Материалдар / Әріптестердің бірімен тәлімгерлік үдерісі туралы рефлексиялық есеп
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Әріптестердің бірімен тәлімгерлік үдерісі туралы рефлексиялық есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
ПҚМК бағдарламасы аясындағы тәлімгерлік ету үдерісі туралы рефлексиялық есеп
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
1165
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әріптестердің бірімен тәлімгерлік үдерісі туралы рефлексиялық есеп

Мектеп жұмысы мен оқу жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға- мұғалім. (Strong,Ward &Grant) [1,12].Оқушыларға терең де әрі сапалы білім, әр сабағын оқушының қызығушылығы артатындай түрлендіріп отыратын жаңашыл ұстаз әрқашанда білгір, білімді, креативті, ой-өрісі кең, әлемде болып жатқан өзгерістерден қалыспайтын, оқушының алған білімін болашақтағы өмірінде қолдана алатындай жағдай жасау қажет. Бағдарламасының мақсаты -Қазақстандық мұғалімдердің қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуына көмектесу, сонымен қатар басты міндетінің бірі тәлімгерлік жүргізу.

Мен алдағы уақытта жас маманмен бірлесіп жұмыс жүргізуді жоспарлап отырмын.Жұмысына тиянақты, жауапкершілігі бар, әлі еңбек өтілі жоқ ағылшын тілі пәнінің мұғалімін алған себебім- жауапкершілігі, шығармашылық   қабілеті бар,белсенді,мен сынып жетекшілік ететін оқушыларымның пән мұғалімі,оқушылармен қарым-қатынасы жақсы.Басты мақсаты -  білікті  маман , білімді   тұлға  болу . 

Мен өз жұмысымды неден бастаймын?

Жұмысымның алғашқы кезеңінде тәлім алушының қажеттіліктерін анықтау үшін алғашқы кезде бейресми кездесу өткізіп, тәлім алушы мен тәлімгерліктің ұзақ уақыт бойы жүйелі жалғасатын қарым –қатынас екенін түсіндіріп, тәлімгермен жұмыс жүргізу тәлім алушының кәсіби жетілуіне ықпал ететіндігін айта келе сенімді қарым-қатынас орнатамын. Өз сабағына қатысуыма келісімін аламын, осы кездесу барысында күнделікті рефликсиялық есеп жүргізудің тиімділігін ескертемін. Тәлім алушыма өз сабақтарыма кіруге ұсыныс жасаймын. Менің сабақтарымды көрген соң тәлім алушымен кәсіби байланыс жасаймын. Өз сабағы мен тәлімгердің сабағын салыстырып , өз тәжірибесінде нені жетілдіру керектігін өзіне анықтатамын.

Жұмыс барысында бірнеше сабақтарын бақылаймын және қатысқан сабақтарымда маңызды деген мәселелерді қағазға түсіріп отырамын, сабақтарды бейнежазбаға түсіріп,артықшылықтары мен кемшіліктерін сабақ соңында тәлім алушыммен талдап,келесі сабақтарды бірлесе отырып жоспарлаймыз. Жеті модуль стратегиясын таныстыра отырып, өз сабағында қандай көмек қажеттігін бірлесе анықтаймыз. Тәлім алушыға «Сіз нені басқаша істер едіңіз?» деп, сабаққа өзгеріс енгізуіне ықпал етемін. Сабақты талқылай отырып «Сіздің пікіріңізше не жақсы өтті? Неге?Мақсатқа жете алдыңыз ба?Жете алмасаңыз не кедергі болды?Келесіде ол кемшілікті қалай жоясыз?» деген сұрақ арқылы өз сабағына қорытынды жасатамын. Диалогтік оқытудың ерекшеліктері, тиімді сұрақ қою әдістерін пайдалануға кеңес беремін. Жоспарлау жұмысы кезінде тәлім алушыдан «оқушылардың арасында тиімді диалог орнату үшін сіз не істеуді жоспарлайсыз ?- деген сұрақ қоямын. Осы тақырып аясында өткізетін коучингке келуіне кеңес беремін. Opтa және қысқа мepзiмдi жocпapлayдaғы aлғaшқы кeздecyiмiздe өткiзiлeтiн тiзбeктeлгeн caбaқтapдың peттiлiгi, тaқыpыбы, мақсаттың дұрыс қойылуы,бaғaлay пapaғындaғы кpитepийлepдiң дұpыc бepiлyi;тoптық бөлiнy кeзiндe oқyшының oйлaнyынa yaқыт бepiлy кepeктiгi; оқyшының өзiн-өзi бaғaлayынa, тoп пeн тoп нeмece жұптық бaғaлayды ecкepy кepeктiгiн қарастырамыз.Ал сабақ барысында жүйeлi, мaқcaт-мiндeттepi aйқын, тиiмдi әдic- тәciлдep тaңдaп , жaңa тeхнoлoгия әдicтepiн қoлдaнып, тaпcыpмaлap peтiн әp oқyшының жac жәнe жeкe epeкшeлiктepiн ecкepe oтыpып құpуды жүзеге асырамыз. Бағдарлама идеяларының сабақта қаншалықты игерілгенін, «оқушы үнінің» қаншалықты жүзеге асқанына көңіл бөлу арқылы әр оқушының бойында өзіне деген сенім ұялатып, «әр оқушының пікірі құнды» деген ұстанымды ұстанады.Тәлім алушымның тәжірибесіне өзім бағдарлама барысында үйренген жеті модульді енгізуге , оқыту мен оқудағы жаңа әдіс -тәсілдерді қолдану арқылы кәсіби дамуына үлесімді қосамын. АКТ мүмкіндіктерін кеңінен қолдануға , формативті бағалау арқылы оқушылардың оқуын жақсартуға , тиімді кері байланыс жүргізуге , сын тұрғысынан ойлау жолдарын атап айтқанда, Блум таксономиясын пайдалануға үйретемін.

Жұмыс соңында тәлім алушы өз жұмыстарының қаншалықты тиімді өзгергендігі туралы мәлімдеме жасайды. Жоспарлау барысында қандай әдіс- тәсілдердің тиімді, қай әдістің тиімсіз болғанын айтады. Сабағындағы қиындықтарды қалай жеңгендігі жайында, оқушыларда болған өзгерістер туралы рефлексивті есебін таныстырады. Тәлімгер ретінде тәлім алушының жұмысына баға беріп, алдағы уақыттарда да тәлім алушының кәсіби дамуына қолдау көрсету мақсатында өз тәжірибеммен бөлісіп, кәсіби қолдау көрсетіп, проблемалардың шешімін бірлесе шешеміз деген ойдамын.



Пайдаланылған әдебиеттер

1.Мұғaлiмгe apнaлғaн нұcқayлық, 2016ж.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!