ӘРТҮРЛІ ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАЛАР МЕН ҚОСЫМШАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІН ЖЕТІЛДІРУ
Бекбосынова Баян Нурмахановна
Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі
Қазіргі заманда білім саласында өте ауқымды орын алып, талқыланып жатқан Жасанды интеллект және Нейрожүйелерді пайдалану арқылы оқыту үрдісін жетілдіру жолдарын қарастыру барысында, жасанды интеллект пен инновациялардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, олардың көмегімен сабақта пайдалануға өте тиімді мультимедиялық әрі цифрлық материалдар дайындап, пайдалануға болады.
Оқу үрдісін жетілдіру үшін, қарастырылатын қосымшалардың түрлері өте көп және жасанды интеллекті қолдану арқылы ұстаздар да жұмысын тиянақты, әрі түсінікті жүргізіп қана қоймай студенттерге де қызықты тапсырмалар дайындап, студенттің кез-келген тақырыпқа деген қызығушылыған арттырады.
Сонымен, педагог жұмысын жеңілдететін нейрожелілермен жұмыс жасау үшін пайдаланылатын ең тиімді платформаны қарастырамын, жұмысты бастау үшін, Google кеңейтілген іздеу жүйесінің жолағына «Gamma app» деп жазамыз, табылған платформалардың ішінен ең бірінші тұрған платформаны ашамыз, онда платформа тілін өзімізге түсінікті тілге келтіріп, міндетті түрде тіркеуден өтеміз. Ашылған басты бетте, жасанды интеллект негізінде қазақ тілінде де, кез-келген басқа тілдерде де, қалаған тақырыпта Презентация, Веб сайт немесе Құжат дайындауға болады. Дайындаған материалдарды өз таңдауыңызға қарай өңдеп, сақтап, материалдарды бөлісу мүмкіндіктері бар. Тап осы платформада жасанды интеллекттің көмегімен дайындалған слайдтарды сабақты түсіндіру барысында пайдаланамын. Студентерге тақырыпты түсіндіру үшін ыңғайлы және оқытушылардың көп уақытын алмайды.

Келесі қарастыратын платформаны сабақты қорытындылау үшін немесе үй тапсырмаларын сұрағанда пайдалануға өте ыңғайлы болатын платформа «Interacty» деп аталады. «Interacty» платформасында жұмыс жасаудың тиімділігін көрсеткім келеді, жұмысты бастау үшін, Google кеңейтілген іздеу жүйесінің жолағына «Interacty» деп жазамыз, табылған платформалардың ішінен ең бірінші тұрған платформаны ашамыз, онда платформа тілін өзімізге түсінікті тілге келтіріп, міндетті түрде тіркеуден өтеміз. Басты бет ашылады, мұнда жасанды интеллект негізінде ойындар құрастырып сабақты қызықты аяқтау үшін викториналар, кроссвордтар және түрлі ойындар дайындап пайдалануға өте ыңғайлы. Дайын болған ойындарды осы платформада жариялау керек. Соңында, студенттермен ойынды сілтеме арқылы немесе QR код көрсету арқылы бөлісуге болады «Interacty» платформасында тіркелген бетіңізде дайындаған жоболоардың барлығы көрініп тұрады, жобаның жанында қанша адам көргені және қанша адам жауап бергені де көрсетіліп тұрады. Егер студенттер де «Interacty» платформасында тіркелген болса, қай студент жауап бергенін білетін боламыз. Платформа пайдалануға жеңіл және қазақ тіліндегі материалдарды да, жасанды интеллект негізінде автоматты түрде дайындап, жұмыс өнімділігін арттырады.

Қорыта айтқанда, әртүрлі цифрлық платформалар мен қосымшаларды пайдалану арқылы оқыту үрдісін жетілдіруде, сабақтарымды студент қызығатындай өткізу үшін осы көрсетілген екі платформаны көмегіне жүгінемін. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында жасанды интеллект пен инновациялардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқытушылар мен студенттердің кәсіби дамуында цифрлық ресурстар мен платформаларды қолдану арқылы жаңашылдыққа ұмтылған, еңбек нарығындағы жоғары кәсіби дағдылар мен бәсекеге қабілетті, Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігін, оның ішінде халықаралық аренада қорғауға дайын жасампаз кәсіби мамандар даярлаймын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз