400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Артық ғылым кітапта-ерінбей оқып көруге

Материал туралы қысқаша түсінік
Кітап оқудың маңыздылығын ашып көрсетеді.Қазіргі таңда Қазақстанның әлемдік деңгейде кітап оқу жағынан орнын статистикалық деректермен ашып көрсетеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Артық ғылым кітапта , ерінбей оқып көруге»

Кітап – тұлғалық тұрғыдан даму процесін жылдамдататын баға жетпес қазына. Тіпті жан – дүниеңіздің рухани қорғаны іспеттес. Яғни , білім мен тәжірибенің жемісі , ой-санамыздың айнасы деп айта аламын. Сіз кітаптың мұқабасы мен кіріспесін оқыған сәттен бастап , өзіңіздің білмейтін дүниелеріңіздің көп екенін аңғарасыз. Ал оның әрбір парағын оқи отыра, тәніңіз бен жаныңызға рухани азық пен құнды материалдарды сіңіресіз. Сонымен қатар айналаңызға деген көзқарасыңыздың өзгергенін байқайсыз. Сіз шешімін таба алмай жүрген кейбір мәселелердің жауабын кітаптан табуыңыз әбден мүмкін. Жалпы кітаптың саналуан түрлері бар. Мысалы : әдеби, ғылыми ,психологиялық, методикалық, тарихи, діни және тағы басқалары. Аталмыш бағыттағы әр кітаптың адам баласына берері көп екені анық. Әр адам өз талғамына қарай таңдап оқуға мүмкіндігі бар, қатып қалған міндеттелген қағида жоқ. Ал сіз қай жанрдағы кітаптарды оқисыз?

Гаджеттер кітаптың орнын баса алады ма?

Қазіргі қоғамда кітап оқитын адамдардың саны бара-бара азаюда. Оған бірден–бір әсер ететеін фактор – гаджеттер. Біз қазір техника мен инфрақұрылымның дамыған заманында өмір сүріп жатырмыз. Алайда заманымыз осындай екен деп, білім мен ғылымды шетке ысырып қоюға болмайды. Техника мен инфрақұрылымды ары қарай дамыту үшін де, білім қажет емес пе ? Ал білімнің қайнар көзі – кітап екенін ұмытпағанымыз жөн. Күнделікті өмірде қоғамдық орындарда кітап немесе газет, журнал оқып жатқан адамдарды көру қиынның қиынына айналады деп кім ойлаған? Еңкейген қариядан,еңбектеген сәбиге дейін қарасаңыз, өмірлерін смартфонға байлап қойған. Бұл еліміздегі кітапқа деген қызығушылықтың төмендігін көрсетеді. Өткен жылы Астана қаласында дарынды оқушылардың форумында болдым. Онда қозғалған басты мәселе осы кітап оқуға құштар қоғамды қалыптастыру болған. Жиналған біз секілді дарынды жас жеткіншектерге адамның кітап оқығандағы және смартфон пайдаланғандағы ми томаграфиясын көрсетті. Ізденіс үстінде болып, кітап оқитын адамның миы әрдайым тез жұмыс жасауға және ақпаратты оңай қабылдап түсінуге бейім екен.Сол себептен мен гаджеттер ешқашан кітаптың орнын баса алмайды дегім келеді. Өйткені дәл кітап бере алатын жан азығын ешқандай техника алмастыра алмайды. Өзіңіздің бойыңыздан IQ деңгеңгейі жоғары дамыған тұлғаны көргіңіз келсе сізге кітап оқуға кеңес бремін!

ҚАЗАҚСТАН КІТАП ОҚЫМАЙТЫН ЕЛ АТАНДЫ

Даналықтың піріне айналған Әл-фараби, Абай, Шәкәрімдердің ұрпақтары бүгінгі таңда «кітап оқымайтын ел» атанды. World Population Review сайты әлемдегі 98 елді зерттеп, кітапқа құштар мемлекеттерді анықтаған болатын. Статистикалық деректер бойынша біздің Қазақстан Республикасының азаматтары кітап оқудан 92-ші орында екенін мәлімдеді. Ал көштің басында тұрған әлемдегі алпауыт мемлекеттердің бірі АҚШ екен. Дерек бойынша,ең көп кітап оқуды үрдіске айналдырған жандар осында. Ең соңғы 98- ші орында Ауғанстан мемлекеті тұр. Ауғанстан мемлекетінен біздің айырмашылығымыз небәрі 6 орын. Қашаннан бері жалпыға бірдей білім алуға шектеу қойылған Ауғанстан мемлекетімен Қазақстан секілді зайырлы ел дәрежелес болатындай күйге жеттік деген ой ғана өзекті өртейді.

Кітапқа құштарлығы жоқ қоғам қандай болады?

Кітапқа деген қызығушылығы төмен қоғам мына тізімдегідей болады:

  1. Білім деңгейі мен ой – өрісі шектеулі

  2. Ғылым мен инновацияға бейімділік төмен

  3. Ұлттық мұралар мен тарихты зерттеуге деген немқұрайлық

  4. Бос уақыты көп адамдардың көбеюі

  5. Әлеуметтік желілер мен ойындарға қызығушылық артуы

  6. қоғамның білімсіз болуы

  7. экономиканың құлдырауы мен баяу дамуы секілді аталмыш факторлар қалыптаса бастайды. Сондықтан күніне кем дегенде 15 минутымызды кітап оқуға арнағанымыз абзалырақ.

Кітап оқуды қалай трендке айналдырамыз?

Қазіргі таңда кітапқа құмар қоғамды қалыптастыру мақсатында түрлі челлендждер , марафондар ұйымдастырылып жатыр. Мысалыға айтар болсақ «1 ай-1 кітап» марафоны. Бұл марафонға қатысушылар өздерінің жанына жақын кітапты таңдап оқиды. 1 ай уақыт аясында мазмұнын түсініп оқып,қысқаша сюжетін оқырманға айтып әлеуметтік желідегі парақшасына жариялайды. Сонымен қатар өзінің парақшасына кітаптың әсерлі бөлігінен үзінді салып отырады. Яғни , кітап оқуды трендке айналдыруды көздейді.Бұл аталмыш жарыстар елді сауаттылыққа баулиды. Абай Құнанбаев атамыз «артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп бекер айтпаған. Құрметті оқырман, сіз күнделікті өмірде кітап оқисыз ба?



Шымкент қаласы

№64 мектеп-гимназиясының

11 сынып оқушысы

Ғабиденқызы Балым

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 наурыз
92
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі