Әрқашан бірінші болуға үйрен

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Әрқашан бірінші болуға үйрен

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы















Shape1


Тақырыбы: «Әрқашан бірінші болуға үйрен»







Сынып: 6 «А»









2015-2016 оқу жылы

Тәрбие сағаты

Күні: 20.10.15ж Сыныбы: 6 «а»сынып

Тақырыбы: Әрқашан бірінші болуға үйрен

Мақсаты: Оқушыларды әрқашан бірінші болуға үйрету. Олардың жылдамдықтар мен ойлауының тез жұмыс жасауын дамыту. Оқушыларға адамның алға қойған мақсаты мен оған жету жолындағы ізденістерін саралап, нәтижелі іс жасау керектігіне назар аударту. Әрқашан қатарының алды болуға тәрбиелеу. Армандау мен арманнан мақсатқа жете алатындай асқақ ойлы болуға, ата-ана үмітін ақтауға баулып, адамгершілік қасиетті бойына дарыту. Оқушыларды алдына нақты мақсат қоя білуге және сол мақсатқа жетуде тек қана алға ұмтылуға үйрету.

Керекті құрал – жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, проектор т.б.

Қолданылатын көрнекіліктер: презентация, плакаттар, оқулық, суреттер т.б.

Қоланылатын әдіс – тәсілдер: Сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, дидактикалық әдіс, түсіндірмелі иллюстративті әдіс, проблемалық әдіс, демонстрациялық әдіс, эвристикалық әдіс т.б.

Сабақтың барысы:

  1. Ұймдасдыру.

  2. Негізгі бөлімі

  3. Қорытынды  бөлімі


Шаттық шеңбері

Қайырлы күн, балалар!

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен, 

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген, 

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз

Үлгі алсын көрген жан мына бізден

Сендердей ақылды, мейірімді, білімге құштар балаларды көргеніме мен бүгін өте қуаныштымын. Ендеше, сендерде сондай қуанышты жүзбен бір

бірлеріңе күлімсірей қарап, бас иіп амандасайық.


Балалардың амандасуы.


Негізгі бөлімі

Әрқашан достарыңның арасында жүрген кезде немесе туыстарыңның арасында бірінші болып қадам жасау жүректің батырлығы емес пе?

Оқушылармен сауалнама жүргізу:

  1. Сендер қандай уақытта бірінші болып қадам жасайсыңдар?

  2. Бірінші болған сендерге ұнайды ма?

  3. Сыныптың арасында бірінші болып сабақ айтатын баланы қандай деп ойлайсыңдар(оқымысты, псық, шапшаң)?

  4. Бірінші болып кешірім сұраған дұрыс па әлде бұрыс па?

  5. Сыныпта кім бірінші тапсырманы орындайды?

Адам әрқашан алдыңғы қатарда болып, көшбасшы болуы үшін алдымен өзіне жақсы сеніп, басқалармен тіл табысып, өзгелерді өзіне тарта білу керек. Әрқашан жаңа жетістіктерге жетіп отыруға тиісті. Адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуы керек. Адамның сырт келбетінің өзі адамның қандай екенін байқатады. Адам басқаша сөйлей тұрсада оның ішкі таласы мен «мен бәрінен де жақсымын» деп тұрады.

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап.

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.            

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар               

Ақылың мен еңбегің екі жақтап деп Абай атамыз айтқандай адам алдыға ұмтылу үшін, көшбастау үшін адамға ең алдымен өзіне сенуі керек. Өрлеу биікке ұмтылу, жоғары көтерілу. Бұл аяғыңды шалыс бассаң, құзға құлдырап құлайтындай қияға шырқау емес, көздеген нысанаңа байыппен, бағдармен, нық сеніммен ұмтылу. «Ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға» дегенде ұлы Абай атамыз осыны тұспалдаса керек. Адам өмірге келген соң ал­дын­да кездескен бар қиындықтың дәмін татып, соның қамалынан шығатын кілтті іздеу керек. Ол үшін алдымен әдемі армандай білудің маңызы зор. Өзімнің туыс аға-апала­рымның бағындырған асуын­, алған қамалын көр­генде қатты қызығамын да қызғанамын. Мен үшін олар үлкен тау басында еркін самғаған құс сияқты. Дәл солар секілді қанатымды кеңге жайсам деймін. Жапырағын жайқалтқан бәй­терек ағашының қасындағы қурап қалған кәрі емен ағашы болғым келмейді. Оған достарыңның да ықпал етері сөзсіз. Бетіңе күле қарап, сыртыңнан басқаша сөйлейтіндерді дос деп санауға болмайды. Ең дұрысы, өзіңе ғана сенім арту.

Қалай ойлайсыңдар үлкендер неліктен жұлдызым жоғары болсын деп неге айтқан?

Өз жұлдызыңыз қандай деп ойлайсыз?

Адам жұлдызы жоғары болу үшін не істеу керек?

Әр адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?

Біздің ұлттық мінезіміз қандай?

Адам өмірінің көп жағдайы  өмірдің бағытына байланысты екенін ескерсек, Әр адам өз өмірінің бағытын анықтауға тиісті екенін ұғынамыз. Ол үшін мына ережелерді басшылыққа  алсаңдар дұрыс болады:

Өмірде қандай жақсылық болса, соны көре білдіңдер;

Өмірде кездесетін ұсақтыққа назар аудармаңдар;

Өмірдің ең  құнды жақтарын алуға тырысыңдар;

Адамның әлсіздігіне шыдамдылқпен қараңыз, ондай жағдай сіздің де өміріңізде кездесуі мүмкін;

Өмірде жақсылық та, жамандық та болады, сондықтан оның жақсылығына рақаттаныңыз,  ал жамандығына ренжімеңіз.

Адам болу, оған жетуге ұмтылдыратын бес нәрсе деп нені айтады?

- Неден аулақ бол дейді?

 Сызбаны көрсетіп түсіндіру.      

Бес асыл іс

Бес дұшпан

Талап, еңбек, терең ой,

қанағат, рақым

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

еріншек, бекер мал шашпақ


Топпен жұмыс

- Балалар, адам бойындағы тағы да қандай жағымды, жағымсыз қасиеттерді білеміз? Сол білетінімізді қазір мына сызбаға жазайық. 

                     Ақ тізім

             Қара тізім

Еңбекқор, шыншыл, әдепті, ұқыпты,

Қамқор, көпшіл

әдепсіз, өтірікші, еріншек, салақ,

мақтаншақ, тентек.

 - Ақ тізімге жақсы қасиеттерді, ал қара тізімге жаман қасиеттерді әр оқушы бір-бір сөзден жазып шығады.


Қорытынды  бөлімі

Сонымен, балалар, біз бүгінгі сабағымызда адамның әрқашан алда болуы керек екенін, адам деген ардақты атқа лайық болу үшін қандай болу керектігі жөнінде әңгімелестік.

Әрқашан да бірінші болуға тырысуымыз керек, қателік кетсе бірінші болып кешірім сұрау, тапсырма берсе бірінші болып орындау. Бұның ешқандай зияны жоқ!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.08.2018
464
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі