Материалдар / Арт-терапия

Арт-терапия

Материал туралы қысқаша түсінік
Арт-терапияның шығу тарихы және оның әлеуметтік жұмыста қолданылуы Қоғамның экономика мен рухани саласындағы түбегейлі өзгерістері мен олардың жағымсыз салдары көптеген адамдарда үрей туғызады, ертеңгі күнге деген сенімсіздік пайда болады, адамның ішкі әлемі ауыр уайымдарға толады, ал бұлардың барлығы отбасылық қарым-қатынасқа кері әсерін келтіреді. Бұл дегеніміз халыққа әлеуметтік көмек көрсету формалары мен әдістерін жан-жақты дамытуға қажеттіліктің жоғарылауын білдіреді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Желтоқсан 2021
552
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Арт-терапияның шығу тарихы және оның әлеуметтік жұмыста қолданылуы

Қоғамның экономика мен рухани саласындағы түбегейлі өзгерістері мен олардың жағымсыз салдары көптеген адамдарда үрей туғызады, ертеңгі күнге деген сенімсіздік пайда болады, адамның ішкі әлемі ауыр уайымдарға толады, ал бұлардың барлығы отбасылық қарым-қатынасқа кері әсерін келтіреді. Бұл дегеніміз халыққа әлеуметтік көмек көрсету формалары мен әдістерін жан-жақты дамытуға қажеттіліктің жоғарылауын білдіреді.

Әлеуметтік жұмыс саласындағы маман ғана қазіргі терапевтік ықпал ету әдістерін меңгере отырып, соматикалық және психикалық ауытқулардың шешімін түсіндіре алады. Адамды өзінің мәселелерімен, уайымдары және қиындықтарымен бірге индивидуалды біртұтастық ретінде қабылдау арқылы, әлеуметтік қызметкер өз тәжірибесінде мақұлданған әдістерді пайдаланумен терапевтік көмекті әсерлі ете алады.

Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия әдісі болып табылады. Арт-терапия әдісі даму үстіндегі психотерапия әдістерінің жаңа түрі болып табылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде, яғни бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды. Арт-терапия сөзін қазақшаға тікелей аударғанда “өнермен емдеу” деген мағынаны білдіреді. Оны ғылымға, жалпы қолданысқа ең алғаш Адриан Хилл енгізген болатын. Осы психотерапияның түрі, яғни арт-терапияның мән жайын ашу және оны қазақ тіліндегі ортада бейімдеуді іске асыру. Сонымен қатар осы арт-терапияны қолдану арқылы қол жеткізуге болатын мақсаттар туралы айтылады.



Арт-терапия терминін (art-therapy тікелей аударғанда қазақша баламасы “өнермен емдеу” деген мағынаны білдіреді) қолданысқа 1938 жылы Адриан Хилл туберкулезбен ауырған санаториядағылармен жұмысында алғаш рет енгізген. Көп кешікпей бұл сөз тіркесі ауруханалармен психикалық денсаулық сақтау орталықтарда жүргізілетін өнерге қатысты қызметтердің барлық түріне қолданыла бастады. Бірақ көбісі бұл анықтаманы өте кең мағынада және нақты емес деп санайды. Өнерді сапалы терапиялық мақсаттарда қолданудағы құндылығы, символикалық деңгейде әртүрлі сезімдермен тәжірибе жүргізу арқылы оларға көрініс беру және зерттеу болып табылады. Символдарды іске асыруын алғашқы қауымдық адамдардың үңгірдегі суреттерден және кейінгілерден бақылауға болады. Біздің ертедегі ата-бабаларымыз символикалық бейнелерді өздерінің әлемдегі орны мен адамның күнелтуін айыру үшін қолданған. Өнер қоғамдық құрлыспен пайда болған көрініс болып табылады. Біздің дәуірімізде бұл өнердің жаңа стильдерінің пайда болуы моральдық, мәдениетті құндылықтардың өзгеруінің дәлелденуіне себеп болды [1].



Ендігі кезекте арт-терапия әдісінің дамуына және оның бағыттарына толығырақ тоқталып өтсек. Арт-терапия әдісі дамуының бастауы- на психоанализдік көзқарастар әсер етті. Осы көзқарастар бойынша соңғы өнім, көркемдік емделушінің іс-әрекеті ол сурет немесе мүсін, ол бейсаналы психикалық процестердің көрінуі болып саналады. 20-жылдардағы осы салада көп зерттеулер жүргізген Принцхорн өзінің ауруларды емдеушілерінің шығармашылығын және психикалық, классикалық зерттеулерінен мынадай қорытындыға келді: өнер – ауру адамдардың көбінесе олардың интенсивті ішкі шиеленістеріне әсер етеді.



Америка Құрама Штаттарында өнерді терапиялық мақсаттарда алғаш қолданғандардың бірі Маргарет Наумбург болды. Бұл саладағы еңбек етуін ол Нью-Иорк штатындағы психотерапиялық институтында мінез-құлқында ауытқуы бар мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасау арқылы бастаған. Кейіннен Маргарет Наубург Нью-Йорк штатында арттерапия саласында мамандар дайындау үшін психоаналитикалық бағдарламаларды жасайды. Маргарет Наубург жұмыстары психоанализ бағытының психологиядағы негізін салушы З. Фрейдтің көзқарастарына негізделген: ондағы алғашқы ойлар мен қобалжулар, санадан тыс вербалды емес түрде пайда болады және бейне мен символдар формасында көрініс береді. Арт-терапия терапевтпен емделушінің арасындағы символикалық деңгейдегі қарымқатынастың тәсілі ретінде қолданылады.



Көркемдік шығармалардың бейнелерінің барлық түрі бейсаналық үрдістер, яғни қорқыныш, ішкі шиеленістер, балалық шақтағы елестер, естеліктер, түс көру және тағы басқа көріністер, психотерапевтермен З. Фрейдтік бағдарларды талдайды. Ал З. Фрейдтің өзі болса өз емдеу жұмыстарында арт-терапияны қолданбайды. Көру бейнелері көп бөлікте біз түс көру арқылы қобалжимыз. Түскөрудесезімнемесеқобалжулар орын алады, одан ойлар сонымен бірге түс көру - ең басты орында көру бейнелері. Бақытымызға орай түс көруді суреттегенде қиындықтармен мынадай байланыстар туындайды және олар көбінесе мынадай сөздерді қолданады. Мысалы, “Түс көрген адамның сөзі: мен сурет сала аламын, бірақ мен оны қалай сөзбен жеткізе сипаттауды білмеймін”. Арт-терапия әдістемесін негізге ала отырып, сендіру, адамның ішкі “менін” бейнелерден көру, әр кезде ол сурет салғанда және мүсін соққанда өз еңбектерінде ойланбастан, яғни ол спонтанды пайда болады. Бірақ Фрейд кейіннен мойындағандай, бейсаналық символдық бейнелерде көрінеді, ол өзі практикада көркемдік шығармада өзінің емдеушілерін оған қызығушылығын тудырмаған. Бірақ психологиядағы аналитикалық теорияның негізін қалаушы Карл Юнг болса өзінің емдеушілеріне өздерінің түстерін, армандарын және қиялдарын сурет арқылы бейнелеулерін талап еткен. Карл Юнгтің идеялары бойынша персоналды және әмбебаптық символдардың бар болуы және қиялдың күшін терапиялық мақсаттарға қолдану мүмкіндігі бар, қазіргі кезде арт-терапиямен айналысатындарға тереңнен әсер ететіндігін сипаттайды. Арт-терапиямен айналысатын мамандар тек қана психологтармен және психиатрларға қойылған диагнозды нақтылауға немесе емдеу тәсілін таңдап алуға, балалармен немесе стационарлардағы емделіп жатқан үлкендермен жасалған жұмыстардың талдауларына сүйене отырып, көмектескен. Кейінгі мазмұнынан көрінетіндей шығармадағы материалды осылай қолдану проективті мәтіндерді қолданудан айырмашылығы, мысалы, Доршак мәтінді болмаса тақырыптық аперцепциялық тесті жүргізгенде тест тапсырушы адам ерікті формада немесе суреттегі дақтар арқылы жауап қайтаруы керек.



Арт-терапияның дамуындағы жаңа кезең ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының аяғы мен 70-ші жылдардың басынан басталады. Әсіресе осы жылдардың бас кезінде арт-терапиялық топтардың жұмысының мынадай формасы, топтық интерактивті арт-терапияның бастауы қалана бастады. Мұндай топтық арт-терапияның жұмысының формасы пайда болуына өмірдегі көптеген жағдайлармен байланысты, олардың қатарында [2]:



әлеуметтік-саясаттық, институционалды және мәдениеттік контекстердің өзгеруі;

клиенттердің психотерапиялық тілектерінің және қажеттіліктерінің өзгеруімен, оған қоса эмоциялық құрылымдық бұзылулары;

топтық психотерапияларының практика және теориялық тез дамуы және арт-терапиялық іс-әрекетке жетудегі біртіндеп ассимиляциялау;

арт-терапиялық топ жүргізушілерінің кәсіби өсуімен және арт-терапиялық білім беру жүйесінің дамуымен байланысты.

ХХ ғасырдың екінші жартысында алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда, арт-терапия техникасының даралануы және тым қиындығын айтуға болады. Сонымен қатар айта кететін жайт арт-терапия психотерапияның ішіндегі жаңа әдістердің бірі. Арт-терапияның дамуы- на Америка Құрама Штаттарында Маргарет Наубург көп әсерін тигізді. Маргарет Наубург З. Фрейдтің көзқарастарына сүйенді, яғни бейсаналы көріністер спонтандық шығармашылық үрдісінде көрініс беруі, мысалы, мүсін соғу және сурет салуда. Арт-терапияның дамуына едәуір әсер еткен З. Фрейдтің бейсаналық туралы ілімі, персоналды және әмбебаптық символдар туралы ілімі болып табылады [3].



Қазіргі кезде арт-терапия өнерге қатысты барлық қызмет түрлерінде психотерапиялық мақсаттарға қолданылып келеді. Бұл әдістің артықшылықтары мен жетістіктері туралы келесі тараушаларда толығырақ талдау жасалады. Жоғарыда атап өткеніміздей, арт-терапия әдісі Қазақстанда енді ғана қолданылып жүрген әдістердің бірі және әлеуметтік жұмыстың әдісі ретінде арт-терапия жан-жаты талдау мен зерттеуді қажет етеді. Кез келген азаматтың міндеті ана мен баланы қорғау болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін, арт-терапия әдісі мектеп жасына дейінгі балаларды қорғау мен қолдауға ықпал ететін бірден-бір әдіс болып табылады. Сондықтан да арт-терапия әдісін шығармашылық іс-әрекет емес, балалардың психологиялық бұзылуларын реттеу құралы ретінде қарастыруымыз қажет.



Арт-терапия әдісін мектеп жасына дейінгі балаларға жүргізу арқылы, бірнеше жетістіктерге жетуге болады. Ендігі кезекте арт-терапия әдісін жүргізуде қол жеткізетін негізгі мақсатына тоқталып өтсек:



Агрессияға болмаса басқа да негативті сезімдерге әлеуметтік шығар жолды табуға мүмкіндік береді. Суреттермен, мүсіндермен жұмыс жасау күштеуді бәсеңдетудің қауіпсіз түрі болып табылады.

Емдеу процесін жеңілдетеді. Түсініксіз ішкі шиеленістер және қобалжулар көбінесе көру бейнелерінің көмегімен вербалды психотерапия кезінде сөзбен айтқанға қарағанда көрсету оңай болып табылады. Вербалды емес қарым-қатынас санадан тез шығады.

Интерпретацияға және диагностикалық қорытындыларға материалдар алуға болады. Көркем шығарманың өнімі арқылы емделуші мәселенің бар екенін жоққа шығарады, яғни оны жеңілдетеді. Терапевтке емделушінің көркем жұмыстың стилі және мазмұны, емделуші туралы ақпарат береді, сол арқылы терапевт өзінің еңбектеріне интерпретация жасау арқылы емделушіге көмек көрсетеді.

Емделушінің дағдыға айналған ойлары мен сезімдерімен жұмыс жасау. Кей кездері вербалды емес амал, бірден-бір күшті қобалжулармен сендірулерді анықтауға, көрсетуге мүмкіндік береді.

Терапевт пен емделушінің арасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін көркем ісәрекетке бірлесіп қатысу олар арасындағы тиімді қарым-қатынасқа, эмпатия және өзара түсінушіліктің туындауына алып келеді.

Клиенттің ішкі қадағалау сезімін жоғарылату. Суреттермен картиналардан жұмыс болмаса, мүсін соғу жұмыстарында түстерді және формаларды тәртіпке салу қарастырылмайды.

Клиентті зейінді қабылдауға және сезімдерді шоғырландыруға бейімдеу. Таңдамалы өнермен жұмыстар ауқымды мүмкіндік тәжірибе жасауға, кинестетикалық және көру түйсіктеріне, қабылдау қабілеттіліктерінің дамуына қолайлы жағдай жасайды.

Клиенттің көркемдік қабілеттерін дамыту және өзін-өзі бағалауын арттыру. Арт-терапияның соңғы өнімі клиентті қанағаттану, рахат алу сезімі, ол жасырын таланттың көрінуінің және олардың дамуының нәтежесі [4].

Жоғарыда аталған әсерлерден басқа көркем өнерді психокоррекциялық топпен жұмыста қолданудың қосымша нәтежесі, қиялға түрткі және дау-дамайға топ мүшелерінің қарымқатынасын ретке келтіруге көмектеседі. Өнер қуаныш әкеледі, бұл ешқандай жағдайға тәуелсіз (өзінен-өзі маңызды), бұл қуаныш біздің санамыздан тыс пайда болады ма, болмаса ол саналы әрекеттің нәтежесі ме ол әлі күнге дейін бізге белгісіз.





Арт-терапиядағыдиагностиканықолданудың келесі кезеңдерін атап көрсетуге болады :



Дайындық кезеңі, яғни шығармашылық жұмысқа дайындық. Бұл кезеңнің міндеті – топ мүшелерінің спонтандық көркем-сурет ісәрекетіне дайын болулары және топ мүшелерінің өзара тіл табысып, қарым-қатынасқа түсе алуы. Бұл жерде психологиялық ойындар, қимылқозғалыс, билейтін жаттығулар, бейнелеу өнері кіреді. Осы жаттығуларды орындаған кезде саналы түрде бақылау жойылады да релаксация жүреді. Визуалды, аудиалды, кинестетикaлық сезімдерді дамыту. Бұл жерде әуен және би терапиясының элементтері бар суретті пайдалануға болады. Көптеген кеңестік, шетелдік ғалымдардың (С.С. Корсаков, В.М. Бехтерев, К. Швабе және т.б) айтуынша әуенді терапия ретінде пайдаланады. Әуен адамның көңіл-күйіне әсер етеді және емдеу үрдісіне көп әсерін тигізе отырып, толық жазылуына мүмкіндік беріп, өзінің ішкі жан-дүниесін білуге, түсінуге мүмкіндік береді. Терапия кезінде сөзі жоқ әуенді таңдау керек және дауысы топ мүшелерінің біреуіне ұнамай қалса да, басқа әуен қосу керек. Соңын бимен және қимыл-қозғалыс терапиясымен ұштастыруға болады.

Жеке дара бейнелеу жұмысымен шұғылдану. Бұл кезең өзінің түйінді мәселесі мен жан күйзелісін зерттеуге арналған жеке-дара бейнелеу жұмысы. Спонтандық шығармада, яғни бейнелеу жұмысында адамның санадан тыс процестері (қорқыныш, түс көру, ішкі қарамақайшылықтар, балалық шақтағы елестер) көрінеді. Сонымен қатар арт-терапия адамның ішкікүйінашуғакөмектеседі. Осыныңарқасында адам ауызша айтпай-ақ өзінің мәселесі жайында түсінеді және өзінің бойындағы қасиеттерін тани отырып, талдау жасап үйренеді. Топ мүшелерінің суреттері арқылы қимыл-қозғалыс тәртіптерін білуге болады. Топ мүшелері экспрессияға дайындалу деңгейі арқылы арт-терапевтпен қатынасқа түседі және өзінің күйзелістерін ашық айта алуларынан ерекшеленеді. Кейбір адамдар суретін идеалды, әдемі салуға тырысады. Бұл кезде оларға суреттің әдемілігі бағаланбайды деп ескерткен жөн. Керісінше, ең қажеттісі спонтанды шығармашылық үрдіс, сурет салушының эмоциялық жай-күйі, оның ішкі дүниесі және өзін-өзі көрсетудегі адекватты заттар. Бұл кезең жанама диагностика болады. Жобалау әдістемелерінің талдауы бойынша талдауға болады. Сурет салып отырған кезеңде жеке адамның «осында және қазір» принципін, күйзелістерін жасыруын, сезімдерін бақылап отыруын қадағалап қарау керек. Түрлі-түсті бояулар нақты түрде көңіл-күй мен психикалық күйдің нюанстарын көрсетеді. Өте қатты күйзелісте жүрген адамға, қорқыныш сезімі бар және агрессиясы бар адамға пластилиндік материалмен жұмыс жасаған өте жақсы көмектеседі. Бұл техниканы қолдау арқылы сенімсіздікті жоюға, жағдайға байланысты үрейді жоюға болады.

Вербалды және вербалды емес қарымқатынасты жақсарту. Бұл кезеңнің міндеті топ ішіндегі қарым-қатынасты жақсартуға жағдай жасау болып табылады. Топ мүшелерінің әрқайсысына өз жұмыстарын көрсетіп, бейнелеу жұмысы кезінде пайда болған байланыстар, ойлар, сезімдер жайлы айтулары керек. Топ мүшелерінің ашық болуы, ашылуы, сол адамның жеке ерекшеліктеріне, арт-терапевтке, топ мүшелеріне деген сенімінен айқын көруге болады. Егер де клиент белгілі бір себептермен суреті жайлы айтқысы келмесе, оны қинауға болмайды. Топ мүшелеріне салған суреттеріне ат қойып, әңгіме айтуларын сұрауға болады. Мұндай бастама ішкі жан дүниелерін ашуға көмектеседі. Топ мүшелерінің суреттері арқылы барлық мағұлмат алуға болады.

Кішкентай топтар арасындағы топтық жұмыс. Топ мүшелері кішкентай қойылымдарды қоюына болады.

Рефлексиялық талдау. Бұл қорытынды кезең болып саналады. Яғни, өздерін және басқа да топ мүшелерін жақыннан түсінісе бастайды. Арт-терапия шығармашылық процесс, оның белгілі бір нұсқаулары, талаптары болмауы керек және топ мүшелері берілген тапсырманы қалай орындайды, қандай түспен бояйды, оны өзі біледі. Сонымен қатар арт-терапияда басқалармен салыстырушылық болмауы керек. Суреттің әдемілігі талданбайды, мағынасы талданады. Арт-терапевт топ мүшелеріне тапсырма бергеннен кейін, олардың бейнелеу, көркемдік іс-әрекетіне неғұрлым көп араласпаса, соғұрлым эффект жақсы болады. Арт-терапия сабағында әуенді, әнді, қимыл-қозғалысты, биді, драманы, поэзияны, шығарманы пайдалануға болады.

Қазіргі кезде қолданылатын топтық арттерапияның формалары төмендегідей:



студиялық ашық топ

өзгермелі (аналитикалық) топ

тақырыптық топ.

Бұл топтың атауы, яғни “ашық” сөзі, белгілі бір құрамы жоқ деген мағынаны білдіреді. Топтың жұмысына қай уақытта болмасын келушілер қосыла алады. Онымен қоса, мұндай топтың қатысушылары кез келген уақытта оған келуін тоқтата алады. Бұл топтың “студиялық”деп аталуының себебі, оған қатысушылардың көркем жұмысы, шығармашылық студияның жұмысын еске түсіреді. Студиялық топты «құрастырылмаған»деп те атайды [6].



Студиялық ашық топтарда сабақ әдейі жабдықталған, белгілі-бір орын саны бар, шығармашылық жұмысқа индивидуалды құралдар жиыны бар, кабинет-студияларда жүргізіледі. Кабинет-студияларда демалу орындары арнайы креслолармен, шайға, кофеге арналған орындықтармен жабдықталған. Мұндай жағдайлар студияға келушілер, жұмыс кезінде болатын үзілісте, бір-біріне кедергі келтірмей, қарым-қатынас жасау үшін жасалған. Жұмыс алдында топпен жұмыс жасаушы психотерапевт (немесе осындай топпен жұмыс жасайтын маман) берілетін тапсырманың жүргізілуінің жалпы ережесін түсіндіреді. Терең психотерапиялық жұмыс студиялық амалды қолданғанда келсім шарттың қортындысы қаралмайды. Сонымен бірге психотерапевтің көздегені, бұл жұмыстың дәстүрлі шығармашылық студиялардан айырмашылығын бөліп қарағанда жалпы мақсаты “еркін шығармашылықта өзін көрсету” топ мүшелерінің сезімдерімен ойларын және фантазияларын таңдамалы іс-әрекеті арқылы жүзеге асыру. Кей жағдайларда, әсіресе психотерапевт топтың өкілдерімен индивидуалды раппорт құруды көздегенде және белгілі-бір интервенциялар мен вербалды кері байланысты, оның ішінде топтық талқылауды, ол топтың іс-әрекетінің “психотерапиялық бғытын” көрсетуі мүмкін, яғни студияның келушілерінің көркем шығармашылығы, олардың өздерінің сезімдерін, ойларын және қиялдарын сурет салу формасында өрнектеуі топ өкілдерінің психикалық мәселелерінде және эмоциялық қалыптарының тұрақтануына немесе белгілібір емдік әсері болуына әсер етуі мүмкін. Психотерапевт топ мүшелерінің жүріс-тұрысы туралы жалпы ережені және басқалардың “жеке кеңістіктерін” сыйлау қажеттілігін айтады. Бұл олар көркемдік шығарма процесіне кедергі жасамауы керек және олардың жұмыстарына баға беруге тырыспауы қажет, әрине, топтық талқылау ұйымдастырылмаған жағдайда дегенді білдіреді. Сонымен қатар психотерапевт топ мүшелеріне «мен сендердің жандарыңдамын», «сендерге қажет жағдайда қандай көмек болса да, беруге даярмын» деп өзінің оларға жылылығын білдіреді.



Осыдан кейін ол студияға келушілерді жұмыс жасауға шақырады. Қанша дегенменде олар әртүрлі темпте жұмыс жасағандықтан дайындалу деңгейлерімен ерекшеленеді “еркін шығармашылықта өзін көрсету” психотерапевт жеткілікті нәзіктілік көрсетіп, қажет жағдайда топ мүшелеріне жеке көмек олардың іс-әрекет құрылымынан көрініс табатын, эмоционалды мәнерлі фасилитация, эмоционалды қолдау және т.с.с. Мұның барлығы топ мүшелеріне өздерін қауіпсіз сезінуге, өздерінде болатын қорқынышпен, сенімсіздікпен куресуге және көркем жұмысқа өтуге көмектеседі. Әртүрлі ерекше көрсеткіштерді топқа клиент таңдағанда есепке алады, тапсырма іс-әрекеттің шарт- тары ерекшеліктері, мінез-құлық ережелері, жұмыстың дайындық кезеңі, индивидуалды арт-терапиямен салыстырғанда ұзақтылық өте аз мөлшерде топ мүшелерінің өз сезімдерін залалсыз ретке келтіру, қажеттіліктерін және қиялдарын мінез-құлықтарында өте аз деңгейде көрінеді. Психотерапевт топ мүшелерінің мінезқұлықтарын бақылай отырып, кейбіреулерінде өте күшті эмоционалды көріністер, олардың жұмыстарына кедергі жасайтындай болса, ол адамға ескерту айтылады, кей жағдайда топтан қуылады [7].



Басқаларының бәрінде, студиялық жұмыс кезінде көздегені, демократиялық атмосфе- ра және психотерапевтің дерективті емес амалды қолдануы. Ол жеке көркем жұмысқа топ мүшелерінің өте қатты қызығушылығын тудыруға талпынбайды, кей жағдайда оларға студия атмосферасында кішкене болса да көркем іс-әрекетке араласуы өздеріне тиімді болады. Осыған қарамастан топ мүшелерімен вербалды контакт, көркем жұмыс өте аз, ал топ ашық болғандықтан, сәл уақыттан соң, белгілі бір мәдениет қалыптасады. Бұл ең бастысы, символдық деңгейде топ мүшелерінің қарым-қатынасына байланысты, олардың өздері жасаған бейнелері, вербалды емес мәнерлі үзіліс кезеңінде болатын қарым-қатынастан айқын көрінеді.





Жүргізілу тазалығы, сессияның ұзақтылығы бұл қолдануда топтық арт-терапия форма- сы сияқты олардың ұзақтылығы да әртүрлі. Уақытша нәзіктігінің шекарасы, топтық арттерапияның формасы, ұзақ мерзімді жұмыспен оны қысқа мерзімді курстар түрінде қолдануға рұқсат етеді. Көбінесе, бірақ мұндай топқа қатысу мерзімі алдын ала айтылмайды. Көптеген нәрсе жұмыстың жүргізілу шартына, (стационар, психотерапиялық жасырын әлеуметтік орталық базасы және т.с.с.) топ мүшелерінің көркем шығармашылық сабақтарының ұзақтылығына түгел қызығушылықтарына байланысты болады. Сонымен қатар гетерогендік құрамды есепке алғанда, көптеген ашық топтарда мүшелерінің өзіндік шығармашылық ісәрекетке, қабілеттіктері әртүрлі, оған жетудегі нәтижелерге байланысты олар біртіндеп топтан шығып кете алады.



Ашық студиялық топтар дәстүрлі түрде арттерапияның дамуында көп кеңістікке таралған және бұл іс-әрекет арт-терапиялық бағыттың пионерлерімен байланысты, мысалы, А. Хилл және И. Чампернон. Осыдан кейін, бірақ топтық арт-терапияның бұл формасы, белгілі деңгейде басқаларымен ығыстырылған, гуманистің және отбасылық психотерапия принциптері, өзгермелі амалды қолдана бастауымен байланыс- ты және т.с.с. топтық арт-терапия жұмысының іске асуына, психотерапевтік әсер ету факторына, қосымша жүргізіліп отыруы керек. Осыған қарамастан, топтық арт-терапия формасын дәрежелі клиенттерге қолданғанда, олармен жеңіске ең бастысы, басқа арт-терапиялық топтарға қатысу, қатысушылармен өте тар қарым-қатынасқа түсуді шамалағанда, өте көп қиындықтарға байланысты (мысалы, созылмалы психикалық бұзылулары бар емделушілермен) және басқа клиенттермен, жұмыс кезінде ең бірінші орында жоспарда даму, олардың шығармашылық нышандары әртүрлі құралдар қолдану, индивидуалды шығармашылық стилі және басқа жағдайларда болады.



Динамикалық топ ол комплекстік топтың жұмыстық формасы өзі индивидуалды топ мүшелерінің таңдама бірлігін, оған қоса, олардың вербалды коммуникациясын қажет етеді. Вербалды коммуникация топтық талдау шеңберінде, сонымен бірге таңдамалы жұмыс топ мүшелерінің іс-әрекетінен ойындарынан, драмалық қойылымдарынан, рөлдік диологтарынан, дене бағыттық мінездеме тапсырмасынан және т.с.с. жүзеге асады. Сессия барысында топ мүшелерінің тереңге батырудан бірнеше рет өту таңдамалық және басқарма шығармашылық түрлері, іс-әрекеттің белсенділік басшымен де және бір-бірімен де әрекеттестікте болады.



Сессия барысында жалпы белгілі бір жоспарға сәкестендірілмейді, топ мүшелерінің өзекті мәселелері және қажеттіліктері ескеріледі, сонымен қоса осындай атмосферада белгілі бір нақты уақытта, оны болжауға келмейтіндей етіп жасайды. Бұл белгілі бір деңгейде, басқа емес сол топ өзімен бірге “ашық”, “тірі” құрылымдық-фуникцияналды ұйымдастырушылық қозғалмалы даму жүйесінің мінездемелік ерекшеліктеріне, топ мүшелерінің детерминантық мінез-құлқына және жалпы факторлық жүйелерге байланысты орын алады. Есепке алуға тиісті шартты жағдай күшіне, жүйелік мінездемелер және тапсырылған жұмыс мұндай топтарда, сессия барысында әртүрлі, оның мүшелерінің психикалық тәжірбиесінің аспектілері белгілі, сонымен бірге белгісіз психикалық процестер бейнелеулерінде көрінуі мүмкін. Олардың кейбіреулері ішкі жеке тұлғалық процестерге, біреулері тұлғааралық, үшіншілері жеке топтыққа жатқызылады. Осы уақытта осындай топ мүшелерінің жоғарғы деңгейге тәуелсіздіктерін сипаттайды және өзіндік сақтаумен ұқсастырумен сипаттала- ды. Олар өздерінің іс-әрекетін және топтық жұмыстың жүргізілуіне бақылау жасауға мүмкіндіктері бар. Олар қандай деңгейде, қандай сәтте топтық процестерге қосылу керек, қашан оларға белгілі бір мінез-құлық еркіндігі берілетінін өздері шешеді.



Топтық арт-терапияның бұл формасы қатысушының рөлдік бөлінуінің топтың мүшелері бірінен екінші рөлге еркін өтуге, ісәрекетінде сезілуі, басқалардың көркемдік өнімін айтуының және мінез-құлқының әр- түрлі тактикасы мен стратегиясын сезінуі, онымен бірге жеке тұлғаның латентті немесе альтернативті сапаларында бейнеленеді. Динамикалық топтық процестерге ең көп әсер ететін осы түрдегі жұмыстар көркемдік мәнерлі фактор болып табылады. Ол белгілі бір деңгейде өзіндік жанама түрде әрекеттестікті білдіреді, топ мүшелерінің бір-бірімен немесе әртүрлі қобалжулар, қажеттіліктер және қиялдарын көрсетудің құралы болып табылады. Осыны ескергенде, таңдамалы өнім өзіне көптеген әртүрлі бейне мағыналарды қосып, тұлғаға, тұлға аралық мағыналарда (әлеуметтік) топқа қатысушылардың тәжірибелерін түсінуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге жұмыс барысында топ мүшелерінің әртүрлі бірлескен көркемдік және басқа да шығармашылық жұмыстарының арқасында бір-бірімен тығыз әрекеттестікте болатындығын көрсетеді [8].



Динамикалық топта белгілі бір мәдениет тез құрылады, олардың іс-әрекетімен және айтуларымен ғана емес, сонымен бірге олар жасаған көркем бейнелерінде де көрініс береді. Әрқайсысы ол мәдениетті басқаларының жұмыстарын сезе отырып және өздерінің жұмыстарының басқаларға әсерін көре отырып сезінеді. Арт-терапиялық процесте көркем бейнелері және аса айқын куәлік өздерінің және топтық тәжірбиеден материалдыққа айналады. Көркем мәнерлі топ мүшелерінің осы берілген жұмыстың формасында деңгейлік мінезі айқын, жақсы байқалады. Көптеген онымен байланысты феномендер белгілі мөлшерде жанама түрде басқалардың көркем іс-әрекетінің, ол ненің арқасында, орын күшті әсер “жинақ” аффекттік көркем өнімі, ал кей жағдайларда феномен ұйымдық ретке келтіру өзіндік әртүрлі сезім шығарма түрімен бірге немесе топ мүшелерінің мәнерлі мінез-құлығымен сипатталады. Мұның барлығы “ұстап тұру” сезімдері топ мүшелерінің психотерапевтік кеңістіктегі шекарасы және белгілі-бір “қауіпсіздік техникасын” сақтау қажеттілігіне сүйенген [9]. “Ұстап тұрудың” осыған байланысты белгілі факторлары мыналар:



терең жеке психологиялық дайындық және басқарудың жоғарғы деңгейдегі мамандануы, оған мүмкіндік беретін барлық нақты сезіну, сонымен қоса жеткілікті өзіне-өзі бақылау жасау және объективті бағаны сақтау;

жеткілікті жоғары деңгейдегі коммуникативтік, эмоцианалды-еріктік және когнитивті топ мүшелеріне мүмкіндік беретін, олардағы бар жеткілікті психологиялық қорғаныс механизмдері және жеке айқындылықты сақтау қабілеттілігі;

топтың жабық мінезі;

сессияның нақты кеңістікті-уақытты шекарасы;

жоғары деңгейдегі жеке жауапкершіліктің сессия барысында топ мүшелерінің, не болып жатқандардың барлығына және топтық жұмыстың шығу ережесі жақсы түсінікпен қарауы;

психотерапевтік келсімшарттың қортындысы.

Осыған қарамастан, жұмыс барысында динамикалық топтық мүмкіндік тууы мүмкін қолдауда жүргізілген белгілі-бір интервенцияналды немесе қабілеттілік реттеу мінез-құлқы топ мүшелерінің және олардың ұстап қалуы шекаралары “психологиялық кеңістігі” туындайды. Мұндай интервенцияларға мыналарды жатқызуға болады:



Психотерапевтік қолдануларда залалсыз көркем жұмыс барысында интерпретация және вербалды кері байланыс, оған қоса сессия соңындағы өткізілетін жоспарлағандай-ақ, онда да ретсіз талқылаулар.

Оның эмоцианалды қосылулары, қажетті топ мүшелеріне мақсаты немесе эмоционалды экспрессия фасилитациясында қолдау.

Психотерапевтің құруымен таңдамалы ісәрекеті және мінез-құлығы сол немесе басқа да топтағы қатысушылары оларға бақылау жасай алмайтын жағдайда, импульсивті, хаотивті немесе деструктивті мінез орын алғанда.

Психотерапевпен белгілі бір мінез-құлық моделінің белсенді құрылымы [10].

Топтық арт-терапияның бұл формасын қолдану жоғары кәсібилікті, нәзіктік және жүргізе алу, кең репертуарды, әртүрлі қабылдауларды керек етеді. Осы уақытта динамикалық арт-терапиялық топ мүшелерінің қанша интервенцияға жүргізушіге қалай әсер ететіндігі, топтық процеске әсерін және ол сол көру қабілеттерін иеленіп, қатысушының әртүрлі жеке реакциясы мен көп түрлі шығатын динамикалық топтық интерактивті процестермен қатар, психотерапевт “артқы жоспарға айналып өте алу” және оларға араластырмай “олармен бірге жүру” жұмыстарын жасай алуы, білуі керек. Рутан және Стоун атап көрсеткендей, “динамикалық психотерапевт топтық процесті қалай болса солай емес, нақты әрі толығымен орындай алуға талпынуы керек. Олар өздерінің беделдерін психотерапевтік кеңістікте және белгілі бір ереже жүйесінде қолданған. Осы уақытта топ мүшелерінің қиялдарының оянуына регрессияға сәйкес келетін дерективті емес лидерлік рөлді жасайды. Психотерапевтің басты қызметі, осы бейнеде шекараны қолдауына және құрамға негізделеді. Бұл шекаралар жеткілікті жылжымалы және айтарлықтай осал емес, өтіп жатқан құрылымдық топтың процестері және қауіпсіздік сезімдері болуы керек. Осы тұрғыда «пісіп жетілу» топтық құндылығына орай топ мүшелерінің шекараға деген қарым-қатынасы өте нәзік болады. Бірақ бұл қажетті “ұстап тұру” және психотерапевтік өзіндік талдауы, топтық процестермен және күтілетін іс-әрекетпен топ мүшелерінің сезімдеріне байланысты орын алады. Әрине, олар нақты топтық процестердің индикаторы және топ мүшелерінің қалыптары, тағы бір топқа әсер ететін негативті факторы болуы мүмкін. Динамикалық арт-терапиялық топтың практикалық жұмысы психотерапевт жағынан әртүрлі деңгейде, яғни еліктіргіш топтық процестерге, оның қатарында зиянсыз қатысушылардың таңдамалы іс-әрекеттер формасында, жеке немесе топтық жұмыста, ойындарда, драмалық қойылымдарда және т.б. шығармашылық іс-әрекет түрлерінде жүзеге асырылады. Көптеген жағдайларда, құрылымдық және рөлдік модельдерді, сонымен бірге, топта не болып жатқанын сезіну, топ мүшелерімен әрекеттесу арқылы вербалды кері байланысты пайдалана отырып, сенсомоторлық амалды, проективті-символдық және рөлдік коммуникацияны қолданады.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ