9999 УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
СӨЖ
Пәні : Мектептегі психологиялық қызмет
Тақырыбы: Арт терапия және өнер терапиясы
Орындаған:
Тексерген:
Шымкент 2099 ж.
Кіріспе
АРТ-терапиясы туралы түсінік. Психотерапияның маңызды
салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Арттерапия даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болыптабылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкенжетістіктерге ие. Алғашқы Арт-терапия түсінігі енгізілген кезде онытек сырқат, ауру, немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғанақолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде.Яғни бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қанақоймай, адамның бойындағы қасиеттердің мүмкіндігін түсініп ашуғада жағдай жасайды.
Арт терапия- бұл емдеу ғана емес, сонымен креативтің дамуы,тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге
көмек.Арт терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудіңтабиғи және қолайлы әдісі. Арт-терапия терминин ғылымға 1938жылы Адриан Хилл енгізді. Арт-терапия ағылшын тілінен аударғандашығармашылық терапия деген ұғымды білдіреді.
Арт- терапияда шығармашылық үрдіс басты терапиялық механизм болып табылады, ол айрықша символикалық түрде шиеленіскен жарақаттаушы жағдаяттардан шығуға, оның шешімін табуға мүмкіндік береді. Сурет, ертегі, ойындар арқылы арт-терапия ішкі шиеленістерден және күшті эмоциялардан шығуға, өз сезімдері мен толғаныстарын ұғынуға көмектеседі, өзіндік бағалаудың артуына, босаңсуға, еркінсуге және күштенулерді, қысымды түсіруге мүмкіндік жасайды, шығармашылық қабілеттердің дамуына да игі ықпалын тигізеді.
Арт- терапиялық әдістер қорқыныш мәселесімен жұмыс жасауда тиімді. Қорқыныш суретін салғызу тапсырмасының өзі балаларды өз қорқыныштарымен жұмыс жасауға жұмылдырады. Әрине, қорқынышты суреттеу оңайға соқпайды. Балаға бұл тапсырманы орындау үшін бірнеше күндер қажет етіледі. Осылайша, ішкі психологиялық кедергі – қорқыныштың қорқынышы жеңіледі. Сурет салуға бел байлау – өз қорқынышымен тікелей қақтығысу, онымен бетпе бет жүздесу және оның бейнесін суретке салып бітпегенше мақсатты түрде ерік күшін жұмсап, есте ұстап тұру – жарақаттаушы нәрселердің өздігінен азаюына мүмкіндік береді.
Сурет салу үрдісінде қорқыныш объектісі санада қатып қалған психикалық түзілімді көрсетпейді, себебі ол көркемдік бейне ретінде шығармашылық тұрғыда қайта бейнеленеді. Сурет салу кезінде байқалатын қызығушылықтар қорқыныш эмоциясын біртіндеп бәсеңдетіп, оны орындап жатқан тапсырмаға ерік күшімен шоғырлануға және оған қанағаттануға алмастырады. Арт-терапия үрдісі балаға өз проблемаларын жандандыруға және оны түсінуге, сонымен қатар оны шешу жолдарын көруіне көмектеседі. Сурет салу – бала қиялын, ойлау орамдығын дамыту үшін табиғи мүмкіндік болып табылады. Шындығында сурет салуды ұнататын балалар ерекше фантазиясымен, сезімдерін тікелей жеткізе алуымен және ой- пікірлерінің орамдығымен ерекшеленеді. Олар өздерін суреттегі адамның немесе кейіпкердің орнына қоя біледі және оған деген өз қатынасын білдіре алады.
Негізгі бөлім
Арт-терапия – бұл өнермен емдеу немесе өзін шығармашылық арқылы көрсетумен емдеу бағыттарының бірі. Арт-терапия – әртүрлі психикалық, физикалық аурулармен ауыратын адамдарға, тәуекелдік топтар өкілдеріне көмек көрсету, сондай-ақ ауырмайтын адамдарға тұлғалық өсу, потенциалын арттыру мақсатында бейнелеу құралдарын қолданады. Арт-терапия әдістері мазасыздықпен, агрессивтілікпен, қорқыныштармен және т.б. жағымсыз күйлермен күресуге көмектеседі
Арт-терапия – бұл бейнелеу өнерімен емдеу. Арт-терапия мақсаты – баланы сурет салуға үйрету емес, сурет салдыру арқылы шектен тыс эмоцияларды ( көбіне сөйлей алмайды ) тудыратын проблемаларды жеңуге, шығармашылық энергияның шығуына көмектеседі. Бала болашақта эмоциялық күштенуді жеңілдететін, өзіне қолайлы әрі ұнамды тәсілді меңгереді.
Бенелеу тәсілдері бала іс-әрекетін түрткілендіреді, оның зейінін бағыттап, тұрақтандырады, сондай-ақ бала айрықша тәжірибе алады.
Бейнелеу іс-әрекетінде бала өзін еркін көрсете алады. Бала үшін бастысы нәтиже емес, сурет салу үрдісі маңызды. Сондықтан, арт-терапия балалармен жұмыс жасауда осындай нәтижелерімен тиімді әрі пайдалы. Шығыс даналығы бойынша « сурет мың сөзбен жеткізе алмайтынды жеткізеді ». В.С.Мухина және басқа да зерттеушілердің айтуынша сурет бала үшін өнер емес, сөйлеу болып табылады. Суреттің әрбір сызығының, әрбір түсінің өзіндік сипаты, өзіндік көңіл-күйі бар. Олардың көмегімен бала өзінің ішкі әлемінде болып жатқан барлық дүниені жеткізеді. Мұның барлығы арт- терапияның баланың эмоциялық өрісінің дамуымен тығыз байланысты екендігін дәлелдейді. Бала сурет сала отырып, қуанышқа, өзара түсіністікке, табыстарға толы ғажайып ертегі әлеміне түседі
Психолог Эдит Крамердің айтуынша арт-терапия – бұл адамның шығармашылық потенциалын ашумен және өзінің ішкі әлемін танумен байланысты әді.
В.А. Сухомлинский: «... баланың денсаулығына қам жасау – бұл жай ғана санитарлы-гигиеналық нормалар мен ережелер кешені... күн тәртібіне, тамақтандыруға, рухани күштерге қойылатын талаптар жиынтығы емес, үйлесімділіктің алтын тәжі шығармашылық қуанышы », - деп жазды.
Арт-терапия – өнердің адамның эмоциялық және тұлғалық-мағыналық өрісіне, қатынастар жүйесіне күшті әсеріне негізделген психотерапияның мамандандырылған түрі. Арт-терапия вербалды жеткізу қиын, терең проблемалық материалдың ашылуына және емделуіне көмектеседі. Арт- терапевтік техникалар эмоциялық қолдауға бағытталған.
Арт- терапиялық техникалар мақсаты – баланы сурет салуға үйрету емес, сурет салу арқылы балада белгілі бір эмоциялар тудырып, сөзбен жеткізе алмайтын проблемаларды жеңуге, шығармашылық энергияның шығуына көмектесу. Бала үшін маңыздысы нәтиже емес, сурет салу үрдісі.
Сондықтан, арт-терапия балалармен жұмыс жасауда аса тиімді.
Арт- терапияның басқа түзету құралдарынан ерекшеленетін артықшылықтары
-
арт-терапия құралы вербалды емес қарым-қатынаста тиімді болып табылады, бұл өз кезегінде мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауда айрықша құнды ;
-
бейнелеу іс-әрекеті балаларды жақындастырудың күшті құралы ;
-
бейнелеу іс-әрекеті баланың жай-күйін оның жасаған жұмыстары арқылы бағалауға мол мүмкіндік береді;
-
шығармашылық потенциалды және өзіндік бағалау мен сауығудың ішкі механизмдерін жұмылдыруға негізделеді;
-
жұмыс жасауға барлығы бірдей қатыса алады, себебі ол көркемдік дағдыларды талап етпейді ;
-
көркемдік іс-әрекетке бірлесе қатысу – өзара қабылдау қатынастарына, эмпатияға мүмкіндік жасайды ;
-
баланың мәдени иденттілігін нығайтады, тілдік кедергілерді жеңуге ( әсіресе көп ұлтты балабақшаларда, мектептерде ) мүмкіндік береді ;
-
белгілі бір себептерге байланысты вербалды талқылауға қиындық тудыратын проблемалар мен фантазияға сүйенуге мүмкіндік жасайды ;
-
символикалық деңгейде әртүрлі сезімдерге тәжірибе жасап көруге, зерттеуге және оларды әлеуметтік тұрғыда танылған, лайық түрде көрсетуге көмектеседі ;
-
іштей бақылау сезімін дамытады, кинестетикалық және көру түйсіктерімен тәжірибе жасап көруге жағдай жасайды, сенсорлық ептіліктердің дамуын арттырады, интуицияға және кеңістікте бағдарлануға жауап беретін мидың оң жақ жарты шарын дамытады ;
-
өзін шығармашылық жағынан көрсетуге, қиялдың, эстетикалық тәжірибенің, көркемдік іс-әрекеттің практикалық дағдыларының, біртұтас көркемдік қабілеттердің дамуына жағдай жасайды ;
-
адамның күнделікті өмірге және балабақшаға, мектепке адаптациялық қабілеттерін арттырады. Шаршауды, жағымсыз эмоциялық күйлерді және оның оқумен байланысты туындауын азайтады ;
-
жеке дамудың әртүрлі ауытқушылықтары мен бұзылыстарын түзетуде тиімді. Тұлғаның сау потенциалына, өзіндік басқарудың және сауығудың ішкі механизмдеріне сүйенеді ;
-
баламен махаббат және өзара жақындастық негізінде қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Арт-терапия түрлері
-
библиотерапия ( соның ішінде, ертегі терапия) – әдеби шығармалар және әдеби туындыларды шығармашылық оқу;
-
музыкотерапия;
-
драматерапия ;
-
би терапиясы ;
-
қуыршақ терапия;
-
мүсіндеу терапиясы.
Арт- терапияны жүргізу көрсетілімдері
Эмоциялық даму қиындықтары, стресс, депрессия, көңіл-күйдің болмауы, селқостық, эмоциялық тұрақсыздық, эмоциялық реакциялар импульсивтілігі, өзге адамдардан эмоциялық шеттетуін уайымдау, жалғыздық сезімі, тұлғааралық жанжалдар, отбасылық қатынастарға қанағаттанбау, қызғаныш, аса мазасыздық, қорқыныштар, фобия, жағымсыз «Мен- концепциясы », өзіндік бағалаудың төмендігі.
Арт-терапия – баланы бейнелеу кезіне дейін айналасын қоршаған атмосфераға әкеледі : риясыз қабылдау, баланың артықшылықтарын тану, қажеттіліктерін түсіну. Бала өзінің қажет екендігін сезінеді, ол баланың : «мен іске жарайды екенмін, қолымнан бір нәрсе келеді », « менің қабілеттерім бар», « мені басқалар біледі », « менің ойларымды ескереді », «мен қиындықтарды жеңе аламын », «мен қиындықтардан қашпаймын, алға ұмтыламын » т.б. сияқты ойларынан көрініс табады. Бала өзге балалармен өзара әрекеттесу барысында әлеуметтік қатынастардан күтілетін күтілімдерін өзгертеді : «мен басқа балалардың табыстарын көремін », « маған үлкендермен қарым-қатынасқа түсу оңай », « мені түсінеді », « маған көмектеседі, мені қолдайды ».
Арт – әдістер негізінде жұмыстарды қандай балалармен жүргізуге болады ? Мұндай сабақтар қандай балаларға арналған ? Бұл балалардың өзі туралы түсініктері бұрмаланған, ұнамсыз, өзін дұрыс бағалай білмейді, тым мазасыз, жасқаншақ, қорқады. Мұндай балалар айналасындағыларды агрессия, қарым-қатынасқа түсуден бас тарту, демонстративтілік сияқты қалыптасып қалған қорғану механизмдері көмегімен қабылдайды. Сондықтан, мұндай балалардың эмоциялық өрісін әртүрлі әдістер көмегімен ерте жастан дамыту аса маңызды.
Сурет – балалар үшін өнер емес, сөйлеу болып табылады. Бұл – шын объектілерді көркемдік символдарға алмастырумен тәжірибе жасап көру. Сурет салы арқылы тұлғаның өзін-өзі көрсету қажеттілігі жүзеге асады.
Бейнелеу өнері құралдарымен түзету кезінде әртүрлі тәсілдерді қолдануға болады (А.И. Копытин). Олар :
-
Әртүрлі бейнелеу материалдарымен жұмыс жасауды көздейтін және жалпы белсендіру, сенсомоторлық сфераны дамыту ( мысалы, саз балшықты езу, өз түйсіктеріне зейінін шоғырландыру ) мақсаты бар жаттығулар.
-
Балалардың проблемаларын зерттеуге және әртүрлі әсерленулерді, толғаныстарды бейнелеп, көрсетуге ( еркін тақырыпқа немесе маңызды тақырыпқа « зұлымдық » және « мейірімділік », « қорқыныш » т.б. арналған суреттер ) мүмкіндік беретін « жалпы » тақырыптар мен жаттығулар.
-
Балалардың қарым-қатынас жүйесін зерттеуге және оның өзгеруіне жағымды ықпал етуге (автопортрет салу немесе соғып жасау ; сені дос немесе дос емес адамдар қалай көретінін бейнелеу ; өзінің жеке басына тән қасиеттерді бейнелейтін таңбасын салу т.б.) мүмкіндік жасайтын өзін-өзі қабылдаумен байланысты тақырыптар.
-
Баланың мінез-құлық бұзылыстары себептерін анықтау және оны түзету ( құмсалғыш және әртүрлі фигуралар көмегімен қандай да бір тұрмыстық көріністі құрастыру ; отбасы мүшелерін жануарлар немесе заттар түрінде бейнелеу ) мақсатында отбасындағы қатынастарды зерттеуге мүмкіндік беретін жаттығулар мен тақырыптар.
Мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативті мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған жұптасқан жұмыс (« Винникот қаракөлі » - бір қатысушы қаракөл салады да оны басқа адамға біртұтас бейне жасауға береді ; бір қатысушы еркін немесе берілген тақырыпқа сурет салуды бастайды, басқасы оны аяқта
Терапия сәтті, нәтижелі болу үшін не қажет ?
-
Сіздің ашық қатысуыңыз және қолдауыңыз керек, алайда басшылық етіп, араласпау қажет.
-
Арнайы таңдалған уақыт. Маңыздысы, сіздің уақытыңыз шектелмеуі тиіс, балада да қалағанынша жұмыс жасауға мүмкіндік болуы тиіс. Сабақты мынадай шартпен бастау керек : балалар жарты сағаттан соң сендер тамақтануларыңыз немесе ұйықтауларыңыз қажет деп ескерткен жөн.
-
Алдын ала дайындалған кеңістік. Жұмыс жасалатын орын арнайы дайындалуы тиіс. Егер сурет салу жұмысы жасалатын болса, онда еденге төсеніш төседуі керек, балалар бүлдіруге болатын киім киюі қажет, ал бағалы заттарды жинап тастаған жөн.
-
Сіздің жүргізілетін жұмыстардың балалардың қиындықтарын жеңеді деген сеніміңіз. Балалар оның шынымен де көмектесетініне сенеді. Сондықтан, балалардан өзіңіздің үйренгеніңіз жөн.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Арт терапия және өнер терапиясы СӨЖ

шағым қалдыра аласыз