Материалдар / "Армандарым" атты өлең
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Армандарым" атты өлең

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз шығармашылығынан арналған "Армандарым" атты өлең жолдары. Арман, мақсат, әрекет жайлы, болашаққа қойған мақсаттар мен міндеттер туралы жазылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қырқүйек 2021
467
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Армандарым

Армансыз адам – қанатсыз құспен тең екен,

Армансыз жүрген адамдар, сірә, кемде-кем!

Арманды бірақ, мақсатқа ұштастыратын

Қуанам көрсем мақсаты айқын пендеден!



Шексіз ғой шіркін, арманның қиял шегі жоқ

Мақсатқа жетсең болады сенің көңілін тоқ!

Арманда досым, алдыңа үлкен мақсат қой

Әрекет жасап, жетістік дейтін қамал соқ!



Армандап жүрмін, мақсатты айқын қаладым

Алладан ғана жәрдем берші деп сұрадым.

Арманым биік, мақсатым айқын болса да

Сол жолда талай шалынып біраз құладым.



Мақсат қоя біл, жететін анық алдыңа

Қалтқысыз әркез қызмет етесін халқыңа!

Биікке шығып, атағың айға жетсе де

Қала ғой, қалқам, адамдық дейтін қалпыңда!



Құласаң мейлің, арманың сені жетелер,

Арманда досым, бақытқа жүрек кенелер.

Арманым шексіз мендегі бала көңілім

Ауырмасыншы кішкентай сәби, бөпелер!



Бақытты қылу арманым ата-анамды,

Жолыма қарап, беретін әркез батамды.

Бес күндік жалған, өлшеусіз мынау фәниде

Айыра көрме Аллаhым мендей ботаңды!



Тағы бір арман – көркейту туған жерімді,

Қазақстаным болады талай әлі үлгі.

Жарқын болашақ атады жарық таңымдай

Орындалады арманым менің бүгінгі!



Армандап қоймай білікті ұстаз боламын,

Мектепке барып, жетіліп, дамып, толамын.

Шабыттың лебі жалындап оттай өшпейді

Жазады өлең қолдағы қара қаламым!



Асқақтау емес, адам боп қалу арманым

Көрсемде сындар, тозбасын мәңгі табаным.

Қиындық дейтін өткінші нәрсе мойымас

Шабыт бар кезде бітпейді қалам, парағым!



Арманда досым, таусылмас арман дегенің

Түсінгін бірақ, мақсатқа жету керегін.

Арманың шексіз, мақсатын әлсіз болса да

Қолымнан менің келмейді бірақ демегін!



Тұлғасын ерек, басқадан дара, өзгеше

Армандап жүрмін мен қазір, бүгін, жоқ кеше.

Адаспа, бірақ, мақсатқа жету жолыңда

Дәлелдеп бергін қолыңнан келсе ендеше!



Аружан Жақсыбекова





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!