Материалдар / Артикуляциялық жаттығулар не үшін керек?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Артикуляциялық жаттығулар не үшін керек?

Материал туралы қысқаша түсінік
Ол сөйлеу тілі аппаратының бұлшық еттерін шынықтыратын, оның мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын қалыптастыратын және нығайтып, жетілдіретін арнайы іріктеліп алынған жаттығулар болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қазан 2021
457
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Артикуляциялық жаттығулар не үшін керек?

 

Артикуляциялық жаттығулар – дұрыс сөйлеу үшін қажет артикуляция органдырын (еріндер, тіл, асты жақ) жаттықтыруға арналған жаттығулар. Ол сөйлеу тілі аппаратының бұлшық еттерін шынықтыратын, оның мүшелерінің қимыл-қозғалыстарын қалыптастыратын және нығайтып, жетілдіретін арнайы іріктеліп алынған жаттығулар болып табылады.

Артикуляциялық жаттығулардың мақсаты – толыққанды қимылдары машықтандыру және артикуляциялық аппараты оргындарының белгілі орналасу, дыбыстардың дұрыс айтылуына қажеттілігі.

Балаға қиын дыбыстардың (с, з, ш, ж, л, р) айтылуын үйрету үшін оның еріндері мен тілі күшті болу және дұрыс қимылдау керек, оларды қажетті қалыпта ұзақ ұстаудың, бір қимылдан екінші қимылға қиналмай ауыстыру қабілеті болу қажет. Осыған үйретуге артикуляциялық жаттығулар көмектеседі.

Жаттығуларды өткізуге ескерту:

Бірінші жаттығуды айнаның алдында жай жасайды, өйткені балаға қимылды бақылау керек. Бала үйренген соң айнаны алып қояды. Балаға дәлден сұрақтар қою керек. Мысалы: еріңдер не істеп жатыр? Тілің не істеп жатыр? Ол қайда тұр (жоғарыда әлде төменде ме)?

Кейін жаттығуды тездетіп есеп арқылы жасауға болады. Бірақ сол кезде бақылау жасау керек. Жаттығуларды дұрыс және сазды жасау керек.

Күніне 5-7 минут көлемінде 2 рет қайталап жасатады (таңертең және кешке).

3-4 жастағы балалар маңызды қимылдарды игеруі керек.

4-5 жастағы балалардың қимылдары нақты және саздылық болуы керек.

6-7 жастағы балалар жаттығуларды тез жасайды. Тілде бір қалыпта сақтап ұстай алады.

Баршаға белгілі, сөйлеу тілі негізінде жазу қалыптасады, сондықтан сөйлеу тіліндегі кемшіліктер мектептегі нашар үлгіріміне әкеледі. Осының алдын алу үшін сөйлеу тілінің кемшіліктерін жою қажет. Ол үшін бізге артикуляциялық жаттығулар көмектеседі.

Артикуляциялық жаттығулардың негізгі мақсаты тіл дыбыстарын дұрыс айтуға керекті сөйлеу мүшелерінің қимыл – қозғалыстарын толық жетілдіру. Әр жаттығудың өзіндік аты бар және сол аттарын балалар есіне сақтап білуі қажет. Біріншіден, атаулар балаларды жаттығу жасауға қызықтырады, екіншіден, жұмыс барысында уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Логопед әрдайым жаттығуды қалай жасау шарттарын түсіндірмей тек оның атын айтса жеткілікті. Мысалы, «ат шауып келеді» немесе «сағат». Жаттығуларды дұрыс  орындау тәсілдеріне тоқталайық:

 «Инеше» - ауызды кең ашық. Тілді жіңішкертіп, ауыздан  шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.

«Жалпақ тіл» Ауызды ашып, ерінді жымиып ашып, жалпақ тілді астыңғы ерінге тигізіп, осы қалыпта (5-10-ға) ұзақ ұстап тұру. Жаттығуды орындау барысында қадағалау қажеттілер:

Ерінді тым кең созбау керек.

Тілді көп алға шығармау керек, тіл тек астыңғы ерінді жауып тұру керек. Тілдің екі жағы ауыздың екі шетіне тиіп тұруы керек.

«Төбешік» - ауыз сәл ашық. Тілдің екі бүйірі жоғары азу тістерге тиіп тұр. Тілдің ұшы алдыңғы, төменгі тістерге тірелген. Осы қалыпта 10-15 секунд ұстап тұру керек.

«Түтікше» - тілді жалпақ ете ауыз қуысында шығарып, тілдің бүйір жақтарын көтеретін түтікшеге үрлеу. Жаттығуды жайлап жасау керек.

«Кесе» - ауызды кең ашып, жалпақ тілді жоғары тіске қарай көтеріп, 10-15 секунд ұстап тұру керек. Бірақ  тіл тіске тимеуі керек.

«Сағат» - тілді ауыз қуысынан шығарып жіңішкертіп ұстап, оңға, солға қимылдату керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.

«Саңырау құлақ» - ауызды кең ашып, тілді таңдайға жабысырып ұстап тұру  ұстау.

«Алтыбықан» - жіңішке тілді ауыздан шығарп, кезекпен мұрынға иекке қарай созу. Жыттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10-15 рет қайталау керек.

«Тәтті бал» - жалпақ тілді шағарып жоғары ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек кіргізіп ұстау. (15 рет қайталау)

«Сылақшы» - ауыз кең ашық, тілдің ұшымен қатты таңдайды сылау. Бағытын өзгерте отырып, 10-15 рет қайталау.

 «Ат шауып келеді» - ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру-айыру немесе таңдай қағу.

«Тоқылдақ» - Тілдің ұшы үстіңгі азу тістердің артындағы қатты таңдайға тиеді, ауыз қуысынан шықпайды. Тілдің ұшын бүкпей, түзу ұстау керек. Астыңғы жақ пен еріннің қимылдауы қажет. 

Қиын дыбыстарды айту үшін баланың еріндерімен тілі күшті және балқылдақ болу керек. Осы жағдайда ұзақ ұстау қинамай бірнеше рет бір қимылды басқа қимылға ауыстыру. Осыларға артикуляциялық жаттығулар көмек береді.

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!