мағынасын түсінеді.Архимед күшінің күнделікті өмірдегі маңызын ұғады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2017
867
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тексерілді: Сайлауов С.


Күні

27.02.2016ж

Сыныбы

7Ә

Пәні

Физика және астрономия

Пән мұғалімі

Джангельдиева Г.

Сабақтың тақырыбы: Архимед күші

Сабақтың мақсаты:Оқушыларда Архимед күші туралы түсінік қалыптасады. Архимед заңының физикалық мағынасын түсінеді.Архимед күшінің күнделікті өмірдегі маңызын ұғады.

Табыс критерийлері

Оқушыларға Архимед күші туралы түсінік қалыптасады. Архимед заңы туралы мәлімет алып, топпен талқылай отырып, түсінеді. Өзін- өзі бағалауды үйренеді.

Суреттерге қарап тақырып бойынша өз ойын нақты жеткізеді, тәжірибе жасай алады.

Сұрақтарға нақты, мысал келтіре отырып жауап береді, С- деңгейінде берілген есептерді тиянақты орындап, есептерді шығара алады.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс – әрекеті

Оқушының іс – әрекеті

Әдіс - тәсілдер

Ресурстар

Топқа бөлу

Кеспелер арқылы топтарға бөлу

Оқушыларкеспелерді алып топқа бөлінеді,өз орындарына орналасады.

«Өзара ынтымақтастық атмосферасы»

Кеспелер



Сабаққа зейінін аудару

Оқушы зейінін сабаққа аудару мақсатында сұрақты қою.

Тазалықты сүйсең сен

Жауап берші дәл қазір.

Әр үйдегі шаңсорғыш

Қалай жұмыс жасайды?

Сұрақтарға жауап береді


Егер тауға шықсаң сен –

Дем алысың нашарлар.

Неге бұлай болады?

Түсіндірші сен, кәне!

Өлеңді сұрақ


Білу

(Кім?Не?

Қалай?Қашан?

Қайда?Қанша?)

Сұрақтар жазылған кеспелер таратылады.

1.Барометр – анероид қандай құрал?

2.Манометрмен нені өлшейді?

3.Дені сау адамның қан қысымы қандай болады?

4.Сорғыларға мысал келтіріңдер.

5.Атмосфераның негізгі қабаттарын атаңдар.

6.Ең төменгі ауа қабаты не деп аталады?

7.Ең алғаш су құбырлары қашан пайда болды?

8.Адамның қан қысымын өлшеуге арналған құрал не деп аталады?

9.Адам қанша километрге дейін өмір сүре алады?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.


«Ой қозғау» әдісі

Кеспелер


Сергіту

«Мақал-сөз мәйегі»

Оқушыларға физика пәніне қатысты құрастырылған мақал-мәтелдер оқылады,осы мақал- мәтелдердің күнделікті өмірде қолданатын нұсқасын табу қажет.

1.Есепті шығара алмасаң, формуладан сұра.

(Білмесең білгеннен сұра)

Түсіну

(Неге? Неліктен?

Себебі? Не үшін?)

«Архимед заңы» тақырыбын жоспар бойынша оқулықтан оқу. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу, талқылау. Ежелгі Грекияның ұлы ғалымы Архимед туралы қысқаша мәлімет.Қандай әдіс арқылы Архимед Сиракуз патшасының тәжінің алтыннан жасалғанын немесе алтын еместігін анықтады? Тақтадан слайд көрсетіледі.

Суреттерге түсініктеме беру

«Архимед заңы» тақырыбын оқулықтан оқып түсінеді, топпен талқылайды.



Оқушылар суреттерге түсініктеме бере отырып, физикалық мағынасын ашып көрсетеді.

Білімдерін берілген сызбанұсқаны түсіндіру арқылы шыңдайды.

«Ассоциация» әдісі.









«Суретті физика»

Оқулық, А3 парағы, маркерлер, динамометр, денелер, штатив,суреттер, проектор, ноутбук.

Сергіту


Батырсаң суға денені

Су итерер кері оны

Неге бұлай ,жас досым,

Ойланып сен көрдің бе?

Сұраққа жауап береді

Өлеңді сұрақ


Қолдану

(тапсырмаларды орындау, формуланы қолданып есептер шығару)

1.Көлемі 2м3 бетон плита суға батырылған болса,Оған әсер етуші кері итеруші күшті табыңыз.

2.Көлемі 4м3 дене керосинге батырылған, оған әсер ететін кері итеруші күшті табыңыздар.

3.Альюминийден жасалған бұйымның ауадағы салмағы 15 Н, ал суға батырылғандағы салмағы 9,5 Н.Альюминийдің тығыздығын анықтаңдар.

4. Көлемі 5,5м3 ағаш білеушеге су тарапынан қандай Архимед күші әсер етеді? 

5. Альюминийден жасалған бұйымның ауадағы салмағы 13 Н, ал суға батырылғандағы салмағы 6,5 Н.Альюминийдің тығыздығын анықтаңдар.

Таратылған кеспелердегі есептерді шығарады, жұппен жұмыс жасайды.

«Қатесіз есептер»

Оқулық, дәптерлер, кеспелер

Сергіту

«Мақал-сөз мәйегі»

2. Әр оқушының қандай есеп шығара алуы өзіне мәлім.

(Аттың сыры егесіне мәлім)

Талдау

Сұрақтарды терең ойлап талдау жаса

 Мақсаты:

Оқушыларды өздерінің алған білімдерін өмірде қолдана алуға машықтандыру.

1.Темір шеге суға батады.Ал неліктен темірден жасалған кеме суға батпай жүзе алады?

2.Неліктен біз ауада көтере алмайтын тасты су астында оп- оңай көтере аламыз?

3.Таразының күйентесіне көлемдері бірдей 2 альюминий цилидр ілінген.Егер цилидрдің біреуін суға, екіншісін керосинге батырса,таразының тепе- теңдігі өзгере ме?Кері итеруші күш сұйықтың тығыздығына тәуелді ме?

Берілген сұрақтар оқушылардың алған білімдерін жүйелейді, сұрақтарға жауап бере отырып, оны талдайды.

«Кім алғыр»

Оқулықтар,

Сергіту

«Мақал-сөз мәйегі»

3. Есепті қай жолмен шығарса да,есепші өзі біледі?

(Қазаншының өз еркі,қайдан құлақ шығарса)

Жинақтау

(қорытынды шығару, анықтама беру. Мазмұнды жүйелеу.

Тақтада жалпы оқушыларға есеп беріледі.Бұл есептегі негізгі мақсат сынып ішіндегі көшбасшы оқушыны анықтау.

Су ішінде массасы 600 кг, көлемі 0,23 м3 тасты көтеру үшін қандай күш жұмсау керек?

Берілген есепті шығара отырып, білімдерін жинақтап қорытынды шығарады.


«Сынып көшбасшысы»



Проектор, ноутбук, оқушы дәптерлері, оқулықтар.

Оқушылардың алған білімін жинақтау мақсатында физикалық диктантты орындайды.

1.Сұйыққа (газға) батырылған денелерге кері _____________ әсер етеді.

2.Бұл күш жоғары бағытталған, оны _______________ немесе ____________деп атайды.

3. Пішіні күрделі денелердің тығыздығын ______________ арқылы анықтауға болады.

4.Архимед күші дененің ығыстырып шығарған сұйықтың ____________________

5.Архимед заңы мына түрде жазылады: ____________

Бос орындарды толтыру.


«Физикалық диктант»



Сабақты қорытындылау:Мұғалім төмендегі Архимед жайлы өлеңдерді оқып, сабақты қорытындылайды.

Бірі өшіп, кітаптардың бірі тозған,

Қай жүйрік Архимедті басып озған?

Жалынды патриот,батыр ғалым,

Ғасырлар түкпірінен қолын созған

Архимед айтыңдаршы ,тірі емес пе?

Сүйікті ұстаздардың бірі емес пе?

Данышпан физик,ұлы азамат

Жастардың білім қуған пірі емес пе?

Архимедті өлді деуге сия ма, айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған.


Қорытындылау


Бағалау


Өзін – өзі бағалау.Смайликтер арқылы бағалау.

Әр жауап берген сұрақтарына және шығарған есептеріне байланысты өздері бағалау парағын алып отырады.

Бағалау

смайликтер

Рефлексия

Оқушыларға бүгінгі сабақ туралы түсінгендерін стикерге жазып, ілу тапсырылады.

1.Мен бүгінгі сабақтан білгенім, Архимед күші......

2.Енді мен мынадай жұмыстар жасай алатын боламын...

3. Бүгінгі сабақтан түйгенім:

«Сөйлемді аяқта» әдісі

стикерлер

Сабақтан кейін ойланатын сұрақтар:

Не сәтті болды?



Не сәтсіз болды?



Нені жақсартуға болады?



Мен өз дағдыларымда нені дамыта алдым?




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!