400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Армысың, Әз Наурыз!"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Наурыз – қазақша жыл басы. Наурыз «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. «Наурыз қазақтардың ұлттық мейрамы. Наурызды қазақтан басқа күншығыс жұрттарының көбі мейрам етеді. Бірақ бұлардың бәрін салыстырғанда Наурызды біздің қазақтың мейрамы етуі айрықша сыйымды, артықша дәлелді. Наурыздың 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, жаз жетіп, шаруа кенеледі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-бірі жылы лебіздерін, жақсы ниеттерін білдіреді. Ұлыстың ұлы күні Арасан ауылындағы Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектепте наурыздың 21 күні мектеп ұжымы арасында «Төрлет, төл мереке Әз Наурыз» атты ұлттық мейрамды кеңінен дәріптейтін мерекелік іс-шара аталып өтті. Мерекелік іс-шараның шымылдығын құттықтау сөзімен мектеп директоры А.Ж.Мәлтекбасов ашып берді. «Батаменен ер көгерер, жаңбырменен жер көгерер»-демекші мерекелік іс шараны мектептің кәсіподақ төрағасы А
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Наурыз – қазақша жыл басы. Наурыз «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. «Наурыз қазақтардың ұлттық мейрамы. Наурызды қазақтан басқа күншығыс жұрттарының көбі мейрам етеді. Бірақ бұлардың бәрін салыстырғанда Наурызды біздің қазақтың мейрамы етуі айрықша сыйымды, артықша дәлелді. Наурыздың 22-сінде күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, жаз жетіп, шаруа кенеледі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-бірі жылы лебіздерін, жақсы ниеттерін білдіреді.

Ұлыстың ұлы күні Арасан ауылындағы Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектепте наурыздың 21 күні мектеп ұжымы арасында «Төрлет, төл мереке Әз Наурыз» атты ұлттық мейрамды кеңінен дәріптейтін мерекелік іс-шара аталып өтті. Мерекелік іс-шараның шымылдығын құттықтау сөзімен мектеп директоры А.Ж.Мәлтекбасов ашып берді. «Батаменен ер көгерер, жаңбырменен жер көгерер»-демекші мерекелік іс шараны мектептің кәсіподақ төрағасы А.Е.Ахметжановтың бата беру рәсімімен жалғасын тапты.

Қашанда құт береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу –салты елімнің.

Уа, халайық, теріп ал құт шашуды,

Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін- деп жырлағандай ардагер ұстаздарымыз шашу рәсімін орындауда көпшілікке шашу шашты.

Ұлттық мейрамның көркін қыздыру үшін ұстаздар қауымы өз өнерлерін ортаға салды. С.Н.Тоқтарова әйгілі «Шилі өзен» әнін өз нақышына келтіріп орындап, әріптестерін әсем даусымен тәнті етті. Ұлттық мейрамда халықтың әйгілі әндері де шеткері қалмады. Бастауыш сынып мұғалімі Р.Ақсубаева

елге кеңінен танылған «Бүлдірген» әнін орындады. Мектеп ұжымының ұлттық мейрамды тойлауда ең ұтымды болған тұсы қазақтың салт дәстүрлері көрініс тапты. Айтар болсақ, қыз бен жігіт айтысы керемет орындалды.



Ұлдар қауымы Біржансал атамыздың жолын қуып суырыпсалмалық қасиеттерін көрсетсе, қыздар қауымы да қалыспай, Сара апамыздың шешендігін, ұтқырлық қасиеттерін қайталағандай әсер қалдырды. Әр дәстүрді орындаған сайын, дәстүрді орындауға қатысқан қатысушыларға ұйымдастырушы әріптестер тарапынан сыйлықтар беріліп отырды. Мерекелік іс-шараның арасында әріптестердің қазағымыздың салт-дәстүрлерін қаншалықты білетіндігін білу мақсатында, «Әз жүру», «Ұйқыашар», «Селт еткізер», сынды дәстүрлердің қандай мағына беретінін тексерді. Әріптестер бұл сыннан сүрінбей, жауап беріп, өз сыйлықтарын алды. «Қыз қуу», «Көкпар», сынды ұлттық ойындар ойнатылды. Жұмбақтар жасырылды. Ең соңында «Асық ату» ойыны мерекелік іс-шараның көркін қыздырды. Ең қызығы асық ату ер адамдардың арасында және қыздар қауымы арасында да ойнатылды. Қыздар қауымы арасында 1 –орынды ағылшын тілі пәнінің мұғалімі К.С.Аманкулова 10 асық ұтып жеңіп алды. 7 асық ұтып алған кіші қызметкер Дәбей Нұршаш 2-орынды иеленсе, 4 асық ұтып алған Ниязова Ардақ 3-орынды иеленді. Мерекелік іс-шараның соңына қарай қазақтың ұлттық биі «Қара жорғаға» әріптестер мың бұрала биледі. Мектебіміздің ардагер ұстаздары құттықтау тілектерін айтып, әріптестеріне жақсы, ізгі ниеттерін білдірді. Мерекелік іс-шараның соңында әріптестердің барлығы ақ дастарқанға жайғасып, наурыз көжеден дәм татып, ақ тілектер төгілді. Мектебімізде Ұлыстың ұлы күні Наурызды, қазақтың төл мерекесін дәріптеу мақсатында ұйымдастырған мерекелік іс – шараны ұйымдастырған С.Н.Ниязова, А.Р.Сарбекова, С.Т.Тоқтарбаева. Б.Н.Байтоғымова, А.Е.Ахметжанов, А.К.Ниязова сынды ұстаздарымызға әріптестер қошемет көрсетіп, алғыстарын жаудырды. Келесі жылы Ұлыстың ұлы күнін дәріптеу, ұжым арасында тойлау жалғасын табады деген зор сеніммен әріптестер мерекелік көңіл-күймен тарқасты.



Раушан Жұмағалиқызы

Б. Сырттанов атындағы орта мектеп

Арасан ауылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
502
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі