Тақырып бойынша 31 материал табылды

Артикуляциялық жаттығулар

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалім логопедтерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Артикуляциялық жаттығу – бұл бұлшық ет пен сөйлеу аппаратын нығайтуға, сөйлеуге қатысатын ағзалардың күш, қимыл-қозғалыс және іс-әрекеттің дифференциациясын нығайтуға арналған жаттығулар жиыны.

 Артикуляциялық жаттығу дыбысты қою мен машықтандырудың дайындық кезеңі болып табылады.

Артикуляциялық жаттығудың мақсаты дыбысты дұрыс айту үшін сөйлеу аппаратын дұрыс қозғалысқа келтіру және тілді белгілі бір қалыпта ұстау, қарапайым қимылды күрделі қимылдарға айналдыру

Артикуляциялық жаттығуларды дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар қолданылады. Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу әртүрлі атпен аталады

Артикуляциялық гимнастиканы жүргізудің басты

талабы жүйелілік. Сабақ күн сайын жүргізілу керек. Жаттығуларға көшпес бұрын, ең алд міндетті түрде балалармен ерінге арналған жаттығулар жасау керек. Жаттығулар 15 минуттан аспау керек. Бір күн ішінде бірнеше әр түрлі жаттығулар орындалу керек.

Сабақ барысында бала отырған қалыпта болу керек. Бұл оған денесін түзеуге, аяқ бұлшық еттерін бос ұстауға және де артикуляциялық органдарға толығымен назарын аударады. Бала үлкен кісінің мимикасы мен артикулициясын нақты көру керек. Сонымен қатар ол тапсыманы орындау кезінде өз ерні мен тілін көру керек. Ол үшін қол айнасын пайдалануға немесе сабақты үлкен айна алдында өткізуге болады.

   Барлық жаттығуларды балаларға жалықпас үшін ойын түрінде жеткізген дұрыс. Бала жаттығуды бірінші реттен дұрыс жасамауы мүмкін, сондықтан шыдамды болу керек

Артикуляциялық жаттығуларды жасау не себепті керек

1.     Артикуляциялық  және тілдік есту қабілетін дамытатын жаттығуларды уақытында жасау кейбір балаларға өздігінен, мамандардың көмегінсіз, дыбыстарды дұрыс айтуға көмектеседі.

2.     Тілі шорқақ балалар үйде жаттығуларды жасаса, мамандармен жұмыс істегенде тезірек жетістіктерге жетеді, себебі олардың тіл бұлшық еттері дайын болады.

3.     Артикуляциялық жаттығулар барлық дыбыстарды дұрыс айтатын, бірақ сөйлеу кезінде тілі күрмеленетін балаларға да пайдалы.

4.     Артикуляциялық жаттығулар балаларға да, ересектерге де дұрыс, әдемі және айқын сөйлеуге көмектеседі. Сонымен қатар дыбыстарды дұрыс айту жазуға үйрету кезеңінің негізін құрайды.

 

Артикуляциялық жаттығуларды орындау ережелері:

 

1.     Үлкен адам орындалатын жаттығуды балаға ойын түрінде түсіндіреді.

2.     Жаттығудың орындалу тәсілін көрсетеді.

3.     Жаттығуды бала жасайды, үлкен оның дұрыс орындалуын қадағалайды: қимылдың дәлдігі, темпі, тұрақтылығы, бір жаттығудан екіншісіне өту ыңғайы.  Сонымен қатар артикуляциялық жаттығулар оң және сол жақ үшін бірдей, симметрияда орындалуы керек. Олай болмаған жағдайда артикуляциялық жаттығуларды орындау өз мақсатына жетпейді.

4.      Бала белігілі бір жаттығуды орындау кезінде қиындыққа тап болған жағдайда оған көмек беріңіз: таза шпатель, қарындаш, қалам немесе таза саусақпен.

5.     Балаңыздың тілін дұрыс қалыпқа келтіру мақсатында, мысалы жоғарғы ерінің жалауы үшін, баланың ернін тосаппен, шоколадпен, балмұздақпен немесе балаңыз жақсы көретін басқа да затпен жағып қойыңыз. Тапсырмаларға шығармашылықпен қараңыз.

 Ескерту

             Жаттығу жасай бастағанда тіл бұлшық еттерінің тарылуы байқалуы мүмкін. Уақыт өте келе бұлшық еттерінің тарылуы босап, қимыл-қозғалыстар қиындықсыз және икемді бола бастайды.

Артикуляциялық жаттығуларды орындағанда:

 

1.     Балада дұрыс сөйлеу дағыдысы қалыптасу үшін артикуляциялық жаттығуларды күнде жасау керек.

2.     Жаттығуларды күніне 3-4 рет 3-5 минуттан орындаған жөн.

3.     Әр жаттығу 5-7 рет орындалуы тиіс.

4.     Бір статистикалық жаттығуды 10-15 секунд ұстап тұру ұсынылады

(қимыл- қозғалысты өзгертпей ұстап тұру).

5.     Артикуляциялық жаттығуларды іріктеу кезінде қарапайым жаттығудан күрделі жаттығуларға өту керек. Балаңыз белігі-бір жаттығуды дұрыс жасай алмай тұрып, одан күрделі жаттығуға өтудің керегі жоқ. Жасай алмай жатқан жаттығуды орындату үшін жаңа ойындар ойлап табуыңыз абзал.

6.     Артикуляциялық жаттығуды отырып орындаған абзал, себебі отырғанда баланың арқасы түзу, денесін, аяқ-қолдарын бос ұстайды.

7.     Бала үлкеннің және өзінің бетін айқын көруі тиіс, себебі жасап жатқан жаттығудың сапасын өзі бақылай алуы керек. Сондықтан жаттығуларды жасап жатқанда үлкен және бала қабырғадағы айна алдында болуы керек. Сонымен қатар, баланың қолында кішкентай айна болуы мүмкін (9х12 см), бірақ ондай жағдайда үлкен балаға қарама-қарсы, бетпе-бет отыруы тиіс.


«Терезе». Балаға аузын кең ашып «Ыстық» деп айтуын сұраңыз, ал сосын еріндерін кішкені жауып «суық» деп айтқызыңыз.

«Окошко» - Попросите ребенка широко открыв рот сказать: «жаааарко», а затем, максимально сжав губы сказать: «хоооолодно». 

«Пілдің тұмсығы» - еріндер біріктірілген және алға қарай қатты созылады

«Хобот слона» - вытянув вперёд губы трубочкой, образовать "хобот слоника",
"набирать водичку.


«Тізімізді тазалаймыз» - Бала, ерінің күлген секілді жасап, тілімен төменгі тістерінің ішкі жағынан,  сосын үстіңгі тістерін тазалағандай қимылдар жасату.

 Чистим, зубки« - улыбнуться, открыть рот. Кончиком языка с внутренней стороны "почистить" поочередно нижние и верхние зубы

«Сағат» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.

"Часики« - улыбнуться, открыть рот, кончик языка (как часовую стрелку) переводить из одного уголка рта в другой.

«Алтыбақан» – жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мүрынға созып, біресе иекке созу жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек.

«Качели» - улыбнуться, открыть рот - кончик языка поместить за верхние зубы, за нижние зубы.

«Кесе» - ауыз кең ашық. Жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп 10-15 секунд ұстап тұру керек. Бірақ тіл тіске тимеуі керек.

«Чашечка» - улыбнуться, широко открыть рот, высунуть широкий язык и придать ему форму "чашечки" (т.е. слегка приподнять кончик языка)

«Жаңғақ» - ауызды жауып, оңға - солға тілдің ұшымен беттің бұлшық етін итеру.

«Орешки» - рот закрыт, кончик языка с напряжением поочередно упирается в щеки;
на щеках образуются твердые шарики - "орешки"

«Ат шауып келеді» – ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру – айыру немесе таңдай қағу. Аталған жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті жаттығулар алынады.

«Лошадка» - вытянуть губы, приоткрыть рот, процокать "узким" языком (как цокают копытами лошадки)


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.10.2020
416
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12