Тақырыбы: «Армысыздар ауған
ардагерлері»
Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи
мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың
ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке,
ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет
көрсету.
Көрнекілігі:
Кітап көрмесі, суреттер, еске
алу бұрышы, мәңгілік алауға гүл шоқтарын
қою.
Кітапханашы:
Баласы батыр
туғаннан
Денесін сумен
жуғаннан
Батыр да халық қазақпыз
Кіндігін түйіп буғаннан
Құрметті қонақтар, Ұстаздар ,оқушылар!15-ақпан
Ауған жерінен Интернациолист жауынгерлердің
шығарылғанына 32
жыл
толуына байланысты ардагер ағаларымыздың құрметіне арналған
«Армысыздар ауған
ардагерлері » атты дөңгелек
үстелімізге қош келдіңіздер!
Өтер жылдар, айлар тағы
алыстап
Тағдыр талай тауқыметін
табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер
ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар
!
Өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға
жалғаса береді.15-ақпан Тәуелсіз Отанымыз Қазақстан үшін атаулы
күндердің біріне айналды бүгінде. Ортамызда жүрген ауғандық
жауынгер ағалар, бейбіт өмірдегі жарқын істеріңіз, қоғамдық
жұмыстарда белсенділіктеріңіз, түрлі кәсіпті игерудегі ерен
еңбектеріңіз Қазақстан жастары үшін нағыз ерліктің шынайы үлгісі
болып қала береді,біз сіздерге қарап бой
түзейміз.
Соғыс жан алып – жан
беру
Соғыс халықтың басына келген қасірет,
жұт
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен
шығарылғанына 32
жыл
толды!
1989 жылы, Ақпан айының 15-де талай аналарды
перзенттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз
қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы»
аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел
есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді? деген
сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа
қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал
атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.
Бүгінгі кездесу-жерлестеріміздің ауған соғысында
көрсеткен ерліктерін еске алу мақсатында өткізіліп
отыр. Осындай ауыр аманат арқалап,
өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен
ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз біздің
ортамызда. Кеш қонақтарымен таныстырып
өтейін.
1.
2.
3.
4.
5.
Еліне қайта
оралмай,
Бақыт гүлін сыйға
алмай,
Қаншама боздақ оққа
ұшты
Алтын ошақ көре
алмай.
Жанын қиған сен
үшін
Тоқта ,достым ,сабыр
ет.
Үнсіздікпен
бір сәтке,
Басыңды иіп тәжім ет! – дей келе Ауған соғысында
құрбан болған барлық жауынгер ағаларымызды бүгінгі ұрпақтары болып
саналатын мына біздер 1 минут үнсіздікпен еске алсақ.
Рахмет.
Кітапханашы:
Қанша сарбаз қыршыннан жер
қауышқан
Қанша көзден сағыныш жас боп
аққан
Елестейсің көзіме қасірет боп
Қайғым да сен мәңгілік-
Ауғаныстан!
Ауғандағы азап шекке арыстар
деп ақын жырлағандай өздеріңізге арналған жас оқырмандардың шағын
жыр шумақтарына назар аударайық. Алдарыңызда Үшарал орта мектебінің
оқушылары.
-
Өмірғали Ақмаржан «Армысыңдар
ауғандық жауынгерлер»
-
Бейсен Мадина «Жауынгер
хаты»
-
Тұрғанбек Айтолқын «
»
1979 жылы желтоқсанда КСРО
әскерлері ауған жеріне енгізілді. Бұл әрекет елдегі жағдайды одан
әрі шиеленістірді. Ауғанстан жерінде болған ұрысқа 22200
Қазақстандық қатысып, оның 701 жауынгері қаза болса, 484 адам
мүгедек болып оралды. 20 жауынгер хабарсыз кетіп, 2205
жауынгер орден, медальдармен марапатталды.
Құрметті оқушылар,өмірі ерлік пен аңызға толы
ағаларыңызға сұрақтар қоюларыңызға болады.(Қонақтарға сұрақтар
қойылады.)
Кітапханашы:
Құрметті майдангерлер! Сұрапыл уақыттағы
қайғылы шежіре жаңғырығы халықтың зердесінде бағасы артып,уақыт
алдыға жылжыған сайын сіздердің жасаған ерліктеріңіздің шоқтығы
биіктей бермек.Біз сіздерді мақтан
етеміз!
Оқушылар толғауы.
1- Оқушы: ( )Біз соғысты көрген жоқпыз.Сіздер де Отан
алдындағы борышыңызды өтеуге дейін ол туралы кітаптан оқып,кинодан
ғана көрдіңіздер.Ерліктің озық үлгісін көрсеткен,ерлігімен ел
есінде мәңгі қалған аға- апаларымыздың есімдерін зор құрметпен еске
алып,іс-әрекеттеріне тәнті болып өстіңіздер.Соғысқа аттанып бара
жатқаныңызда қайтсем де тапсырманы орындауым қажет,себебі ол маған
Отан тарапынан беріліп отыр” деген ойдың болғанына сеніміміз
зор.
2- Оқушы: (
) “Отан үшін отқа түс” деген Бауыржан ата
өсиеті мен “Шығыс ұлы,біз ел сенген ерміз,ел намысы,ер намысы үшін
жан қиятын бұдан артық болар ма?” деген хатты оқып өскен ұлансыздар
,біз сіздерді,сіздердің ерлік істеріңізді әрқашан өзімізге үлгі
тұтамыз. Ағалар! Сіздер қазақ жастарына ерлігімен де
үлгі бола алатын алтын
тұлғасыздар!
3- Оқушы: ( )Қазір елімізде 10 мыңға жуық Ауған ардагерлерді
болса,3 мыңдайы мүгедектер қатарында. Отан алдындағы парызына адал
болған жерлестерімізді мәңгі есте сақтау,қадірлеп құрметтеу біздің
борышымыз.
Қорытынды
сөз:
Сақтады олар елін, жерін,
қонысын
Ақтады олар азаматтық борышын
Сол үшін де қолтығынан сүйейік,
Ардагерге-майдангерге
Иейік біз барлық жерде
Басымызды сол үшін.
«Құстар қайтып
барады» би. Қыздар
тобы
Отан алдындағы борыштарыңызды
өтеп,Ауған соғысында көрсеткен ерліктеріңіз әрқашан жас ұрпаққа
үлгі-өнеге болып қала бермек! Жылдар жылжып өткенімен ерлікпен қаза
тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде мәңгі сақталады.
Бүгінгі кешіміздің қадірлі қонақтары, ардагерлерімізге, Ауған
соғысының отты жылдарынан ңгіме айтып, сұхбаттасып, ой
бөліскендеріңізге зор алғысымызды білдіреміз. Бейбіт өмірдің баға
жетпес бақытты күндерінде амандықпен дидарласайық. Келесі
кездескенше қош сау болыңыздар.
Рахмет сіздерге!
Үшарал ауылдық
кітапханасы
Үшарал 2021
жыл
1.
Сіздер Ауған соғысына барғанда неше жаста
едіңіздер?
2. Соғысқа шақырту алғанда қай
жерде әскери борышыңызды өтеп жүр
едіңіз?
3. Соғыс кезіндегі
қиындықтарды айтып берсеңіз?
4.
Соғыста жарақат алдыңыз ба? Сол кезде не
ойладыңыз?
5. Ауған соғысына аттанар
алдында соғыстың мақсат - мүддесі түсіндірілді
ме?
6.Соғыс кезінде қандай қару
ұстап шайқастыңыздар?
7. Бір деректерге сүйенсек,
КСРО - дан барған интернационалист - жауынгерлер Ауған халқына
соңғы нанына дейін бөліп берген деседі. Осы қаншалықты
шындық?
8. Кеңес әскері Ауғанстан
жерінен шығарылатынын естігенде қандай сезімде
болдыңыздар?
9. Бүгінгі таңда елімізде
10000 - ға жуық Ауған соғысының ардагерлері бар екен. Сіздер бір
-біріңізбен майдандас ретінде хабарласып тұрасыздар
ма?
10. Қазіргі таңда мемлекет
тарапынан Ауған соғысының ардагерлеріне қандай көмек көрсетілуде?
Сіздің оған көңіліңіз толады ма?
11. Біз тәуелсіз мемлекет
ретінде Ауған соғысына қандай баға беруіміз
керек?
12. Бұл соғыс жөнінде елге
айтылмаған қандай құпиялар болды?
13. Көздеріңізбен көрген
зұлмат соғыстың зардаптарын бірден ұмыту мүмкін емес. Дегенмен де
уақыт емші ғой. Оған не айтар
едіңіздер?
14. Мектепте қандай оқушы
болдыңыдар?
15. Кейінгі ұрпаққа айтар
тілектеріңіз?
«Армысыздар ауған
ардагерлері»
/Кездесу
кеші/
Хаттама 12.02.2021
жыл
Өткізілген жері: Үшарал
ауылдық мәдениет үйі
Қатысқандар: Ауыл тұрғындары,
ақсақалдар алқасы, аналар кеңесінің мүшелері, оқушылар, ауған
ардагерлері.
Көрнекілігі: Кітап көрмесі,
суреттер, еске алу бұрышы, мәңгілік алауға гүл шоқтарын
қою.
Мақсаты:
ауған оқиғасының тарихи
мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың
ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке,
ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет
көрсету.
Кешімізді мәңгілік алауға гүл
шоқтарын қою рәсімінен бастадық. Ауыл әкімінің қабылдауында болып,
сый-сияпат табысталды. Үшарал ауылдық мәдениет үйінің кіші залында
ауыл жастарының және де оқушылардың дайындаған концерттік
бағдарламасын тамашалады. «Ауғанның асуында от кешкендер» атты
көрме ұйымдастырылды. Өмірден өткен ауған ардагарі Ажақов Омарбек
ағамызға арнап еске алу бұрышы жасалды. Шараға қатысқан
қонақтарымыз ардагерлерімізге срақтарын қойып белсене ат салысып
отырды. Кешті кітапханашы С.Саршаева
жүргізді. Қатысқан адам
саны:12