400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Арнау

Материал туралы қысқаша түсінік
Міржақып Дулатұлына арналған оқушы шығармашылығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Арнау


Жыр арнайтын, мұң арнайтын күн бүгін,

Тарих айтар өткен күнің шындығын.

Қазақ үшін сан ғасырға таусылмас,

Сыпырайын Міржақып жырдың түндігін.


Жүрегімді бүгін менің маздаттың,

Қасиетті ұлысың ғой қазақтың,

Қалам тербеп мен отырмын,жас ақын,

Міржақыптай атам жайлы жазбақпын.


Алып емен жапырағы жайқалған,

Төрт тұяғы түгел жорға тайпалған.

Ұстаз болып, ауылымда мектеп аштың,

Шашасына шаң жұқпаған майталман.


Құлақ түрген қайран арыс ел мұңына,

Таңдаулысың малынған күн нұрына.

Ғасырлар өткенменен өшпейтұғын,

Міржақып бабам қазақ үшін ұлы тұлға!


Бұралқы боп қандай төбет қапты екен?

Қалай ғана тас бөлмеде жатты екен?

Алашым деп еңіреген қайран ер,

Қолы барып қандай жендет атты екен?!


Жас жүрегім кететін еді елжіреп,

Талай боздақ өтті емес пе еңіреп?

Сол бостандық бізге келіп бұйырды,

Азат туым тұр төбемде желбіреп.


«Оян,қазақ!» түпсіз жатқан тереңдер,

Ол жайында сан мың сырлар шертілер.

Әр жолында атың жатыр өшпейтін,

Ұлтым үшін ұлы тұлға ,кемеңгер.


Алаш әні ғасырлардан жаңғырып,

Біз айтамыз ,ұмытпаймыз, ұран қып!

Міржақыптай бабам аты өшпейді,

Қазақ үшін қасиеті мәңгілік.


Жырлай берем шабыт барда төгіле,

Шыға алмаспын,бәлкім,жырдың өріне.

Шың басына қанат қағып көрермін,

Міржақыптай болсам қазақ көгінде...

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20.12.2023
330
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі